Масимова хуршидам ташболатовна


I – interactive – «интербелсенді»  N



Pdf көрінісі
бет55/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68
жетісітк бағалау

I – interactive – «интербелсенді» 
N – noting – «белгілеу» 
– system – «жүйе» 


185 
E – effective – «тиімді» 
R - reading – «оқу» 
T – thinking – «ойлану», 
V – Мен білемін 
+ - жаңа 
- Мен басқаша 
ойлаған едім 
? – түсінбедім 
сұрақтарым бар 
35- кесте Түртіп алу немесе Инсерт әдісі 
Бұл әдіс тақырыпқа байланысты мәтіндерді талдау барысында 
қолданылды. Мысалы педагогтер критериалды бағалаудың теориялық негіздері 
тақырыбындағы мәтінді оқып, өз алдына жұмыс жасау барысында осы әдісті 
қолдандық. 
«Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» әдісі.
 
Fishbone Diagram
 
Бұл әдіс жапон профессоры Каору Исикаваның себеп – салдарлы 
байланыстардың құрылымдық талдауы әдісі негізіндегі схемалық диаграмма 
түрінде қолданылады.Біз бұл әдісті сабақ барысында бағалау процесінің 
ерекшеліктерін айқындау мақсатында қолдандық. 
Балықтың басы – проблема. 
Жоғарғы сүйектер - негізгі түсініктер. 
Төменгі сүйектер – түсініктердің мәні,фактілер. 
Құйрығы – қорытынды. 
Педагогтер аталған әдістің көмегімен оқыту процесінде бағалаудың алатын 
орны,бағалау түрлері, олардың мәні,ерекшеліктері, қалыптастырушы және 
жиынтық бағалауды қолдануда педагогтің атқаратын іс – әрекеті қатарлы 
мәселелерді талқылап,қорытынды жасады. 
«Блум кубигі» әдісі психолог Бенджамин Блумның сұрақтары негізінде 
құрастырылған. Бұл әдіс нақты бір мәселені талқылауда тиімді саналады.Біз бұл 
әдісті бағалаудың білім алушылардың психологиялық ахуалына әсерін анықтау 
мақсатында қолдандық. 
Мысалы: Педагогтің бағалау іс – әрекеті білім алушының психологиялық 
ахуалына әсер ете ма? - деген сұрақты зерттеу барысында қолданылды. 
Педагогтер төмендегі іс – әрекеттерді атқарды: 
- Атап беріңіз; 
- Не үшін; 
- Түсіндіріңіз; 
- Ұсыныңыз; 
- Ойлап табыңыз
- Әріптестер мен бөлісіңіз. 
Бұл әдіс топтық жұмыс барысында қолданылды.Педагогтер топтық жұмыста 
педагогтің бағалау іс – әрекетінің оқушыға әсерін талқылады,ұсыныстар ұсынды. 
«Джигсо» әдісі.
(Jigsaw) 
Бұл әдіс «Бағалау үдерісінде педагогтің ұйымдастырушылық және 
коммуникативтік іс – әрекеті» тақырыбын түсіндіру барысында қолданылды. 
Педагогтерге 3 түрлі мәтін таратылды.Әр бір қатысушы өз мәтінінде көрсетілген 
сан бойынша өзінің жанұясын тауып бірікті.Педагогтерге өз жанұя топтарында 


186 
берілген мәтінді талқылап, мәнін түсінуге уақыт берілді.Жанұя топта өз мәтінін 
толық игерген тыңдаушылар қайта аралас сандар бойынша мәтіннің толық 
нұсқасы алынатындай топтарға бірікті.Топ барысында әр кім өз білгенін ортаға 
салып,тұжырымдарын қағаз бетіне түсіріп, қорғады. Бұл әдіс бір тақырыпты 
толық оқып,талқылап шығуға мүмкіндік берді. 
Сондай - ақ, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының ой толғаныс немесе 
рефлексия кезеңінде төмендегідей әдістерді қолдандық: 
«Синквейн» әдісі.Француз тілінен  cinquains, ағылшын тілінен cinquain - бес 
жолды өлең.ХХ ғасырдың басында АҚШта жапон поэзиясының әсері негізінде 
пайда болған.
Синквейн түрін Америкалық Аделаида Крепси құрастырып 
шыққан. 
«Синквейн» әдісінің құрылымы: 
1- құр.Тақырып немесе түсінік Зат есім мен сипатталады. 
2- құр.Нәрсенің ерекшеліктері 2 сын есім мен. 
3-құр.Нәрсенің әрекеті немесе қызметін 3 етістік пен сипаттау. 
4- құр.Нәрсенің мәнін 4 сөз бен түсіндіріңіз. 
5- құр. Бірінші құрдағы түсініктің синонімі. 
Бұл әдіс педагогтер тарапынан өте қызығушылық пен қолданылды.Синквейн 
әдісі педагогтерге өтіліп отырған тақырып бойынша алған білімін нақтылап, 
жинақтауға мүмкіндік берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет