Марзуова М. Е. «Жер кадастры» пәнінен практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚау ш ымке нт, 2023



бет8/18
Дата24.02.2024
өлшемі123.41 Kb.
#493119
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
CrJLvZpYpLqpAwV6Ouz3PHKDWSbT6z8hjRCRfg4Z 4

4 Практикалық сабақтың тақырыбы: ҚР Мемлекеттік жер кадастрының негізгі параметрлерінің өзгерістерін талдау


Практикалық сабақты өткiзу формасы: есеп шығару
Қысқаша теориялық мәліметтер
Жер кадастры халық шаруашылығында есеп жүргізудің бір бөлігі ретінде жердің құқықтық, табиғаттық және шаруашылық жай-күйі туралы деректер алуда статистикалық әдістерге сүйенеді. Математикалықстатистикалық әдістер жер кадастрлық көрсеткіштерді, бәрінен бұрын бағалау көрсеткіштерді есептеп шығару барысында қолданылады. Жерді бағалау барысында жер алқаптарының кұралы мен пайдалануы, дақылдардың өнімділігі, өндірістік шығындары, жалпы өнімділік, табыстылығы және т.б. туралы көптеген мөліметтерді жинау және жүйелеу жүргізіледі. Статистикада белгілі объектерді зерттеуде алғашқы мәліметтерді алуды бақылау деп аталады. Бақылаудың мәні жоспарлы ғылыми-ұйымдастырылған көп көлемді деректер жинау. Мысалы, жерді экономикалық тұрғыдан бағалаудағы деректер: жер пайдаланушылар арасындағы жерді бөлу, ауыл шаруашылылық жерлер түрлері немесе алқаптар, топырақ жамылғысы, егіс көлемі, өнім, еңбек шығыны, осыларға сүйене отырып түрлі сапалы жерлерде табыс, шығын қайтымдылығы жайында қортынды шығару. Статистикалық зерттеулер келесі кезендерден тұрады: дайындық жұмыстары, материалдарды тікелей алу, алынған мәліметтерге бақылау жасау, материалдарды дайындау және жүйелеу, оларды өндеу. Статистикалық зерттеудің негізгі формалары есеп беру және сынақ. Есеп беру - бұл бақылау жасаудың бір түрі, бұнда статистикалык органдар белгілі мерзімде кәсіпорындардан, ұйымдардан белгілі заңды құжаттар түріндегі керекті материалдарды алады. Сынақ - бақылау түрі, бұнда статистикалық органдар тексеруді белгілі бір күнге арнайы ұйымдастыру жолымен материалдарды жинайды. Жер кадастрында жылдық есеп беру қарастырылған. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жыл сайын 15-қарашадан кешіктірмей тиісті ауданның (қаланың) атқарушы органдарына бірыңғай бекітілген формасы, олардың пайдалануындағы жерлер құрамының жыл бойында болған өзгерістер туралы 1-қарашадағы жағдайы бойынша есептер береді. Тиісті мемлекеттік жерге орналастыру органдары Республика, облыстар, аудандар бойынша жерлердің қолда бар және бөлу туралы, 1- қаңтарға есептер жасайды. Жыл сайын бұл есеп беруге ауыл-шаруашылық алқаптарының бар болуы, (соның ішінде суарылатын және құрғатылатын жерлер туралы бөлек мәліметтер), олардың түрлері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру туралы мәліметтер мен өткен жылы жеке және занды тұлғаларға бөлінген жерлер туралы мәліметтер кіргізіледі. Статистикалық бақылау жүргізу уақытына байланысты күнделікті (үздіксіз) және үздікті (үзілмелі) деп айырылады. Күнделікті бақылау барысында объект жағдайындағы өзгерістер мүмкіндігінше олардың пайда болуымен жүйелі түрде тіркеледі. Оған жер пайдалану құрамындағы және жер алқаптарындағы өзгерістерді де есепке алу жатады. Үзілмелі бақылау барысындағы өзгерістер белгілі азды-көпті ұзақ мерзімнен кейін жүргізіледі. Олар өз кезегінде мерзімді (бірдей уақыт аралығынан кейін үнемі жүргізіледі) және бір уақытта (қажеттілігіне қарай орындалады) болып бөлінеді. Үзілмелі бақылауға жерді бағалау жатады, оның мәліметтері бес жылда бір рет анықгалады, ал бір уақыттағыға – көп жылдық екпелердің сынағы, жерді түгендеу, топырактық, геоботаникалық, мелиоративтік тексерулер, жердің және жер пайдаланудың түсірістері жатады. Олар кажеттігіне қарай жүзеге асырылады. Объектіні қамтуына қарай бакылау жаппай және жаппай емес болып бөлінеді. Жаппай қамтуда - объект бірліктері түгел тіркеледі. Бұған: жердің 42 бастапқы есебі, бағаланатын территориялардың барлық шаруашылыктарының ақпараттарын пайдалану арқылы жер бағалау көрсеткіштерін анықтаудың жаппай әдісі жатады. Жаппай емес қамтуда - объект бірлігінің бір бөлігі ғана белгіленеді. Статистикалық бақылаудың негізгі тәсілдері: тікелей бақылау, құжаттық тәсіл және сүрау салу деп бөлінеді. Тікелей бақылау барысында керекті жеркадастрлық мәліметтер мен құжаттарды толтыру, түсірістерді жеке қарап шығу және жергілікті жерде тексеру негізінде жер кадастрлық жұмыстарды жүзеге асыратын арнайы мамандар жүргізеді. Бүл тәсіл тым жетілдірілген және ең анық болады. Бақылаудың құжаттық тәсілі барысындағы керекті мәліметтерді бірінше кезекте есеп беру және әр түрлі түрдегі құжаттар болады. Мысалы, ауданның (қаланың) жер кадастрлық құжаттарын толтыру барысында кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің есептері, ал жерді бағалау барысында ауыл шаруашылық кәсіпорындардың есепке алу және есеп беру құжаттары қолданылады. Сұрау салу – арнаулы тұлғалардан сұрау салу арқылы, мысалы өте аз кездесетін дақылдардың өнімін, агрономдардан. Жер кадастырында есепке алу және бақылау жүргізу нәтижесінде көптеген ақпараттар алынады, оларды өңдеу және жинактап қорыту керек, сондықган жұмыстың келесі кезеңі жиналған мәліметтерді жинау және өндеу болады. Жинақ (жинау-сводка) – қаншама көп мәліметтерді бір жүйеге келтіру, біріктіру, сипаттама жасау, қорытынды шығару, ал тыңғылықты талдау үшін топтастыру жасалады немесе тексерілетін жиынтықтардың әртүрлі түрлерін бөлу (топтар мен топшаларға). Статистикалық мәліметтердің жинағы мен топтастырылуы статистикалық кесте ретінде рәсімдейді. Бұл бір кестеде бірнеше белгілер бойынша жинақталған өзара байланысты санды сипаттамасы. Құрастырылған топталу барысында белгілер саны өсуімен топтар саны тез көбейеді. Жалпы жер кадастрында абсолюттік, салыстырмалы және орта шамалар өлшеу мен сипаттау үшін кең қолданылады. Абсолюттық шамалар зерттелетін құбылыстың мөлшерін (көлемін) көрсетеді және натуралды бірліктер (га, л, кг және т.б.), әртүрлі өнімдердің жиынтығын көрсету үшін және салыстыру үшін, шартты бірліктер қолданылады (балл, коэффициенттер). Салыстырмалы статистикалық шамаларды бір бірімен өзара байланысқан абсолюттік шамаларды салыстыру нәтижесінде алады. Көпшілік жағдайларда салыстырмалы шамаларды процетпен көрсетеді. Базистік шама процетпен көрсеткенде 100 қолданылады. Жердің сапасын бағалау барысында балл осыған ұқсас анықталады. Салыстырмалы көрсеткіштер нені білдіруіне байланысы, олар бес түрге бөлінеді: жоспардың орындалуы, құрылыстың қарқындылығы, динамика және салыстыру. Орта шамалар анықталатын кұбылыстың типтік өлшемдерін білдіретін 43 көрсеткіштері орта шамалар деп аталады. Орта шаманың мәні мынада, ол құбылысқа қорытынды сандык сипаттама береді. Сондыктан, ол көбірек таралған қорытынды көрсеткіштер болады. Орта шамалар бірнеше түрге бөлінеді: орта арифметикалық, орта гармониялық, орта геометриялық, орта квадраттық, мода және медиана. Жер кадастрында көбірек кеңінен қолданылатыны орта арифметикалық (өлшелген). Есептеу барысында жер кадастрында орта арифметикалық, орта гармониялық және мода қолданылады. Жай орта арифметикалық белгінің жеке мәндері бір рет немесе бірдей сан кездесуіне орай қолданылады. Өлшенген орта арифметикалық белгілердің жеке мәндері қанша рет және бірі-жеке, екіншісі-сирек кездескен жағдайда қолданылады. Жер пайдалану және оладры бағалау жөніндегі мәліметтерді өндеу және талдау барысында ең көбірек қолданылатыны орта арифметикалық өлшемдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет