«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері


ДӘРІС 11. Экономикалық циклдер және мемлекеттік қарыз



бет34/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Дәріс Макроэк

ДӘРІС 11. Экономикалық циклдер және мемлекеттік қарыз.
Сабақтың мақсаты: циклдік толқулардың əртүрлі себептерін талқылау, экономикалық циклдің қазіргі үлгілерін қарастыру, сонымен қатар, мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу көздерін қарастыру
Дәріс жоспары:
1. Экономикалық цикл.
2. Мемлекеттік қарыз.
3. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
1. Экономикалық цикл. Жұмысбастылық, өндіріс және инфляция деңгейлерінің белгілі бір уақыт сайын ауытқып тұруы экономикалық цикл деп аталады. Циклділіктің себептеріне автономдық инвестициялардың белгілі бір уақыт сайын бәсеңдеуі, мультипликаторлық әсердің әлсіреуі, ақша массасы көлемінің ауытқуы т.с.с. жатқызуға болады.
Экономикалық циклдің барысында теңдестік бұзылып, экономикалық динамиканың орташа көрсеткіштері ауытқиды. Тұрақсыздықтың неғұрлым анық белгілерінің қатарына инфляция мен жұмыссыздықты жатқызуға болады.Ресурстардың жүз пайыздық жұмыспен қамтылуы мүмкін емес. Сондықтан да экономикалық теорияда өндірістік қуатылықтардың жалпы көлемінің 10-20 %-ының ғана жұмыспен жүктелмеуін ресурстардың жұмыспен толық қамтылуы (толық жұмысбастылық) деп аталады. Ресурстардың жұмыспен толық қамтылуы тұсында өндірілген өндіріс көлемі потенциалды жалпы ішкі өнім (немесе экономикалық әлеует) деп аталады.
Нақты өндіріс көлемінің потенциалды деңгейден ауытқуы төмендегі көрсеткіш арқылы анықталады: ЖІӨауыт = ,мұндағы У- нақты өндіріс көлемі, У*- потенциалды өндіріс көлемі.
Экономикалық циклдің сатыларына төмендегілер жатады:
экспансия немесе өсу сатысы; құлдырау немесе дағдарыс сатысы; депрессия сатысы; өрлеу сатысы.
2.Мемлекеттік қарыз.
Егер үкіметтің шығыстары табыстарынан артып кетсе, мемлекеттік бюджет тапшылығы қалыптасады. Ал табыстары шығыстарынан артық болған кезде мемлекеттік бюджеттің оң сальдосы немесе бюджет артықшылығы орын алады.Бюджет тапшылығының жиынтығы мемлекеттік қарызды құрайды.



Бюджет тапшылығы= шығыстар-табыстар




Таза салық түсімдері= салық түсімдері-
әлеуметтік төлемдер

Бюджет тапшылығының циклдік тапшылық және құрылымдық тапшылық деп аталатын түрлері болады. Циклдік тапшылық салықтық түсімдердің төмендеуі және әлеуметтік төлемдердің өсуі кезінде орын алады. Құрылымдық тапшылық мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығыстары арасындағы айырма болып табылады.


Мемлекет займ шығарған кезде мемлекеттік қарыз қалыптасады. Ол ішкі қарыз және сыртқы қарыз түрінде болуы мүмкін. Бюджет тапшылығын жабу үшін алынатын сыртқы қарыз елге ауыртпалық түсіреді.Ішкі мемлекеттік қарыз халықтың арасындағы табыстың қайта бөлінуіне әкеледі.
3. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру төмендегі тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады: қосымша ақша эмиссиясын шығару(монетизациялау) есебінен; Орталық Банктің несие беруі есебінен;займ шығару есебінен.
Тапшылықты монетизациялау кезінде сеньораж құбылысы орын алады. Сеньораж- бұл ақшаны басып шығарудан мемлекетке түсетін пайда. Сеньораж ақша масасының өсу қарқыны нақты ЖІӨ қарқынынан асып кеткен жағдайда туындайды, ал бұл бағаны өсіреді. Осының нәтижесінде бағаның өсуі арқылы барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді.
Мемлекетпен бюджет пен салық ставкасының арасындағы тәуелділіктің графикалық бейнесі “Лаффердің қисық сызығы” деп аталады. Салық ставкасы өскенде мемлекеттің табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды.
Салық ставкасының қолайлы мөлшері (R1) мемлекеттік бюджетке жергілікті түсімдерді қамтамассыз етеді қамтамассыз етеді (φ1). Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100% салық салу мемлекеттік абысты нөлге теңейді, өйткені ешкім тегін жұмысістегісі келмейді. Басқаша айтқанда болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды,инвестицияны жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет