Мамандықтың шифрі мен атауы: 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» Элективті пәндер



Дата30.06.2016
өлшемі49.85 Kb.
#168594
Мамандықтың шифрі мен атауы:

5В090500 - « Әлеуметтік жұмыс»
Элективті пәндер

(таңдау бойынша)







Циклы

ТК №

Пәндердің атауы




Кредит саны

Семестр

1

жб

2103

а) Мәдениеттану

б) Этика және эстетика



2

3

2

жб

2101

а) Өміртіршілігінің қауіпсіздік негіздері

б) Еңбекті қорғауды ұйымдастыру мәселелері



1

4

3

бп

2203

а) Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау

б) Экономикалық болжау



3

3

4

бп

2204

а) Халықаралық экономика

б) Халықаралық экономикалық интеграция



2

4

5

бп

2205

а) Ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігі

б) Жаһандану жағдайындағы нарық және мемлекет




2

4


1а. Пәннің атауы: Мәдениеттану

Қысқаша мазмұны: Мәдениет – адам болмысының өте күрделі факторы.Сонымен бір мезгілде мәдениет – әлеуметтік-гуманитарлық танымның мәдениеттанушылар зерттейтін ең бір басты ғылыми түсінігі болып табылады. Адам тіршілігінің өзіне тән ерекшелігін туралы ойлау адам болмысының ерекшеліктерінен көрініс беретін арнайы түсініктерді қажет етті, олар адам болмысының даму мүмкіншіліктерімен, оның санасымен рухани әлемімен байланысты. Мәдениеттану – мәдениет теориясы – кешенді гуманитарлық ғылым.

1б. Пәннің атауы: Этика және эстетика

Қысқаша мазмұны: Этика көне ғылымдарға жатқызылады және б.з.д. 5-4 ғғ. кезеңінде пайда болды. Ресми түрдегі оның негізін қалаушы болып Аристотель саналады. Ол «Этикалық» түсінігін туындатып, осыдан этика ғылымының атауы да пайда болды. Этиканың негізгі категориялары: жақсылық; зұлымдық; борыш; жауапкершілік; ар; ұят; артықшылық; теңдік; әділдік; және т.б. Этика ғылымы моральдың мәні мен адамның моральдық іс-әрекетінің мәнін ашатын түсініктер категориялар деп аталады. Категориялар талданатын салаға байланысты өзінің иерархиясын өзгертеді.

2а. Пәннің атауы: Өміртіршілігінің қауіпсіздік негіздері

Қысқаша мазмұны: Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін әр қайсысы білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.

2б. Пәннің атауы: Еңбекті қорғауды ұйымдастыру мәселелері

Қысқаша мазмұны: Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл еңбек қызметі үдерісінде жұмысшының қауіпсті және (немесе) зиянды өндірістік факторларды шектейтін кешенді шаралармен қамтамасыз ететін, жұмысшылардың қорғалған жағдайы. Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл еңбек қызметі үдерісінде жұмысшының қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторларды шектейтін кешенді шаралармен қамтамасыз ететін, жұмысшылардың қорғалған жағдайы.

3а. Пәннің атауы: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.

Қысқаша мазмұны: Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.

3б. Пәннің атауы: Экономикалық болжау

Қысқаша мазмұны: Біздің экономикалық дамуымыздың рыноктік жолға өту кезеңін қамтитын сұрақтар мен мәселелердің шеңбері күрделі де ауқымды. ҚР- ның экономикасын реформалау әдісінде, елдің экономикалық даму стратегияларын өңдеуде, объективті жоспарлау мен ұзақ және орта мерзімді болжаудың қажеттігі көрінуде. Осыған байланысты, пәннің негізгі мақсаты экономикалық дамудың ғылыми болжамдарының түрлерін және олардың әдістемелері мен классификацияларын түсіндіріп, айқындап беру.

4а. Пәннің атауы: Халықаралық экономика

Қысқаша мазмұны: Халықаралық экономика – қазіргі заманғы өзара тәуелді әлемді зерттеуде қолданылатын теорияны білдіреді. Халықаралық экономика рыноктық экономика теориясына негізделеді және макроэкономика мен микроэкономика курстарының жалғасы болып табылады. Халықаралық экономика пәні – халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және мемлекеттердің халықаралық экономикалық саясатын қалыптастыру салаларындағы әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің өзара қызмет ету заңдылықтарын зерттеуші рыноктық экономика теориясының бір бөлігі.

4б. Пәннің атауы: Халықаралық экономикалық интеграция

Қысқаша мазмұны: Курста заманауи әлемдік шаруашылықтың экономикалық интеграциясының негіздері қарастырылады. Еуропалық Одақ елдеріндегі өнеркәсібі дамыған елдердің интеграциясы қарастырылған. Сонымен бірге НАФТА, АТЭС сияқты интеграциялық бірлестіктердің жұмысын, Латын Америкасындағы интеграциялық топтардың қызметін, АСЕАН және Африкадағы интеграциялық үдерістер, ТМД елдерінің интеграциялық үдерістеріне баса назар аударылған.

5а. Пәннің атауы: Ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігі

Қысқаша мазмұны: «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі» пәнінің мәнісі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кешенді мәселелерін талдаумен тікелей байланысты. Қазақстанның әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігінің ұлттық моделін қалыптастырудың параметрлері зерттеледі. Сонымен бірге, ұлттық экономикалық жүйелердің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі мәселесінің теориялық көзқарастары қарастыралады.

5б. Пәннің атауы: Жаһандану жағдайындағы нарық және мемлекет

Қысқаша мазмұны: Әлемдік жүйенің орталық институты мемлекетке курс бағдарламасы бағытталған. Жаһандану жағдайында қазіргі заманғы мемлекеттің түрлі жаңа формалары пайда болады. Олардың арасында ерекше назарды өңір-мемлекет, рынок-мемлекет, квази-мемлекет, корпорациялар-мемлекет басты назарда болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет