Масимова хуршидам ташболатовна


№5 тапсырма: «Мен ойлаймын...»



Pdf көрінісі
бет58/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
жетісітк бағалау

№5 тапсырма: «Мен ойлаймын...» 
Бұл тапсырманы орындау барысында педагогтер мен ойлаймын сөз тіркесін 
пайдалана отырып, білім алушының оқуға болған ынтасын дамытуға педагогтің 
бағалау іс – әрекетінің әсерін анықтайды. 
№6 тапсырма: «Мен қалай қолдай аламын?» 
Бұл тапсырманы орындауда педагогтер бағалау үдерісінде білім алушыларға 
қалай қолдау көрсетуге болады? – деген сұрақ негізінде білім алушыларды 


190 
психологиялық 
қолдау 
картасын 
құрастырады.Психологиялық 
қолдау 
картасының нәтижесін айқындайды. 
№7 тапсырма: «Идеялар ортасы» 
Тренингтің қорытынды бөлімінде педагогтерге «Идеялар қоржынын» толтыру 
ұсынылады.Педагогтер шағын топтарға бөлініп тренинг барысында білім 
алушыны психологиялық қолдау бойынша жасаған қорытындыларын жинақтап, 
жазып тақтаға ілу немесе көрсетілім дайындау ұсынылды. 
Сонымен бір қатарда,педагогтердің бағалау іс – әрекеті бойынша білімдерін 
шыңдау, құзыреттілігін дамыту мақсатында «Бағалау іс – әрекетін 
ұйымдастыруға дайындық» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Тренингтің мақсаты: 
- Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін
дамыту; 
- Бағалау үдерісін ұйымдастыруда қалыптасқан стереотиптерді жою; 
- Бағалау іс – әрекетін жүзеге асыру процесінде кездесетін кедергілерді
анықтап, шешімін табу. 
Бұл тренинг педагогтердің акмеқұзыреттіліктерін дамытуға негізделді. 
Тренинг барысында педагогтердің ұйымдастырушылық дағдыларын дамыту 
мақсатында жағдаяттық тапсырмаларды шешу үшін топтық жұмыстар
жүргізілді, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту үшін сұрақ- жауап 
әдістері қолданылды, топтық жұмысқа тапсырмалар берілді,өз ойын айту
талдау, талқылауға негізделген тапсырмалар, танымдық біліктерін дамыту 
мақсатында тақырып аясында тапсырмалар берілді.Тренер мен тыңдаушы 
арасында субъект – субъекттік қарым – қатынас орнатылды.Тренинг барысында 
педагогтердің шығырмашылығы, креативтілігі, ұтқырлығын, мотивациясын 
дамытуға негізделген психологиялық жаттығулар қолданылды.Тренингтерді 
педагогтердің тәжірибесіне сәйкес ұйымдастыру өз іс – әрекетіне баға беру, өзін 
– өзі дамыту, өзін – өзі ұйымдастыру біліктерін дамытуға бағытталды. Бұл 
тренингтер нәтижесінде педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
іс – әрекетін жүзеге асыруға болған мотивтері арта түсті.
Тәжірибелік эксперименттік жұмысымыздың келесі бағыты курс кезінде және 
курстан кейінгі сүйемелдеуге негізделген іс – шараларды ұйымдастыру болды. 
Бұл бағыт бойынша педагогтермен әдістемелік семинарлар, вебинарлар 
ұйымдастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет