Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер


Соңғы өнім – бұл соңғы пайдалану үшін сатып алынатын өнім. Аралық өнім



бет10/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

Соңғы өнімбұл соңғы пайдалану үшін сатып алынатын өнім. Аралық өнім – өңдеуге жəне қайта қымбатқа сатуға арналған өнімдер. Мысалы, машинаның дөңгелегі. Тəжірибеде қайта есептеуді болдырмас үшін тек қосылған құнды есептейді. Қосылған құн – бұл шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез келген тауардың құны шикізат бағасынан, басқару шығынан, жұмысшы жалақысынан тұрады. Сондықтан біз өнім құнынан барлық шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегерсек, онда қалған бөлігі қосылған құнды құрайды.
ЖҰӨ-нің құрамына мыналар кірмейді:

    • мемлекеттік трансферттік төлемдер, зейнетақылар, шəкірт- ақылар, жəрдемақылар, сақтандыру төлемдері;

    • қор нарықтарындағы бағалы қағаздарды сату;

    • ұсталған тауарларды сату (sekond-hand).

ЖҰӨ-ді есептеу үшін мынадай үш əдіс қолданылады:

  1. шығындар бойынша (соңғы пайдалану əдісі);

  2. табыстар бойынша (бөлу əдісі);

  3. қосылған құн бойынша (өндірістік əдіс).

Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің шығындары қосылады. ЖҰӨ = C + I + G + Xn

  • мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұмсайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар жəне т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді.

  • I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар жəне т.б.). Ин- вестицияны жалпы жəне таза деп бөледі. Егер жалпы инвести- циядан өндіріс үдерісінде ескірген машиналар мен станоктарды жаңартуға жұмсалған шығындар бөлігін (амортизация) шегерсек, онда таза инвестицияны табамыз.

  • Таза инвестиция = Жалпы инвестиция – Амортизация

  • G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мем- лекеттік аппарат пен əскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді.

  • Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда бай- ланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық. Егер экспорт импорттан жоғары болса, онда таза экспорт оң болады, керісінше болса, онда таза экспорт теріс мəнді болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет