Мақсаты: a Оқушылардың әліпеден алған білімдерін жинақтау. Оқу тілін дамытып,сөздік қорын молайту



Дата17.07.2016
өлшемі112.95 Kb.
#205540
Қош бол құтты әліппем

Мақсаты:a)Оқушылардың әліпеден алған білімдерін жинақтау.Оқу тілін дамытып,сөздік қорын молайту.

б)әр оқушының іс-әрекеттер арқылы қабілеттерін көрсету шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мәні: Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдында борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әліппе, ана тілі, математика манеттері нақыл сөздер, шарлар, әріптер, ауызша есепке көрнекілік.

Психологиялық дайындық.

Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.

Мұғалім: Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп»-деп

Атасы келеді жүгіріп.

Ата: Балам, балам, жақсы бол,

Міне сенің мектебің

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол тентегім.

Немере: Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып.

Қарсы алды ұстаз мейіріммен,

Қадамымды құп алып.

Мұғалім: құттықтау сөз.

Армысыңдар!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар! «Қош бол құтты әліппем» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі күн ерекше де, өте қуанышты күн. Бүлдіршіндеріміздің алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы «Әліппемен қоштасу». Кеше ғана тарыдай болып кіріп мектеп табалдырығынан аттаға

н кішкентай бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық әлемнің атасы болған, бүлдіршіндерді өз тілінде оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа біздің болашағымыздың негізі әліппені бітіріп отыр. Бұл кітаптан қаншама ғұлама ғалымда, данышпан ойшылда, тілінен бал тамған ақын жазушыда, ұстаз, дәрігер, шахтерда білім тәлім алған. Кішкентай ғана менің аяулы шәкірттерім. Білім жолындағы белестерге қанаттарың талмай әрі қарай самғай беріңдер биік шыңға жете беріңдер деп тілек тілдіргім келеді. Ендеше ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

-Олай болса бүгінгі ертеңгілігіміздің иелерін ортаға шақырайық.

Алғашқы беташар сөз мектебіміздің директоры К.Баян Алшынқызына оқу ісінің меңгерушісі Нұрғалиева Сәуле Ешимбаевнаға беріледі.

Мұғалім: Балалар естеріңдеме, алғаш мектеп табалдырығынан аттап сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн?

Хормен: бірінші қоңырау.

-Қолымызға алғаш ұстаған оқулығымыз қай кітап?

Хормен: Әліппе кітабы.

Ал әліппенің алғашқы бетінде қандай алғыс сөз жазылған және оны кім жазды?

1-оқушы: Айналайын қолыңдағы әсем кітабың әліппе аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы.

2-оқушы: Білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!

3-оқушы: Елін жерін сүйетін жақсы азамат болып өсетініңе сенемін деп жазған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Мұғалім: Балалар! Мерекеміз болып жатыр ал құрметті қонағымыз көрінбейді ғой: Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

-Кім екен?

-Әліппе.


-Ал қанекей балалар әліппені ортаға шақырайық!

Хормен: Әліппе, әліппе біз сені күтіп тұрмыз.

Жоқ. Келмей жатыр. Енді оны басқаша шақырамыз. әріптер сапқа тұрып, әліппе сөзін құрайық.

Ә, Л, І, П, П, Е. 6 оқушы әріптерден әліппе сөзін құрайды.

Ә-әлімді

Л-легімен

І-ізгілік

П-парасатты

П-паш

Е-етеміз.



Әліппе ортаға келеді.

-Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Таудай болса талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білідк

Қане, ортаға салайық.

Әліппе: Балалар қазақ алфавитінде неше әріп бар,

42 әріп бар,

Дауысты дыбыс нешеу?-12

Дауыссыз дыбыс нешеу?-26

1-оқушы: Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

2-оқушы: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпті

Оқимыз қазір ертекте

Үйреткен оны әліппе!

3-оқушы: Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

4-оқушы: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әріптермен.

5-оқушы: Қош бол, құтты әліппе

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

6-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

7-оқушы: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол енді менің сүйікті әліппем

Сенің арқан оқи жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім.

Ән- Әліппе- Хормен.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар

Кез келді сіздерден ақ бата алар

Ұл қыздарың көрсетпекші өнерлерін

Бар қауым таңдана таңдай қағар.

Мұғалім. Балалар әліппе сүйікті әліппелеріңді сендермен қоштасуға жақын! Сондықтан Әліппеден алған білімімізді де ортаға салып өтейік. Әліппедегі мәтіндерді оқушылардан кез келген тақырыптарды оқыту арқылы сынау.

Жүргізуші: Әсем! Сен бізге әліппе әнін орындап берші. Әліппені жиі еске алып сағынатын боламыз. Әсем әліппе әнін орындайды.

Әліппе: Өсті міне, бойларың

Өсті міне, ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

Балалар сендер мені оқып тауыстыңдар. Енді менімен қоштасып, мына «Ана тілі» оқулығымен достасыңдар. Оныда жақсы оқыңдар. Сабақтарыңды жақсы оқып, ата-аналарыңды, ұстаздарыңды қуанышқа бөлейтін боларсыңдар деп сенемін!

Жүргізуші: Енді ортаға әріптерді шақырайық. «Отан», «Әліппе» сөздері шығатындай.

1-оқушы: О-әрпі

Оспанда өлең жаттады,

Олжаста өлең жаттады.

Мына меннен басталған,

Екеуінің аттары.

Т-әрпі


Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда аязға тонбайсың.

А-әрпі

Астана-Астанам



Астана-бас қалам

Ардақтап атыңды

Аузымнан тастаман.

Н-әрпі


Ас біткеннің анасы

Қасиетті «нан» осы

Қайсы әріппен басталып

Аяқталғанын қарашы.

Қ-әрпі

Мен қазақпын мың өліп мың тірілген



Қайта тудым өмірге қайта келдім.

А-әрпі


Астанам, ұлы Астанам

Ұлылыққа бастаған

Мақтан тұтар өзіңді

Кіп кішкентай жас балаң

З-әрпі

Заң-Заң заңғар Заңғарлар



Замандар бар, заңдар бар

З-да барлық заңдылық

Заң ережесін бұзбаңдар

А-әрпі


Ана тілің арың бұл

Ұятың болып тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Қ-әрпі

Қарағанды көмірі



Қостанайдың егіні

Даласындай жоматқой

Қазағымның көңілі

С-әрпі


Жағасында ертістің,

Семей деген елім бар.

Туған мұнда атақты

Абай, Мұхтар, бабалар.

Т-әрпі

Жарақты жаумен жұлысқан,



Қылышты жаумен қырқысқан.

Ең ежелгі Астана,

Қасиетті Түркістан.

А-әрпі


Піскен алма топ-топ түсті

Топ-топ түсті, көптен түсті

Алма алма топ-топ піскен

Өте дәмді сен жеп көрсең

Денсаулыққа пайдалы ғой

Алма шырынын көп-көп ішсең

Н-әрпі

Ас біткеннің анасы



Қасиетті нан осы

М: Осы әріптерді қосқанда қандай мағыналы сөздер шығады екен?

О: Отан Қазақстан

М: Отанымыз қай ел О: Қазақстан деп жауап береді.

Ендеше сендер. Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғанысыңдар. Ел басы кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

М: Мәнгілік ел туралы жолдауды 3 оқушыға айтқызу. «Мәңгілік ел – ата – бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырып мәңгілік елдің іргісін қаладық»

2 Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстырған ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол мәңгілік ел идеясы.

3 Ендігі ұрпақ мәңгілік қазақтың перезенті. Ендеше қазақ елінің ұлттық идеясы «мәңгілік ел» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ендеше туған елімізге арнап «Отан» әнін шырқайық.

М: «Мен мәңгілік ел ұрпағын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стротегиясының түп қазығы етіп алдым деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

«Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Отан-әні


Мың бұралып билеген Қазақтың биі қандай?

Қос пернеден төгілетін Қазағымның күйі қандай?

Би – Арай.

Мұғалім:

Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!

(сахынаға кір-қожалақ. Білмесбек келеді)

- Мыналар не жиналған-әй. Менің атымды атаған қайсың?

Мұғалім: Сәлеметсіңбе бе? Білмесбек! Сенің атыңды атаған менғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі:

Б: Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар Қоштасыңдар! Қой мен кетейін Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)

Бала: Тиіспе менің шарыма. Мұнда әріп жазылған.

Білмесбек: Әріп дейді. Қайдағы әріп. Мынау доңғалақтау суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты – ей.

Бұлардың бәрін мен әліппе оқымай – ақ білемін.

Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек бұлар О, П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әр бір әріп бір нәрсеге ұқсас келеді.

Кәне енді мақалдар құрастырып , оқу сауатымызды көрсетейік. Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орланастыру керек. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

1. Оқу – білім бұлағы,

2. Білім – өмір шырығы.

3. Оқусыз – білім жоқ.

4. Білімсіз – күнің жоқ.

5. Оқу инемен құдық қазғандай.

6. Оқу – білім азығы,

7. Оқу – білім қазығы.

8. Кітап – алтын қазына.

9. Ұзтазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

10. Ұзтаздан шәкірт озар.

Содан соң шыққан сөзді оқимыз. Білмесбек бірнеше рет ұмтылып балалармен бірге жауап бергісі келедіде әріпті білмейтіні есіне түсіп желкесін қасиды.

Мұғалім: Міне Білмесбек көрдің бе ? Балалар әріпті қалай жақсы біледі сөздердіде оқи алады.

Білмесбек: Онда менің кітап оқығым келеді.

Мұғалім: Бұның өте дұрыс болды. Тек сен алдымен үсті басыңды тазалап өзіңді жөнге сал. «Әліппені таза, ұқыпты бала ғана ұстайды»

Білмесбек: Жарайды енді менде кітаппен дос болам деп шығып кетеді.

Жүргізуші: Би Ақтолқын

Жүргізуші: Армысыздар ата – аналар мұғалімдер, әз жандар

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

Ән. Рамазан Бірлік.

Қыздардың әскери биі.

М: Балалар әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқыитын, өлеңдерді шапшаң жаттайтын қалге жеткені ата – ана үшінде мен үшінде қуаныш.

Жүргізуші: Иә бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені бітірдік» Рахмет саған «Әліппе» хормен.


Би ұлдардың орындауында (вальс)

1- оқушы «Әліппе» даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рақмет ұстаз алғашқы.

Жүргізуші: Әріптерді үйретіп,

Жақсы болған кім бізге ?

Жамандық жирентіп,

Ақыл болған кім бізге.

Хормен: Мұғалім! Мұғалім!

Үйреткен әр күні,

Үйретіп санауды.

Көп еңбек сіңірді,

Мұғалім апай ғой.

Жүргізуші: Үйретіп мұғалім бізге әліппені

Мұғалім ғылымға жол салып берді

Адамның ақыл – ойы мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Олай болса ендігі әсем әнімізді ұзтаздарымызға арнаймыз.

Ұстазым әні хормен – ұлдар би Попури.

Әліппе: Білімнің көп қой саласы,

Әліппе саған жолбасшы.

Ғылымның қиын жалғасын,

Басқа кітаптан табарсың.

Қош болыңдар балалар!

Жүргізуші: Балалар енді сендер сүйікті әліппелеріңмен қоштастыңдар. Енді сендердің білім жолдарыңды әрі қарай жалғастыратын жаңа достарың бар.

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға ана тілін аламыз

Ата – ана қуанышқа ортақ боп

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Ол кім?

Хормен: Ана тілі, Ана тілі.



Ана тілі: Сәлеметсіңдерме балалар?

Туған елдің тілімін

Ақылменен танылам

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін

Ана тілің арың бұл

Ұятың болып тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

Ана тілі өз тілім бабам тілі.

Ана тілі өз тілім данам тілі,

Ана тілі өз тілім анам тілі.

Енді мен сендерге сұрақ қояын. Қазақ балаларына ең алғаш мектеп ашқан әріп таныстырған алғашқы ұстаз кім? Ыбырай Алтынсарин

Алғашқы әліппені жазған кім? Ахмет Байтұрсынұлы.

Балалар мен сендер келешекте сауатты азамат болаттындарыңа сенемін. Мен сендерді дұрыс шешен сөйлеуге, оқуға, дұрыс сауатты жазуға үйрететін,

негізгі пәндердің бірімін.Сендер әліппемен қоштасып, мені қолға аласыңдар.

Ана тілін жақсы игеріп сауатты білімді азамат болатындарыңа сенемін.

Сау болыңыздар!

Жақсы бала еңбекшіл әні қимылымен көрсету.

Жүргізуші: Балалар сендер тек әліппемен ғана достасып қойған жоқсыңдар.

Сонымен бірге математика оқулығыменде таныстыңдар.

Мұғалім: Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерімізді ортаға салайық. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 өсу ретімен

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 кему ретімен

Ауыша есептер шығару

Көлден ұшты 5қаз.

Қайтып қонды 2қаз.

Қонбады оның нешеуі

Қане кім тез шешеді. (3 – еуі )

Он қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ,

Алақанды ашамыз.

5+5 ке қосамыз

Нешеу болды барлығы ( 10)

Табақта 7 алма

Тағы қостық 2 алма 7+2=9

Қайта алдым 3 алма 9–3=6



Табақта қалды неше алма? (6 алма )

корточкадан есептеу сөз жұмбақ есеп.


М: Рахмет балалар! Білімдерін шыңдала берсін. Балалар сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп қуанса –қуанып ренжісеңдер жұбатып дүниеге әкелген асыл адам кім?Ана.

Жүргізуші: Көз салып қараңышы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар ата – аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Жүргізуші: Ардақты әжелер мен ару аналар! Бізді жарық дүниеге әкеліп, аялап өсіріп,білім шыңына жетелеп тәрбиелеп жеткізген әке- аналарымыздың

құрметіне әнмен шашу шашайық.

Ата – аналармен әр түрлі ойын ойнау.

Әр түрлі сұрақтар қойылады.

1.Қара жорға биін билеп беріңіз.

2.Ән айтып беріңіз.

3.Жеті қазынаны атап беріңіз.


4.Мақалды жалғастырыңыз Білгеніңе сенбе.

5.Жаңылтпашты бір оқып алып қарамай айтыпберіңіз.

Шын – іскер жұмыскер,

Жұмыскер – шын іскер.

Жұмысты кім істер,

Жоқ болса жұмыскер.

6. Жаңылтпашты қарамай айтып беріңіз.

Алсам деп ем желімді,

Желім жерге төгілді.

Кім білген бұл желімді,

Ластады жеңімді.

7. Мақалды жағастыр.

Досыңды үш күн сынама

8. Жұмбақты шешіңіз.

Есігі – біреу,

Бөлмесі – бесеу. (......)

9.Жұмбақты шешіңіз.

Еқеуі тыңдап.

Екеуі көреді.

Біреуі сөйлеп,

Екеуі соларды көреріп келеді. (......)

10. Көре көре көсем боласың мақалды жалғастыр.

................................................

Ән – Қошақан Рамазан

Мұғалім: Қортындылау

Балалар жарайсыңдар!

Біз осы уақытқа дейін нені үйрендік?

Жазуды.


Оқуды.

Есеп шығара алуды.

Кішіге қамқор болуды.

Үлкенді сыйлауды.

Нені ажырата аламыз?

Ақ пен қараны.

Адалдық пен арамдықты.

Өтірікпен пен шындықты.

Жақсылық пен жамандықты.

Кімдерді жақсы көреміз.

Отанымызды.

Халқымызды.

Ата – анамызды.

Достарымызды.

Ұзтаздарымызды.

Мектебімізді.


Өскенде кім боламыз?

Адал азамат.

Ақылды ұл мен қыз.

Елін сүйер азамат.

Шаттық шеңбері «Кім болам». Би ұлдар мен қыздар.

1.Отанды сүйуге.

2.Мемлекет рәміздерін құрметтеуге.

3.Отанымды мақтаныш етуге.

5.Білімге ұмтылуға.

6.Салауатты өмір салтын ұстануға.

7.Табиғатты аялауға.

8.Мектеп ережесін сақтануға.

9.Үлкенді құрметтеуге.

10.Кішіге қамқор болуға.

11.Сабақты 5–ке оқып тәрбиелі өнегелі, оқушы болуға.

Балалар хормен: Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз.



Ата – аналарға сөз беру.

Қара жорға биімен сынып сағатын аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет