Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер


ТҰӨ – ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсетеді. ТҰӨ-ң құрамында тұтыну саласына түспейтін əртүрлі салықтар бар. Оларға жанама салықтың түрлері



бет9/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

ТҰӨ ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсетеді. ТҰӨ-ң құрамында тұтыну саласына түспейтін əртүрлі салықтар бар. Оларға жанама салықтың түрлері: акциздер, кедендік салықтар, қосылған құнға салынатын салық жатады. Осыларды ТҰӨ-нен шегерсек ұлттық табысты табамыз: ҰТ = ТҰӨ – жанама салықтар
ҰТ – елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер жəне кəсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: жалақы, пайыз, рента жəне пайда. Бірақ осындай табыстардың барлығы түгел тұтыну мен жинақтауға жұмсалмайды. Сондықтан келесі макроэкономикалық көрсеткіш – жеке табысты табу үшін ҰТ-тан азаматтардың əлеуметтік сақтандыруға жарналарын, корпорациялардың бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салықтарын шегеріп, трансферттік төлемдерді қосамыз. ЖТ = ҰТ – əлеуметтік сақтандыру жарналары – бөлінбеген пайда – корпорациялық табыс салығы + трансферттік төлемдер
Жеке табыстан азаматтардың жеке салықтарын: табыс салығын, мұра жəне мүлік салығын шегерсек қолда бар табыс қалады. Ол тұтыну мен жинақтауға жұмсалады. ҚБТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс салығы
Ұлттық есепшоттар жүйесінің көрсеткіштері жиынтық өнім мен жиынтық табысты тек сандық тұрғыдан ғана бағалайды, олар халықтың өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін сипаттай алмайды, сонымен қатар, бұл көрсеткіштер ғылымитехникалық прогрестің жəне экономикалық өсудің жағымды жəне жағымсыз салдарларын да есепке алмайды. Ал тұрғындардың өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін ұлттық байлық, таза экономикалық əл-ауқат жəне жан басына шаққандағы ЖІӨ сияқты көрсеткіштер анықтайды. ЖҰӨ-ді есептеу үшін бағаның өзгеруін ғана емес, сонымен қатар, қайта есептеуді де ескеру қажет. Қайта есептеу мəселесі қалай орын алады? Көптеген өнімдер базарға түспес бұрын өндіріс сатыларынан өтеді. Сондықтан көптеген өнімдердің құрамдас бөлшектері бірнеше рет сатып алынады. Қайта есептеуді бол- дырмас үшін ЖҰӨ-ді есептегенде тек соңғы өнімнің нарықтық бағасы ғана алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет