МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі



Дата23.02.2016
өлшемі392.91 Kb.



«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» (KAZAKHSTAN

ELECTRICITY GRID OPERATING COMPANY) «KEGOC» АҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


МАҚҰЛДАНДЫ

«KEGOC» АҚ БМЖ жөніндегі Үйлестіру

кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі

2 хаттамасы



БЕКІТЕМІН

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

2014ж.«6» мамыр


2013 ЖЫЛ ҮШІН БАСШЫЛЫҚ ТАРАПЫНАН ЖАСАЛҒАН

БМЖ ТАЛДАУ ЕСЕБІ

Кіріспе
2013 жылы «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ-да ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттардың сәйкестігіне біріктірілген менеджмент жүйесі (бұдан әрі - БМЖ) жұмысының барысы және оны одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу жалғастырылды.

«KEGOC» АҚ БМЖ жөніндегі басшы тарапынан жасалатын талдау нәтижелері жөніндегі осы есеп ISO 9001:2008 5.6-тармағы, ISO 14001:2004 4.6-тармағы, OHSAS 18001:2007 4.6-тармағының талаптары мен СТ KEGOC 00-201-07 «Деректерді жинау және басшылық тарапынан жасалатын талдау. Ұйым стандарты» негізінде дайындалды.



Талдаудың мақсаты: БМЖ жұмысының нәтижелеріне басшылықтың тарапынан баға беру, «KEGOC» АҚ БМЖ өзгерістеріндегі, соның ішінде БМЖ саласындағы саясат пен мақсаттардағы жақсартулар мен қажеттіліктердің мүмкіндіктері, сондай-ақ БМЖ мен оның үдерістерінің нәтижелігін арттыру, қызметтерді жақсарту, ресурстарға деген қажеттіліктер жөніндегі шешімдер мен шараларды (іс-қимылдарды) қабылдау болып табылады.

Осы талдауға арналған кіріс деректері:



  1. «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің 2013 жылғы жұмыс жоспарларының орындалу барысына жасалған талдау нәтижелерін қоса алғанда, 2013 жылғы жұмыс қорытындылары туралы «KEGOC» АҚ АД құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының есебі (қызмет үдерістерінің көрсеткіштері бойынша ақпарат);

  2. БМЖ бойынша 2013 жылғы Жоспарлар мен Бағдарламалардың орындалуы туралы есеп;

  3. құжаттардың орындалуын бақылау нәтижелері бойынша анықтама;

4) 2013 жылғы ішкі аудит бойынша есеп;

5) қызметтер, жабдықтардың жұмысы, сатып алулар бойынша, соның ішінде шағым талаптар бойынша сәйкесіздіктер мен есептер;



  1. қызметкерлермен жұмыс жөніндегі есеп;

  2. жүйелік оператордың қызметін көрсетуге арналған шарттардың орындалуы туралы есеп;

  3. түзетуші және алдын алу іс-қимылдарының мәртебесі;

  4. экологиялық менеджмент жүйесі саласындағы қызмет туралы есеп;

  5. кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау менеджменті жүйесі саласындағы қызмет туралы есеп;

  6. БМЖ және оның үдерістерін жақсарту (жетілдіру) жөніндегі ұсыныстар болып табылады.

Төмендегілерге жататын шешімдер мен шаралар талдаудың кіріс деректері болып табылады:

  1. БМЖ және оның үдерістерінің нәтижелілігі;

  2. «KEGOC» АҚ БМЖ, соның ішінде БМЖ саласындағы Саясаттағы ықтимал өзгерістер;

  3. «KEGOC» АҚ БМЖ нәтижелілігін арттыру;

  4. көрсетілетін қызметтердің жақсартылуы;

  5. ресурстарға деген сұраныстар.

«KEGOC» АҚ қызметінің нәтижелері «KEGOC» АҚ-ның 2013 жылғы жылдық есебінде көрсетілген. Р KEGOC АД-208-10 «Жылдық есепке ақпаратты дайындау және оны ашып көрсету жөніндегі регламентте» «KEGOC» АҚ-ның 2013 жылғы қорытындылар жөніндегі жылдық өндірістік-қаржылық есебін дайындау мен ұсыну мерзімі белгіленді.
БМЖ Жоспарлары мен Бағдарламаларының орындалуы
2013 жылы БМЖ қолданысының саласын жұмыс күйінде ұстау, оны жақсарту және кеңейту белгіленген тәртіппен бекітілген жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылды, атап айтқанда:

1) «KEGOC» АҚ-ның 2013 жылға арналған біріктірілген менеджменті жүйесі қолданысының саласын жұмыс күйінде ұстау, оны жақсарту және кеңейту жөніндегі жоспар («KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 27.05.2013ж. бекітілген);

2) «KEGOC» АҚ Экологиялық бағдарламасы («KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 18.03.2013ж. бекіткен); «KEGOC» АҚ филиалдары мен «Энергоинформ» АҚ экологиялық бағдарламалары;

3) «KEGOC» АҚ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау менеджменті жүйесі жөніндегі бағдарламасы («KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 18.03.2013ж. бекіткен), «KEGOC» АҚ филиалдары мен «Энергоинформ» АҚ КҚДСМЖ жөніндегі бағдарламасы.

4) 2013 жылғы маусымның 3-і мен 12-і аралығында жүргізілген серитификаттау жөніндегі органның «KEGOC» АҚ-дағы БМЖ аудит нәтижелері бойынша түзетуші іс-қимылдар жоспары («KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының 28.06.2013ж. № 118 бұйрығымен бекітілген).

1 «KEGOC» АҚ-ның 2013 жылға арналған біріктірілген менеджменті жүйесі қолданысының саласын жұмыс күйінде ұстау, оны жақсарту және кеңейту жөніндегі жоспарда («KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 27.05.2013 ж. бекіткен) 26 іс-шараны орындау жоспарланған. Іс-шаралар жоспарға сай белгіленген мерзімде орындалды. 1 іс-шара орындалмады – Жеткізушілер болмағандықтан патенттік іс бойынша семинар өткіліген жоқ.

Жоспар нәтижелілікпен орындалды.


2 «KEGOC» АҚ-ның 2013 жылға арналған экологиялық бағдарламасын «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 18.03.2013ж. бекітті. Бағдарламаны әзірлеу барысында «KEGOC» АҚ-ның экологиялық аспектілерін бағалау нәтижелері («KEGOC» АҚ БМЖ жөніндегі Өкілімен 15.02.2013ж. келісілді), «KEGOC» АҚ филиалдары мен «Энергоинформ» АҚ ұсыныстары ескерілді.

Есепті кезеңде «KEGOC» АҚ-ның Экологиялық бағдарламасында 33 іс-шараны орындау жоспарланған болатын. Жыл қорытындысы бойынша барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалды.

Жылдық экологиялық бағдарлама нәтижелілікпен, толық көлемінде және белгіленген мерзімде орындалды.

«KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары», «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалдарында, «Энергоинформ» АҚ-да экологиялық бағдалама әзірленіп, бекітілді. 2013 жылдың қорытындылары бойынша экологиялық бағдарлама нәтижелілікпен орындалды.


3 «KEGOC» АҚ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау менеджменті жүйесі жөніндегі бағдарламасын (КҚДСМЖ жөніндегі бағдарламасы) «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 18.03.2013ж. бекіткен). КҚДСМЖ жөніндегі бағдарламасын әзірлеу барысында KEGOC» АҚ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау саласындағы тәуекелдерді бағалау нәтижелері («KEGOC» АҚ БМЖ жөніндегі Өкілімен 05.03.2013ж. келісілді), «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарының ұсыныстары ескерілді.

Есепті кезеңдегі Бағдарламаға сай 50 іс-шараны орындау жоспарланған болатын, олардың барлығы толық көлемінде орындалды.

Жылдық КҚДСМЖ жөніндегі бағдарлама нәтижелілікпен орындалды.
4 Қадағалау аудитінің нәтижелері бойынша (2013 ж. 2-тоқсан) «KEGOC» АҚ түзетуші және алдын алу іс-қимылдар жоспары әзірленіп, бекітілді («KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының 28.06.2013ж. № 118 бұйрығымен бекітілген). Жоспарды орындау барысында аудит кезінде тіркелген барлық ауытқулар, ескертулер, сондай-ақ аудиторлардың ұсынымдары ескерілді. «KEGOC» АҚ түзетуші және алдын алу іс-қимылдар жоспарына енгізілген барлық іс-шара «KEGOC» АҚ қадағалау аудитінің нәтижелері бойынша белгіленген мерзімде орындалды.
Экологиялық менеджмент жүйесін талдау
Қоршаған ортаға жауапты қарау – «KEGOC» АҚ экологиялық саясатының негізгі қағидасы. «KEGOC» АҚ-ның негізгі қызметі қоршаған ортаға айтарлықтай әсерін тигізбейді. Алайда, Компания үшін экология саласына теріс ықпалды барынша азайтып, экологиялық саясатты жетілдіру үшін өз жауапкершілігінің ауқымын ұғыну өте маңызды.

Экологиялық менеджмент «KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде жұмыс істейді.

Аталған бөлім бойынша талдау жүргізу үшін кіріс деретері:

- Жоспарларды, Бағдарламаларды орындау (осы есептің 1-бөлімі);

- ішкі/сыртқы аудиттердің нәтижелері (осы есептің 3-бөлімі);

- маңызды экологиялық аспектілерге байланысты нормативтік құқықтық және басқа талаптардағы өзгерістер;

- ЖЭТ филиалдары мен АД тиісті бөлімшелерінен алынған деректерге негізделген ҰЭТ-ты дамыту департаментінің есебі;

- жедел және жұмыс кеңестерінің хаттамалары («KEGOC» АҚ басшылығының, бөлімшелер басшыларының төрағалық етуімен, жұртшылықпен кездесулер және т.б.) болып табылады.

Экологиялық аспектілер «KEGOC» АҚ-дағы тәуекелдерді басқарумен тығыз байланысты. «KEGOC» АҚ-дағы тәуекелдерді басқару жүйесіне сай экологиялық тәуекелдер рұқсат етілетін болып табылады. Экологиялық аспектілерді басқару жөніндегі іс-шаралар 2013 жылға арналған Экологиялық бағдарламаға сәйкес келтірілді, ол ЖЭТ филиалдарынан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленді және оны «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 18.03.2013 ж. бекітті.

Бұдан басқа, Басшының БМЖ жөніндегі Өкілі бекіткен мынадай құжаттар әзірленді:

1) «KEGOC» АҚ бірдейлендірілген экологиялық қауіптеріне қолданылатын нормативтік талаптар тізілімі;

2) «KEGOC» АҚ-ның 2013 жылға арналған экологиялық аспектілер тізілімі;

3) «KEGOC» АҚ-ның 2013 жылға арналған маңызды экологиялық аспектілер тізілімі.

Экологиялық тәуекелдерді басқару, сондай-ақ мақсатты және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу іс-шаралары «KEGOC» АҚ-ның 2013 жылға арналған экологиялық бағдарламасында белгіленді. Экологиялық бағдарламаның орындалу нәтижесі стационарлық көздерден, трансформаторлық майдан түсетін шығарындылар көлемін кеміту болып табылды.

Стационарлық көздерден түсетін ластаушы заттардың жалпы шығарындылары (нормативтермен арақатынасында) 16 %-ға кеміді. Стационарлық көздерден шығарындыларды қысқарту және олардың ауаға әсер етуін азайту мақсатында «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында операциялық мониторинг жүргізу жолымен (өндірістік процестердің мониторингісі) шығарындыларды бақылау - әрбір жабдық пен шығыс материалдарының жұмыс сағатының мөлшерін есепке алу жүргізілді. Шығарындылардың кемуі өндірістік экологиялық мониторинг нәтижелерімен расталды, оны жасалған шарттарға сай мамандандырылған ұйымдар өткізді. Экологиялық аспектіден болатын «стационарлық көздер шығарындыларының» әсер ету деңгейінің мөлшерлі көрсеткіші 2013 жылдың қорытындысы бойынша 125-тен 100-ге дейін кеміді.

2013 жылы «ҰЭТ-ты жаңғырту, 2-кезең» жобасын іске асыру кезінде ЖЭТ филиалдарының қосалқы станцияларында майлы ажыратқыштарды кейіннен элегаздыға және өз қажеттіліктеріндегі трасформаторларды құрғағына ауыстыру үшін майлы ажыратқыштарды бөлшектеу жұмыстарын орындау жолымен 731 тонна трансформаторлық май көлемі кемітілді.

«Жұмысы өтелген трансформаторлық май» мен «метал сынықтарының» экологиялық аспектілер деңгейі жыл қорытындысы бойынша өспеген. Орталықтандырылған шарттарға сай 38 тонна трансформаторлық май мен 312 тонна метал сынықтары шығарылған. 2013 жылы қажетті көлемді қоса алғанда, 110 кВ дейінгі май толтырғыш жабдықта трансформаторлық май қайта пайдалану үшін қалпына келтірілді. 

2014 жылы «жұмысы өтелген трансформаторлық май» мен «метал сынықтарының» экологиялық аспектілері маңызды болып табылады, өйткені жұмысы өтелген трансформаторлық май мен метал сынықтарының саны «ҰЭТ-ты жаңғырту-2» жобасының шеңберінде май толтырылған жабдықты ауыстыруға байланысты артады деп болжануда.

Сондай-ақ өндіріс қалдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеу және оларды кейіннен пайдаға жарату үшін тұтыну немесе көму үшін оларды уақтылы шығару шаралары, табиғи факторлардың немесе басқа зиянды тәуекелдердің зиянды әсерін болдырмау шаралары қабылданды.

2013 жылға арналған парникті газдардың шығарындыларына арнап квота бөлудің ұлттық жоспарына сай парникті газдарды квоталау жөніндегі талаптарға кірмейтін «KEGOC» АҚ түгендеу нәтижелері бойынша парникті газдар паспорты әзірленді және аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарында тіркелді.

Полихлорландырылған дифенилдердің (бұдан әрі - ПХД) болуына май толтырылған жабдықтарды түгендеу жұмысының 1-кезеңі жүргізілді, 2-кезеңді жүргізу кезінде құрамында ПХД-ы болатын жабдықтың нақты тізілімін дайындау жоспарланды.

2013 жылы сертификаттау жөніндегі органның (қадағалау аудитінің) тексеру қорытындылары бойынша Компания қызметінің


ISO 14001 халықаралық стандарттың экологиялық менеджменті талаптары жүйесі шеңберінде сәйкес келетіні расталды.
«KEGOC» АҚ қызметінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштері

электр желілері мен қосалқы станциялар жұмыс істеген кезде қоршаған ортаға әсерін тигізетін негізгі көздері мыналар болып табылады:

– қорғау қосалқы станцияларда санитарлық-қорғау аймақтарын құруды, стационарлық қорғану құрылғыларын орнатуды және персоналды қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді көздейтін өндірістік жиіліктегі электр магниттік өріс;

– электр желілері мен қосалқы станцияларға пайдалану қызметін көрсету кезінде ЖЭТ филиалдары инфрақұрылымының шаруашылық қызметі; бұл ретте шығарындылар мен төгінділердің аздаған көлемін құрайтын мөлшер әзірленген қоршаған ортадағы эмиссиялар нормативтерімен реттеледі;

– қосалқы станциялардың жабдықтарын жөндеу және қайта жаңарту кезінде пайда болатын өндіріс қалдықтары, олар белгіленген тәртіппен пайдаға жаратылады;

– ҰЭТ-ты жамыту жөнінде іске асырылып жатқан жобалардағы: «ҰЭТ-ты дамыту, II-кезең», «Кернеуі 500, 220 кВ желілер ҰЭТ-қа жалғанатын 500 кВ Алма ҚС-ны салу», «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ны салу», «500 кВ Екібастұз–ШГЭС (Семей)–Өскемен ӘЖ-ні салу», «500 кВ Семей–Ақтоғай–Талдықорған–Алма ӘЖ-ні салу», «500 кВ Қазақстан-Қырғызстан ӘЖ мемлекетаралық электр жеткізу желілерін салу» қоршаған ортаны қорғау мәселелері.


Шығарындылар мен төгінділер нормативтерінің жобаларын әзірлеу

ЖЭТ филиалдарында ауаға шығарындылардың рұқсат етілетін шегі (ШРШ) мен ластаушы заттар төгінділерінің рұқсат етілетін шегі (ТРШ) нормативтері әзірленді және аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарымен келісілді, оларда шығарындыларды, төгінділерді техникалық негізделген мәндерге дейін жеткізу жөніндегі іс-шаралар анықталды. Жаңа нормативтер қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін (қолданыс мерзімі Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен – 5 жылға белгіленді) немесе табиғатты пайдалану мерзімі өзгерген жағдайда әзірленеді.

2013 жылы «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» және «Алматы ЖЭТ» филиалдары ПДВ нормативтерін, «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы – мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып ШРШ және ТРШ нормативтерін әзірледі.
Қоршаған орта эмиссиясына рұқсатнама

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдары ШРШ және ТРШ жобаларының негізінде аумақтық қоршаған ортаны қорғау бөлімшелерінен стационарлық көздерден болатын шығарындылар мен қоршаған ортадағы төгінділерге рұқсатнама алады. Қалдықтарды орналастыруға арналған рұқсатнама талап етілмейді, өйткені қалдықтарды орналастыруға арналған рұқсатнаманы балансында өндіріс қалдықтарын орналастыру (полигондар және т.б.) және тұтыну арнайы орындары бар заңды және жеке тұлғалар алады.


Атмосфералық ауаға әсері

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында ШРШ нормативтеріне сай зиянды заттар шығарындыларының стационарлық көздері (ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған) анықталды. 2013 жылға арналған ластаушы заттар шығарындыларының лимиті (нормативі) 1-кестеде келтірілген.


1-кесте

т/год

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалының атауы

Объектілердің орналасқан жері

Шығарындылар

«Ақмола ЖЭТ»

Астана қ.

1,735

Ақмола облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

«Ақтөбе ЖЭТ»

Ақтөбе облысы

3,577

Батыс Қазақстан облысы

«Алматы ЖЭТ»

Жамбыл облысы

2,521

Алматы облысы

Алматы қ.

«Шығыс ЖЭТ»

Шығыс Қазақстан облысы

7,437

«Батыс ЖЭТ»

Атырау облысы

0,479

Маңғыстау облысы

«Сарыбай ЖЭТ»

Қостанай облысы

2,175

«Солтүстік ЖЭТ»

Павлодар облысы

0,1198

«Орталық ЖЭТ»

Қарағанды облысы

8,347

«Оңтүстік ЖЭТ»

Оңтүстік Қазақстан облысы

1,266

Қызылорда облысы

Жамбыл облысы

Барлығы:

27,661

Стационарлық көздерден түсетін шығарындыларды қысқарту және олардың ауаға әсер етуін азайту мақсатында «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында операциялық мониторинг жүргізу жолымен (өндірістік процестердің мониторингісі) шығарындыларды бақылау - әрбір жабдық пен шығыс материалдары жұмыс сағатының мөлшерін есепке алу жүргізілді. Жалған шарттарға сай мамандандырылған ұйымдар жүргізетін өндірістік экологиялық мониторингті жүргізу кезінде стационарлық көздерден түсетін шығарындыларды есептеу жолымен немесе тиісті зертханалық өлшеулермен анықталады. 2013 жылы стационарлық көздерден түсетін ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 23,27 тоннаны құрады, бұл 2013 жылға белгіленген нормативке қарағанда олардың 16 %-ға кемігенін білдіреді. Жылжымалы көздерден болатын шығарындылар есептелмейді, есептемеде пайдаланылған отынның мөлшері (9-кестені қараңыз) көрсетіледі. Жасалған шарттарға сәйкес автокөліктердің ауаға жіберетін пайдаланған газдарының улылығы мен түтіндігіне тексеру жүргізілді.


Парникті газдар

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес 2013 жылы «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында Компанияның 2012 жылғы қызметі шеңберінде шығарған парникті газдарына түгендеу жүргізілді. Автокөліктің, резервтік қоректендіру көздеріне арналған қондырғылардың, элегазды ажыратқыштардың парникті газды шығарындыларының есебі орындалды.

Парниктік газдарды түгендеудің 16 паспорты әзірленді, олар «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарының объектілері орналасқан жерлеріндегі аумақтық департаменттерде тіркелді.

Парниктік газдар шығарындыларын есептеу қорытындылары 2-кестеде келтірілген.


2-кесте

(тонна эквиваленті, СО2)

Парниктік газдар атауы

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Көмір қышқылы диоксиды (СО2)

13085,44

12382,72

12752,84

12710,49

11802,66

Метан (СН4)

79,52

71,78

75,96

79,68

74,10

Азоттың шала тотығы (N2O)

191,58

182,73

192,98

147,84

146,70

Күкірт гексафториді (SF6)

9665,89

9397,78

9579,74

9632,30

10160,13

Барлығы:

23022,43

22035,01

22601,51

22570,31

22183,59

«Мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.05.2012ж. № 655 қаулысына сәйкес СО2 қос тотықты көміртек пен СН4 метан парникті газдар болып табылады. «KEGOC» АҚ-да 2008-2012 жылдары жүргізілген автокөлік пен энергияның дербес көздерінен шығатын парникті газдарды түгендеу нәтижелері бойынша СО2 және СН4 шығарындылары (азғантай мөлшері) тұрақты (жылына 13 мың тонна), осыған байланысты


«KEGOC» АҚ 2013 жылға арналған парникті газдардың шығарындыларына арнап квота бөлудің ұлттық жоспарына сай парникті газдарды квоталау жөніндегі талаптарға кірмейді.
Өндіріс қалдықтары

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен СТ KEGOC 00-601-11 «KEGOC» АҚ-да қалдықтарды басқару» Ұйым стандартын» басшылыққа алады. Пайда болатын қалдықтардың түрлеріне байланысты өндірістік және тіршілік үдерісінде пайда болатын коммуналдық (қатты тұрмыстық қалдықтар) болып бөлінеді. Қалдықтардың тізбесі мен олардың қауіптілігінің деңгейі қажеттілігіне қарай жаңғыртылып отырылады. «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдары қалдықтың әрбір түрі үшін қалдықтар паспорты, қалдықтардың пайда болу процесінің олардың шыққан орындары бойынша стандартталған сипаттамасы мазмұндалған құжаттар, олармен жұмыс істеу ережелері, оларды бақылау әдістері, қоршаған ортаға осы қалдықтардың әсер ету түрлері, қалдықтарды өндірушілер туралы мәліметтер дайындалады немесе түзету енгізіледі. 2013 жылы қалдықтар паспортын «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы әзірледі.

«KEGOC» АҚ-дағы өндірістің негізгі қалдықтары – бұл жабдықтарды пайдалану, жөндеу мен жаңғырту процесінде пайда болатын трансформаторлық май мен метал сынықтары. Өндірістік қалдықтар берік жабындысы бар арнайы жабдықталған алаңдар мен жайларда сақталады. Әрбір қосалқы станция үшін қалдықтарды орналастырудың карта-схемасы әзірленген.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сай барлық қалдықтар қауіптілік деңгейі бойынша:

- «жасыл» - индекс G (қауіпті емес);

- «янтарлы» - индекс А (қауіпті);

- «қызыл» - индекс R (қауіпті) болып бөлінеді.

Құрамында сынап бар қалдықтар (жұмысы өтелген люминесценттік шамдар) Компаниядағы аса қауіпті болып табылады, олар «янтарлы» қауіпті деңгейге жатады. «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында құрамында сынап бар қалдықтарды басқару мақсатында қауіпті қалдықтар паспорты әзірленеді, бейтараптандыратын құралдары бар жеке жайларда қауіпсіз сақталуы, сондай-ақ құрамында сынап бар қалдықтарды демеркуризациялауға шығару (шарттық негізде) қамтамасыз етіледі. Құрамында сынап бар қалдықтары бар жайларға кіру шектелген, кіруге рұқсаты бар қызметкерлер көрсетілген қалдықтарды бейтараптандыру әдісіне оқытылады. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша аварияға қарсы жаттығуларды өткізу кезінде люминесценттік шамдар (сынықтары) жөніндегі авариялық жағдайлар тақырыбы міндетті тәртіппен енгізіледі.

2013 жылы «KEGOC» АҚ бөлімшелерінде 2071 т қалдық жиналды:

- қатты тұрмыстық қалдықтар – 1113 тонна;

- трансформаторлық және басқа майлар – 65 тонна;

- қара және түрлі түсті метал сынықтары – 312 тонна;

- құрамында сынап бар қалдықтар – 2 тонна;

- басқа қалдықтар (құрылыс және басқа қалдықтра) – 574 тонна.

Өндіріс қалдықтары мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес олардың түрлері бойынша орналастырылды және пайдаға жаратылды:

- кейіннен орналастыру үшін полигондарға 1113 т шығарылды,

- 958 т қалдықтар қайталап пайдалану мақсаттары үшін пайдаға асыруға тапсырылды.

Ер KEGOC 00-317-10 «KEGOC» АҚ тауарлы-материалдық қорларды іске асыру» ережесіне сәйкес метал сынықтары мен жұмысы өтелген трансформаторлық май табыс алу мақсаты үшін сатылуға жатады. Қазіргі уақытта автомобиль аккумуляторларын іске асыру мәселесі қаралуда.


2013 жылғы пайдаға асыру шығындары:

- құрамында сынап бар қалдықтар 983 мың теңгені құрады;

- өндірістік қалдықтар олардың түрлері бойынша 5054 мың теңгені құрады;

- қатты тұрмыстық қалдықтар 5303 мың теңгені құрады.

ҚТҚ, трансформаторлық май мен метал сынықтарын шығару жөніндегі шарттардың тізбесі 15, 16, 17-қосымшаларда келтірілген.
Суды тұтыну және суды бұру

Компанияның суды тұтыну көлемі айтарлықтай емес, өйткені оның технологиялық процесінде ол пайдаланылмайды.

Суды тұтыну мен суды бұру ЖЭТ филиалдарының мамандандырылған ұйымдармен жасаған шарттарына сәйкес жүргізіледі (18-қосымша). «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарының объектілерінде жұмыс істеп тұрған ұңғымалар алынған рұқсатнамаға сай пайдаланылады. «KEGOC» АҚ-ның «Ақмола ЖЭТ», «Алматы ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының 5 объектісінде артезиан сумен жабдықтау жүйесі жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес тұрақты негізде мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес ұңғымалардың су тоғандарындағы жерасты суларына мониторинг жүргізіледі.

ПДС рұқсат етілетін төгінділер нормативтеріне сәйкес «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» және «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарында ағынды сулардың төгінділері жүргізіледі. «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалында 1150 кВ «Қостанай» ҚС шаруашылық тұрмыстық қызметінде 1 су шығару құрылғысы бар, ағындар 400 м қашықтықта орналасқан су жинағыш тоғанға жіберіледі және ағынды болып табылмайды: бұдан кейін су пайдаланылмайды. «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының өндірістік алаңдарында 11 суды шығару құрылғысы бар. Шаруашылық тұрмыстық және жауын судың ағындары сүзгіш құдықтарға, жергілікті тазалау құрылыстары мен септиктерге жіберіледі.

«Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «KEGOC» АҚ пайдаланған суға төлемдер жүргізеді.
Су объектілері мен топыраққа әсер ету

Май толтырған жабдықта пайдаланылатын трансформаторлық май, сондай-ақ шаруашылық қажеттіліктеріне суды пайдалану нәтижесінде пайда болатын ағынды сулар ластаудың мүмкін болатын көздері болып табылады. Май толтырғыш жабдық май қабылдағыш құрылғылармен шемесе табандықтармен жарақтандырылған, бұл майдың топыраққа түсіп кетуін болдырмайды. Май қабылдағыштарды жарақтандыру қанағаттанарлық жағдайда.

ЖЭТ филиалдары суды пайдалану мен бұру, оның жиналуы туралы статистикалық есепті 2ТП – су шаруашылығы нысаны бойынша жүргізеді.
Энергия тұтыну

Компанияның объектілерін электрмен жабдықтауды тараптық көздер жүзеге асырады.

Компанияның энергия тұтынуы екі сатыдан: электр тұтынудың маңызды үлесін құрайтын электр энергиясын жеткізуге арналған технологиялық шығыстан (ысырап) және шаруашылық қажеттеріне тұтынудан құралады.

Энергия үнемдеу тұрғысынан ең көп тиімділікті электр желілері бойынша жеткізуге арналған электр энергиясының технологиялық шығысын кеміту жөніндегі іс-шаралар береді.

Бұл ретте электр энергиясының технологиялық ысыраптары - бұл электр желілері бойынша электр энергиясын жеткізу кезінде болатын сымдар мен электр жабдықтарындағы табиғи процестерге байланысты электр энергиясының ысырабы және тиісінше электр желілеріндегі электр энергиясының ысырабын кеміту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және оны ендіру электр энергиясы техникалық ысырабының нақты мәнін олардың оңтайлы деңгейіне дейін жеткізу болып табылады.

2013 жылдың қорытындылары бойынша электр энергиясын «KEGOC» АҚ желілері бойынша оны жеткізудің технологиялық шығысы (электр энергиясының ысырабы) 2 387,429 млн. кВт·с. құрады.

2013 жылға Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 16.01.2013ж. № 8-ОД бұйрығымен «KEGOC» АҚ желілеріндегі электр энергиясының нормативтік техникалық ысырабы 2 827,162 млн. кВт·с. көлемінде бекітілді

Ысырапты кеміту жөніндегі іс-шараларды орындау нәтижесінде 2013 жылы электр энергиясының шығысын кеміту 6,335 млн. кВт·с (3-кесте) көлемінде бекітілді.


3-кесте

млн. кВт с

2013 жылы энергияны үнемдеу жөніндегі іс-шаралар

Іс-шаралар тиімділігі

Аз жүктеме режимінде желілерді ажырату

0,112

Аз жүктеме режимінде күштік трансформаторларды ажырату

6,223

«KEGOC» АҚ бойынша барлығы

6,335


Қоршаған ортаға табиғи әсер ету

Қоршаған ортаға табиғи әсер ету өндірістік жиіліктің, шудың, дірілдің, ұйымдастыру техникасы мен басқа табиғи факторлардың сәулеленуі электр магниттік өрісті құрайды. Қосалқы станцияларда электр өрісінің, шу мен басқа табиғи факторлардың кернеуін өлшеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өндірістік объектілерді аттестаттау шеңберінде кестелерге сай жүргізіледі. Жабдықтардың типтік өлшемдері мен құрылымдық ерекшеліктері (ауыстыру, жаңғырту және т.б.), қосалқы станцияның басты электр схемалары; ЭЖЖ кіре берістері мен шыға берістері өзгерген жағдайда электр өрісі мен шулардың кернеулігіне кезектен тыс өлшеулер өткізіледі. Шекті деңгейлері асып түскен жағдайда тиісті қорғану іс-шаралары әзірленеді.

2013 жылға арналған еңбек жағдайлары бойынша өндірістік орындарды аттестаттаудан өткізу кестесіне сай «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалында аттестаттау жүргізілді, 125 жұмыс орнындағы электр өрісінің, шулар мен басқа табиғи факторлардың кернеуіне өлшеу жүргізілді, хаттамалар ресімделді. Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудың карталары мен жұмыс орындарының ведомостары және оларды аттестаттау нәтижелері дайындалды, соған сай табиғи факторлардың шекті деңгейлері өскен жоқ.
ПХД болуына жабдықтарды түгендеу

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 24.02.2012ж. № 40-ө бұйрығымен бекітілген Жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес құрамында ПХД бар жабдықтарды түгендеудің бірінші кезеңі жүргізілді – техникалық құжаттама негізінде тікелей тексеру жүргізу арқылы жабдықтарды түгендеу, Жабдықтарды есепке алудың бастапқы тізілімдемесі дайындалып, ол ЖЭТ филиалы объектілерінің орналасқан орны бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тапсырылды. Жыл сайын 1-тоқсанда құрамында ПХД бар жабдықтарды түгендеу жөніндегі аралық есептеме қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тапсыру үшін дайындалды.

Түгендеудің екінші кезеңі - ПХД-ның болуына зертханалық тексерулер жүргізу, соңғы есептемені дайындау және жоғарыда көрсетілген Ереже негізінде зертханалық талдаулар хаттамалары негізінде құрамында ПХД бар жабдықтарды есепке алу жөніндегі соңғы қорытынды дайындалады, ол 2014 жылдың соңында аяқталады.

«KEGOC» АҚ-да құрамында ПХД бар жабдықтарға түгендеу жүргізудің екінші кезеңін іске асыру үшін 2013-2014 жылдар аралығындағы кезеңде ПХД-ның болуына бұдан былай зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін жабдықтардан оқшаулаушы сұйықтықтардың сынамасын алу кестесі әзірленген болатын. ПХД-ның болуына зертханалық зерттеулер Қазақстанда оқшаулаушы сұйықтықтарда ПХД-ны сапалы анықтау құқына аккредиттелген зертханалардың болмауы себепті жүргізілмеді.


Экологиялық төлемдер
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер белгіленген мерзімдерге сай жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны стационарлық көздерден болатын шығарындылар мен төгінділермен ластағаны үшін төлемдер нақты шығарындылар мен төгінділерді есептеу негізінде немесе өндірістік экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша жүргізіледі. Автокөліктің шығарындыларымен ауаны ластағаны үшін төлемдер отынды нақты пайдалану жөніндегі есептік деректер негізінде жүргізіледі. Төлемдер келесі есептік тоқсанның ортасына дейін жүзеге асырылады.

2013 жылы қоршаған ортадағы эмиссия үшін экологиялық төлемдер 4140,518 мың теңгені құрады.


Қызметтің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуі

2013 жылы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына сай «KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» және «Ақтөбе ЖЭТ» филиалдарының қызметінде экологиялық заңнаманың сақталуы мәніне инспекторлық тексеру жүргізілген болатын.

«Батыс ЖЭТ» филиалының 500 кВ «Бейнеу» ҚС-да Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы СЭҚ басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша қосалқы станция қызметкерлері тамақтанатын жайларда ыдыстарды жууға арналған раковинаның болмауына қатысты ескерту тіркелді. Ескерту көрсетілген мерзімде жойылды.

«Ақтөбе ЖЭТ» филиалында Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті инспекторлық тексеру жүргізді. Өндірісте қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың орындалмауы мен 20.12.2012ж. мен 31.12.2012ж. аралығындағы кезеңде эмиссияға рұқсатнаманың жоқ екендігі анықталды. 28.10.2013ж. № F-011-54 тексеру нәтижелері туралы актіге сай филиал тиісті іс-шаралар әзірледі, ескертулер белгіленген мерзімде жойылды.


Экологиялық тәуекелдер

«KEGOC» АҚ-дағы 2013 жылғы экологиялық тәуекелдерге жан-жақты тексеру жүргізілді, олардың егжей-тегжейі «KEGOC» АҚ-ның экологиялық аспектілері тізілімдемесінде анықталды.

Экология саласындағы тәуекелдерді басқару іс-шаралары, сондай-ақ мақсаттық және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу «KEGOC» АҚ-ның Экологиялық бағдарламасында белгіленді, жыл қорытындылары бойынша толық көлемінде орындалды (осы есептің 1-бөлімін қараңыз). 2013 жылғы маңызды аспектілер «трансформаторлық май», «қызметі өтелген трансформаторлық май» және «метал сынықтары» болды, өйткені Компанияда «ҰЭТ-ты жаңғырту НЭС-2» жобасы жүзеге асырылуда, соның шеңберінде май толтырылған жабдықты ауыстыру жүргізілуде. Жеке қажеттіліктегі трансформаторларды құрғағына, майлы ажыратқыштарды элегаздыға немесе вакуумдыққа ауыстыру жүзеге асырылды. Майсыз жабдықты пайдалану экологиялық тұрғысынан тиімді, өрт қауіпсіздігі артады, жерасты сулары мен топырақтың ластануын болдырмайды.

Сондай-ақ өндіріс қалдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеу және бөлек жиналған әрі сақталған тұтыну шаралары, бұдан кейін пайдаға жарату және көму үшін уақтылы шығару шаралары, табиғи факторлар мен басқа экологиялық тәуекелдердің зиянды әсерін болдырмау шаралары қабылданды.

Р СУР 00-200-10 «KEGOC» АҚ тәуекелдерін басқару жүйесі бойынша басшылыққа» сәйкес экологиялық тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жабдықтардың экологиялық қауіпсіздігіне мониторинг орындалады.

Май толырғыш жабдық май қабылдайтын құрылғылармен жарақтандырылған, әрбір объекті авариялық жағдайлар кезінде майдың төгіліп кетуін болдырмау үшін май жинағыш ыдыспен жабдықталған; шағын көлемді май толтырғыш үшін табандықтар жасалған.

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында ҚТҚ мен өндірістік қалдықтарды шығару уақтылы жүзеге асырылды. Есептермен және аспаптық әдістермен өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу кезінде стационарлық көздерден болатын ластаушы заттардың шығарындылары анықталады.

2013 жылы «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдары қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша тиісті аварияға қарсы жаттығулар бағдарламасын жасады және оны өткізді, оған мынадай: майды құю кезінде мән беру, авариялық жағдайда ағып кету және май толтырғыш жабдықта трансформаторлық майдың жануы, майдың ағып кетуіне байланысты қосулы тұрған май толтырғыш жабдықтағы майлы ажыратқыштың сақтандыру клапанының істен шығуы, құрамында сынап бар шамдардың сынуы, ажыратқыштарда элегаз қысымының төмендеуі және т.б. мәселелер кіреді.

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарының объектілерінде жүйелі түрде (тәулігіне 1 немесе 2 рет) май жүйелерінің олқы тұстарынан майдың ағу фактілері, бекіткіштердің бұрақысқышының босауы салдарынан ағу, май толтырғыш жабдықта бұрандылардың зақымдануын анықтау мәніне жабдықтарды тексеру жүргізілді.

Бұдан басқа, «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалында ТҚ күнін өткізу кезінде филиал комиссиясы экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша энергия объектілерінің жай-күйіне тексеру жүргізді, тексеру нәтижелері және жұмыс орындарын тексеру бойынша ескертулер ақау журналдары мен ТҚ күні актілерінде тіркелді. Тексеру барысында анықталған бұзылыстарды жою жөніндегі іс-шаралар филиал бөлімшелерінің жұмыс жоспарына енгізілді.


Экологиялық мониторинг

Заңнамалық талаптарға сәйкес ЖЭТ филиалдарында ауаға, су мен топыраққа өндірістік экологиялық мониторинг жүргізіледі. Экологиялық мониторинг өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларына сай жүзеге асырылады, олар аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарымен келісілді. 2013 жылғы экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша деректер (жылжымалы және стационарлық көздерден болатын шығарындылар) 4-кестеде келтірілген.



Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша стационарлық көздерден болатын шығарындылар 2013 жылға белгіленген нормативке қатысты 16 %-ға кеміді.
4-кесте – 2013 жылғы стационарлық және жылжымалы көздерден болатын шығарындылар

т/год

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалының атауы

Шығарындылар

Стационарлық көздер

жылжымалы

бензин

Дизелді отын

сұйытылған газ

план

факт

план

факт

план

факт

план

факт

Ақмола ЖЭТ

1,7351

1,7351

373,55

365,21

304,73

293,04

 

 

Ақтөбе ЖЭТ

3,5769

0,8081

108,12

108,44

97,40

84,08

14,64

15,29

Алматы ЖЭТ

2,5210

2,3985

315,00

309,45

182,00

177,67

 

 

Шығыс ЖЭТ

7,4372

7,4372

121,06

106,06

98,48

94,32

 

 

Батыс ЖЭТ

0,4790

0,3088

107,15

93,45

49,79

61,75

 

 

Сарыбай ЖЭТ

2,1753

2,1753

227,00

226,15

191,00

209,28

 

 

Солтүстік ЖЭТ

0,1198

0,1198

256,66

240,86

344,98

312,06

 

 

Орталық ЖЭТ

8,3467

8,1519

220,19

169,35

164,57

121,84

 

 

Оңтүстік ЖЭТ

1,2700

0,1368

245,00

203,42

190,00

203,21

 

 

Барлығы

27,6609

23,2714

1973,73

1822,38

1622,94

1557,25

14,64

15,29


Оқыту

Компанияның экология мәселелеріне жауапты қызметкерлерді оқыту жүйелі түрде өткізіліп тұрады, бұл қызметкерлердің қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өздерінің міндеттемелері мен жауапкершілігінен хабардар болуын арттыра түседі.

2013 жылдың маусым айында Оқыту орталығында (Қатаркөл қ.) «Экологиялық менеджментті тұрақты түрде жақсарту мақсаты үшін ҚР экологиялық мәселелер жөніндегі заңнамада жаңашылдықты қолдану. Қалдықтарды басқару жүйесі. Парниктік газдар шығарындыларын реттеу» тақырыбындағы корпоративтік семинар-тренинг өткізілді. Оған «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдары мен Атқарушы дирекцияның 14 қызметкері қатысты. Семинар аяқталғаннан кейін белгіленген үлгідегі сертификаттар тапсырылды.
Инвестициялық жобаларды іске асыру барысындағы табиғатты қорғау іс-шаралары

ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі жобаларды жоспарлау кезінде – электр желілік объектілерді жаңғырту мен салу жөніндегі инвестицииялық жобаларға, техникалық тапсырмаларға жобаларды жобалау және оларды іске асыру кезінде экологиялық заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар енгізіледі.

2013 жылы «ҰЭТ-ты жаңғырту. 2-кезең» жобасы бойынша жаңғыртылатын қосалқы станциялардың қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жобаларын қарау мен келісу жөнінде тиісті жұмыс жүргізілді. 2013 жылы барлығы KEPCO, Hyundai Engineering Co. Ltd. консорциумы және Hyundai Corporation ҚОӘБ 14 жобасы әзірленді және келісілді.

01.01.2014 жылғы жай-күй бойынша жобаны іске асыру басталғалы бері 53 қосалқы станцияда жабдықтардың 5334 бірлігі (дана, фаза), соның ішінде 876 ажыратқыш, 1293 айырғыш, 502 кернеу трансформаторы, 1565 ток трансформаторы, 105 трансформатор, доға сөндіргіш реактор мен ток шектегіштер, 993 бірлік басқа жабдық (разрядтаушылар, қаптамалар, қысқа тұйықтағыштар, бөлгіштер) бөлшектелді.

Экологиялық басқару жоспарына сәйкес «ҰЭТ-ты жаңғырту. 2-кезең» жобасы бойынша бөлшектелген жабдықты пайдаға жаратудың негізгі шаралары:

- жабдықтардың жекелеген бірліктерін «KEGOC» АҚ-ның басқа қосалқы станцияларына резерв құру үшін беру;

- жабдықтардың бір бөлігін тараптық ұйымдарға сату;

- жабдықтардың бөлшектеріне иелік ету және бөлшектеу болып табылады;

- жабдықтардың метал бөліктері қара және түрлі-түсті металға бөлініп алынады және оны белгіленген тәртіппен мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады;

- фарфорлық және басқа бөлшектер қатты қалдықтарды көметін полигондарға шығарылады;

- трансформаторлық май: майдың бір бөлігі тазаланып, қайта қалпына келтірілгеннен кейін сапасын бағалау нәтижелері бойынша жабдықтарға құю үшін пайдаланылады, ал қалған жарамсыз бөлігі одан кейін оны пайдалану үшін белгіленген тәртіппен сатылады.

Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 500 кВ «Өлке» ҚС, 500 кВ «Ағадыр» ҚС, 500 кВ «Жалағаш» ҚС, 500 кВ «Аврора» ҚС, 500 кВ «Степная» ҚС жобаларының ҚОӘБ келісілді.

«Кернеуі 500, 220 кВ желілер ҰЭТ-қа жалғанатын 500 кВ Алма ҚС-ны салу», «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ні қайта құру» жобаларын іске асыру кезінде табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізілді.

2013 жылы «II-кезең. 500кВ ШГЭС(Семей)-Ақтоғай-Талдықорған-Алма ӘЖ» жобасы бойынша Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы алынды. Экологиялық ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігі үшін 2013 жылы тамыз айында Тараз қаласында (Жамбыл АЭТ), Үлкен қыстағында (500 кВ ОҚМАЭС ҚС) «500 кВ Қазақстан-Қырғызстан мемлекетаралық ӘЖ-ні салу» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Тыңдауларға ҮЕҰ, БАҚ, Жамбыл және Алматы облыстары мен аудандары атқарушы органдарының өкілдері, басқа мүдделі адамдар қатысты.



Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау менеджменті жүйесін талдау
Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау менеджменті жүйесі OHSAS 18001:2007 негізінде әзірленді әрі жұмыс күйінде ұсталуда. КҚДСМЖ біріктірілген менеджмент жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Аталған бөлім бойынша талдау жүргізу үшін кіріс деректері:

- Жоспарларды, Бағдарламаларды орындау – 1-бөлім (1, 3-қосымшалар);

- ішкі аудиттердің нәтижелері – 3-бөлім;

- жазатайым оқиғалар туралы статистика, авариялар туралы есептер, технологиялық бұзылыстар, қауіптерді бірдейлендіру процестері туралы есеп, тәуекелдерді бағалау және тәуекелдерді басқару (ЖЭТ, ЖО ҰДО және АД тиісті бөлімшелерінен алынған ақпараттар мен деректерден құрылған ТБжәнеЕҚҚ есебі);

- БМЖ жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырыстарының хаттамалары, жедел және жұмыс кеңестерінің хаттамалары («KEGOC» АҚ басшылары, бөлімшелер басшылары) болып табылады.

Кіріс деректері сондай-ақ КҚДСМЖ мен ТБжәнеЕҚҚ алынған оның процестерін жақсарту жөніндегі ұсынымдарға жатады.

Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, технологиялық операцияларды орындау кезінде жарақаттануды азайту, қызметкерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту, зиынды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді.

2013 жылы Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау саласындағы қызмет «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 18.03.2013ж. бекіткен 2013 жылға арналған «KEGOC» АҚ қауіптері мен тәуекелдері тізілімдемесін ескере отырып әзірленген «KEGOC» АҚ 2013 жылға арналған Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау менеджменті жүйесі бағдарламасына сай жүзеге асырылды.

Сенімділік пен еңбекті қорғау қызметтерінің (топтарының) «KEGOC» АҚ электр желілерінің жұмыс сенімділігін және қызметкерлерінің еңбек жағдайын арттыру жөніндегі жұмысын жетілдіру мақсатында өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу 2013 жылғы наурыздың 27-і мен 29-ы аралығында кеңес өткізілді. Кеңеске барлық филиалдардың Сенімділік пен еңбекті қорғау қызметтерінің (топтарының) бастықтары, сондай-ақ «Энергоинформ» АҚ басшылары қатысты.

2013 жылғы Компания бойынша еңбекті қорғауға арналған нақты шығындар 222,017 млн. теңгені құрады.

2013 жылы Компания қызметкерлері осы кезеңге арналған медициналық тексерулерден өтті, оқыту, біліктілікті көтеру барлық осы заманғы құралдармен қамтылды, қолданыстағы нормаларға сай қажетті жеке қорғану құралдарымен, соның ішінде электр қорғану құралдарымен, арнайы тамақ өнімдерімен, дәрі-дәрмектермен, ТҚ плакаттарымен қамтамасыз етілді. Жұмыс процесі кезінде зиянды факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлер олардың жұмыс орындарында зиянды жағдайлардың болуына аттестаттау жүргізу нәтижелері бойынша белгіленген нормада өтемақы алды.

Барлық филиалдарда жөндеу науқанын өткізу кезеңінде жұмысты қауіпсіз ұйымдастыру және жүргізу семинарлары, жөндеу бригадаларын қорғану құралдарымен, аспаптармен, такелажбен, арнайы киіммен жабдықталуына тексеру жүргізе отырып аттестаттау өткізілді.

2013 жылы барлық ЖЭТ филиалдарында техникалық пайдалану, техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау мен өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне мақсатты тексерулер ұйымдастырылды және жүргізілді, соның нәтижелері бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың сәйкессіздігіне, пайдалануды ұйымдастыру, техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау мен өрт қауіпсіздігіне қатысты акті ұйғарымдамалар ресімделді.



Н KEGOC 00-701-08 «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жай-күйі бойынша «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелері сәйкестігін бағалау нұсқаулығына» сәйкес Техника қауіпсіздігі күні ай сайын өткізілді, соның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою іс-шаралары әзірленді.

«Еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «KEGOC» АҚ еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыруды жүзеге асырады.

«KEGOC» АҚ сондай-ақ «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырады.

2013 жылы «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ» және «Солтүстік ЖЭТ» филиалдарында жұмыс орындарын аттестаттаудың жылдық жоспары орындалды, еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің талаптары мен нормаларға сәйкес әрбір жұмыс орнында еңбек жағдайларын реттеу іс-шаралары жүзеге асырылды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша өрттер, жанулар мен жазатайым оқиғалар болған жоқ.

2006-2013 жылдарда өндірістік жарақат алудың жай-күйі туралы мәліметтер 5-кестеде келтірілген.


5-кесте - 2006-2013 жылдарда өндірістік жарақат алудың жай-күйі



Жыл

Барлығы жазатайым оқиға

Соның ішінде

Зардап шегушілер саны

Еңбекке жарамсыз күндер саны

Кч

Кт

Қызметкерлердің орташа тізімдік саны

Топ

Қаза тапқан

Ауыр

1

2006

1

-

-

1

1

47

0,25

47

3974

2

2007

3

-

1

2

3

233

0,76

78

3908

3

2008

1

-

-

1

1

107

0,25

107

3954

4

2009

1

-

-

1

1

113

0,25

113

3923

5

2010

1

-

1

-

1

-

0,25

-

4034

6

2011

5

1

3

2

7

273

1,21

55

4123

7

2012

2

-

1

-

2

39

0,49

20

4062

8

2013

0

-

-

-

-

-

-

-





Басқарма төрағасының корпоративтік

басқару жөніндегі орынбасары,

Басшының БМЖ жөніндегі

өкілі Ж. Бексары





Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет