Мамандық пәні (дері) бойынша мемлекеттік



Дата24.02.2016
өлшемі151.9 Kb.
#17621



Мамандық пәні (дері)

бойынша мемлекеттік

емтихан бағдарламасының титульдік беті





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/24


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Кафедра ___Психология және педагогика_____

(кафедра атауы)



Жалпы психология, жас ерекшеліктер психологиясы пәндер бойынша
6М050300-Психология_ мамандығы арналған
Оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной


Мемлекеттік емтихан бағдарламасын бекіту парағы




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/25




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





БЕКІТЕМІН

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

__________ Орсариев А.А.

«___»_____________20__ж




Жалпы психология, жас ерекшеліктер психологиясы пәндер бойынша
6М050300-Психология_ мамандығы арналған
Оқуға түсу емтихан бағдарламасы

Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың ҚР МЖМБС 5.04.033-2011 ж. негізінде әзірленді


Құрастырушы: ___________ п.ғ.к., ПжП кафедрасының профессоры Кудышева А.А.
Кафедра __Психология және педагогика__
«___»__________20__ж. №____ хаттама психология және педагогика кафедра отырысында ұсынылды.
Кафедра меңгерушісі ________________ Бурдина Е.И. «____» ________20__ж.

«_____»______________20__ж. №____ хаттама

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде құпталды.

ОӘК төрайымы ________________ Ксембаева С.К. «____» ________20__ж.



КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ________________ Бегимтаев А.И. «____» _________20__ж.
МАҚҰЛДАНДЫ:
АҚБД директоры ________________ Нургожин Р.Ж. 20___ж «___»_________



ОӘБ бастығы __________________ Темиргалиева А.Б. 20___ж «___»_________

«___»______________20__ж. №____ хаттама

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталды.

1.Оқуға түсу емтиханның міндеттері мен мақсаты

Берілген бағдарлама 6М050300 Психология бағыты бойынша магистратураға оқуға түсуші абитуриенттермен оқуға түсу тексерісін өткізу үшін арналған.

Бағдарлама жалпылама сипатта келеді, магистратураға түсушілердің психология бойынша кешенді және толық білімін анықтауға бағытталған. Бағдарлама мазмұны оқуға түсу емтиханына дайындалу барысында олармен меңгерілген оқу пәндерінің мазмұнының маңызды компоненттерін білуге бағыттайды.

Магистратураға түсушілер оқуға түсу емтиханы барысында интегративті жауап беруі керек, түрлі пәндерді меңгеру барысында алған білімін белсендіруі, сонымен қатар қолданбалы психологияның тәжірибелік міндеттерін шеше алу дағдысын көрсетуі тиіс.

Оқуға түсушілерді оқуға түсу емтихан барысында психология бойынша категориялық-түсініктік аппараттың қалыптасу деңгейі, теориялық білімді білу, базалық психологиялық пәндерді оқу үдерісінде қалыптасқан дағды мен біліктерінің деңгейі анықталады: «Психология» бағыты бойынша магистерлік бағдарламаны меңгеру үшін жалпы психология, психология тарихы, даму психологиясы қажетті.

Абитуриенттер «бакалавр» дәрежесі болса және 6М050300-Психология мамандығының пәндерін-пререквизиттерін оқыса, онда оқуға түсу тексерісіне қатыса алады.



2. Оқуға түсу емтиханын өткізу нысаны

6М050300 «Психология» мамандығы бойынша оқуға түсу емтихан тиапсыру кешенді емтихан ретінде (тест + ауызша емтихан) түрінде болады. Оқуға түсу емтиханның түрі ПМУ Ғылыми кеңесі отырысында бекітіледі.



3. Білімді бағалау тәртібі

Оқуға түсу емтиханы Жалпы психология, жас ерекшеліктер психологиясы пәндері бойынша құрылады. Абитуриенттерге 50 сұрақ беріледі. Бір тапсырманы орындау уақыты 1,5 минут. Тест тапсырмалары емтиханның 60 % құрайды.

Ауызша емтихан бөлігі Жалпы психология, жас ерекшеліктер психологиясы пәндері бойынша және оқуға түсу емтиханның 40 % құрайды.
4. Білімді бағалау талаптары:

Магистратураға түсуші жоғары деңгейде тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік, педагогикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық іс-әрекетте кәсіби құзіреттілігін көрсетуі тиіс. Келесіге қабілеттілігін және дайындығын байқатуы керек:



«Үздік» егер абитуриент Педагогика, психология, мамандық бойынша пәндерді оқыту әдістемесі пәндері бойынша теориялық білім жоғары деңгейде меңгерсе, сонымен қатар ғылыми жобалық әрекет дағдылары, түсініктеме өткізу білімі, ЖОО оқытуды түрлі формаларын психологиялық білімдерін меңгеру деңгейлері жоғары болған жағдайда; ғылыми ойлау мәдениетін, жалпылау, фактілеуді талдау мен синтездеу және теориялық ережелерді біледі танымдық және түрткілік-еріктік саланың, өзіндік сананың, психомоториканың, қабілеттердің, мінездің, темпераменттің, тұлғалық сипатының функционалды қабілеттерін және адамның психикалық қызмет етуін теңестіру мақсатымен психикалық ауытқулар акцентуациясының даму деңгейін пихологиялық диагностикалай алуын біледі.

«Жақсы» егер абитуриент педагогика, психология, , мамандық бойынша пәндерді оқыту әдістемесі бойынша алынған білімдерін практикада қолдана алса, психологиялық эксперименттің практикасы мен теориясын: оқытудың тиімділігін бағалау талаптарын дұрыс таңдай алса, әр нақты жағдайда оқытудың әдісін дұрыс қолдана білсе, оқыту әдісін жетілдіріп отырса, сабақ үстінде өзінің ұсынысын қоса алған жағдайда қойылады; библиографиялық және ақпараттық-ізденушілік жұмысты атқару және ғылыми мақалаларды, есептерді, қорытындыларды және т. б. дайындау және кәсіби міндеттерді шешу барысында оны қолдануын түсінеді

«Қанағаттанарлық» егер абитуриент теориялық және практикалық білімдері болса;

«Қанағатсыз» егер абитуриент теориялық және практикалық білімдері болмаса.

Мамандық бойынша оқуға түсу емтихан бағдарламасының мазмұны

Тақырып 1 Психологияға кіріспе. Психология объектісі, пәні. Психология мақсаты мен міндеттері. Психология түсінігі, маңызы. Психология бағыты, салалары. Дүниежүзілік психологиялық теориялар. Психология: әдіснама, әдістер, әдістеме. Психология: заңдар, заңдылықтар, ұстанымдар. Психология: категориялар, түсініктер, терминдер.

Тақырып 2 Психологияның зерттеу әдістері

Әдіснама философия ғылымның негізі ретінде. Эксперименттік – эмпирикалық деңгеінің әдістері Теориялық деңгейінің әдістері. Психологияның негізгі әдістері туралы ұғым. Лабораториялық және табиғи эксперимент, анкета және интервью. Психодиагностика, психологиялық тесттер және психологиялық зерттеудің негізгі әдістері



Тақырып 3 Адам психикасының пайда болуы мен дамуы. Психика мен сананың қоғамдық-тарихи негізі. Объективті шынайылықтың бейнесі ретінде психика туралы жалпы түсінік. Объективті әлемнің субъективті бейнесі ретінде психикалық көрініс. Психика байқалуының түрлері, типтері, формалары. Психиканың негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары. Психика құрылымы, құрамы: психикалық қалып-күй; психикалық функциялар; психикалық феномендер; психикалық қасиеттер. Психика мен сана. Сана түсінігі. Сана психика дамуының ең жоғарғы сатысы ретінде. Сананың әлеуметтік мәні. Л. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы. Жоғарғы психикалық функциялар. Сана байқалуының формасы, типтері, түрлері. Сана заңдылықтары мен ерекшеліктері. Сана құрамы, құрылымы. Сана қызметі.

Тақырып 4 Тұлға психологиясының мәселелері. Адам индивид, жеке даралық, тұлға, субъект, универсум ретінде. Тұлға туралы түсінік. Тұлғаның әлеуметтік мәні. Тұлға социогенездің объектісі мен субъектісі ретінде. Тұлға көрінуінің формалары, типтері, түрлері. Тұлғаның негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары. Тұлға құрамы, құрылымы: тұлғаның интенционалды сферасы; тұлғаның операционалды сферасы; тұлғаның модуляциялық (психофизиологиялық) сферасы. Тұлға қызметі. Тұлға қалыптасуының механизмдері: идентификация; жекелену.

Тақыры 5 Психикалық іс-әрекет. Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекет – объект қасиеттері және онымен бірге субъект қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы туралы білімнің үдерісінде субъект пен объекттің өзара әрекеттесуінің ерекше түрі. Іс-әрекет теориясы. Кеңес Одағындағы психологияның іс-әрекет теориясы. Кеңес Одағы психологиясындағы (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) іс-әрекеттік тұрғы. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет құрылымы.

Тақырып 6 Топты психологиялық талдау. Топ туралы түсінік. Жалпы сипаттамасы. Анықтамасы. Топ - әлеуметтік қауым, адамдар бірлестігі. Топ – адамдар бірлестігінің негізгі бірлігі. Топ - әлеуметтік біртұтастықтан белгілі негіздер негізінде шығатын немесе шығарылатын, белгілі көлеммен шектелген адамдар бірлестігі, қауымы. Сәйкес белгілермен біріктіріледі: іс-әрекет сипаты, құрылымы, композициясы, даму деңгейі және т.б.. топтардың түрлері, типтері, формалары.

Тақырып 7 Ұжымның психологиялық сипаттамасы. Ұжым туралы түсінік. Ұжым – топ дамуының ең жоғарғы деңгейі. Ұжымның белгілері мен тән қасиеттері. Ұжымға қойылатын талаптар.

Тақырып 8 Психиқалық үдерістер. Сенсорлық үдерістер. Түйсік. Түйсік туралы түсінік. Түйсік – заттардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі (оның сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі негізінде). Түйсіктерді топтастыру. Түйсіктің қасиеттері, заңдылықтары: тікелейлігі, сезімталдығы, сезу баспалдақтары, сенсибилизация, синестезия, бейімделу, сезім контрасты, сезімдердің өзара әрекеттесуі, сезімдердің орнын толтыру.

Тақырып 9 Перцептивті үдерістер. Қабылдау. Сезім мен қабылдаудың ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Қабылдау анықтамасы. Қабылдау – затты толықтай бейнелеу (оны құрастыратын барлық белгілер мен қасиеттер жиынтығында) Қабылдау түрлері, типтері.

Тақырып 10 Мнемикалық үдерістер. Елестету. Сезім, қабылдау және елестетудің ұқсастығы мен ерекшеліктері. Елестету – сезімдік және рационалды сананың байланыстырушы жігі. Елестету туралы түсінік. Елестету – алдын ала әср етудің санада, мида бейнеленуі.

Тақырып 11 Ес. Ес туралы түсінік. Ес – есте сақтау, тану және ақпаратты қайта өңдеудің психикалық үдерісі. Ес теориясы. Естің түрлері, типтері, жеке ерекшеліктері. Естің негізгі үдерістері: жаттау, сақтау, тану, қайта өңдеу.

Мнемикалық ерекшеліктері: рационализация, интенсификация, белсендендіру, мнемикалық іс-әрекетті оптимизациялау.



Тақырып 12 Интеллектуальды үдерістер. Ойлау. Ойлау анықтамасы. Ойлау – шынайылықты жалпы және сырттай тану мен бейнелеудің психикалық үдерісі. Ойлау түрі мен типтері. Ойлау формалары мен ойлау қызметтері.

Ойлау формасы: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойлау қызметтері: талдау, біріктіру, салыстыру, жалпылау, абстракциялау, нақтылау, топтастыру, типологизациялау, жүйелеу. Ойлау заңдылықтары мен қасиеттері. Ойлау құрамы, құрылымы. Ойлау функциясы.



Тақырып 13 Имажинитивті үдерістер. Қиялдау. Қиял туралы түсінік. Қиял – бар бейнелерді қайта өңдеу негізінде жаңа бейнелерді құрудың психикалық үдерісі. Елестету мен қиялдың ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Қиял түрлері: қайта өңдіруші, шығармашылық. Қиял қасиеттері мен заңдылықтары. Қиял құрамы, құрылымы. Қиял функциясы.

Тақырып 14 Қарым-қатынас үдерісі. Сөйлеу. Сөйлеу туралы түсінік. Сөйлеу – тіл арқылы адамдардың қарым-қатынасқа түсуінің психикалық үдерісі. Сөйлеу мен тіл. Сөйлеу мен ойлау. Сөйлеу түрлері. Сөйлеу қасиеттері мен заңдылықтары. Сөйлеу қызметтері: номинативті; сигнификативті; қарым-қатынастық; жалпылаушы; экспрессивті; реттеуші және т.б..

Тақырып 15 Психикалық қалып-күй. Зейін. Зейін түсінігі. Зейін – сыртқы және ішкі әлемнің объектілеріне сананың бағыттылығы. Зейінді топтастыру: еріксіз, ерікті

Зейін қасиеттері, заңдылықтары: көлемі, шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы, тұрақтылығы Зейін құрамы, құрылымы. Зейін қызметі. Зейін деңгейі, сапасы.



Тақырып 16 Көңіл-күй мен сезім. Түйсік пен сезім ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Көңіл-күй мен сезімдер туралы түсінік. Көңіл-күй мен сезім – адамның өмірге, басқа адамдарға, өз-өзіне, сонымен қатар қажеттіліктердің қанағаттандырылуына және қанағаттандырылмауына деген қарым-қатынасында байқалатын шынайылықты бейнелеудің ерекше формасы.

Көңіл-күй мен сезімдердің ұқсастығы мен айырмашылықтары.



Тақырып 17 Ерік. Ерік анықтамасы. Ерік – мақсатты қою және оған ұмтылу барысында ішкі және сыртқы кедергілерді жеңу үшін күшпен байланысты психикалық қалып-күй.

Тақырып 18 Психикалық қасиеттер. Темперамент. Темперамент туралы түсінік. Темперамент – психикалық іс-әрекеттің динамикалық сипаттамасы. Темперамент теориясы: гуморальды теория (Гиппократ, Гален); конституциялық теория (Кречмер, Шелдон); физиологиялық теория (И.П.Павлов, Теплов Б.М.). Темперамент түрлері.

Жүйке жүйесінің типі және темперамент. Темпераменттің психологиялық мінездемесі.



Тақырып 19 Мінез. Мінез бен темпераменттің ұқсастығы мен айырмашылығы. Мінез анықтамасы. Мінез – адам тәртібінде, іс-әрекетінде көрінетін, сонымен қатар дүниеге, басқа адамдарға, өз-өзіне деген қарым қатынасын бейнелейтін тұлғаның психологиялық, жеке-типологиялық және тұрақты қасиеттерінің жиынтығы.

Тақырып 20 Қабілет. Қабілет анықтамасы. Қабілеттер – іс-әрекеттің белгілі түрін сәтті орындауын қамтамасыз ететін тұлғаның жеке-типологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Дағдылар мен қабілеттер.

Дағды – адам ағзасының толықтай және жүйке жүйесінде қызмет етуі мен құрылымының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Қабілеттерді топтастыру: жалпы, арнайы, күрделі, қарапайым.



Тақырып 21 Антикалық психология. Платонның 427-347 б.э.д. жан мен таным туралы ілімі. Платон ілімінің кейінгі дэуірмен күні бүгінге дейінгі психологиялык ой-пікірлерге өсері. Гераклиттің VI-Vf. б.э.д. жан туралы, табиғаттың жалпы заңдарына тәуелділігі жайлы идеялары. Атомистер: Левкипп, Демокрит 460-347 б.э.д. Эпикурдың материалистік көзқарастары.

Тақырып 22 Орта ғасыр мен Қайта еркендеу дәуіріндегі психология. Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар. Р.Бэкон, В.Оккам, Д.Скотт. Номиналистер мен реалистердің дау-таласы. Діннің үстемдігі ортағасырдың басты сипаттамасы. Психологиянын діни философия шеңберіндегі дамуы. Түркі мүсылмандық психологияның дамуы. Арабтық Шығыстағы психологиянын дамуы: Әл-Фараби жан қуаттары жайлы. Ибн-Сина Авиценна психиканың материалдық негізі туралы.

Тақырып 23 XVIII ғасырдағы психологияның дамуы. Ж.Ламетри (1715-1751). "Адам машина" адам мен оның психикасына табиғи ғылыми көзқарас. Англиядағы ассоциативтік психология. Д.Гартли негізгі психикалык элементтер мен олардыц ассоциациясы туралы. Э.Кондильяктың сенсуалистік таным теориясының дамуы.

Такырып 24 XIX ғасырдағы психологияныц дамуы. М.Ласаруц пен Х.Штейнталь этникалық психологияныц негізін қалаушылар. И.Гербарттың психологиясы. А.Бэннің эмпирикалық психология жүйесі, психологиядағы ықтималдык статистикалык әдістерінің мүмкіндіктері мен шыгармашылық ассоциация туралы түсінік. А.Бэн мінез туралы. Джемс Миллдің психологиялық кезқарасы.

Тақырып 25 Психологияның дербес ғылым ретінде дамуы. Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи ғыльши алғышарттары. Ч.Белл, Г.Гельмгольц.Э.Вебер ашылымдары. Э.Герингтің есту түйсіктері теориялары. Г.Фехнердің психофизика негізін қалауы.Вундтың психология пәні мен ондағы эксперименттің ролі жайлы түсінігі. Жан дүниесі зандары. Вундттың "халық психологиясы" гуманитарлық психология бағдарламасы.

Тақырып 26 Психологиядағы ХІХ-ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық түжырымдамалар. Ф.Брентаноның психологиялык акт теориясы. К.Штумпфтың функциялар психологиясыньщ пайда болуы. Э.Б.Тетчнердің структурализмі. Вундт идеясының Америкада дамуы.

Тақырып 27 Бастауыш мектеп жасындагы баланың дамуы. Бастауыш мектеп жасындагылардың дамуыныц жалпы шарты. Оку іс әрекеті кіші мектептегілердің жетекші іс әрекеті ретінде. Оқу іс әрекетінік жалпы күрылымы, қалыптастыру заңдылықтары. Мектептегі алгашкы теориялык ойлаудың калыптасуы (Д.Б.Әльконин, В.В.Давыдов).

Тақырып 28 Мектепке денінгі бала психикасының дамуы. Әртүрлі жас сатыларындагы психикалык және физикалык даму ерекшеліктері. Туа пайда болган рефлекстер. Шартты рефлекстердің пайда болуы. Рецепторларды, әмоцияларды, қозгалыстарды даму. Іс-әрекеттің әр түрлі формаларының және мектепке дейінгілердің ересектермен, құрбыларымен карым катынас формаларының даму ерекшеліктері.

Тақырып 29 Жасөспірімдік кезеңнін сипаттамасы. Жасөспірім жасының дагдарысы мәселесін шетел және кеңес психологиясында зерттеу. Жасеспірім жасына өтудің анатомиялык-Аизиологиялық және психологиялык алгы шарттары. Жасеспірімдердің физикалык, акыл-ой, әлеуметтік дамуындагы индивидуалды және жыныстык айырмашылыктар. "Есею сезімі" жасөспірім жасының негізгі психологиялык күрылымы ретінде, онын түрлері. Жасөспірім жасындагы жетекші іс-әрекет.

Тақырып 30 Ерте жастық шақ психологиясы (Ранняя юность). Жасөспірім кезеңнен ерте жастық шақка өту, оны шет ел және кеңес психологиясында зерттеу. Өтудің анатомия-физиологиялық және психологиялык алғы шарттары. Жетекші іс-әрекет мәселесі.Акселерация мәселесі. Кәсіби багдарлану ерте жастық шақтың жетекші жаңы қүрылымдары ретінде.

Әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиеттер:

  1. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы,2011

  2. Педагогика: Дәріс курсы.-Алматы:Нұрлы Әлем,2010.-367с.

  3. Жұматаева, Е. Этнопедагогика: хрестоматия/Е. Жұматаева.-Павлодар: С. Торағыров атындағы ПМУ, 2012.- 171

  4. Общая психология: учеб. для студентов вузов: в 7 т. / под ред. Б. С. Братуся. - М., 2010.

  5. Ахметова, Г. К. Педагогика:оқулық/Г. К. Ахметова, З. Ә.Исаева, Н. С. Әлгожаева.-Алматы:Ғаза• университетi,2010.-220 б..

  6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы Орта білім. Астана, 2010

  7. Бұзаубақова Қ.Ж. Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2010

  8. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности (основные положения, исследования и применение). – СПб, 2011.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ж.Аймауытов. Психология оку құралы. Алматы.1994ж.

  2. Ә.К;.Алдамуратов Жалпы психология. Алматы. 1996ж.

  3. А.С.Выготский. Психология.(аударма) Алматы. 2005ж.

  4. Р.С.Немов. Психология. I-П-Ш-том. 2003ж.

  5. Қ.Б.Жарьщбаев. Психология. Алматы. 2003ж.

  6. С.Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы. 2003ж.

  7. М.А.Асылханова.- Психология. Алматы. 2004ж.

  8. Болдырев Н.И: Класс жетекшісі. Алматы: Мектеп, 1980

  9. Бержанов Е., Мусин С. Педагогика тарихы. Қысқаша курс: Оқулық Алматы. 1971

  10. Жұмабаев М. Педагогика Алматы: Ана тілі, 1992

  11. Садықов Т.С, Әбілқасымова А.Е. Жоғары мектепте білім берудің

  12. дидактикалық негіздері.Алматы, 2003

  13. 13. Өстеміров К, Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006

  14. 14.Қулшанова С. Мектеп педагогикасы. Алматы, 2005

  15. 15.Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Қазақ Ұлтгық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. Алматы, 2005

  16. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. Алматы, 2005.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет