Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге



жүктеу 199.97 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі199.97 Kb.



Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен 
берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына
1-қосымша



Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге

қойылатын өлшемдер


р/с


Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер

1

2

3

1.

Тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара арзандату

Мыналар туралы міндеттемелер ұсыну:

1) сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өз төлінен өсіру мақсатында кемiнде екі жыл (тұқымдықтарды кемінде екі рет шағылыстыру маусымынан кем емес) пайдалану туралы;

2) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы.


2.

Тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды ірі қара мал төлiнiң құнын iшiнара арзандату

1. Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы.

2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы.


1

2

3







3. Сатып алынатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасу кезінде мыналардан аспауы тиіс:

қашарлар – 18 айға дейін;

құнажындар және тұқымдық бұқалар – 26 айға дейін.








4. Отандық селекцияның асыл тұқымды қашарларын (құнажындарын) сатып алу кезінде мынадай міндеттемелер ұсыну

Қосымша мыналар талап етіледі:

1) таза тұқымды көбейту жолымен қашарларды (құнажындарды) өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл пайдалану туралы;

2) сүтті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % жасанды ұрықтандыруды қолдану бойынша;

3) етті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану қолдан ұрықтандыру бойынша;

4) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және

жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;

5) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы.








Шет елдік селекцияның асыл тұқымды қашарларын (құнажындарын) сатып алу кезінде*:

1) таза тұқымды көбейту жолымен қашарларды (құнажынды) өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл пайдалану туралы;

2) сүтті ірі қара мал шаруашылығында шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % жасанды ұрықтандыруды қолдану бойынша;


1

2

3







3) етті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе қолдан ұрықтандыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану бойынша;

4) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;

5) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы.





Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табынға пайдалану үшін және/немесе тауарлы табынның тұқымдық құрамын өзгерту үшін асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды сатып алу кезінде:

1. Мынадай міндеттемелер ұсыну:

1) жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған тауарлы және/немесе жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл шағылыстыру маусымында пайдалану туралы;

2) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы;

2. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған жалпы табында – осы бекітілген асыл тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындарының тиісті ауылдық округ әкімі растаған жиналыс шешімінің болуы.


3.

Тауар өндiрушiлер сатып алған шет елден әкелінген асыл тұқымды ірі қара мал төлінің құнын iшiнара арзандату

1. Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы.**

2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы.**



1

2

3







3. Өзінің өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ДНК – паспортының болуы.




4. Сатып алатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасу кезінде мыналардан аспауы тиіс:

қашарлар – 18 айға дейін;

құнажындар және тұқымдық бұқалар – 26 айға дейін.





5. Мынадай міндеттемелер ұсыну:

1) таза тұқымды көбейту жолымен қашарларды (құнажынды) және өзінің өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл таза тұқымды өсіру жолымен пайдалану туралы;

2) асыл тұқымды ірі қара малды және одан алынған төлді табынды өз төлінен өсіру үшін тек Қазақстан Республикасы аумағында үш жыл ішінде пайдалану туралы;

3) етті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе қолдан ұрықтандыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану бойынша;

4) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;

5) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы.



4.


Дара кәсіпкерлерге және/немесе заңды тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті

1. Тұқымдық бұқаның бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы.

2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы.

1

2

3




бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара арзандату

3. Асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың асыл тұқымды куәлігінің және ветеринариялық сертификатының болуы.







4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған және зоотехникалық нормативтерге сәйкес қолмен және/немесе еркін шағылыстыруға пайдаланылатын жалпы табындағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы, оларды пайдалану, бекіту және алмастыру.







5. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған жалпы табында – осы бекітілген асыл тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындарының тиісті ауылдық округ әкімі растаған жиналыс шешімінің болуы.

5.

Етті бағыттағы аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартумен айналысатын тауар өндiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен байланысты шығындарының құнын iшiнара арзандату


1. Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы.***

2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы.

3. Зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру.

Қосымша

Тұқымдық құрамын өзгертуге қатысатын тауарлы табын үшін:

  1. Асыл тұқымдық куәлігі бар және зоотехникалық нормативтерге сәйкес

қолдан және/немесе еркін шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы, оларды пайдалану, бекіту және алмастыру.



1

2

3







Отандық селекциялық асыл тұқымды мал басы үшін:

1) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;

2) асыл тұқымды аналық табындарда ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды және/немесе қолдан шағылыстыруда асыл тұқымдық куәлігі бар асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану. Еркін шағылыстыруға жол берілмейді.

Шетелдік селекцияның асыл тұқымды мал басы үшін*:

1) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;

2) шет елдік селекцияның асыл тұқымды аналық табындарында бағаланған тұқымдық бұқалар ұрығымен жасанды ұрықтандыруды және/немесе қолдан шағылыстыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану.


6.

Отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын iшiнара арзандату

1) Торда және еденде ұстау үшiн технологиялық жабдықтардың болуы;

2) Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.



Ескертпе:

* Шетелдік селекцияның асыл тұқымды мал басы деп шет елден әкелінген асыл тұқымды және одан алынған асыл тұқымды төлдің үшінші ұрпағына дейін түсініледі.

** Асыл тұқымды төлді жоспарланған сатып алуда (әкелуде) тиісті тіркеуге алу мерзімі тиісті тауар өндірушінің міндеттемесінде көрсетіледі.

*** Аталған субсидиялау бағыттары бойынша ұсынылған талаптар барлық санаттар үшін бірыңғай.

____________________________

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын

қолдауға  2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына

2-қосымша


Бюджеттік субсидиялар нормативтері


  1. Тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері




Р/с




Малдың түрлері мен тұқымдары

1 килограмм тірі салмағына арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге


1

2

3

Қой

1.

Қазақтың биязы жүнді қойы

Сатып алу құнының 50% артық емес,

бірақ 1 килограммнан тірі салмағына

161 теңгеден аспайды


2.

Қазақтың арқар мериносы

3.

Оңтүстік қазақ мериносы

4.

Солтүстік қазақ мериносы

5.

Австралия мериносы

6.

Цигай қойы

7.

Қазақтың биязылау кроссбредті жүнді қойы

8.

Дегерес етті-жүнді қойы

9.

Еділбай қойы

10.

Қазақтың ұяң жүнді және қылшық жүнді құйрықты қойы

11.

Сарыарқа құйрықты қойы

12.

Гиссар қойы

13.

Қаракөл қойы




Жылқы

1.

Қазақтың жабы жылқысы

Сатып алу құнының 50% артық емес,

бірақ 1 килограммнан тірі салмағына

118 теңгеден аспайды


2.

Көшім жылқысы

3.

Мұғалжар жылқысы

1

2

3

Шошқа

1.

Ірі ақ шошқа

Сатып алу құнының 50% артық емес,

бірақ 1 килограммнан тірі салмағына

139 теңгеден аспайды


2.

Немістің асыл текті шошқасы

3.

Дюрок




Түйе

1.

Қазақтың айыр өркешті түйесі

Сатып алу құнының 50% артық емес,

бірақ 1 килограммнан тірі салмағына

86 теңгеден аспайды


2.

Аруана



2. Тауар өндiрушiлер сатып алған

асыл тұқымды ірі қара мал төлiнiң құнын iшiнара

арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері


Р/С




Малдың типтері мен тұқымдары

1 басқа арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге




Ірі қара мал

1.

Қара-ала (голштин) сиыр

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 107 000 теңгеден аспайды

2.

Қызыл (қырдың қызыл) сиыр

3.

Қоңыр (алатау) сиыр

4.

Қызғылт сары шұбар (симментал) сиыр

5.

Қазақтың ақбас сиыры

6.

Әулиекөл сиыры

7.

Санта-гертруда сиыры

8.

Шароле сиыры

9.

Герефорд сиыры

10.

Ангус


3.Тауар өндiрушiлер сатып алған шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері


р/с



тұқымы

Экспорттаушы елдер

1 басқа арналған бюджеттік субсидия нормативтері, теңге

1.

Етті тұқымдар

Еуропа елдері

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 140 000 теңгеден

аспайды


2.

Етті тұқымдар

Австралия,

Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері



Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 214 000 теңгеден

аспайды


3.

Сүтті тұқымдар

Австралия,

Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері



Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 214 000 теңгеден

аспайды


4.

Сүтті тұқымдар

Еуропа елдері

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 140 000 теңгеден

аспайды


5.

Сүтті тұқымдар

Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украина

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 107 000 теңгеден

аспайды




4. Дара кәсіпкерлерге және/немесе заңды тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара арзандату бойынша

бюджеттік субсидиялар нормативтері


р/с



Өнімнің атауы

1 басқа арналған бюджеттік субсидия нормативтері, теңге

1.

Етті бағыттағы тұқымдық бұқалар

47 000



5. Етті бағыттағы аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартумен айналысатын тауар өндiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен байланысты шығындарының құнын арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері


р/с



Өнімнің атауы

1 басқа арналған бюджеттік субсидия нормативтері, теңге

1.

Сиырлар және құнажындар

12 000



6. Отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар

мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері



Р/с




Асыл тұқымды өнімнің түрі

Тәуліктік балапан және асыл тұқымды жұмыртқа сатып алуға арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

ата-тектік табыннан*

ата-енелік табыннан **

1.

Тәуліктік балапан

(етті)


Сатып алу құнының

50% артық емес,

бірақ 1 басқа

275 теңгеден аспайды






2.

Тәуліктік балапан

(жұмыртқа)






Сатып алынған құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа

45 теңгеден аспайды



3.

Тауық жұмыртқасы

(жұмыртқа)



-

Сатып алу құнының

50% артық емес,

бірақ 1 жұмыртқаға

19 теңгеден аспайды



* Етті құс шаруашылығында ата-енелік табынды қалыптастыру үшін.

** Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсіптік табынды қалыптастыру үшін.

- 1 жылдан астам асылдандыру шаруашылығы мәртебесін алған асыл тұқымды құс фабрикалары өткізген асыл тұқымды өнім (тәуліктік балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялауға жатады.


___________________

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына

3-қосымша

Асыл тұқымды өнімді (материалды) өткізудің шекті ең жоғары бағасы, теңге


Асыл тұқымды өнімнің

(материалдың) атауы

Бірлігі үшін

Шектелген бағалар, теңге


Республикалық малды асылдандыру орталығының тұқымдық бұқалар (ұрпағының сапасы бойынша бағаланған) ұрығын өткізуі:







1) екі жынысты ұрық

1 доза

1000-ге дейін

2) бір жынысты ұрық

2000-ге дейін

Етті құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының етті кроссты асыл тұқымды тәуліктік балапандарды өткізуі

1 бас


550-ге дейін



______________________










Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына

4-қосымша



«Бекітемін»

_______________ облысы

Ауыл шаруашылығы басқармасының

бастығы ___________ (аты-жөні, қолы, мөрі)

2012 жылғы «__» ____________

_________________________ облысы бойынша 2012 жылдың ___ _______ үшін асыл тұқымды

өнімді (асыл тұқымды материалды)

___________________________________________________________________________________

(асыл тұқымды төл, асыл тұқымды жұмыртқа, балапандар - қажеттісі қалдырылсын)

сатып алу және субсидиялар төлеу туралы



біріктірілген жиынтық ведомость *


Атауы

Жылдық квота

Бір бірлік

(бас, кг т/с, дана) үшін бюджеттік субсидиялар

нормативі, теңге


Асыл тұқымды өнімнің асылдандыру мақсатына нақты сатып алынғаны

(бас, кг т/с, дана)



Жылдың басынан бастап бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасы, теңге

Жылдың басынан

бастап төленген,

теңге


Бюджеттік субидиялардың тиесілі сомасының қалдығы,

теңге


Төлеуге жатады,

теңге


аудан

асыл тұқымды өнімді немесе асыл тұқымды материалды сатып алушының

(бас, кг,

дана)


теңге

жыл басынан

бастап



есепті ай ішінде



































* сатып алынған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады.
Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)

Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)


________________________



«Бекітемін»

_______________ облысы

Ауыл шаруашылығы басқармасының

бастығы ___________ (аты-жөні, қолы, мөрі)

2012 жылғы «__» ____________



Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына

5-қосымша



Малды асылдандырушы орталыққа, асылдандырушы шаруашылыққа, қостанай тұқымы бойынша

асыл тұқымды жылқы зауытына 2011 жылғы ___________ үшін тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы

(ай)


жиынтық ведомость


Шығындардың

баптары


Бюджет қаражатын бөлу сметасында көзделген сома,

мың теңге



Сатып алынған тауарлардың (жануарлардың), орындалған қызметтер мен жұмыстардың нақты көлемі

Жыл басынан бастап тиесілі сома, мың теңге

Жылдың басынан бастап төленген,

мың теңге



Тиесілі соманың қалдығы,

мың теңге



Төлеуге жатады,

мың теңге
























ЖИЫНЫ


















Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)



Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)
_____________________




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет