Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»



бет2/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#20415
1   2   3   4   5

2 Музыка түрлері



2.1 Эпос, лирика, драма

Эпос (грек. epos – сөз, баяндау әңгіме, өлең) – бір әдебиеттің тегі. Эпостың құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпикалық поэма, эпопия жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігінің өзі суреттеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпикалық тұрғыдан қамтып, кейіпкер образдың, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейілінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді.

Эпостық шығармада суреттелген оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Эпостық шығармалардың ерекшелігін оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгершеліктірі кен алуан көрінеді. Эпос шы,армалары халық ауыз әдебиетінен бастау алады.

Ең көне эпостың жанр – ертегі, ол барлық халықтың болмасын ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атыменбаяндалады.

Онда адамдардың күнделікті тұрмыс – тіршілігі (тұрмыс салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял ғажайып ертегілері), адамдар мен жануарлар арасындағы жәйттер (хайуанаттар туралы ертегілері), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қыщзықты оқиғалары (Алдар Көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады.

Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым болады (мысалы: Жиренше шешен, Әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады.

Қазақ әдебиетінде көркем очерктер Шоқан Уалихановтың сапарнамалық очерктерінен басталады. Мысалы: «Жонғария очерктері», «Ыстықкөл сапарының жазбалары», Бейімбет Майлин, Мұқтар Әуезов, Сәбит Мұқановтардың көркем очерктері. Қазақ әдебиетіндегі новелла жанры советтік дәуірде дамыды (Ғабит Мүсіреповтың «Ана» туралы новеллалары).

Эпостық жанрдың шағын түріне жататын әңгіме жанрында қазақ қаламгерлері жемісті еңбек етті. Мұқтар Әуезовтың «Қорғансыздың түрі» 1921 жыл, «Ескілік көлеңкесінде 1925 жыл», «Қаралы сұлу» 1925 жылы әңгімелері қазақ совет әдебиетіндегі бұл жанрды еуропалық биікке көтерді. Әңгіме жанрында Бейімбет Майлин, Сабит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Талғат Әлімқұлов тағы басқалар өндіре жазды.

Эпостың орта көлемдегі түрі – поыесть қазақ әдебиетінде Ұлы Октябрь социалдық революциясына дейін көрініс бергенмен, ол советтік дәуірде ғана алуан тақырыпта, шынайы көркемдік пен игерілді. Қазақ повестерінің классикалық үлгілері ретінде Мұқтар Әуезовтың «Қила заман» 1928 жыл және «Қараш-Қараш» оқиғасы 1928 жыл повестерін атауға болады.

Егер Сәкен Сейфуллиннің «Жер қазғандары» 1928 жыл қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған тұңғыш повесть болса, Бейімбет Майлиннің «Раушан - коммунист» 1929 жыл совет заманындағы қазақ әйелінің бейнесін, сомдаған алғашқы повесть болды.

Эпостық шығармалардың поэзиалық жанрында эпикалық – философиялық поэманың классикалық үлгілері болса, Шәкәрім Құдайбердиевтың «Жолсыз жаза», Мағауия Абайұлының «Медғат қасым», Ә. Абайұлының «Дағыстаны» романтикалық сипаттағы эпикалық поэмалар қатарынан орын алады. Сұлтанмахмұд Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалар реалистік поэмалардың озық үлгілері. Советтік дәуірде Сәкен Сейфулин, Ілияс Жансүгіров поэмалары бұл жанрды сапалық жаңа биікке көтереді. Эпостық шығарманың мол мүмкіндігін толық танытатын жанр – роман.

Бұл жанрда жазылған Спандиар Көбеевтің «Қалың малы» 1912 жыл қазақ романдарының төл басы болып есептеледі. Советтік дәурдегі алғашқы қазақ романдары қатарында 20 – жылдары жазылған Жүсіпбек Аймаутовтың «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнекейдің күнәсі», Сәкен сейфулиннің тарихи – мемуарлық «Тар жол, тайғақ кешу» 1927 жылы Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» 1928 жылы Ілияс Жансүгіровтың, «Жолдастар» 1935 жылы романдарын атауға болады.

Қазақ совет әдебиетінің дамуы барысында роман жанры сан – алуан қырынан дамыды. Соның нәтижесінде қазақ романының тарихи – революциялық (Ә. Нұрпейсов, «Қан мен Тер»), тарихи биографиялық (Сәбит Мұқанов,»Аққан жұлдыз», Ш. Мұртазаев «Қызыл жебе»), тарихи (Ілияс Есенберлин «Көшпенділер», М. Мағауин «Аласапыран», Әбіш Кекілбаев «Үркер», С. Сматаев «Елім-ай», Ә. Әлімжанов «Жазушы»), тарихи-философиялық (Әбіш Кекілбаев «Аңыздардың ақыры»), әлеуметтік-психологиялық («Өскен-өркен»), роман хроника (Ілияс Есенберлин «Алтын Орда»), роман новелла (Ә. Нұлшайықов «Ақиқат пен аңыз»), публистикалық (Ә.Әлімжанов «Көгілдір таулар»), роман эссе (Қ. Салғарин «Алтын тамыр» түрлері дүниеге келді).

Лениндік және СССР мемлекеттік сыйлықтарына ие болған Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы қазақ совет әдебиетінде айқын танытты.

Эпостың екінші мағынасы ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін генологиялық тұрғыдан, эпикалық сипатта жан-жақты суреттейтін жанрлар тобы. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл жанрдағы шығармалар мейілінше мол ұшырасады. Оларды төмендегіндей топтарға жүктеуге болады.

Қисса – дастандар, лиро-эпостық жанрлар. Белгілі шығыс сюжеттеріне құрылған дастандар («Сейфілмәлік», «Боз жігіт» тағы басқалар) қазақ халық ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар («Қыз Жібек», «Қозы көрпеш – Баян сұлу»), батырлар жыры («Алпамыс», «Қобыланды», «Ер-Тарғын» тағы басқа). Кейінде дәуірде дүниеге келген тарихи жырлар («Арқалық батыр», «Бекет батыр» және тағы басқа).

Егер шығыс сюжетінде жазылған қиссаларда лирикалық, эпикалық сипан діни сипат сарын мен берік атаса, лиро-эпостық жанрларда ғашықтық тақырыбы басты роль атқарады. Батырлар жырының төркіні түркі тектес халықтарға ортақ және көне жырлардан «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер-Тарғын», «Қамбар батыр» жырлары тек қағаз ауыз әдебиетінде ғана кездеседі, одан кейінгі Ноғайлы дәуірінде келген жырларда («Қарымның қырық батыры») генеологиялық сюжет қолдану, тұтастану арқылы батырлардың үлкен бір ұрпағының өмірін қамтиді.

Батырлар жыры елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дәстүрін кезендік оқиғаларға деген халық бағасын, алдан күткен үміті мен аңсар-мұратын көркем жинақтап бейнелейді. Ол таризтың салқар көшінде жиі қайталанатын соғыстар мен шайқастардың жылнамасы емес, ел есінде қалған елеулі оқиғаларды жинақтай бейнелейтін көркем туынды.

Халықтын оны ерекше қастерлеп, сүйсіне жырлап, ұрпақтан – ұрпаққа мұра етуінің тағы бір сыры ондағы отаншылдық идеянын ерекше асқақтығында. Халықтық арман – мұнының үнемі алдынғы кезекте тұратындығында. Батырлар жырын фольклордың басқа эпикалық жанрларынан өзгешелейтін өзіне тән белгілері бар. Ең алдымен оның басты қаһарманы –батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне сай ер мінезді, ақыл – парасатқа бай, сезімтал , айнымас жолдас болып келеді.

Жырда батыр мен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі – оның аты. «Ат – ердің қанаты» деген нақылға берік халық жырларында ат – батырдың ең жақын серігі. Батырдың аты жырда ерекше әсірелген суреттеледі. Ол «Алты ай жорытса, арымайтын» жауға мінетін тұлпар ғана емес, қысылған жерде батырға ес қосатын ақыл иесі де болып көрінеді.

Сол сияқьы батырлар жырында «Қобыланды сонда сөйлемейді сөйлегенде бүй дейді», «Қарамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды» деген сияқты тұрақты қайталаулар болады.

Жыр ағымен келетін батырлық эпостардың тілі аса көркем, айшықты қолданыстарға бай. Онда, әсірісе, шектен тыс ұлғайтып немесе шектен тыс кішірейтін суреттейтін әсерлеулер мол. Батырлар жырын жыршылар сазды мақаммен апталап, жырлайтын болған.

Мұндай жырларды жырлаулар күнді – күнге, таңды – таңға ұрып жырлайтын болған, ондай жырлардың әлемдік үлгісі – қырғыз халқының «манас» эпосы. Оны манасшылар айлар бойына тынбай жырлаған. Халық арасында батырлар жырын айтуды өнер тұтқан таланты адамдар көп болған. Оларды «жыршы» деп атап халық ерекше құрметтеген.

Мысалы: «Қобыланды батыр» жырынан үзінді

Қарақыпшақ Қобыланды –

Атасы мұнын Тоқтарбай,

Халықтан асқан болды бай.

Байлығында есеп жоқ,

Айдалып бағып жайылды

Төрт түлік малдың бәрі сай.
Жаз жайлауы көзді көл,

Көзді көлді жайлаған

Қаоын қыпшақ жағалай.

Тоқтарбайдың дәулеті –

Ішкені мас, жегені тоқ,

Бай – кедейдің көңілі жай.


Батырлар жыры гиперболаға (ұлғайтуға), әсірелеуге толы келеді. Басты кейіпкерлер бір-ақ мақсатта басын құрбан етеді. Олар ел үшін туып, ел үшін етігімен су кешеді. Олар жаудың аз-көптігіне, алыс-жақынына қарамайды. Нағыз, қас батырлардай «Жау қайда?» - дейді. Қазақ эпосын тарихи желіге қойып топтастырған ғалым Ә. Марғұлан болды. Ол оғыз – қыпшақ эпосын мынадай дәуірлерге бөлген:

1) көне дәуірлерде туған эпос (V – XII ғасырлар);

2) тарихт дәуірде туған эпос(XIII - XIVғасырлар);

3) ноғайлы эпосы (XV – XVI ғасырлар);

4) жңғар шапқыншылығына байланысты туған эпос (XVIII ғасыр);

5) ішкі қанаушылар мен хандарға қарсы күресті суреттейтін эпос;

6) кеңес заманында туған эпос.
Бұл бөлініс тарихи принципке негізделген Ә Қоныратбаев:

1) ертегілік эпос («Ер Төстік», «Құла Мерген» т.б.);

2) түрік қағанаты дәуірінде туған жылнамалық эпос (Орхон жазулары, «Күлтегін жыры»);

3) оғыз эпосы («Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама»);

4) тайпалық эпос («Алпамыс», «Қобыланды» т.б.);

5) лиро-эпос («Қозы Көрпеш», «Қыз Жібек»);

6) ноғайлы эпосы («Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази»);

7) тарихи эпос («Досан батыр», «Бекет», 1916 жылдың поэзиасы);

8) шығыс дастандары («Рүстем дастан» т.б.);

9) авторлық эпосы (Амангелді, Төлеген туралы жырлар) деп бөледі.



Лирика (грек. Lura – лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын) – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бір түрі. Лириканың басты ерекшелігі адамның көңіл-күйін сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді лирика көбінесе өлең мен жазылады, онда автордың немесе кейіпкірдің дүниеге қатысы, көз-қарасы, оның сезімін нақты ойын, көңіл-күйін суреттеу, әсерплеп бейнелеу арқыл көрсетіледі.

Лириканың басқа жанрлардан айталық сан-алуан адамдардың қарым-қатынасын, қоғамдық тартыс шиленісті баяндайтын көлемді, оқиғалы шығармалардың айырмасы да, өзіндік артықшылығы да осында.

Лирикалық шығарманың мазмұны объективтік оқиғаның дамуы емес, субъектінің өзі және сол субъекті арқылы өтетін дүниелер. Кез келген сезіну мен толғаныс моральдық, философиялық, қоғамдық мәні бар толғаныстар лириканы тудырады.

Бұған әлем әдебиетіндегі лириктер Овидий (Рим), Байрон (Англия), А.С. Пушкин, А.А. Блон және Абай творчествосы дәлел бола алады. Егер эпикалық жанрдың басты ерекшілігі – оқиғаны қалай баяндалып суреттелуіне байланысты болса, ал лирикалық шығарманың күші құаттылығы алдымен адамның көңіл-күйін, өмірдегі жағдай құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасып жатады.

Адамның жан-сезімін, көңіл-күйін тікелей лирикаға тән ерекше сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы, ал өмір құбылыстарын табиғаты айрықша сергектік, сезімталдықпен қабылдаудан туады.

Лирикалық шығармада негізінен жеке адамның көңіл-күйін сезімі суреттеледі.

Лириканың бас қаһарманы – ақынның сөзі. Ақын ең алдымен өз жайын, айналадағы өмір құбылыстарына деген өзіндік көз қарасын аңғартады. Бірақ ақын өз жайын, өз басының мұнын, өзінің арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғы – мұнын, күйзелісін, қуаныш – шаттығын, тілек – мақсаттарын білідіреді.

Лирика әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрдің үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл – күйіне бөліп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі.

Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен бастаған. Мәселен қазақ лирикасының басы баяғы тұрмыс салт өлеңдерінде тойбастар мен жар-жар да, сыңсу мен беташарда мұншер өлеңдерінде қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр.

ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінде Шалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған-арман мұраттары көрсетілген. Сөз өнерінің өзге тектері (эпос пен драма) тәрізді лириканың да суреттейтін құбылыстары көп.

Лирика көлемі жағынан өте ықшам болып келеді. Оқиғадан көрі отты сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңынын бас-аяғы тұнжырымды бірер философиялық ой маңыны жинақталады. Орта ғасырда роман (Француз, Испан, Итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі – Баллада.

Ол лиро-эпостық сипаттаған шағын сюжет өлең, барлық әдебиетте кең тараған. Мысалы: Қазақ әдебиетінде Қ.Жармағанбетовтың («Бидай туралы балладасы» сондай-ақ «Мұғаліма», «Күзетші») балладалары бар.

Лириканың антик әдебиетінде көп тараған түрлерінің бірі – Идиллия – уайым-қайғысыз жеңіл өмір туралы жыр. Біздің дәуірімізде бұндай жырлар жанрлық мәнін жоғалтты.

Лириканың келесі түрі – Ода. Ол есімі елге таралған белгілі жеке адамдары, не батырларды мадақтаған, я болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтеріңкі, көңілді жыр мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқты бар.

Лириканың тағы бір түрі – Сонет – арнаулы өлшеммен, әр-түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең, ХІІІ ғасырда Сицилияда туған. Данте, Петрарка көп жазған, кейін Батыс Еуропаның елдеріндң кең тараған.

Оның классикалық үлгілерін Шекспир жасаған. Соңғы кезде лириканың бұл түрімен Е.Әукебаев, Қ.Шаңғытбаев айналысып жүр. Қ. Аманжоловта «Құрдас туралы» деген сонет жазған.

Элегия да лирикаға жатады. Онда көңіл қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Мысалы: Шәңгерей ақынның көп өлеңдері элегияға жатады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырабына, мазмұнына қарай бөлінеді.

Саяси азаматтық, лирикалық махаббат лирикасы, философиялық лирика, табиғат лирикасы, лириканың тағы басқа түрлері – арнау, ой, романс, пастораль, энлога, эпитолама, эфитапия, эпиграмма, илигия. Қазақ әдебиетінде тағдырын бейнелеген адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін лирикалық шығармалар өте көп. Қазақ совет лирикасының өркендеуне Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймаутов, Міржақып Дклатов, Сәбит Мұқанов, С.Мәуленов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Ж.Молдағалиевтар мол үлес қосқан.

Лирика шығармада ақынның нәзік сезімін, көңіл-күйін, қайғы қасіретін, қуаныш-сүйінішін суреттін поэзия түрі.

Лирика бірнеше түрі бар (көңіл-күй лирикасы, саяси лирика, адамгершілік лирикасы, сатиралық лирикасы, табтғат лирикасы т.б.)

Мысалы: Абайда осы лирикалардың барлыы да бар, «Ғылым таппай мақтамба» - өнер-білім лирикасы, «Жаз», «Қыс», «Күз», «Желсіз түнде жарық-ай» - табиғат лирикасы, «Болыс болдым мінекей», «Бойы бұлғаң» - сатиралық лирика т.б.

Абай «Жаз» деген өлеңінде тек жас көрінісін суреттеп қана қойған жоқ, көңілі жай қазақ халқының жас баладан бастап, қыз келіншектің «Бұрала басып балқылдап, киіз үй тігіп, ойын-күлкімен сылқылдаған» тамаша күлкісін де көрсетеді. «Құс салған, саят құрған бозбалар» бір көрініс берсе, кәрі ақсақалдар бір төбе шешендерінің сөзін тындап, ақыл-кеңес алып отырған ауыл адамдары да көз алдына елестейді.

Жалпы бір ғана лирикаға қандай өмірді, қазақ халқының салт-санасы, дәстүр-тіршілігін көз алдыңа жайып салады. Мұндай табиғат лирикаларында тек табиғат көрінісін ғана суреттеп қоймайды, өмір мен, қоғам көрінісі мен шебер байланыстырады.

Мысалы: Табиғат лирикалары көптеп саналады

Жаздыгүні шілде болғанды,

Көгорай шалғын бәйшешек,

Ұзарып, өсіп толғанда:

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда

Мылтық атқан, құс салған

Жас бозбала бір бөлек

Су жағалап қутындап.

Қайырып салған көк құсы,

Қаз сыпырса жарқылдап....... деген.

Мысалы: Абайдың ақындық тілін, фигураның тамаша түрлерін Абай лирикаларынан, эпитеттерінін көп кездестіреміз.
Арнау «Жастарға»

Шәкәрім Құдабердиевтің
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық.

Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берелік,

бір білімді данышпан жан табалық.

Адамшылық іздесең бұл жолға түс,

алдау қылма, біреуге қиянат – күш.

Жетілсең де жемтік жеп, ел қорлатпа.

Ар нысаптың сүйгені – таза жұмыс.


Терме – ақындардың халқына, келер ұрпағына айтар даналық жыры. Бұл жырда халықтың мақал – мәтелдерді, даналық сөздері, афоризмдер көп болады. Халық араснда әнге қосып, домбырамен көп айтылады. Терме халық ақындары Бұқар жырау, Шал ақын, Базар жырау, Сүйінбай, Жамбыл т. б. көптеген ақындарда кездеседі. Дулат Бабатайұлының «Ата – ананың ақылы», «Еспенбет», Шернияз Жарылғасұлының «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», Шортанбай Қанайұлының «Атамыз – адам, пайғамбар !», Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Термелер» т. б.

Толғау – ақын жазушылардың заман, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды, немесе бір ұлы адамдардың істеп өткен мирас етіп артқы ұрпаққа лирикалық қзақ жыр етіп суреттеп беру. Жамбылдың «Жеңімпаздар сьезіне», Қ. Бекхожиннің «Кремль жырлайды», «Өмірде бір ыстық шағың болады» Дихан Әбілев т.б. Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Толғау» т.б.

Бесік жыры – халық әдебиетінде де, жазба әдебиетінде де сақталып келе жатқан ананың балаға деген ақ тілеуі, жалпы жастарға ұрпағына деген махаббатты халық тілегін өлеңмен жеткізеді. Бесік жырында ана баласының, ұрпағының адал да сүйікті, өнерлі, ақылды, білімді азамат болуын армандайды да, солай етіп тәрбиелейді.
Мысалы: Халық ауыз әдебиетіндегі «Бесік жыры»

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жалға тиісіп,

Батыр болар ма екеңсің?



«Бесік жыры» Мағжан Жұмабаев

Күнім, айым, Алмас қылыш,

Еркетайым, бөлейін енді, Найза құрыш

Тыста дауыл, Белге буарсың.

Жатқан ауыл, Сен сырттаным

Ұйқың да келді... Арыстаным,

Жауды қуарсың....дейді.
Жоқтау – қай дәуірде де қазақ даласында кең тараған жыр. Қадырлы адамы бұл дүниеден өткенде артындағы адам қайтыс болған адамның адамгершілігін, халыққа жасаған жақсылығын айтып, өлеңмен көрсететін болған. Ертеде жоқтауды үстем тап өкілдерінің адамы қайтыс болған. Ертеде жоқтауды үстем тап өкілдерінің адамы қайтыс болғанда, тек әйел адам ғана жоқтау айтқан. Бертін келе ақын – жазушылар қадырлы дос-жарандары дүниеден өткенде, соған арнап көлемді де жоқтау өлеңдер арнап жүр.

Абайдың Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген жоқтау өлеңі мынадай:

...Айналайын, Құдай-ау,

Қапалық салдын жасымнан.

Шешеннің зарын тарттырдың

Бес жасымда басымнан...

Жармыды алып қор қылдың

Жас өмірде тасынған...


Поэма – гректің «poiema» деген өлеңмен жазылатын шығармаларын айтқын. Ертеде орта ғасырда поэманы «монумент» деп ойлаған да, солай атаған. Жауынгерлік этикалық шығармаларды, мысалы, «Илиада мен Одиссея» эпопеясын да поэма деген екен. Бертін келе орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин бірнеше поэмалар жазды. Негізінен өлеңмен жазылған, оқиғалы, өткір лирикалы өлең мен жазылатын шығарма. Қазақ жазушыларында поэма көптеген саналады. Мағжанның «Батыр Баян», Сәкеннің «Көкшетау», Сәбит Мұқановтың, Ілияс Жансүгүровтың көптеген поэмалары бар. «Жұмаштың өлімі», «Қанды көл», «Ақ аю» поэмалары Сәбиттің ерекше күрделі поэмалары, Ілиястың «Құлагер», «Күй», «Күйші» т.б. поэмалары сұлу, өткір лирикалы, сюжетті поэмалар.

Драма (грек. dramo - әрекет) - өмір құбылыстың шиленіскен тартыстар үстінде жинақтап, кейіпкерлердің әрекеті арқылы бейнелейтін әдеби жанр.

Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада өзінің көркемдік деңгейіне көтеріледі. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, ым (пантомимо) аралас келіп, көркем өнердің күрделі саласы ретінде дамыған. Кейін драма бұлардан бөлінді. Трагедия, драма комедия жанрлары қалыптасты.

Драма жанры көне Грецияда туып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедияларында, Аристофон комедияларында жоғары көркемдік дәрежеге көтерілді, қайта өркендеу дәуірінде Англия (К. Марло, У. Шекспир) дамудың шырқау биігіне жетті. XVII ғасырда Батыс Еуропада драматургия да классицизм үстем болды. (П. Коркель, Ж.Б. Мольер, Ж.Расин) XVIIІ ғасырда феодолизмге қарсы күресті бейнелейтін буржуазиялық ағарту драмасы пайда болды.

Империализм кезінде құлдырай бастаған буржуазиялық драмаға қарсы Батыс Еуропада жұмысшы қозғалысының мақсат-мүддесін тығыз байланысты прогресшіл драма дүниеге келді. Россияда драма ауыз әдебиетінің негізінде XVII ғасырда туды. XVIIІ ғасырда классизм ықпалымен дамыды.

ХІХ ғасырда Н.В.Гоголь, А.С. Пушкин, А.Н. Островский орыс драматургиясын реалисттік бағытта өрістетіп ұлттық дәстүрде одан әрі А.П. Чехов, А.М. Горький жалғастырды. Совет заманында драматургияның дамып, қалыптасуы К.С.Тренев, В.Н. Билоцерковский, В.С. Вишневский, Б.А. Левренов, А.Н. Афиогенов, Н.Ф.Погодин, А.Е. Корнейчук, А.Н. Арбузов, Б.С. Розов, С.Ф. Шатров т.б. есімдермен тығыз байланысты.

Қазақ драматургиясында кейбір пьесалар Ұлы Октыбоь Социалдық Революциясынан бұрын жазылған мен, нағыз драма совет дәуірінде туып, қалыптасты. Жалпы драмада күнделікті тұрмыстың әр-түрлі құбыластары жан-жақты бейнеленді.

Сан – алуан тартыстар қаһармандарды ауыр шайқастарға салып, олардың рухани – адамгершілік қуатын сынап көреді. алға қойған мақсат, нысаны үшін күресу үстінде адамдар мінезінің жан – жақты қырлары ашылады. Уақыт заман талаптары әлеументтік шарттар қалыптастырған нормаларды бұзу, шеңберден шығып, шекарадан өту сияқты кейіпкерлер әрекепті тартысқа толы оқиғалармен, жағдайлармен шиленіседі.

Тұрмысиық, семьяның жеке бастың сан – қилы қақтығыстарын сюжет арқауы ететін драмма ұлғайту (гипербола), өсіру (гротеск), әсірелеу тәрізді көркемдік құралдарды сараң қолданды, оның есесіне детальдар, табиғи бояулар дәуір, өмірді реалистік пен бейнелеуге көбірек мүмкіндік береді.

Драмма кейіпкері ауыр күйзеліс, үлкен сынға түсіп, тіршіліктің қиын кезеңін басынан өткереді: тар жол тайғақ кешуде не күйреп, рухани жүдеп, тозып шығады, не ешнәрсеге мойымай, басқа түскен ауыртпалықты қайыспай көтеріп, белеске шығады, салқын сабыр иесі болып марқаяды.

Мұның бәрі сахналық шығармада әрекет, қимыл, күрес арқылы ашылады. Әдебиетімізде көп жылдар бойы жинақталған дәлелдер, көркемдік процесс негізінде, қазақ драмасын мынадай үш салаға жүктеуге болады:

1) қаһармандық драма – қажырлы кейіпкердің қиындықтарды жеңген, арман-мақса, еркіндік үшін арпалысқан жолан бейнелейді, сұсты тіршіліктің тартысты ағысын, оқиғаларын көрсетеді. Отан үшін, азаттық үшін күрескен ерлердің жағымды міңездері, игі қадамдары мадақталады.

Басқыншыларға – зұлмат күштерге қарсы сұрапыл шайқаста кейіпкерлер көбінесе жеңіске, салтанат құрады. Басты кейіпкерлер – ер жүректі, үлкен мақсатты, қажырлы, жігерлі адамдар, азаттық үшін алысқан ерлер, ескілікті күйретіп, жаңа өмір жасаған революция ардагерлері.

Мысалы: Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» 1922 жыл, Ілияс Жансүгіровтың «Кек» 1936 жыл, Мұхтар Әуезовтың «Түнгі сарын, түн сағатта» 1942 жыл, «Қобыланды» 1945 жыл, Сәбит Мұқановтың «Күрес күндерінде» 1938 жыл т.б. пьесалар;

2) саяси-әлеуметтік драма өмірдің жаңа құбылысының келісімге келмейтін қарама-қарсы кейіпкерлердің іс-әрекеті деген көзқарастар ашық, айқын айтылады, қақтығыс шайқас үлкен құрбандықтар болмайды, кейіпкерлер арасындағы кезек сөз (диалог) ұлғайып, философиялық толғанысқа айналады.

30-40 жыл жардағы драмаларда таптық, әлеуметтік, тартыс үстем болса, кейінгі кезде реалистік ұғым басым тұсып идея мен образ бірлігі күшейді. Мұндай туындыларға Сәкен Сейфуллиннің «Бақыт жолында» 1917 жыл, Ж.Шаниннің «Өлімнен үмітке» 1930 жыл, Мұқтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» 1917 жыл, «Шекарада» 1930 жыл, «Алуа» 1953 жыл, С.Жүнісовтың «Өлі ара» 1985 жылдардағы пьесалары жатады;

3) тарихи ғұмырнамалық драма белгілі тарихи тұлғанын өмірін арқау етеді. Эстетик шындықпен бейнеленген көрнекті адамның іс-әрекеті, күрес жолы, идеялық нысанасы бүгінгі өмірімізге үлгі етіп ұсынылады, кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде алынады.

Бұл жанр қазақ әдебиетінде Ұлы Отан соғысынан кейін жақсы дамыды. Мысалы: Мұқтар Әуезовтың «Абай» 1950, Л.С. Соболевпен бірге, Сәбит Мұқановтың, Шоқан Уәлиханов 1954 жыл, Сәкен Сейфуллин 1964 жыл, Ғабит Мүсіреповтың «Амангелді» 1939 жыл, Ақан сері «Ақтоты» 1942 жыл, Ә.Тәжібаевтың «Біздің Ғайни» 1967 жыл, Қ.Мұқанмеджановтың «Біз періште емеспіз» 1987 жыл, Ш. Мұртазаевтың «Қызыл жебе» 1987 жыл, «Сталинге хат» 1988 жыл, С. Жүнісовтың «Өлара» 1985 жыл, О. Бөкеевтің «Зымырайды поездар» 1984 жыл, Д.Исабековтың «Әпке» 1983 жылдардағы пьесалары жатады.

Қазіргі кезде драма мен театр – социалдық қоғамда өмір сүрген қазақ халқының өмірінен ерекше орын алатын көркемдік игіліктің, эстетикалық байлықтың бірі. Ұлы Октябрь Социалдық Революциясынан кейінгі мерзім ішінде ұлттық драматургия қалыптасып, халықтардың рухани дәулетінің қатарына қосылды.

«Халық дәуір талабына сай проблемалық драматургияны, өміріздің көкей кесті тоғыз тарау сырларын шертетін, жас ұрпақты тәрбиелейтін толғауы тоқсан сахналық шығармаларды талап етеді.

Барлық жанрлық формаларды дамудың, толықсудың қиын – қатпар асуларынан өткен қазақ драматургиясы қашанда ұлтымыздың текті күлкі, мұңды сыр, жігерлі қайғысын бөлісер, жан дүниесін қорғап, жүрегін тебірентер айнымас асыл рухани досы бола берерінде күмән бар ма?!»




Драмалық шығармалар






Трагедия







Комедия




Драма




Ақан сері «Ақтоты», «Еңлік-Кебек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қарагөз» т.б.




«Алдар Көсе», «Торсықбай», «Айдарбек» (Ж.Шанин)




«Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолында», «Кек», «Райхан»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет