Эдвайзерлік жұмысты қадағалау Нұрлан Әденұлы Әміреевке жүктелсін.
Хаттаманың шешімі «жүктелсін», «ұсынылсын», «қаралсын», «қанағаттандырылсын», «қабылдансын», «шығарылсын» деген бұйрық райда жазылады.
11. Төрағаның және хатшының қолы. Хаттамаға мәжілісті жүргізуші төраға мен мәжіліс барысын хаттамаға жазып, рәсімдеген хатшы қол қояды. Мысалы,
Төраға: _________________ Г. Нұрышева.
(қолы)
Хатшы: _________________ Ә. Қалығұлова.
(қолы)
Қаулылар, шешімдер. Қ Р Азаматтық Кодексіне, басқа да заң шығару актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару органдары мынадай жарлық құжаттар шығарады: Министрлер Кабинеті – қаулылар; Премьер-Министр және оның орынбасарлары – жарлықтар; министрліктер – министрлердің бұйрықтарын, алқа шешімдерін; комитеттер мен комиссиялар – қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар; кооперативтік ұйымдар – шешімдер; қоғамдық ұйымдар – қаулылар, жарлықтар.
Үлесі жағынан әр түрлі құжаттар шығаруға өкілетті органдардың бірлескен жарлық құжаттары «бірлескен шешім» түрінде шығарылады және ол шешім бұл құжатты қабылдаған ұйымдардың әрқайсысы үшін құқықтық күшке ие болады.
Мәселелерді талқылаудың барысы және алқалық органдар отырыстарында, кеңестерде, жиналыстарда, мәжілістерде қабылданған шешімдер хаттамаларда белгіленіп отырады.
Хаттамалар мәжіліс барысының жазбасы, стенограммалар, мәжілісті өткізуге дайындалған дыбыстық жазбалар мен материалдар (баяндамалар, сөйлеулер, анықтамалар мәтіндері, қаулы), шешім жобалары ( күн тәртібі, тіркелім қағаздары, келісім қағаздары т. б.) негізінде толтырылады.
Қаулы – алқалылық негізінде жұмыс істейтін мекемелерді шешідерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндеттеледі.
Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомостволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдан ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімінің жобасы әзірленеді.
Қаулы:
1. Оқылған баяндаманы негізге ала отырып, орталық қызметкерлерінің «Қазақ тілін» оқыту сабақтары одан әрі жалғасын.
2.Тыңдаушылардың сабаққа толық қатысуын қадағалау. Кадр бөлімінің инспекторына жүктелсін.
Төраға қолы
Хатшы қолы
Алқалық ұйым іс қағаздары. Алқалық (коллегия) – ресми түрде құрылған, лауазымды адамдар тобынан тұратын әкімшілік, кеңестік немесе өкілеттік ұйым.
Алқалық ұйымның барлық отырысы күн тәртібі мен өткізу мерзімі қарастырылған жұмыс жоспарына сәйкс өткізіледі. Өндірістілік қажеттілік болған жағдайда алқалық ұйым төрағасы күн тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.Күн тәртібі алқалық ұйым мүшелеріне ең күрделі деген мәселелер жөнінде ақпарат жазылған анықтамамен және шешім жобасымен бірге жіберіледі.Кей жағдайда алқалық ұйым мүшелеріне жазбаша баяндамалар мен сөйлеушілер сөзінің тезисі де жіберіледі.Бұл материалдармен алдын-ала танысу - өткізілетін отырысқа кететін уақытты үнемдеуге септігін тигізеді. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелердегі талқылаудың қорытындысы бойынша қаулылар мен шешімдер қабылданады. Отырыс барысы бойынша хаттама жүргізіледі. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен безендірілуіне алқалық ұйымның хатшысы жауапты болады. Хаттама қысқа да толық түрде де жазылады. Толық жазылған хаттама алқалық ұйымның отырысы барысымен, қабылданған шешіммен жан-жақты танысуға мүмкіндік береді.
Алқалық ұйым хаттамасы осы құжат үлгісіне сәйкес жазылады. Хаттамаға жазылған немесе безендірілген күн емес, отырыс өткізілген күн қойылады. Егер отырыс бірнеше күнге созылатын болса, онда басталған күн мен соңғы күн көрсетіледі. Осы күндер аралығында өткізілгендігі жазылады. Мысалы, 12-14.11.1999ж.
Хаттамалар жыл бойына нөмірленіп отырады. Келесі жылы қайтадан 1-ден бастап нөмірленеді.
Хаттама тақырыбы ретінде алқалық ұйым аты және алқалық қызмет түрі жазылады. Мысалы, педагогикалық кеңес отырысы.
Хаттама мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі.те төраға туралы, хатшы туралы, күн тәртібі, шақырылғандар, қатысқандар туралы мәлімет жазылады. Фамилиялар алфавит тәртібімен, иерархиялық тәртіппен беріледі, я болмаса олардың жалпы саны көрсетіледі. Ал ат-атымен жазылған тізім хаттамаға қосымша тігіледі. Мысалы, қатысқандар саны: 43 (тізім беріледі).
Белгілі бір кворум болу міндетті отырыстарда қатынасушылардың жалпы саны көрсетіледі.
Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай нөмірленіп беріледі.Хаттаманың негізгі бөлігі мынадай үш пункттен тұрады: 1. ТЫҢДАЛДЫ. 2. ЖАРЫССӨЗ. 3. ҚАУЛЫ.
«ТЫҢДАЛДЫ» бөлімінде қаралатын негізгі мәселе сөз болады, «ҚАУЛЫ» бөлімінде шешім жазылады. Бұл сөздер бас әріптермен азат жолдан жазылады. Сөз сөйлегендер мәтінінің мазмұны үшінші жақ, жекеше түрде жазылады. Қаулы мәтіні нақты және не істеу керектігі, орындаушысы, мерзімі көрсетіледі.
Толық редакцияланған және безендірілген хаттамаға алқалық ұйым төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Алқалық ұйым шешімдері орындаушыларына өкілетті құжат ретінде ( бұйрық, шешім, қаулы) немесе хаттамадан көшірме я үзінді ретінде жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |