Маркетинг


Түс - өнімді түрлендіру үшін қолданылатын қарапайым құрал. Түстер адам психикасына, оның көңіл – күйіне әсер етеді. Дизайн



бет22/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
лекция маркетинг на каз.doc+

Түс - өнімді түрлендіру үшін қолданылатын қарапайым құрал. Түстер адам психикасына, оның көңіл – күйіне әсер етеді.
Дизайн – нарықта тауарды саралауға қолданатын негізгі мықты құралдардың бірі.
Кейбір ғалымдар, нарықта бір мезгілде тауардың мынадай топтары болуы керек деп санайды. Олар – негізгі, қолдаушы, стратегиялық және тактикалық тауарлар.
Негізгі – кәсіпорынға негізгі пайда әкелетін және өсу кезеңінде болатын тауарлар. Қолдаушы тауарларға – сатудан түскен түсімді тұрақтандыратын және толысу үстіндегі тауарлар жатады. Стратегиялық тауарлар дегеніміз – кәсіпорынның болашақтағы табысын қамтамасыз етуге икемделген тауарлар. Тактикалық тауаралр әдетте өсумен толу кезеңінде болатын және негізгі тауарлар топтарының сатуын ынталандыруға бейімделегн тауарлар.
Кәсіпорынның тауарлық саясаты мынадай бағытта құрылуы мүмкін:

  • өндірісті мамандандыру;

  • өндірісті дифференциялау;

  • өндірісті диверсификациялау;

  • өндірісті интеграциялау.

Өндірісті мамандандыруды - өндірісті ұлғайтуға қажетті ресурстардың болмауы, технологиялық процестің ерекшеліктері және тауардың өзіндік артықшылықтары, нақты тауар нарығының терең сегменттелуі.

9.2 ЖАҢА ТАУАР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОСПАРЛАУ


«Жаңа тауар» түсінігінің бірнеше ондаған ұғымдар бар. Жаңа тауарға жаңа принципті қажеттіліктерді қанағаттандыратын фирманың қайта шығарған бұйымдары жатады.


Жаңа өнім – бұл өнімнің модификациясы, жаңалық енгізу және жаңартпасы.
Жаңғыртып, жетілдіру (модификациясы) – бұл тауарлар сипаттамасының сапалық немесе физикалық өзгерісі.
Жаңа енгізулер – ол фирмада бұрын өндірілмеген және сатылмаған өнім.
Инновациялық тауарлар – бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар. Нарыққа бірінші рет шыққан кезінде видеокамералар, дербес компьютерлер инновациялық тауарлар есебінде болды. Жаңа идеаларды көбінесе компания қызметкерлері, инженерлер, маркетологтар, дизайнерлер, сатушылар береді.
1. Идеаларды іздеу функционалдық талдау және шығармашылық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асады.
Функционалдық талдау әдісі тауарды, оның сипаттамасын және сонымен бірге туындаған проблемаларды қолдануды, талдауға негізделеді. Оларға жататындар: мәселелерді талдау және морфологиялық талдау. Морфологиялық талдау өнім шығуын және оларды шешудің балама жолдарын белгілеуді қарастырады.
2. Идеаларды таңдау. Бұл кезеңде барлық идеалар іріктеліп, фирма ресурстарына, сондай-ақ мүддесі мен мүмкіндіктеріне қайшы келетіндері тізімнен алынып тасталады.
3. Тұжырымдама жасау және тестілеу. Өнімді өндірудің бастапқы кезеңінде тұтынушының тауарға деген көзқарасын анықтау мақсатында оған тауар тұжырымдамасының тесті ұсынылады. Ол жазбаша сипаттама, ауызша түсінік, жобалар мен безендірулер, прототиптерді жасау түрінде болуы мүмкін.
4. Маркетинг стратегиясын жасау. Мұнда нақты мерзім ішіндегі мақсатты нарықтың құрылымы мен көлемі, сату көлемі, нарық бөлігі, пайда және маркетингке кеткен шығындар көрсетілген маркетинг жоспары жасалады .
5. Экономикалық сараптама. Шығындар, өткізу көлемі, пайда, баға, инвестиция, фирма мен оның бәсекелестерінің нарықтағы бөлігі сияқты көрсеткіштер талданады және тәуекелділік болжанады.
6. Жаңа өнімді жасау кезеңінде тауар идеясы физикалық қалыпқа ендіреді, оның буып-түю, орауы мен таңбалауын және оның жағдайын анықтайды.
7. Сынау маркетингі. Бұл өнімді өткізіп көру және нақты даму жағдайларын бақылап отыру. Тауарды жаппай өткізу үлкен шығындармен байланысты, сондықтан да нақты нарықтық жағдайда сынау қажет.
8. Коммерциялық өткізу дегеніміз – маркетинг жоспарының іске асуын және өнімнің жалпы ауқымда өндірілуін білдіреді.
9.3 ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ (ТӨЦ)

ТӨЦ – бұл тауардың нарықта болу уақыты. ТӨЦ тұжырымдамасын америкалық ғалым Теодор Левитт 1965 жылы әзірлеген болатын. Тауардың нарықта өмір сүру кезеңдерін сипаттайтын өзіндік өмірлік циклі болады. Тауар ерте ме, кеш пе, жетілген немесе қымбат емес басқа тауардың нарыққа келуіне байланысты нарықтан ығысады. ТӨЦ өнімге деген нарықтағы сұранысты, фирма табысын, тауар ассортиментін, нарық сегментін, бәсекелестердің іс-қимылын және оның әр кезеңдегі маркетингтің стратегиясын зерттеуге мүмкіндік береді.


ТӨЦ – ең алғаш рет маркалы тауарлар үлгісінде зерттелген. ТӨЦ - S әріпі сияқты логистикалық қисық сызбасы түрінде бейнеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет