Мақсат айқын, міндет белгілі



жүктеу 31.08 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі31.08 Kb.
Мақсат айқын, міндет белгілі
Д. М. Маселбеков, Қаратау гуманитарлык- техникалық колледж директоры, т.ғ.к.

Халыкаралық ақпараттандыру

академиясының корреспондент мүшесі,

Қазақстан Республикасының білім

беру ісінің құрметті қызметкері.
2020 жылға карай Қазақстан білімді, ақылмен құрылған эканомикасы және біліктілігі жоғары жұмыс күші бар мемлекетке айналуы тиіс.

Бүгінгі таңда қалыптасқан еңбек нарығы білімді,шығармашылық деңгейі жоғары, өз білімі мен біліктілігін қолдана алуға қабілетті мамандарды кажет етуде.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Жаңа саяси және экономикалық бағыт біздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Жастар -жаңа бағыттың козғаушы күші. Мемлекет біздердің алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда, атап айтқанда, қаржылық, экономикалық, әлеуметтік, әдістемелік, заманауи ақпараттық техникалармен қамтамасыз етуде.

Осыған орай Қаратау гуманитарлық- техникалық колледжі де өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналғаң Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген техникалык және кәсіптік білім беру міндеттерінің талаптарына сәйкес жүргізуде.

Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясында «Таяуда 2-3 жылда дуальдік, техникалық жэне кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді карастыру қажет»-деп, атап көрсетті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін салаға қажет мамандарды даярлауды Үкіметтің үдемелі индустриялық - инновациялық даму бағдарламасы басымдыктарымен байланыстыру өтімді болмақ.

Осы міндеттерді жүзеге асыру максатында колледж кредиттік, қашықтықтан оқыту, дуальдік оқыту бойынша тәжірибелік алаң ретінде жұмыс жүргізуде. Колледжде оқу шеберханаларына, арнайы пән кабинеттеріне техникалық мамандықтар бойынша зертханалық жұмыстарға арналған қондырғылар мен құрал-жабдықтар алынып, зертханалық сабақтарда білімгерлердің өндірісте қолданылатын заманауи техникалармен сабақ барысында танысуларына мүмкіндіктер жасалынып отыр.

Қазіргі таңда 1410 000 «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығына геодезиялық ,

1401 000 «Үймереттер мен ғимаратарды салу және пайдалану» мамандығына зертханалық стенділер, қондырғылар мен станоктар,

1201 000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»,

0707 000 «Тау -кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтарына дәнекерлеуші кабинет, кешенді электротехника, аналогты және цифрлы электроника зертханасы алынып орнатылуда.

Биылғы оқу жылында «Қайта құру және даму» Дүниежүзілік Банкінің қаржыландыруымен «Техникалық жэне кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы аясында ұйымдастырылған байкаудың 57 млн. теңге көлеміндегі грантына 1401000 «Үймереттер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша ие болдық.

Гранттың 70 пайызы құрал-жабдықтар сатып алуға, 30 пайызы оқытуға жұмсалады.

Оқытуға арналған қаржының 80 пайызы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің жақын және алыс шетелдерде біліктілігін көтеру курсына,10 пайызы консультанттар жұмысына, 10 пайызы оқу әдебиетіне бөлінген. Құрал-жабдықтарға бөлінген қаржының 80 пайызына зертханалық және техникалық жабдықтар, 20 пайызына мультимедиялық, оргтехникалық және компьютерлік техникалар алу жоспарлануда.

Елбасы қазақстандық білім мен ғылым жастардың қолында екендігін және интеллектуалды ұлтты калыптастыру туралы үнемі айтып келеді. Өйткені, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену тек білім мен ғылымға негізделу керек. Бұл- заман талабы. Демек, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуы инновациялық жүйе мен адами капиталга байланысты.Осындай талаптар тұргысынан алғанда, стратегиялық маңызды кұжат техникалық және кәсіптік білім саласындағы педагогтар қауымына ерекше серпін беріп, алдагы күндерге жігерлендіре түскені ақиқат.



Жалпықазақстандык ортак шаңырағымыздың ұлттық идеясы - «Мәңгілік Ел» - баршамыздың бойтұмарымызға айналуы тиіс. Мемлекет басшысы сеніп, үміт артқан жастарды оқытып - тәрбиелеуде, олардың саяси сауатты, терең білімді, жан-жақты ізденімпаз, алғыр,еліміздің нағыз патриоты болуына облысымыздағы техникалык және кәсіптік оқу орындары үлкен үлес косады деп сенемін.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет