Маметаева Зияш Екентайқызы «J. Sabina L. эфир майының фитохимиялық зерттеуі»



жүктеу 32.77 Kb.
Дата14.07.2016
өлшемі32.77 Kb.
М.Тынышпаев атындағы КазККА Ақмола көлік колледжі

Сагынбаев Ержан Жұмабайұлы 1 курс студенті АБ-14/1тобы

Ғылыми жетекшісі: Маметаева Зияш Екентайқызы

«J.Sabina L. эфир майының фитохимиялық зерттеуі »
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бұл жұмыста Солтүстік Қазақстанда өсетін Juniperus sabina L. өсімдігі эфир майына фитохимиялық зерттеу жүргізіліп, құрамындағы компоненттердің сандық мөлшері анықталды.

Қарастырылған мәселенің қазіргі кездегі жағдайын анықтау: Қазақстан флорасында 6000 – ға жуық өсімдік түрі бар, солардың аз мөлшері ғана халықтың пайдасына жұмсалады. Сондықтан қазақстанда тамақ өнеркәсібінде жаңа концервант (антиоксидант), фармацевтикада жаңа биологиялық белсенді кешен, халық шаруашылығында көкөністің өсуін реттеу және өнімділігін арттыру үшін отандық жоғары эффективті биологиялық белсенді кешендер тудыру қазіргі таңда негізгі мәселелердің бірі. Бұл дипломдық жұмыс осы айтылған талаптарға сай жүргізіліп отыр.

Жұмыстың өзектілігі: Өсімдіктер әр түрлі органикалық қосылыстарды алудың негізгі көзі, соның ішінде табиғатта кең таралған қосылыстар: флавоноидтар, тері илегіш заттар, терпеноидтар, фенол қышқылдары, амин қышқылдар, микроэлементтер, дәрумендер. Табиғи қосылыстар химиясы медицинада кеңінен қолданылады. Медицинадан тыс табиғи қосылыстар химиясы өндіріс пен ауылшаруашылығында қолданыс тапты, мысалы, табиғи дәмдендіргіш steriosid және glycyrrhizin, табиғи бояғыш gardenin және shikonin, табиғи ауыл шаруашылық дәрілері pyrethrin. Алайда, оларды бөлуде, тазартуда, құрылысын анықтауда, өндіруде, өнімнің сапасын бақылауда табиғи қосылыстар химиясы білімі мен зерттеу әдістері өте қажет.

Өсімдік нысандарын зерттеу,жаңа, экологиялық таза, улылығы төмен және жоғары эффективті отандық фитопрепараттарды өндіру, маңызды талап болып саналады. Осы талаптарды орындау үшін, біз химиялық сараптаманы, анықталатын обьектке жүргізуіміз керек. Ол сараптама өсімдік шикізатын сапалы және сандық бағалауға негізделген, олар: бірінші, өсімдік шикізатынан бөлінген эфир майының сандық зерттеу; екінші, бөлінген заттарды физико- химиялық сараптама көмегімен құрылысын анықтау және сараптау болып табылады.

Бүгінгі күнде Қазақстан фармацевтика өндірісі жеткіліксіз дамуда, сондықтан шетелден келетін фитопрепараттардың саны әзірге көптеу. Қазақстанда фармацевтика өндірісі жаңа дамып келе жатқан салалардың бірі.

Қазіргі кезде әртүрлі ауруларды емдеу үшін дәрілік өсімдіктерге ерекше көңіл бөліне бастады. Бұрыннан ата-бабаларымыз пайдаланып келген дәрілік шөптердің құрамын зерттеп, белсенділігін анықтап, оларды халық денсаулығы үшін пайдалану және халықтық медицинаны жаңғыртып, фармацевтикалық өндірістің мұқтаждығын қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады. Дәрілік өсімдіктердің әсер ету белсенділігі олардың құрамына, өсетін жеріне және тағы басқада факторларға тәуелді болады.

Соңғы жылдары озық технологияның дамуына байланысты жаңа технологиялармен дәрілік өсімдіктер құрамындағы жаңа заттар анықталынып, олардың белсенділіктері де анықталынып жатыр. Өкінішке орай елімізде жаңа озық қондырғылар жоқтың қасы.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Қазақстанда кең таралған құмды жазық топырақта және тау – тасты аймақтарда өсетін Juniperus sabina L. өсімдігінің химиялық құрамын зерттеу. Көзделген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:


  • Қазақстанда өсетін Juniperus sabina L. эфир майының фитохимиялық зерттеуін жүргізу және бөліініп алынған эфир майының цитотоксикалық белсенділігін анықтау.

  • Juniperus sabina L. өсімдігі шикізатынан биологиялық белсенді заттарды сапалық анықтау.

  • Juniperus sabina L. шикізатындағы макро- және микроэлементтік құрамын анықтау.

Зерттеу нысандары: 2011 жылы маусым айында Солтүстік Қазақстан өңірінен жиналған кипарис тұқымдасы Juniperus sabina L. өсімдігінің жер беті бөлігі.

Зерттеу пәні. Өсімдіктер химиясы және табиғи қосылыстар химиясы негізінде өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеу заңдылықтары.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Солтүстік Қазақстан өңірінен жиналған Juniperus sabina L. өсімдігінің жер беті бөлшектеріне химиялық зерттеулер жүргізіліп, биологиялық белсенді заттарға сапалық және сандық сараптау жасалды, тұңғыш рет өсімдік экстрактісіне қағазды хроматографиялық анализ жасалынды, эфир майына сандық анализ жүргізіп, макро- және микроэлементтер құрамы анықталды.



Жұмыстың практикалық құндылығы: Juniperus sabina L. өсімдігінің биологиялық белсенді заттарды алудың жаңа қайнар көзі болып табылады. Бөлінген биологиялық белсенді кешендер мен заттарға жүргізілген биологиялық скринингтен фитотоксикалық, бактерияға, фунгицидке қарсы және антиоксиданттық, өсімдіктің өсуін реттеуші анықталды. Бұл алынған нәтижелер бейорганикалық химия, фармакология және фармацевтикалық нарықта өзекті мәселе болатын тиімді және әмбебап отандық белгілі қасиеті бар дәрі жасауға және ауыл шаруашылығында қолданыс құндылығын көрсетеді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет