Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет50/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
жетісітк бағалау

мазмұндық компонентінің сипаттамасын зерттеу үшін педагогтердің бағалау іс 
– әрекетін жүзеге асыру үдерісіндегі қиындықтар аймақтарын анықтау 
мақсатында диссертант тарапынан құрастырылған авторлық сауалнама 
жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде бақылау және эксперименттік топтардағы 
педагогтердің бағалау іс – әрекетінің мәнін, мазмұнын,бағалауды ұйымдастыру 
тетіктерін түсінуі және заманауи білім беру аясында бағалау іс – әрекетін 
ұйымдастыру барысындағы қиындықтары анықталды.  
Сауалнама нәтижесінде педагогтердің бағалау іс – әрекетінің мазмұнын, 
бағалау үдерісін тиімді ұйымдастыру, қалыптастырушы және жиынтық 
бағалауды жүргізу бойынша эксперименттік және бақылау тобындағы 
сыналушылардың 27,3 %- төмен, 49,5 % - орташа, 23,2% - жоғары деңгейді 
көрсетті. 
27 - Кесте.Анықтау кезеңінде педагогтердің бағалау іс - әрекетінің мазмұндық 
компонентінің деңгейлері мен көрсеткіштері. 
Эксперименттік топ – 46 педагог 
Бақылау тобы – 49 педагог 
Деңгейлері 

саны 
Деңгейлері 

саны 
Жоғары 
22,0 
10 
Жоғары 
24,4 
12 
Орташа 
52,0 
24 
Орташа 
47,0 
23 
Төмен 
26,0 
12 
Төмен 
28,6 
14 
Сауалнама нәтижелері педагогтердің бағалау іс – әрекетін жүргізуде 
бағалау мазмұны бойынша білімдерінің бар екендігін, алайда, оқу жетістіктерін 
бағалауда әдістемелік көмекке мұқтаж екендігін, бағалау біліктерінің жеткіліксіз 
екендігін көрсетті.Педагогтердің бағалау іс – әрекетін жүзеге асыру жұмыстары 
бойынша төмен көрсеткішті көрсетуі мұғалімдерге бағалау бойынша 


170 
нұсқаулықтардың 
берілгені 
мен 
тәжірибелік, 
әдістемелік 
тұрғыдан 
педагогтердің толық қамтамасыз етілмегендігін, нақтырақ айтсақ, біліктілікті 
арттыру курстарында бұл мәселенің толыққанды қарастырылмағандығын 
көрсетті. 
Сонымен бір қатарда,педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
іс – әрекетін жүзеге асырудағы қиындықтарын анықтау бойынша жүргізілген 
сауалнаманың нәтижелерін нақтылау мақсатында, мұғалімдерден педагогтің 
бағалау іс – әрекетін жүзеге асыруға болған дайындығын анықтау сауалнамасы 
алынды, бұл сауалнама нәтижесінде педагогтердің: 
- «Сізге оқу жетістіктерін бағалау бойынша әдістемелік көмек қажет
пе?» - деген сұраққа педагогтердің 92% «керек» деп нақты жауап беруі, 8% 
«білмеймін» деп сенімсіздік танытуы олардың әдістемелік көмекке мұқтаж 
екендігін, кей бір мұғалімдер үшін қолданысқа енген бағалау жүйесінің әлі толық 
түсінікті емес екендігін көрсетті. «Педагогтің бағалау іс - әрекетін оның кәсіби 
іс - әрекетінің негізі ретінде қарастыруға болама?», - деген сұраққа 89%
«болады», деп жауап беруі, «Бағалау іс – әрекетінің сіздің педагогикалық 
тәжірибеңізде маңызы қандай?» деген сұраққа 100% «маңызы зор» деп жауап 
беруі педагогтің бағалау іс – әрекеті мәселесінің мұғалімдер үшін маңызды 
екендігін, бірақта, бағалау әдістемесін олардың терең меңгермегендігін 
айқындады. 
Сондықтанда,біз өз зерттеуіміз барысында педагогтердің оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуға ықпал ететін, олардың бұл 
мәселе бойынша білімдерін тереңдететін қалыптастырушы жұмыстар жүргізетін 
боламыз. 
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін жүзеге асыруда 
педагогтердің ұйымдастырушылық, коммуникативтік біліктерінің маңызы зор. 
Бұл ретте алдымызға экспериментке қатысушылардың дәл осы біліктерінің 
сапасын анықтауды қойдық.Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін 
бағалау іс – әрекетін дамытудың технологиялық компонентінің деңгейін анықтау 
үшін Коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділігі деңгейін анықтау 
әдістемесін (В.В Синявский,В.А Федорошин) қолдандық. Бұл әдістеменің 
көмегімен сыналушылардың өз коммуникативтік біліктерін бағалауда қолдана 
алуы, бағалау іс - әрекетін кезеңдік жүзеге асыра алу,бағалаушылық пікірді 
денсаулыққа залалсыз жеткізе білуі, сонымен бір қатарда бағалау үдерісін тиімді 
жүзеге асыруда ұйымдастырушылық біліктерін қолдана алу деңгейі 
анықталды.Педагогтердің коммуникативтік және ұйымдастырушылық біліктері 
технологиялық компоненттің негізі ретінде алынды. 
28 - Кесте. Анықтау кезеңінде педагогтердің бағалау іс - әрекетінің 
технологиялық компонентінің деңгейлері мен көрсеткіштері. 


171 
29 - Кесте.Анықтау кезеңінде педагогтердің бағалау іс - әрекетінің 
технологиялық компонентінің деңгейлері мен көрсеткіштері. 
Эксперименттік топ – 46 педагог 
Бақылау тобы – 49 педагог 
Деңгейлері 

саны 

саны Деңгейлері 

саны % саны 
Ұйымдаст. 
бейімд 
Коммуникат. 
бейімд 
Ұйымдаст. 
бейімд 
Коммуникат 
бейімд 
Жоғары 
47,8 
22 
58,7 
27 
Жоғары 
46,9 
23 
44,8 
22 
Орташа 
39,1 
18 
28,2 
13 
Орташа 
34,7 
17 
36,7 
18 
Төмен 
13,1 

13,1 

Төмен 
18,4 

18,3 

Анықтаушы эксперимент барысында педагогтердің коммуникативтік 
бейімділігі деңгейі эксперименттік және бақылау тобында ұйымдастырушылық 
бейімділікке қарағанда жоғары болды.Демек, технологиялық құраушының 
негізі болған ұйымдастырушылық біліктерінің төмен болуы сыналушылардың 
нақты білімді іс – әрекетті жүзеге асыруда, яғни практикада толыққанды қолдана 
алмайтындығын сипаттайды.Бұл көрсеткіш бізге зерттеу жұмысымыз 
барысында қалыптастырушы экспериментте нақты осы мәселені шешуді 
міндеттейді.
Бақылау және эксперименттік топтардағы педагогтердің оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің рефлексивті компонентінің 
сипаттамасын зерттеу үшін А.В Карповтың тұлға рефлексиясының даму 
деңгейін диагностикалау әдістемесін пайдаландық.Педагогтердің оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің дамуы міндетті түрде рефлексиялық 
ойлаудың сипаттарымен ерекшеленеді.Ол үшін педагогтердің бойында өзін – өзі 
ұйымдастыру,өз іс-әрекетіне баға беру, талдау жасау қабілеттерінің дамуы 
қажет. 
Топтардың 
категориясы 
Сыналушы
лар саны 
Деңгейлері 
Ұйымдастырушылық 
бейімділігі 
Коммуникативтік 
бейімділігі 
Эксперменттік 
топ 
46 
I - төмен


II –ортадан 
төмен


III - орта
18 
13 
IV - Жоғары 
16 
18 
V – Өте 
жоғары


Бақылау тобы 
49 
I - төмен


II –ортадан 
төмен


III - орта
19 
19 
IV - Жоғары 
17 
16 
V – Өте 
жоғары




172 
Педагогтердің рефлексиялық ойлауының даму деңгейін анықтау үшін оларға 
сұрақ – жауаптың бір неше пікірлері ұсынылады, ұсынылған жауаптың 
нұсқауларына сәйкес тиісті санды қою керек. Әдістеменің нәтижелерін 
жинақталған ұпайлардың соммасына қарай үш түрлі категорияларға 
жатқызамыз: 
1- категория: 7 ге тең немесе одан жоғары болса, рефлексиясы өте жоғары 
дамыған. 
2- категория: 4-7 аралығында болса рефлексиясы орташа деңгейде дамыған. 
3- категория: 4 тен төмен болса, төменгі деңгейдегі рефлексия. 
Жоғарыда көрсетілген категориялар бойынша педагогтердің 53% төменгі 
деңгейдегі көрсеткіштерді көрсетті ,ал 27,4% орташа деңгей, 19,6% жоғары 
деңгейді көрсетті. Демек, сыналушылардың басым көпшілігінің рефлексиялық 
көрсеткіштері жоғары деңгейде емес, яғни қалыптастырушы эксперименттік 
жұмысты жүргізу керек екендігі айқын. 
30 - кесте.Бақылау және эксперименттік топтардағы рефлексивтік компоненттің 
анықтаушы кезеңдегі көрсеткіштері. 
Эксперименттік топ – 46 педагог 
Бақылау тобы – 49 педагог 
Деңгейлері 

саны 
Деңгейлері 

саны 
Жоғары 
21,7 
10 
Жоғары 
18,4 

Орташа 
26,1 
12 
Орташа 
28,5 
14 
Төмен 
52,2 
24 
Төмен 
53,1 
26 
Сонымен,біздің зерттеу жұмысымыз аясында ұйымастырылған анықтаушы 
эксперименттің нәтижелерін талдау барысында біз анықталған көрсеткіштердің 
орта және орташадан төмен деңгейлерін байқадық , бұл қалыптастырушылық 
эксперименттің жүргізілуінің қажет екендігін айқындайды. Анықталған 
кемшіліктерді жою және оны түзету біздің зерттеуіміздің қалыптастыру 
эксперименті үшін бағыт – бағдар болады. Анықтау эксперименті барысында 
педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамыту барысына біліктілікті арттыру 
бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнының үлесі зерделенді, талдау 
жасалды және олардың мүмкіндіктері қарастырылды. 
Сауалнама нәтижелері тренерлермен жүргізілген әңгімелесулер және 
білім беру ұйымдары педагогтерін бақылау нәтижелерімен расталды.Анықтау 
эксперименті бойынша алынған нәтижелерді жақсартуға қол жеткізу үшін біздің 
ойымызша «Жаңартылған білім беру жағдайында педагогтің бағалау іс – 
әрекетінің психологиялық – педагогикалық негіздері» тақырыбындағы 
біліктілікті арттыру білім беру бағдарламасының әлуетін кеңінен пайдалану 
қажет. 
Зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімінде біз анықтау эксперименті 
нәтижесінде анықталған кемшіліктерге сәйкес жүргізілген қалыптастырушы 
эксперименттің бағдарламасын және эксперимент барысын қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет