197
эксперимент кезеңінде жүргізілген жұмыстар оң әсерін тигізгендігін байқауға
болады.
Зерттеу жұмысымыздың қалыптастырушы
кезеңінен кейін бақылау
жұмысын жүргізу барысында бақылау тобы мен эксперименттік топ арасында
айырмашылық анықталды.
Қалыптастырушы
экспериментке дейін
болған көрсеткіштер мен
эксперименттен кейінгі көрсеткішке дейін педагогтердің біліктілікті арттыру
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс-әрекетінің даму
динамикасын анықтау үшін Г.А Наседкинаның динамикалық қатарларының
көрсеткішін қолдануды дұрыс деп шештік.
Ор.=(1а+2в+3с):100
Бұл жерде Ор. педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің даму деңгейінің өсуінің сандық бағасын
сипаттайтын
орташа көрсеткіш; а,в,с – жоғары, орташа , төмен деңгейлердегі
пайыздық көрсеткіште берілген респонденттер саны, «1», «2», «3» - деңгейлердің
салмақтық коэффициенттері.
Сонымен, біз зерттеу жұмысымыз барысында эксперименттің басында және
эксперименттің соңында педагогтердің бағалау іс –
әрекетінің даму деңгейі
өсуінің сандық бағалауын сипаттайтын орташа көрсеткішті анықтадық.
Тәжірибенің басында Ор.= (1*10+2*12+3*24):100=1,06
Тәжірибенің соңында Ор.=(1*25+2*19+3*2):100=0,69
К=Ор.(о.ж.б):Ор. (о.ж.с)
Ор.(о.ж.б) тәжірибеге дейінгі педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс – әрекетінің даму деңгейінің орташа көрсеткішінің мәні – 1,06, Ор.
(о.ж.с) тәжірибеден кейін педагогтердің бағалау іс – әрекетінің даму деңгейінің
орташа көрсеткішінің мәні – 0,69.Онда тиімділік К=1,06:0,69=1,5.Бұл
айнымалылардың арасындағы байланыстың жақсы көрсеткішін көрсетеді.
Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар нәтижелері педагогтердің
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс-
әрекетінің сапалық, сандық көрсеткіштерінің дамығандығын көрсетті.Сондай-
ақ, зерттеу бойынша тәжірибелік – эксперименттік жұмыстың нәтижесін
зерттеудің мақсатымен салыстыру қорғауға
ұсынылған қағидалар мен
болжамның дұрыстығын дәлелдеді.
Зерттеу жұмысымыздың тәжірибелік кезеңінде алынған нәтижелер бізге
төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
- Біздің зерттеу жұмысымыз барысында ұсынылған жүйелі жұмыстар
паедагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс-әрекетін дамытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді;
- Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың шарттары негізінде арнайы
құрастырылып,
ұсынылған
әдістемені
қолдана
отырып,педагогтердің
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуға болады;
- Педагогтерге ұсынылған әдістемені іс – тәжірибеге енгізу зерттеліп
198
отырған оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуға ықпал
етеді.
Қорыта айтқанда,тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың нәтижелері біздің
ұстанған бағытымыздың дұрыстығы мен нәтижелеріміздің дәйектілігін
дәлелдейді.Демек, біздің зерттеу жұмысымыздың болжамы расталды деп айтуға
негіз бар.
Педагогтердің біліктілікті арттыру
жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту мақсатында жүзеге асырылған жүйелі
әдістемелік жұмыстар педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамытуда тиімді
екендігі дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: