187
аясында көрсетілімдер дайындау,шағын зерттеулер жүргізу, жобалар құрастыру
арқылы өз тәжірибелеріне талдау жасап, өз тәжірибелерін дамытты,кәсіби
құзыреттіліктерін арттырды.
Білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған семинар сабақтарында
тыңдаушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлеріне негізделген
тапсырмаларды орындады.Берілген тапсырмалар педагогтердің өзін – өзі
дамытуына бағытталды.Бұл сабақтарда берілген
тапсырмалар педагогтердің
бағалау іс – әрекетін дамытуға ықпал етті.
Біліктілікті арттыру курсы барысында бағалау іс – әрекетін жүзеге асыруда
маңызды компонент саналатын педагогтердің ұйымдастырушылық және
коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында кейс технологиясы
қолданылды.Педагогтер кейстің шешімін табу процесінде бағалау іс –
әрекетіндегі проблемалық мәселелерді шешу жолдарын ұсынды, сонымен бір
қатарда, бағалауды жүзеге асырудағы
кемшіліктертерді анықтап,оны шешу
амалдарын табуда шығырмышылық жұмыс жасады.Педагогтер бағалау іс –
әрекетін жүзеге асыруда кездесетін жағдаяттарға негізделген тапсырмаларды
бірлесіп шешуде серіктестікте жұмыс атқарды.
Кейс тапсырмалары педагогтердің:
- ұйымдастырушылық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға;
- ақпаратты құрастыру, мәселені шешу дағдыларын қалыптастыруға;
- проблеманы шешуде тиімді коммуникацияны құрастыруға;
- рефлексиясын дамытуға мүмкіндік берді.
Кейс технологиясына негізделген сабақтың жоспары:
1.Сабақты ұйымдастыру кезеңі.
2.Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.(мотивациялау)
3.Сабақ мақсатын айқындау.
4.Білімді диагностикалау.
5.Кейс пен жұмыс жасауға нұсқау беру.
6.Кейс пен жұмыс- топта талқылау;шағын топтарда талдау;көрсетілім дайындау.
7.Қорытынды шығару.
8.Рефлексия
Жоғарыда берілген жоспар негізінде кейс технологиясын қолдана отырып
сабақ өтілді. Біліктілікті арттыру курсының «Оқу жетістіктерін бағалауда
педагогтің рефлексивтік іс -әрекеті және оның ерекшеліктері» тақырыбына 2
сағат лекция, 4 сағат тренинг берілген болып,тренинг
сабағында кейс
технологиясы қолданылды. Кейс үшін тапсырмалар құрастырылды.
Біліктілікті арттыру курсы барысында кейс технологиясында қолданылған
жағдаяттық тапсырмалар:
1. «Бағалау қиын...»
Мектеп директоры ойлады: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында
курстан өтпеген жас маман жұмысқа орналасты.Енді ол сабақ үрдісін
ұйымдастыру, критериалды бағалауды жүзеге асыру барысында қиындықтарға
тап болады. Жас маман қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру тетіктерінен
хабары жоқ.Бірақта,сол бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдердеде
188
қиындықтар аз емес...Мұғалімнің бағалау іс –
әрекеті білім алушылардың
үлгеріміне әсер етеді....
Тапсырма:
1.Мұғалімнің бағалауды жүзеге асыру процесінде тап болатын қиындықтарының
тізімін жасаңыздар.
2.Педагогке бағалауды жүзеге асыру үшін қажет білік, дағдылардың тізімін
құрастырыңыздар.
3.Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқу жетістіктерін бағалаудың
білім алушы және педагог үшін маңызын түсіндіріңіздер.
4.Жас маманға қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру бойынша нұсқаулық
дайындаңыздыр.
5.Мектеп директорына мұғалімнің бағалау іс – әрекетіне байланысты туындаған
осы мәселенің шешімін табу жолдарын ұсыныңыздар.
Осындай педагогтердің бағалау іс – әрекетіне байланысты жағдаяттық
тапсырмаларды шешу барысында педагогтер өздерінің бағалауды жүзеге асыру
барысындағы
қиындықтарын анықтады, сол қиындықтардың шешімін табу
жолдарын құрастырды.Бұл сабақтар тыңдаушылардың мәселенің шешімін табу,
жаңа білімді құрастыруға бағдарланған болып, бағалау іс – әрекетін дамытуға
ықпал етті.
Педагогтердің бағалау іс – әрекетін психологиялық – педагогикалық,
әдістемелік сүйемелдеу мақсатында ұйымдастырылған тренингтер мен
әдістемелік семинарлар педагогтердің жаңаны үйренуге болған мотивациясын
дамытуға, рефлексивтік
дағдыларын дамытуға, шығармашылық әлеуетін
арттыруға, креативтілігін дамытуға, өзін – өзі ұйымдастыру, өзін – өзі дамытуға
мүмкіндік берді.
«Оқу жетістіктерін бағалау үдерісінде білім алушыларға психологиялық қолдау
көрсетудың маңызы» тақырыбы аясында тыңдаушылар мен ұйымдастырылған 2
сағаттық шағын тренинг барысында педагогтер өз тәжірибелері мен бөлісті.
Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train» - жаттықтыру, жаттығу деген
мағынаны білдіреді.Тренинг – тұлғааралық қарым-қатынасқа, коммуникативтік
және кәсіби іскерлікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және
оқыту әдістерінің жиынтығы. Тренинг терминін ғылыми қолданысқа М.Форверг
енгізген. Тренингтер тұлғалық қарым-қатынас орнатуға,
басқалармен қарым-
қатынасқа түсуде қиналатындар үшін,белгілі бір мәселенің шешімін
серіктестікте жұмыс жасау арқылы шешу үшін жүргізіледі, яғни тұлғаның жалпы
коммуникативтік, ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыруға және
жетілдіруге мүмкіндік береді деп санаймыз.
«Бағалау процесінде білім алушыны психологиялық қолдау жолдары»
тренингі.
Тренингтің мақсаты педагогтердің бағалау іс – әрекетін жүзеге асыруы
барысында білім алушыларды психологиялық қолдау біліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Бағалау үдерісінде білім алушыларды психологиялық қолдау тәсілдерін
үйрету;
189
- Білім алушыларды мотивациялауға арналған жаттығуларды игеру.
Достарыңызбен бөлісу: