Маниакальды-депрессивті психоздың клиникалық көріністерінің ерекшеліктері



бет3/4
Дата27.10.2022
өлшемі37.89 Kb.
#463487
1   2   3   4
МДП ситуац.задачи

Емі және профилактикасы
Психотропты заттар маниакальды және депрессивті бұзылыстарды бақылап, басқарып отыруға мүмкіндік береді. Маниакальды қозуды басу үшін түрлі нейролептиктерді қолдануға болады. Олар әдеттегі дозада таблетка және инъекция түрінде беріледі.
Гипоманиакальды күйде бензодиазепин тобының транквилизаторлары тиімді әсер көрсетуі мүмкін. Олар тек психомоторлы қозуды басып қана қоймайды, сонымен қатар ұйқыны қалыптастырады.
Депрессия кезінде антидепресанттар тағайындау көрсетілген. Таза (қозусыз) депрессия жағдайында моноаминоксидаза ингибиторлары тиімді, үрейлі депрессия кезінде - транквилизаторлық әсері бар антидепресанттарды нейролептиктермен бірге беру эффективті.
Депрессивті күйлерде үнемі ұйқы бұзылысы бақыланады. Мұндай жағдайда ұйықтататын препараттар тағайындау көрсетілген: эуноктин және т.б. МДП емінде литий тұздары кеңінен қолданылады

Науқас Е.И., 54 жаста, психикалық аурулармен тұқымқуалаушылық ауырлығы анықталмаған. Ауылда туылған, мектепке дейінгі кезеңін өте бұлыңғыр есіне алады. Мектепке 7 жасында барған. Оқуға ешқандай қызуғушылық болмаған. Мінез – құлқы салмақты, аз араласатын болған, бос кезінде үй шаруасымен айналысқанды жақсы көрген. 20 жасында Мәскеуге көшіп келген, машинистка болып жұмысқа орналасқан. Тұрмысқа шыққан. Некеден ұл мен қызы бар. Мінез – құлқы бойынша сол салмақты, томаға күйінде қалған, үй шаруасымен, күйеуі мен балаларын күтіп бағуды ұнатқан. 1965 жылы (науқас 46 жаста) қатты жақсы көрген ағасының өлімінен кейін науқастың көңіл – күйі бірден төмендеп, еш нәрсе істей алмай қалған, ұйқысы бұзылған, қорқыныш сезімі пайда болған, төсінің артында ауырлық сезімі пайда болған, тәбеті төмендеп, бір айдың ішінде 5 кг – ға азып кеткен. Көңіл – күйінің тәуліктік тербелісі байқалып, таңертеңгі мезгілде өзін аса нашар сезінген. Сол кезде психиатрға алғаш рет көрініп, психиатриялық ауруханада 45 күн емделген. Амитриптилин, тазепам, элениум қабылдаған. Ауруханадан шығар кезеңінде көңіл – күйі толық тұрақталды, ұйқысы жақсарды, тәбеті дұрысталып, қорқыныш сезімі жойылып, төс артындағы ауырлық сезімі басылған. Ауруханадан шыққанан кейін қызметіне оралып, көңіл – күйі қалпына келді. Күйеуі мен балаларына қамқор болып, уақытының көп бөлігін үй шаруасына бөлген. Кейіннен 2 – 3 жылда бір рет түрлі психиатриялық ауруханаларда көңіл – күйінің төмендеуі, қорқыныш сезімінің пайда болуы, ұйқысы мен тәбетінің нашарлауына байланысты жатып ем қабылдап тұрған. Стационарда орташа болу мерзімі 1,5 – 2 ай. 15 жылдық бақылауда науқас тұлғасында ешқандай өзгеріс байқалмаған. Профессиональды міндеттерін дұрыс атқарып, үй шаруасымен жеңіл айналысқан, әрдайым күйеуі мен балаларына қамқор болып жүрген. Өзінің сырқатына сын көзқарас толық. Көңіл – күйінің қашан төмендеп басталғанын анық атап береді. «Дерт» кезеңдері мен «сауығу» кезеңдерін анық айыра біледі.


Сырқатының соңғы ұстамасы ешқандай себепсіз дамыған. Немқұрайдылық, селқостық, суицидальды ойлар пайда болған.
Ауруханаға жеткізген кезіндегі психикалық күйі: орын мен уақыт бойынша бағдары дұрыс, бет-әлпеті мұңлы, қимылы мен сөйлеуі баяулаған, кеуде тұсындағы ауырлық пен қысымға шағымданады. Науқас ағасының қайтыс болғанына өзін кінәлімін деп есептейді, оның өлімінің алдын-алғанымда бұлай болмас еді дейді. Өлім жазасына тартылуым керек деп мәлімдейді. «Жақындарына туыстық сезімін» жоғалттым деп өзін кінәлайды. Тамақты мәжбүрлеумен ішеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет