73
Анықталған пікірлер білім беру үдерісінде педагогтің бағалау іс - әрекеті
нақты және нормативтік нәтижелерді сәйкестендіру арқылы білім алушының
жетістігін бағалауғана емес,өзінің жеке педагогикалық іс
- әрекеттерін бағалау
мен ұштасады.Білім беру үдерісінде педагогтің бағалау іс - әрекетінің жүзеге
асуы оның кәсіби біліктеріне байланысты.Педагогтің кәсіби біліктілігі – білім
беру және тәрбиелеуде тиімді кәсіби шешім қабылдауға мүмкіндік беретін
педагогтің кәсіби іс-әрекеті мен оның психологиялық дайындығы.
Педагогтің кәсіби дәрежесі педагогикалық іс – әрекеттің түрлерін (оқыту,
дамыту,
тәрбиелеу, диагностика жүргізу, түзету, өз білімін жетілдіру) жоғары
нәтижелілік пен орындау; педагогикалық үдерістің
басқа қатысушыларымен
серіктестік орнатуға,адамгершілікке бағытталған қарым – қатынас жасау (білім
алушылармен,
әріптестермен,
мектеп
әкімшілігімен);
адамгершілікке
бағытталған қарым – қатынас және педагогикалық әрекеттің жоғары
нәтижелілігі үшін маңызды болған қабілеттерін көрсететін педагогтің тұлғалық
жетілуін өз ішіне алады [206;220 б].
Г.Ю Ксензова педагогтің бағалау іс - әрекеті :
-
жоспарлы және жүйелі оқу – тәрбие үдерісінің жоспарланған
қадамдарына сәйкес жүзеге асуы қажет;
-
Объективті және білім алушылардың оқу
әрекетінің жетістіктері мен
кемшіліктерін нақты бағалау, білім алушылардың білім және біліктерді игеру
дәрежесін дурыс анықтап, субъективтік бағалаушылық пікірді жою;
-
Жан – жақты білім алушылардың ақпаратты игеру дәрежесін нақты,тек
пәндік білімін ғана емес, арнайы білік , дағдыларды игеруін қадағалау;
-
Жеке – білім және біліктерді игеру жеке үдеріс болғандықтан әр бір білім
алушы білім және біліктерді өздерінің психофизиологиялық қабілеттеріне сәйкес
игереді;
-
үнемді- педагог және білім алушының
бақылау жұмыстарын талдап,
бағалау аз уақыттың ішінде жүзеге асуы қажет – деп санайды[207;46б]
Оқыту үдерісінде педагогтің бағалау іс - әрекеті мақсатты түрде және
жүйелі жүзеге асырылғанда білім алушылардың жетістікке жетуі нәтижелі
болады және оқытудың сапасы жақсарады.
Педагогтің бағалау іс – әрекетінің белгілі бір принциптер негізінде жүзеге
асуы орынды.Бағалау іс – әрекетінің нақты принциптер негізінде жүзеге асуы
оқыту үдерісін тиімді етеді және бағалауды тиімді ұйымдастыруға негіз болады.
Г.А Цукерман бағасыз бағалаудың принциптерін төмендегідей талдайды:
- оқушының өзін – өзі бағалауы мұғалімнің бағасынан бұрын жүзеге асуы
қажет.
- Оқушылардың өзін – өзі бағалауы біртіндеп саралануы қажет.
- Балалар тарапынан бағалау үшін көрсетілген оқушы жетістіктері ғана
бағалануы керек, бағалау «қосымшалау, алып тастамау» тәртібіне сүйенеді.
- Бағалау және өзін – өзі бағалау мазмұны өзін – өзі бақылау біліктерінен
ажыратылмауы қажет.
- Оқушылар бақылау тапсырмаларының қиындығын, үйтапсырмаларының
көлемі мен қиындықтарын өз алдына таңдау құқығына ие болуы керек.
74
- Ең алдымен оқушының өздеріне байланысты
оқу жетістіктерінің
динамикасы бағалануы қажет.
- Оқушылардың сыныпта және үйде қалыптасатын білмеушілікке,
күмәндануға құқығы болуы керек.
- Оқушыларды қорытынды аттестациялау үшін бағаның жинақтау жүйесі
қолданылуы керек,- деген пікірді алға сүреді.
Педагогтің оқу сапасын арттырудағы ең басты мақсаты оқыту үдерісінде
критериалды бағалауды тиімді жүзеге асыру болып табылады.Білім
алушылардың оқу процессіндегі іс – әрекетіне қойылатын негізгі талап, оқу,
ойлау, шығармашылық ойлау, сыни ойлау дағдыларының қалыптасуына ықпал
ететін оқу тапсырмаларын белсенді орындау болып табылады [208;36].
Е.В. Иващенко оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың принциптерін
төмендегідей анықтап көрсетеді:
-
Ізгілік.Оқушы мен педагогтің бағалау және өзін – өзі бағалау
критерийлерін таңдаудағы еркіндік құқығын қабылдау. Баланың психикасына
зақым келтіретін бағалау формаларынан бас тарту.
-
Критериалдық. Бақылау және бағалау мазмұны
оқушы мен мұғалімнің
бірлікте құрастырған критерийлері негізінде құрастырылуы қажет. Критерийлер
объективті,анық және бір мәнді болуы керек.
-
Өзін – өзі бағалауға басымдық беру.Оқушының өзін – өзі бағалауы,бір–
бірін бағалауы мұғалімнің бағасынан бұрын жүзеге асуы керек. Өзін – өзі
адекватты бағалауға тәрбиелеп үйреткенге дейін мұғалім мен оқушы екеуінің
бағалары салыстырылуы қажет.
-
Бағаны бақылау үдерісінің табиғилығы.Бақылау және бағалау табиғи
түрде жүргізіліп, стресс және шіеленістерді азайтуы қажет.
-
Қолжетімділік.Бағалау формалары оқушылар мен ата –
аналарға
түсінікті болуы қажет[209;16б]
О.П Керрер төмендегі бағалау принциптерін негізгі деп санайды:
Достарыңызбен бөлісу: