мамандығы бойынша «Жалпы медицина» бағытында интерндерді дайындау силлабусы «Шұғыл хирургия»


«Шұғыл хирургия» модулі бойынша семинар сабақтарының тақырыптық жоспары мен олардың мазмұны



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі388 Kb.
#124934
1   2   3   4


«Шұғыл хирургия» модулі бойынша семинар сабақтарының тақырыптық жоспары мен олардың мазмұны



Бөлімнің аты

Семинар сабағының тақырыбы мен мазмұны



Сағат саны

Шұғыл хирургия (326 сағат)

1

2

3

1

Жіті аппендицит. Саралау диагностикасы, асқынулары, асқынулар диагностикасы. Қолданылатын хирургиялық тәсілдер, хирургиялық жолдармен емдеу. Балаларда, жүкті әйелдерде, егде және қарт адамдарда кездесетін жіті аппендициттің ерекшеліктері. Құрт тәрізді өсіндінің атипиялық орналасуы кезіндегі клиникалық көрінісі бойынша ерекшеліктері. Жүкті әйелдерде кездесетін жіті аппендицит. Диагностикалау кезінде туындайтын қиыншылықтар, көрсетілетін хирургиялық тәсіл.

36

2

Жіті панкреатит. Жіктемесі, диагностикасы, саралау диагностикасы, асқынулары. Ауру ағымының ауыртпалығын бағалау және аурудың ауыр формасын болжау. Емдеу тәсілі. Консервативті жолдармен емдеудің қазіргі әдістері. Хирургиялық ем қолдану көрсетімдері. Хирургиялық емнің түрлері.

36

3

Жіті холецистит. Жіктемесі, диагностикасы, саралау диагностикасы, аурудың асқынулары, асқынуларын диагностикалау. Емдеу тәсілі. Хирургиялық ем қолдану көрсетімдері және оның түрлері.

36

4

Іштің жіті түйнелуі. Жіктемесі, диагностикасы, саралау диагностикасы, жеке түрлері. Патогенезінің ерекшеліктері. Динамикалық және механикалық түйнектің саралау диагностикасы. Халі нашар және егде жастағы науқастарды операцияға даярлау және оларға қолданылатын хирургиялық тәсілдердің ерекшеліктері. Ішек резекциясының көрсетімдері, айналма аностомоздар, стомдар салу. Ішек декомпрессиясы техникасы. Операциядан кейінгі кезеңде жүргізу ерекшеліктері, операциядан кейінгі асқынуларды диагностикалау және олардың алдын алу. Ішектің жабыспалы түйнегінің алдын алу.

36

5

Асқазан мен ұлтабардың тесілген ойықжарасы. Диагностикасы, саралау диагностикасы, патоморфологиясы және патогенезі, кезеңдеріне байланысты клиникалық ағамы, атипиялық перфорациялар. Операцияның түрлерін таңдау, олардың көрсетімдері. Операциядан кейін туындайтын асқынулар, диагностикасы, емі. Тесілген ойықжараны тігуден кейін қолданылатын емдеу тәсілдері.

36

6

Асқан-ішек жолдарының ойықжараларынан қан кету. Клиникалық және эндоскопиялық жіктемесі, диагностикасы, саралау диагностикасы, қан жоғалту мен геморрагиялық шоктың патогенезі. Емдеу тәсілі, хирургиялық ем қолдану көрсетімдері. Операция тәсілдерін таңдау. Операциядан кейін туындайтын асқынулар, оларды диагностикалау және емдеу.

36

7

Қысылған жарық. Шап, сан, кіндік және іш жарықтарының диагностикасы, саралау диагностикасы, емдеу тәсілін таңдау, жарықтарға жасалатын операцияға дайындық, операция көрсетімдері, тәсілдері мен түрлері. Аурудың асқынулары, асқынуларды диагностикалау және емдеу.

36

8

Мезентериялық қанмен қамтамасыз етілудің жіті бұзылысы. Аурудың этиологиясы мен патогенезі. Жіктемесі, ауру ағымының варианттары, сатысына байланысты клиникасы, диагностикасы, саралау диагностикасы. Емдеу тәсілі және хирургиялық ем қолдану көрсетімдері. Ішек инфарктінің жайылуына байланысты жасалынатын операцияның түрлері. Тромбэмболэктомиядан кейін дамитын рециркуляторлы синдром. Емдеу және оның алдын алу. Операциядан кейін туындайтын асқынулар, оларды диагностикалау және емдеу.

36

9

Іш жарақаты. Іштің және дененің басқа да анатомиялық аумақтарының жанамаласқан жарақаттары. Жарақаттың жіктемесі, түрлері мен механизмі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, саралаудиагностикасы, хирургиялық ем қолдану көрсетімдері. Лапароцентез және диагностикалық лапароскопия көрсетімдері. Ағзалардың зақымдануына байланысты жасалатын операциядардың түрлері. Операциядан кейінгі кезеңдегі режім. Асқынулары және оларды диагностикалау, емдеу. Іш пен бассүйек, іш пен қол-аяқ және іш пен омыртқа жарақаттарының клиникасы, оларды диагностикалау мен емдеу тәсілінің ерекшеліктері. Торакоабдоминалдық жарақат. Іш пен кеуде жарақаттары.

38




Барлығы

326

Клиникалық анатомия және оперативті хирургия(30 сағат)

1







2










Барлығы




Анестезиология және реанимация (30 сағат)

1

Өңеш хирургиясындағы және абдоминалды хирургиядағы анестезия мен қарқынды терапия. Өңеш пен асқазан ауруларымен сырқаттанатын науқастардағы патофизиологиялық өзгерістер (оның ішінде этиологиясы әртүрлі стеноздар кезінде). Анестезия мен операцияға дайындық ерекшеліктері. Анестезия әдістерін талғау. Бауыр, өт шығатын жолдар, ұйқыбез, көкбауыр ауруларымен сырқаттанатын науқастардағы патофизиологиялық өзгерістер. Анестезия мен операцияға дайындық ерекшеліктері. Анестезия жүргізу. Жіңішке ішек пен жуан ішек ауруларымен сырқаттанатын науқастардағы патофизиологиялық өзгерістер. Анестезия мен операцияға дайындық ерекшеліктері. Анестезия жүргізу. Асқазан-ішек жолдарының операциядан кейінгі тұрақты жыланкөздері себебінен жасалатын операциялар кезіндегі анестезия:

Науқастардағы патофизиологиялық өзгерістер. Анестезия мен операцияға дайындық ерекшеліктері. Анестезия жүргізу. Жарық кезінде жасалатын операцияларда қолданылатын анестезия. Анестезия жүргізу.



6

2

Абдоминалды хирургияда орындалатын шұғыл операциялар кезіндегі анестезия. Анестезия жасау принциптері. Дайындық жасау принциптері. «Тоқ асқазан» мәселесі. Асқазан мен ұлтабардың тесілген ойықжарасына; өңештен, ішектен, асқазаннан қан кеткен кезде; жіті панкреатит; бауыр мен өт шығатын жолдарға; этиологиясы әртүрлі перитонит кезінде; ішектің жіті түйнелуі, жіті аппендицит, қысылып қалған жарық кезінде жасалатын операцияларда қолданылатын анестезиялар. Патофизиологиялық өзгерістер. Анестезия мен операцияға дайындық ерекшеліктері. Анестезия жүргізу ерекшеліктері.

6

3

Абдоминалды хирургияда операциядан кейін жүргізілетін қарқынды ем. Гиповолемияны, су-электролитті балансты, қышқылдық-сілтілік жағдайларды түзету. Парентералдық қоректендіру. Энтералдық қоректендіру. Ауырсыну синдромын емдеу. Ішек парезінің пайда болу себептері, олардың алдын алу және емдеу. Ішек моторикасын қалпына келтірудегі эпидуралық анестезияның мәні. Ішек моторикасын активациялау әдістерін қолдану көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері.

6

4

Бауырдың және өт жолдарының жіті аурулары кезінде жүргізілетін реанимация мен қарқынды ем. Бауыр функциясының жарақаттан кейін туындайтын жіті жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының оттегінің тапшылығынан туындайтын жеткіліксіздігі. Жұқпалы жіті гепатиттер. Бауыр функциясының экзогенді интоксикация жағдайынан туындайтын жеткіліксіздігі. Жүкті әйелдердегі бауыр функциясының жіті жеткіліксіздігі. Бауыр және панкреатодуоденум аймағының ісіктері кезінде туындайтын бауыр функциясының жеткіліксіздігі. Бауыр комасы. Патогенезі, клиникасы. Механикалық сарғаю, бауыр-бүйрек функцияларының жеткіліксіздігі кезіндегі реанимация мен қарқынды ем. Бауыр функциясының жіті жеткіліксіздігі кезіндегі экстракорпоральді детоксикациялар.

6

5

Асқазан-ішек жолдарының және ұйқыбездің жіті аурулары кезінде жүргізілетін реанимация мен қарқынды ем. Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткен кезде қолданылатын қарқынды ем. Ішек түйнегі кезінде қолданылатын қарқынды ем. Құсу тоқтамауының клиника-физиологиялық салдары. Қарқынды ем қолдану. Жіті панкреатит кезінде қарқынды ем қолдану. Перитонит кезінде қарқынды ем қолдану.

6




Барлығы

30

Урология

1

Почечная колика. По­чечная колика. Этиология. Патогенез. Диагностика. Дифференциальная диагностика. Методы классического и инновационного лечения МКБ

6

2

Инфекция верхних мочевых путей. Острый пиелонефрит. Паранефрит. Классификация. Симптоматология. Клинические признаки и современные принципы диагностики (экскреторная и инфузионная урография, ретроградная пиелография, антеградная пие­лография, томография, , почечная ангиография, венокавография, тазовая флебография, артериография, цистография в различных модификациях) и лечение.

6

3

Инфекция нижних мочевых путей и половых органы у мужчин. Цистит. Простатит. Абсцесс простаты. Везикулиты. Уретриты. Баланиты, Баланопоститы. Синдром «острой мошонки». Клинические признаки и современные принципы диагностики (проста-тография, уретрография, везикулография, эпидидимография, лимфография) и лечение.

6

4

Расстройства мочеиспускания (дизурия). Этиология и патогенез. Классификация. Клинические проявления. Диагностика и дифференциальная диагностика. Консервативная терапия. Неотложная помощь. Методы хирургического лечения.

6

5

Задержка мочи. Этиология и патогенез. Классификация. Клинические проявления. Диагностика и дифференциальная диагностика Тактика врача при острых задержках мочевыделения, травмах, почек и мочевыводящих путей. Тампонада мочевого пузыря.

6




Барлығы

30




  1. Дәрігер-интерннің оқу кезіндегі өзіндік жұмысы:

  • Мамандандырылған кабинеттерде (рентген-кабинет, компьютерлі томография, ЭКГ, УДЗ және функционалдық диагностика бөлімшесінің басқа да кабинеттері) жұмыс істеу;

  • Бөлімде науқастарды курация жасау (5 науқас);

  • Науқастарды клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессорлардың немесе доценттердің қарап шығуына даярлау;

  • Дәрігерлі конференцияға тақырыптық ақпарат дайындау;

  • Медициналық құжаттамаларды жүргізу;

  • Ғылыми-зерттеу жұмысы, кафедралардың СҒЖ қатысу, ғылыми конференцияларға шығып баяндама жасау;

  • Кәсіби қарап тексеруге және диспансеризация жасауға қатысу;

  • Хирургтар қауымдастығының жұмысына, ғылыми-практикалық конференцияларға, симпозиумдерге, съездерге қатысу;

  • Дәргер үшін міндетті санитариялық-ағарту жұмыстарын орындау.


7.1. «Шұғыл хирургия» модулі бойынша ИӨЖ тақырыптық жоспары




Бөлімнің аты

ИӨЖ тақырыптары



Сағат саны

Шұғыл хирургия(165 сағат)

1

2

3

1

Жедел аппендициттің хирургиялық емі мен хирургиялық тактикасының заманауи таңдауы.

19

2

Жедел панкреатиттің консервативті емінің заманауи әдістері.

19

3

Мириззи синдромы.

18

4

Ішек декомпрессиясының заманауи тәсілдері.

18

5

Асқазан ішек жолдарынан қан кетуді тоқтатудың жаңа әдістері.

18

6

Қысылған жарықтарды емдеудің заманауи тәсілдері.

18

7

Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасының асқынуларының ҚР таралуы.

19

8

Тромбэмболэктомиядан кейінгі рециркуляторлық синдром.

18

9

Құрсақ пен дененің басқа анатомиялық бөліктерінің аралас жарақаттары.

18

10

Кеуденің кейбір бөліктерінің жарақаттары кезіндегі жүргізу тактикасы.

18




Барлығы

165

Клиникалық анатомия және оперативті хирургия (15 сағат)

1







2










Барлығы

15

Анестезиология және реанимация (15 сағат)

1

Панкреонекроз кезіндегі қарқынды терапия.

3

2

Іріңді перитониттің қарқынды емі

3

3

Жедел ішек өтімсіздігіндегі қарқынды емі.

3

4

Асқазан-ішек жолдарынан жеделқан кетудің қарқынды емі.

3

5

Механикалық сарғаюдың қарқынды емі.

3




Барлығы

15

Урология (15 сағат)

1

Еркектік бедеулік.

3

2

Эректильді дисфункция

3

3

Приапизм,

3

4

Пейрони ауруы

3

5

Ерлердегі жыныс ағзаларының аномалиясы.

3




Барлығы

15

Жалпы саны

210


Дәрігер-интерндердің аудиториядан тыс өзідік жұмысы:

  • Хирурргияның қабылдау бөлімінде кезекшілік өткізу (12 сағаттан – аына 4 кезекшілік);

  • Арнайы медициналық әдебиеттерді оқу;

  • Электронды ақпаратты ресурстармен, оның ішінде интернет желісіндегі медициналық порталдармен жұмыс істеу;

  • Медициналық статистика мен есеп беру негіздерін зерттеу;

  • Жеке компьютерлермен жұмыс істеу машығын жетілдіру.


7.2. ИНТЕРНДЕР ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
1. Білу: теориялық білім (1-2 деңгей)

2. Жасай білу: когнитивті дағдылар мен жасай білуі (3-4-5 деңгей)

3. Дағдыларды меңгеруі: процедуралық дағдылар мен манипуляциялар (2-3-4-5 деңгей)

Игеру деңгейі:

I – білу (есту, оқу);

II – көріп білу;

ІІI – стандартты жағдайларда орындау;

IV – оқытушының бақылауымен орындау;



V – оқытушының бақылауынсыз орындау.
7.1.1. Жалпы құзыреттілік


Құзыреттіліктің атауы

Мазмұны

Игеру деңгейі

Коммуникативті дағдылар

Пациентпен және оның туған-туыстарымен алғашқы қарым-қатынас орнату. Кейіннен қолданылаған емнің тиімді, әрі сәтті болуы үшін олардың сеніміне кіру

IV

Пациенттерді емдеу және диагностикалау шараларына тарту

IV




Пациенттермен және жұмыстағы әріптестермен мейірбанды және кәсіби қарым-қатынас орнату

IV

Жұмыста сенімділік және жауапкерлішік білдіру. Өзін-өзі бағалау, үнемі өз білімін жетілдіру, өзін-өзі жетілдіруде қабылетті болу

IV

Құқық мәселелері

Қазақстан Республикасының заңнамалық негіздерін білу, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру, адам мен адамның қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормалар. ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары. ҚР-ң денсаулық, денсаулық сақтау, дәрі-дәрмектер, ағзаларды трансплантациялау және донорлық туралы заңдары мен құқықтық актілері

IV

Пациент пен оның туған-туыстарының жазбаша келісімін алу. Құпиялылықты сақтау, пациенттің құқығы мен міндеттері, пациенттің құқығын қорғау тәсілдері

Денсаулық сақтау саласындағы сараптама. Дәрігер құқығы. Медициналық қызметкерлердің міндеттері. Дәрігерлік қателік пен селқостық

IV

Медициналық сақтандыру. Кепілді медициналық жәрдем көрсету ауқымы. Дәрілермен қамтамасыз ету. Хирургияда ҚР ДСМ негізгі хаттамалары мен бұйрықтарына сәйкес фармакотерапияны жүргізу

IV

ҚР хирургиялық жәрдемді, аурухана мен емхана мекемелерінде жүмысты ұйымдастырудың жалпы мәселелері, жедел және шұғыл жәрдем көрсетуді ұйымдастыру

IV

Медициналық, әлеуметтік, құқықтық жәрдемді ұйымдастыру принциптері, соның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында, есірткі тұтынушыларға, АИТВ-жұқтырғандарға, инъекциялық есірткілерді тұтынушыларға (ИЕТ), ЖИТС науқастарға, АИТВ-і бар тұлғаларға жәрдем көрсетуді ұйымдастыру

IV

Өздігінен біліп алу (ИӨЖ)

Тесттер, жағдаяттық есептер, ғылыми рефераттар, клиникалық жаядайларды сипаттайтын презентациялар дайындау, әдебиеттерге шолу жасау, видеофильмдер, жобалар дайындау және оларды қорғау, рецензиялар дайындау, пікірталастарға қатысу, бюллетендер, үнпарақтар дайындау. Портфолио құру. Ғылыми әдебиеттермен, интертенпен жұмыс істеу. Ғылыми үйірмелерге, ғылыми-практикалық конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге қатысу

IV- V

Шұғыл жәрдем көрсету

Шоктар, суға бату, улану, үсу, термиялық зақымдану, күн тию, электрлік жарақат, механикалық асфикция, жіті тыныс алу жеткіліксіздігі, физиологиялық босану, жыландар мен жәндіктердің шағып алуы, жануарлардың тістеп алуы кезінде шұғыл жәрем көрсету. Бас, омыртқа, кеуде, қол-аяқ жарақаттары бар науқастарды иммобилизациялау және тасымалдау. Жүрек-өкпе реанимациясы.

IV


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет