MasterCard International /Visa International халықаралық төлем жүйелерінің және Smart Alem жергілікті Төлем жүйесінің төлемдік карточкаларын шығару туралы шарт



бет1/3
Дата05.07.2016
өлшемі374.5 Kb.
#180708
  1   2   3
Жеке тұлғамен
«Тұран Әлем Банкі» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілген «БТА Банкі» АҚ эмитацияланған төлемдік карточкалар бойынша ережелерге №1 қосымша
28.07.2006ж. №7-5 хаттамасы, № ПР – 75 – 94

MasterCard International /Visa International

халықаралық төлем жүйелерінің және Smart Alem жергілікті Төлем жүйесінің төлемдік карточкаларын шығару туралы шарт
Осы Шарт Акционерным обществом “БТА Банкі” Акционерлік қоғамымен (әрі қарай – Банк) шығарылған MasterCard/Visa халықаралық төлем жүйелерінің және Smart Alem жергілікті Төлем жүйесінің төлемдік карточкаларын шығаруды және оларды Клиентпен/Карточка ұстаушысымен пайдалану тәртібін анықтайды.


  1. Шарттың мәні

1.1. Осы Шарт тәртібімен және талаптарымен, Банк Клиент үшін төлем карточкасын қолданумен банктік шот (әрі қарай – Шот) ашуға міндеттенеді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі ережелеріне сәйкес Шоттарға қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді.

1.2. Осы Шарт аясында, MasterCard International, Visa International халықаралық төлем жүйелерінің және Smart Alem жергілік Төлем жүйесінің төлем карточкаларын шығарады, Банкпен шығарылатын төлем карточкаларының қолданылу шарттарын және Банктің оның тарифтеріне сәйкес өзге қызметтерін ұсыну шарттарын анықтайды. Клиент осы Шартқа сәйкес Төлем карточкасын қабылдауға және қолдануға міндеттенеді.




  1. Банктік шотты жүргізу

    1. Банк Клиентттің Шоты бойынша келесі операцияларды жүзеге асырады:

  • Клиенттің қолма-қол ақшаның болуын қамтамасыз ету;

  • Клиенттің пайдасына ақшаны қабылдау (есептеу);

  • Карточка ұстаушыларымен Карточканы қолдану арқылы үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер жүргізу;

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және/немесе шартпен қарастырылған негіздемелер бойынша Клиент ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындау;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе Шартпен белгіленген тәртіпте қолма-қол ақшаны Клиенттен қабылдауды жүзеге асыру;

  • карточка Ұстаушыларына Карточканы қолдану арқылы қолма-қол ақша беру;

  • Клиенттің сұрауы бойынша Шот бойынша үзінді және анықтама беру;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе осы шартпен қарастырылған Клиентке/Карточка ұстаушыларына өзге банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

2.2. Шот бойынша барлық операцияларды Банк Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жіберілген Клиенттің/Карточка ұстаушыларының нұсқаулары негізінде жүзеге асырады.

2.3. Шот бойынша барлық шығыс операциялары осы Шарттың 11-тарауымен қарастырылған жағдайлардан басқа, дебеттік карточкалар бойынша ақша қалдығы шегінде және кредиттік карточка бойынша кредиттік лимит қалдығы шегінде жүзеге асырылады.

2.4. Банк, жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады және уәкілетті органмен берілген Куәлік негізінде әрекет етеді.

2.5. Осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Банк Банк тарифтеріне сәйкес биллингтік цикл соңында Шотқа есептелген сыйақыны капиталдаумен Шоттағы ақша қалдығына күнделікті сыйақы есептейді. Сыйақыны есептеу кезінде Банкпен операциялық күн соңында Шоттағы нақты ақша қалдығы ескеріледі.

2.6. Шоттағы оң ақша қалдығына есептелетін сыйақы ставкаларының өлшемдері, соның ішінде Сыйақының жылдық тиімді ставкасы туралы мәліметтерді, Банк Банк Бөлімшелеріндегі ақпарат кестесінде және www.bta.kz мекенжай бойынша Интернет желісіндегі Банк сайтында жарияланады.

2.7. Осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Банк бір жақты тәртіпте Клиентпен/Карточка ұстаушысымен Шотты толықтыру, қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүзеге асыру, сомаларды басқа валюталарға айырбастау және белгіленген тарифтерге және банктік бағдарламалардың шарттарына сәйкес есептелген сыйақыны капиталдау нәтижесінде шоттағы ақша қалдығына байланысты Клиенттің/Карточка ұстаушысының Шоттағы оң ақша қалдығына есептелетін сыйақыны белгілеуге/арттыруға/төмендетуге құқылы. Осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Банк өзінің қалауы бойынша Шоттағы ақша қалдығына сыйақы есептеуден бас тартуға құқылы.

2.8. Шот бойынша ақша қалдығына есептелетін сыйақының жылдық тиімді ставкасы есептелген сыйақыны капиталдауды ескеріп, сыйақы ставкасын көрсетеді. Шотқа қосымша жарналар енгізген, ақшаны ішінара алған, ақша қалдығын бір градациядан келесі градацияға ауыстырған, сыйақы ставкасын Банкпен бір жақты тәртіпте өзгерткен жағдайларда, сыйақының жылдық тиімді ставкасы Шот бойынша жүргізілетін операцияларға сәйкес ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін.
3. Карточкаларды шығару

3.1. Банктің карточка шығару туралы оң шешімі болған жағдайда және Клиентпен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Банктің ішкі ережелерімен қарастырылған қажетті құжаттар ұсынылған жағдайда, Банк Банкпен анықталған мерзімде төлем карточкасын шығарады, уақытша пайдалануға және қызмет көрсетуге төлем карточкасын ұсынады. Клиент негізгі карточканың ұстаушысы болып табылады.

3.2. Шарт аясында, Банкпен, Клиенттің тиісті жазбаша өтініші бойынша бір немесе бірнеше Қосымша карточкалар шығарылуы мүмкін. Қосымша Карточка жеке тұлғаның аталмыш Клиентінің атына (соның ішінде Клиенттің өзіне) шығарылуы мүмкін. Карточка өзінің атына берілген тұлғамен ғана Операцияларды орындау үшін қолданылуы мүмкін. Осыған байланысты Қосымша карточканың ұстаушысына Карточканы пайдалану жәнеШартпен бекітілген Операцияларды орындау бойынша барлық талаптар қолданылады. Клиент белгілі уақыт ішінде қосымша карточка арқылы шығындауға мүмкін болатын сомаға шектеу қоюға құқылы.

Қосымша карточканы оның Ұстаушысымен қолдану арқылы жасалған барлық операциялар Клиентпен жасалған болып саналады. Клиент осы Шарттың талаптарын Қосымша карточка ұстаушысымен сақтау үшін жауапкершілікті толық көтереді.

3.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және/немесе Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған жағдайлар және негіздемелер бойынша және/немесе банктік шот ашу және төлем карточкасын шығару үшін қажетті құжаттар топтамасын өткізбеген жағдайда, Банк банктік шот ашудан және төлем карточкасын шығарудан бас тартады.

3.4. Осы Шарттың барлық ережелері, соның ішінде Карточкаларды қолдану бойынша ережелер Клиентке/Карточка ұстаушысына және Қосымша карточка ұстаушыларына қолданылады.

3.5. Банкпен шығарылған Карточканы алу үшін, Клиент/Карточка ұстаушы Банкке келуі және Карточканы алғандығын растайтын банктің құжатына өзінің қолтаңбасын қоюы тиіс. Карточка ұстаушысы шығарылған Карточканы алу үшін Банкпен Карточканы шығару туралы шешімді қабылдаған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннің ішінде Банкке келмеген жағдайда, Банк шығарылған Карточканы жоюға құқылы. Осыған байланысты Банктің Карточканы шығару және қызмет көрсету үшін комиссиясы қайтарылмайды.

3.6. Карточка Банктің меншігі болып табылады және Клиентке/Карточка ұстаушысына Карточканың әрекет ету мерзімі ішінде Шоттағы ақшаға қол жеткізу құралы ретінде Клиентке/Карточка ұстаушысына беріледі.

3.7. Клиент/карточка ұстаушысы осы Шарттың ережелерін бұзған жағдайда, Банк осы Шарттың әрекет етуін тоқтатуға немесе бұзуға, Тоқтату-парақтарына осы Шарт аясында Клиенттің Шоты бойынша шығарылған барлық Карточкаларды енгізуге және шектеуге құқылы.


    1. Осы Шарт аясында Клиентке сақтандыру депозитімен/сақтандыру депозитінсіз карточканы шығару мүмкіндігін таңдау ұсынылады. Сақтандыру депозитімен карточканы шығару шарттары Банкпен бекітілген тарифтерге сәйкес белгіленеді.

    2. Банк банктік шот бойынша Овердрафттың туындау және Клиент тарапынан оны өтемеу салдарынан Банкке келтірілген зияндарды (туындаған жағдайда) өтеуді қамтамасыз ету мақсатында осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Клиентпен Сақтандыру депозитінің сомасына билік жүргізу құқығына шектеу белгілейді.

    3. Шартты бұзған жағдайда, егер Банкпен көрсетілген мерзім ішінде Овердрафттың туындауы немесе Клиенттің Банк алдындағы кез келген міндеттемелері бойынша өзге берешегі анықтамалмаса, Сақтандыру депозитіндегі ақша Клиентпен банктік шотты жабу туралы өтініш ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) күннің ішінде Клиентке қайтарылады.

    4. Клиенттің банктік шоты бойынша Овердрафттың туындау фактісі анықталған жағдайда, Банк осы Шарттың 5.6 тармағында қарастырылған тәртіпте және негіздемелер бойынша Клиентпен енгізілген Сақтандыру депозитінің сомасынан овердрафт сомасын алуға құқылы. Клиент Банктің тиісті хабарламасын алған күннен бастап 30 (отыз) күннің ішінде сақтандыру депозитінің сомасын Шотта болуын қамтамасыз етуге міндетті. Егер Клиент Шотта сақтандыру депозитінің сомасының болуын қамтамасыз етпесе, Банк сақтандыру депозитінің сомасын Клиентпен шотқа енгізгенге дейін карточканы шектеуге құқылы.


4. Карточканы қайта шығару

4.1. Карточканы қайта шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:

- Банктің бастамасы бойынша – Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда, дебеттік карточка бойынша;

- Клиенттің бастамасы бойынша – Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда, Карточка жоғалған/тоналған/зақымдалған жағдайда, карточканы тәуекелі жоғары елдерде пайдаланған жағдайда, басқа себептер бойынша, жазбаша Өтініш негізінде дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша.

4.2. Дебеттік карточка бойынша Банктің бастамасымен Карточканы қайта шығару: оның әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда, келесі шарттарда жүзеге асырылады:


  • Шот бойынша овердрафттың болмауы,

  • Соңғы 3 айдың ішінде Шотқа қолма-қол ақшаның есептелуі,

  • қайта шығару кезінде Карточка шектелмеген жағдайда.

4.2.1. Дебеттік карточка бойынша Клиенттің бастамасымен Карточканы қайта шығару келесі шарттармен жүзеге асырылады:

4.3. Кредиттік карточка бойынша Клиенттің бастамасымен Карточканы қайта шығару келесі шарттармен жүзеге асырылады:

  • мерзімі кешіктірілген берешектің және/немесе шот бойынша оверлимиттің болмауы;

  • кредиттік лимиттің әрекет ету мерзімі аяқталмаса.

4.4. Банктің бастамасы бойынша дебеттік Карточканы шот бойынша ақша қалдығын сақтаумен пластиктің ұқсас түріне қайта шығару Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде жүзеге асырылады. Карточканы жаңа мерзімге қайта шығарудан бас тартқан жағдайда, Клиент карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 30 (отыз) күннен кешіктірмей Банкке тиісті өтінішімен келуге міндетті. Егер Клиент Банкке Карточканың әрекет ету мерзіміне дейін 30 (отыз) күн бұрын Карточканы пайдаланудан бас тарту туралы өтінішті ұсынса және Банкпен Карточка жаңа мерзімге қайта шығарылса, Банк шоттан ақшаны акцептсіз алу арқылы (қалдық болған жағдайда) карточканың жылдық қызмет көрсетілуі үшін комиссияны ұстап қалуға құқылы.

4.5. Карточканы қайта шығарған жағдайда, Банк пластиканың ұқсас түрінде немесе пластиканың басқа түрінде Карточканы қайта шығарады, осыған байланысты төлем тәсілі Клиентпен Банк кассасына комиссия төлеу немесе шоттан ақшаны акцептсіз ау (қалдық болған жағдайда) арқылы жүргізіледі.

4.6. Қайта шығарылған Карточканы алу үшін, Клиент/Карточка ұстаушысы/Қосымша карточка ұстаушысы Банкке жеке басын куәландыратын құжатты және тиісті өтінішті ұсынуы және Карточка Ұстаушысымен алғандығын куәландыратын Банк құжатына өзінің қолтаңбасын қою тиіс.

4.7. Карточка ұстаушысы Карточканы алу үшін Карточканы қайта шығарған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық Банкке келмеген жағдайда, Банк Карточканы жоюға құқылы. Осыған байланысты Карточканы қайта шығару және қызмет көрсету үшін Банк комиссиясы қайтарылмайды.


5. Банк қызметтерін төлеу тәртібі

5.1. Клиент осы Шарт бойынша Банкпен ұсынылған, соның ішінде Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес осы Шарттың 2.2 тармағында қарастырылған операцияларды жүзеге асыру үшін барлық қызметтерді төлеуге міндеттенеді.

5.2. Егер карталардың басқа түрлері бойынша жасалатын Шарттарда өзгесі қарастырылмаса, осы Шарт бойынша Банк қызметтерін төлеу Шарттың 5.6 тармағында қарастырылған тәртіпте Клиенттің шотынан ақшаны Банкпен акцептсіз алу немесе Банк кассасы арқылы қолма-қол ақшаны енгізу арқылы жүргізіледі.

5.3. Банк тарифтері Банктің барлық бөлімшелері және www.bta.kz мекенжай бойынша Интернет желісіндегі Банктің сайты арқылы кез келген уақытта Клиентпен танысу үшін қол жетімді болады.

5.4. Банк бір жақты тәртіпте Тарифтерге өзгерістер енгізуге құқылы. Енгізілген өзгерістер туралы Банктің бөлімшелері және www.bta.kz мекенжай бойынша Интернет желісіндегі Банктің сайты арқылы Клиентке хабарлайды.

5.5. Келесі жылдың/айдың есебінен Карточкаға қызмет көрсету үшін комиссия Карточканы шығарған күні жыл сайын/ай сайын Банкпен алынады.

5.6. Банк алдын ала хабарлаусыз және Клиенттің қосымша келісімінсіз оның Шотын немесе Банкте ашылған басқа шоттарды тікелей дебеттеу арқылы, Шоттарда ақша болмаған немесе жетіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде әрекет ететін кез келген басқа банктерде (банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) ашылған Клиенттің кез келген банктік шоттарына төлем талаптарын ұсыну арқылы акцептсіз тәртіпте келесі сомада ақшаны алуға құқылы:


  • VISA International/MasterCard International халықаралық жүйесінен Банкпен алынған хабарламалар;

  • Банк-Эквайерлермен немесе сауда/сервистік орындармен ұсынылатын тауарлардың/қызметтердің төлеміне чектер/слиптер;

  • Банкпен бекітілген Тарифтерге сәйкес банктің комиссиялық алымдары;

  • онымен Осы Шарттың ережелерін және Карточканы пайдалану талаптарын бұзумен Карточканы/ларды пайдалану нәтижесінде Банк көтерген кез келген шығыстар;

  • осы Шарт аясында шығарылған Карточканы пайдаланумен жасалған барлық Карточкалық операциялар;

  • Банкпен Клиентке берілген кез келген Кредит бойынша негізгі борыш сомалары, соның ішінде Кредит бойынша есептелген сыйақы, айыппұлдар, өсімпұлдар;

  • Туындаған және/немесе жол берілген Овердрафт сомаларын;

  • Клиенттің Шотына қате есептелген ақша.

Клиенттің Банк алдындағы міндеттемелері бойынша мерзімі кешіктірілген берешек туындаған жағдайда, Клиент Берешек сомасы шегінде Банкте ашылған Клиенттің кез келген банктік шоттары бойынша кез келген шығыс операцияларын тоқтатуға Банкке өзінің келісімін және нұсқау береді.

Осы Шартқа қол қою арқылы, Клиент Шарттың осы тармағымен қарастырылған тәртіпте және шарттармен Банк алдындағы Клиенттің міндеттемелері бойынша Берешектің барлық сомаларын акцептсіз алуға (есептен шығаруға) Банкке шартсыз құқық береді.

Клиенттің банктік шоттарында (шотында) ақша болмаған немесе жетіспеген жағдайда, Банктің төлем құжаттары (төлем ордерлері, төлем тапсырмалары-талаптары, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған акцептсіз тәртіпте орындалатын өзге төлем құжаттары) төлем құжаттарында көрсетілген барлық соманы алғанға (есептен шығарғанға дейін) Картотекада сақталуы тиіс.

Клиенттің банктік шоттарында (шотында) ақша болмаған немесе жетіспеген жағдайда, Банк Клиенттің банктік шоты (Шоты) бойынша шығыс операцияларын оларды картотекадағы (инкассалық өкімдер, төлем тапсырмалары-талаптары, төлем ордерлері және т.б.) төлем құжаттары бойынша толығымен өтегенге дейін аккумуляциялау арқылы Берешек сомасы шегінде тоқтатуға құқылы.




  1. Карточкалық операцияларды жүргізу тәртібі

6.1. Төлем карточкасы Төлемді жүргізу, сонымен қатар қолма-қол ақша алу, валюталарды айырбастау және Банкпен анықталған шарттармен басқа да операцияларды орындау мақсатында Карточка ұстаушысымен қолданылуы мүмкін.

6.2. Төлем карточкаларын Қазақстан Республикасының аумағында қолданумен карточкалық операциялар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен жүргізіледі.

6.3. Егер төлем бір валютада жүргізілсе, ал Шот басқа валютада жүргізілетін болса, Шоттан ақша алу төлем валютасын шот валютасына айырбастағаннан кейін жүзеге асырылады. Төлем валютасын шот валютасына айырбастау Банктің ішкі ержелеріне сәйкес жүргізіледі. Айырбастау Шоттан ақшаны алу кезінде Банктің валюталарды айырбастау бағамы бойынша жүргізіледі.

6.4. Егер Карточкалық операция Қазақстан Республикасының аумағы шегінде жүргізілетін болса, онда Карточкалық операция МПС ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Банктің МПС-пен есеп-айырысу валютасы Теңге/АҚШ доллар/еуро болып саналады. АҚШ долларынан/Еуродан ерекшеленетін валютада МПС арқылы орындалған Карточкалық операциялар сомасы осы Карточкалық операция бойынша Банкпен есеп-айырысқан күні Төлем жүйесінің белгіленген бағамы бойынша АҚШ долларына/Еуроға айырбасталады.

6.5. Егер Шот АҚШ долларынан/еуродан ерекшеленетін валютада және Карточкалық операция халықаралық төлем жүйесі арқылы жүргізілсе, Банк Шоттан ақшаны алған күні Банкпен бекітілген бағам бойынша АҚШ долларындағы/Еуродағы Карточкалық операция сомасына баламалы Шотты жүргізу валютасында Шоттан соманы акцептсіз тәртіпте алады.

6.6. Орындау үшін төлем құжатын беру және ұсыну тәртібі Банкпен және МПС ережелерімен белгіленеді.

6.7. Банкпен төлем құжатын орындау оны алған күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Банкомат арқылы төлем карточкасын қолданумен салық немесе бюджетке басқа міндетті төлемдерді жүргізу кезінде жасалған төлем құжатының орындалуы оны Банкпен алған күні келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

6.8. Клиент өзінің Шотында Карточкалық операцияны орындауға қажетті ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті. Банктің қалауы бойынша, қажетті ақша сомасын қамтамасыз ету осы Шарттың 11-тарауына сәйкес клиентке ұсынылған Банктің қарызы есебінен жүргізілуі мүмкін.

6.9. Банк Шоттағы ақшаны авторлау сомасы шегінде шектеуге (Шығындар лимитінен шығаруға) құқылы. Карточкалы операциялар бойынша есеп-айырысу үшін Шотта ақшаның жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында, Клиент/Карточка ұстаушысы Банкке шектеген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге Авторлау сомасына ақшаны шектеу (Шығындар лимитінен шығару) өкілеттігін ұсынады. Авторлау сомасы Карточкалық операциялар сомасынан ерекшеленуі мүмкін. Авторлау сомасы осы Шартпен қарастырылған негіздемелер бойынша оны Шоттан есептен шығарғанға дейін немесе Карточкалық операция Авторлау сомасына жүргізілмегендігі туралы растаманы Банкпен алғанға дейін Шығындар лимитінен шығарылады.

6.10. Карточкалық операцияны жүзеге асыру барысында «Интернет-банкинг»/«SMS-банкинг» жүйесінде Карточканың PIN-кодын немесе Авторлау Параметрлерін (Пайдаланушының атын, паролін, Жады сөзін) қолдану – Клиентті/Карточка ұстаушысын сәйкестендіретін факт және Клиентпен/Карточка ұстаушысымен сәйкестендірілетін Карточкалық операцияларды орындау негіздемесі болып табылады. Аталмыш жағдайларда, Клиент/Карточка ұстаушысы сөзсіз тәртіпте жүргізілген Карточкалық операциялар бойынша толық есеп-айырысуды жүргізуге міндетті.

6.11. Карточка ұстаушысы Карточканы үшінші тұлғаларға пайдалану үшін бермеуге, сенімді сақтауға міндетті. Үшінші тұлғаларға Карточканы шектеу үшін өзінің PIN-кодын, Код сөзін, Авторлау параметрлерін жария етпеуге. Клиент/Карточка ұстаушысы жүргізілген Карточкалық операциялар мөлшерінде «Интернет-банкинг»/«SMS-банкинг» жүйелерінде жұмыс істеу үшін Клиентпен/Карточка ұстаушысымен үшінші тұлғаларға PIN-кодты немесе Авторлау параметрлерін жария етпеуге толық жауап береді.

6.12. Карточка ұстаушысы Карточкалық операциялардың жүргізілуін растайтын слиптерді, чектерді және басқа да құжаттарды басқа банктермен реттеуді талап ететін даулы транзакциялар туындаған жағдайда растаушы құжаттар ретінде қолдану үшін Карточкалық операцияларды орындаған күннен бастап 3 айдың ішінде сақтауға міндетті.

6.13. Орындалған Карточкалық операциялар бойынша наразылықтар туындаған кезде, Карточка ұстаушысы Карточкалық операцияны орындаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде растаушы құжаттарды (Слиптер, Чектер және т.б.) міндетті ұсынумен қатар наразылықтарын Банкке ұсынуға міндетті.

6.14. Даулы Карточкалық операциялар бойынша наразылықтар Банкпен Карточкалық операциялар орындалған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша нысанда қабылданады. Басқа жағдайда, орындалған Карточкалық операция – расталған болып саналады, наразылықтардан Банк бас тартуы мүмкін.

6.15. Клиенттің/Карточка ұстаушысының наразылықтары негізді болған жағдайда, Банк жүргізілген тергеу негізінде тиісті Карточкалық операциядан бас тартуы және қайтару мүмкін болған жағдайда, Карточкалық операция сомасын қайтаруы мүмкін. Негізді наразылықтар болған жағдайда, ақша басқа Банктермен және Халықаралық төлем жүйелерінің халықаралық Арбитражымен даулы транзакциялар толық реттелгеннен кейін Клиент Шотына қалпына келтіріледі.

6.16. Банк банкоматтарында орындалған даулы Карточкалық операциялар бойынша наразылықтар қолма-қол ақшаны бермеу себебін анықтағаннан кейін және банкоматты қайта инкассалаудан нәтижелері бойынша қаралуға жатады.

6.17. Клиент/Карточка ұстаушысы Банкке негізсіз нарызылық білдіргені үшін жауап береді. Клиент/Карточка ұстаушысы тарапынан негізсіз наразылықтар ұсынылған жағдайда, Халықаралық төлем жүйесінің Арбитражында даулы транзакциян,ы қарау құны, сонымен қатар растаушы құжаттардың көшірмелерін ұсыну құны Клиенттің шотынан акцептсіз тәртіпте ұсталынады.

6.18. Клиент/карточка ұстаушысы, егер Банкпен осы әрекеттер Карточка ұстаушысының кінәсі және/немесе бастамасы бойынша жасалған деп танылса, алумен, шектеумен, Тоқтату-парағына енгізумен байланысты Карточкалар бойынша барлық шығындарды Банкке қайтаруға.

6.19. Карточканы Карточка ұстаушысы алаяқтықтың тәуекелі жоғары Елде қолданған жағдайда, карточка ұстаушысы Карточканы алаяқтықтың тәуекелі жоғары Елде қолданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде Карточканы қайта шығару үшін Банкке хабарласуға міндеттенеді. Аталмыш талапты сақтамаған жағдайда және осыған байланысты осы Карточка бойынша алаяқтық Карточкалық операциялар туындаған кезде, Банктің барлық шығындары, сонымен қатар Банкке келтірілген зиян Карточка ұстаушысына жіберілген Банктің жазбаша талаптарында көрсетілген мерзім ішінде Карточка ұстаушысымен шартсыз тәртіпте өтелуге жатады. Алаяқтық тәуекелі жоғары елдердің тізімі осы Шарттың №2 Қосымшасында көрсетілген.

6.20. Карточка ұстаушысы осы Шарттың талаптарын бұзумен оның Шоты бойынша берілген барлық Карточкаларды пайдаланғаны үшін Банк алдында толық материалдық жауап беруге міндеттенеді.




  1. Шот бойынша операцияларды жүргізу тәртібі

7.1. Шотты ақшалай толықтыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Клиентпен/Карточка ұстаушысымен немесе үшінші тұлғалармен қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз Шотқа аудару арқылы жүргізіледі. Банк тиісті деректемелерді көрсетіп, Шотқа Карточка ұстаушының пайдасына Банкке түскен ақшаны Банкпен барлық қажетті құжаттарды алған және Ұстаушымен деректемелерді дұрыс көрсеткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде есептейді.

7.2. Осы арқылы Клиент Банкке Клиентің/Карточка ұстаушының пайдасына Банкке түскен ақшаны Шотты жүргізу валютасынан ерекшеленетін валютаға айырбастауға және айырбасталған ақша сомасын оның шотына одан әрі есептеуге құқық береді. Айырбастау айырбастауды орындау кезінде Банкпен белгіленген бағам бойынша жүргізіледі. Айырбастауды жүргізу үшін Банктің қолданыстағы айырбастау тарифтеріне сәйкес Банкпен комиссия ұсталады.

7.3. Клиенттің сұрауы бойынша Банк Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссияларды қолданумен сұралатын кезең үшін шот бойынша үзіндіні ұсынады.

7.4. Клиент Шот күйін тұрақты бақылауға (айына бір рет) міндеттенеді.

7.5. Клиенттің Шотаны ақша қате есептелген жағдайда немесе Банкомат арқылы Карточканы қолданумен Карточка ұстаушысымен сұралған және Банкоматтың бақылаулы чегінде көрсетілген (осындай қате есептеудің/алудың себептеріне қарамастан) ақша сомасынан артық ақшаны алған жағдайда .63. ????вания отделтдельных типов пределами и организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций как на терри, Клиент банктік шот бойынша үзінділерді алған күннен бастап немесе қате есептелген/алынған ақшаны қайтару туралы тиісті хабарламаны Банкпен жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде Банкке ақшаны қайтаруға міндетті.


  1. Лимиттер және шектеулер

8.1. Банк Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына қайшы келмейтін оларға берілген төлем карточкаларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын төлем сомасына шектеу қоюға құқылы.

8.2. Карточкалардың барлық түрлері/типтері бойынша, Банк қолма-қол ақшасыз Шот бойынша шығыс операцияларын жасау және 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде қолма-қол ақшаны алу үшін күндізгі Лимитті белгілейді, соның ішінде:



  • Visa Virtuon түрдегі Карточка ұстаушысымен Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз операцияларды орындау кезінде күніне 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде шектеу белгіленеді;

  • Карточка ұстаушысымен «Business», «Gold», «Platinum» Карточкалары бойынша Банкомат және Банк бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшаны алған кезде – күніне 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде шектеу белгіленеді;

  • Карточка ұстаушысымен «Classic», «Business Electron» Карточкалары бойынша Банкомат және Банк бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшаны алған кезде - күніне 400 000 (төрт жүз мың) теңге мөлшерінде шектеу белгіленеді;

  • Карточка ұстаушысымен «Electron», «Maestro» Карточкалары бойынша Банкомат және Банк бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшаны алған кезде - күніне 350 000 (үш жүз елу мың) теңге мөлшерінде шектеу белгіленеді.

8.3. Клиент лимиттің болжамды өзгеру күніне дейін 5 (бес) жұмыс күн бұрын қолма-қол ақшаны алу және/немесе Карточка бойынша қолма-қол ақшасыз шығыс операцияларын жүргізу лимитінің өзгергендігі жөнінде Банкке өтініш беруге құқылы.

8.4. Банк Клиентпен/Карточка ұстаушысымен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін операцияларды жүзеге асыру үшін Карточканы қолдануды анықтаған жағдайда, қолма-қол ақшаның лимитін арттырудан бас тартуға құқылы.

8.5. Клиентке/Карточка ұстаушысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен (соның ішінде келген елдің заңнамасымен) тыйым салынған тауарларды және қызметтерді сатып алуды қоса алғанда, заңға қарсы мақсаттарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (соның ішінде, келген елдің заңнамасына) Карточканы қолданумен жүргізілмейтін операцияларды жүзеге асыру үшін Карточканы пайдалануға тыйым салынады.

8.6. Клиент қосымша Карточка Ұстаушысымен Шот бойынша ақшаны қолдану лимитін белгілеуге құқылы.

8.7. Клиентпен Қосымша карточка ұстаушысынан және/немесе олардың уәкілетті тұлғаларынан шығатын қосымша Карточка ұстаушысы үшін белгіленген шектеулерді өзгертуге сұрау - Клиенттен белгіленген нысандағы Өтінішті алмаған жағдайда, Банкпен қарастырылмайды.
9. Карточканы шектеу

9.1. Карточканы шектеу жүргізіледі:



  • Шотта орналастырылған ақшаларға шектеу қоймау – Карточка тоналған/жоғалған жағдайда, сонымен қатар Шотқа/Карточкаға үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жектізуі кезінде, Клиенттің/Карточка ұстаушысының ауызша, кейін жазбаша өтініштері негізінде;

  • Шотта орналасқан ақшаға шектеу белгілеумен – Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған процедураларға сәйкес және/немесе осы Шартпен қарастырылған өзге жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы шешімдері/қаулылары негізінде.

9.2. Банк келесі жағдайларда Карточканы шектеуге және/немесе Клиенттің/Карточка ұстаушысының «Интернет-банкинг»/«SMS-банкинг» жүйесіне кіруіне шектеу белгілеуге құқылы:

  • Клиентпен/Карточка ұстаушысымен осы Шарттың ережелерін және/немесе Карточканы қолдану ережелерін бұзған жағдайда;

  • Клиент/Карточка ұстаушысына зиян келтіруі мүмкін жағдайлар болған жағдайда;

  • Клиентпен/Карточка ұстаушысымен Банкпен берілген кез келген Кредит бойынша Овердрафттарды және кез келген Берешекті, Карточка ұстаушысымен Берешек туындаған күннен бастап берешек сомасын, өтеу, қайтару немесе төлеу сомасын Банкпен толық акцептсіз алғанға дейін өтемеген жағдайда, Карточка ұстаушысымен Банк пен Карточка ұстаушысы арасында жасалған кез келген өзге шартты орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда. Осыған байланысты Карточка ұстаушысы Банкпен жасалған кез келген шарттарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, Карточка ұстаушысына Банкпен карточканы шектеу туралы алдын ала жазбаша хабарлау және ақшаны акцептсіз алу талап етілмейді.

  • Рұқсатсыз Карточкалық операцияларды үшінші тұлғалармен жүргізу қауіптілігі туындаған жағдайда;

  • Карточка және/немесе Шот алаяқтық операцияларды орындау, ақшаны заңдастыру (жымқыру) және/немесе ланкестік және/немесе заңға қарсы қызметтерді қаржыландыру үшін жеткілікті күмәндердің болуы;

  • Осы Шарт бойынша операцияларды шектейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу.

9.3. Клиент/Карточка ұстаушысы сол немесе өзге Карточкалық операциялардың заңдылық дәрежесін (Клиенттің/Карточка ұстаушысының қатысуын немесе қатыспауын) анықтау үшін олармен Банктің оперативтік байланысу мүмкіндік қамтамасыз етуге міндетті.

9.4. Клиент/Карточка ұстаушысы жоғалған/ұрланған Карточканың дер кезінде хабарламау/ішінара шектеу салдары үшін тәуекелді және жауапкершілікті көтереді және Карточканы шектеу күшіне енгенге дейін орындалған Карточкалық операциялар үшін тәуекелді және жауапкершілікті көтеретіндігіне келіседі. Ішінара шектеу деп Карточка ұстаушысының «Classic», «Business», «Gold», «Platinum» түрдегі жоғалған/ұрланған Карточкалардың деректемелерін Тоқтату-парағына енгізуден бас тартуы болып табылады.

9.5. Жоғалған ретінде жарияланған Карточка табылған жағдайда, Карточка ұстаушысы осы туралы Банкке жедел хабарлауға, сосын Карточканы Банкке қайтаруға міндетті.

9.6. Клиент/Карточка ұстаушысы, егер өзге әрекеттер Банкпен Карточка ұстаушысының кінәсінен орындалған болса, Карточканы алумен, шектеумен, Тоқтату-парағына енгізумен байланысты барлық шығындарды Банкке шартсыз тәртіпте қайтаруға міндетті.

9.7. Карточка ұстаушысымен жоғалған/ұрланған/уәкілетті емес тұлғамен пайдаланылған деп бұрын жарияланған Карточканы шектеу тиісті жазбаша өтініш негізінде Банкпен жүргізіледі. Тоқтату-парағына енгізілген Карточкалардың бұғатталуы ашылуға жатпайды.

10. Кредит ұсыну/Кредиттік лимитті белгілеу

10.1. Банк Клиентке (Заемшыға) жеке банктік шот ашуға, кәсіпкерлікті қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға банктік заем ұсынуға және Клиентке, Карточка ұстаушысына Кредиттік лимитті белгілеумен төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етушілік шарттармен Кредиттік карточканы шығаруға құқылы.

10.2. Кредиттік лимитті белгілеу Клиенттің (Заемшының) тиісті өтінішін қарағаннан кейін және банкпен Кредиттік лимитті ұсыну туралы оң шешім қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

10.3.Кредиттеу шарттары Банктік заем шарттарында және/немесе осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Банкпен қабылданған Клиенттің (Заемшының) тиісті өтініштерінде көрсетіледі.



Кредиттеу шарттары (Банкпен Банктік заем шарты жасалмаған жағдайда):

10.4. Сыйақы Кредитті нақты пайдаланған күндер санына сүйеніп, кредитті пайдаланған бірінші күнді және өтейтін күнді алып тастағанда, бір жылдағы 360 күнге сәйкес есептеледі.

10.5. Оверлимит туындаған жағдайда - оверлимит сомасына осы берешек түрі туындаған күннен бастап сыйақы есептеледі.

10.6. Биллинг Клиенттің (Заемшының) Өтінішінде көрсетілген күні немесе Шотты ашқан күні Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде ай сайын жүргізіледі, осыған байланысты қол жетімді кредиттік лимит есептелген сыйақы сомасына азайтылады. Егер биллинг күні осы айда жоқ күнге сәйкес келсе, онда Биллинг осы айдың соңғы күні жүргізіледі.

10.7. Пайдаланылған Кредит бойынша сыйақыны қосымша есептеу келесі жағдайларда жүргізіледі:


  • Соңғы биллинг күннен немесе кредит бойынша берешекті толығымен немесе ішінара соңғы өтеу күнінен бастап ағымдағы күнге дейінгі кезең үшін әрбір айдың соңғы операциялық күні.

  • Соңғы биллинг күннен немесе ағымдағы күнге дейінгі соңғы операциялық күнгі кезең үшін кредит бойынша берешекті толығымен немесе ішінара өтеу күні.

Осыған байланысты сыйақыны капиталдау жүргізілмейді. Қол жетімді кредиттік лимит сомасы қосымша есептелген сыйақы сомасына азайтылады.

10.8. Кредитті өтеу, Кредит бойынша сыйақы және комиссия төлеу (әрі қарай – Берешекті өтеу), соңғы Биллинг күннен бастап өтеу күніне дейін (қоса есептегенде) қосымша есептелген сыйақы мөлшерінде + соңғы биллинг күнінде есптелген ЕП мөлшері Биллинг күнінен кейінгі Жеңілдікті кезеңде ай сайын Клиентпен (Заемшымен) жүзеге асырылады. Егер Клиент (Заемшы) оған ұсынылған Жеңілдікті кезеңде Кредит бойынша берешекті қайтармаса, Банк Жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейінгі келесі күннен бастап берешекті нақты өтеген күнге дейінгі сыйақының екі еселенген ставкасы мөлшерінде мерзімін кешіктірген үшін айыппұл есептейді.

10.9. Берешекті өтеу есебіне Клиентпен (Заемшымен) төленетін ақша сомалары Банкпен келесі кезектілікте берешекті өтеуге жіберіледі:


  • Айыппұлдарды өтеу (болған жағдайда);

  • погашение оверлимитті өтеу (болған жағдайда);

  • мерзімі кешіктірілген берешекті өтеу (болған жағдайда);

  • жылдық қызмет көрсету үшін комиссияны өтеу және басқа қызметтер (болған жағдайда);

  • өтеу күнінде Кредит бойынша есептелген сыйақыны өтеу (қоса есептегенде);

  • Кредитті өтеу.

10.10. Клиент (Заемшы) ЕП сомасынан артық мөлшерде ақша сомасын енгізген жағдайда – Шарттың 10.9 тармағымен қарастырылған тәртіпте Кредитті мерзімінен бұрын өтеу жүргізіледі немесе Кредиттік лимит бойынша берешек болмаған жағдайда, осы сома (сома бөлігі) Шотта аккумуляцияланады.

10.11. Берешекті өтеу кезінде қол жетімді Кредиттік лимит мөлшері өтелген Кредит сомасына қалпына келтіріледі.

10.12. Берешекті мерзімінен бұрын өтеу кез келген уақытта Клиентпен (Заемшымен) жүзеге асырылуы мүмкін. Биллинг мерзімі туындағанға дейін Заемшымен шотқа ақша енгізу ай сайын өтеу үшін белгіленген тәртіпке әсер етпейтін Кредитті мерзімінен бұрын өтеу болып табылады.

10.13. Кредит бойынша берешекті өтеу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:



  • Банк кассасы, қолма-қол ақшаны қабылдау (Cash In) функциясымен банкоматтары, «Cash&Pay» төлемдік терминалдар арқылы Шотты қолма-қол ақшамен толықтыру;

  • Шотқа қолма-қол ақшасыз аудару;

  • Клиенттің Өтінішінде (болған жағдайда) көрсетілген Клиенттің (Заемшының) банктік шотын Банкпен (Кредитормен) Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Шарт бойынша берешек сомасы шегінде тікелей дебеттеу.

10.14. Клиент (Заемшы) Банкпен жасалған Кредит беру шарттарында/кез келген өтініштерде көрсетілген мерзімде Кредиттерді қайтаруға, Банктің есептелген сыйақысын төлеуге, сонымен қатар сыйақыны және Кредиттерді төлеу мерзімін кешіктіргені үшін Банкпен есептелген сыйақыны төлеуге міндетті.

10.15. Кредиттік лимиттің соңғы күнінен кешіктірмей Клиент (Заемшы) Кредит бойынша барлық берешек сомасын төлеуге міндетті. Овердрафт туындаған жағдайда, берешек сомасы толық көлемде өтеуге жатады.

10.16. Осы Шартпен белгіленген тәртіпте кез келген негіздемелер бойынша Берешекті өтеу мүмкін болмаған жағдайда, Клиент (Заемшы) Кредиторға алдын ала жазбаша хабарлаумен қолма-қол ақшаны қолдану немесе Банк пайдасына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы Берешекті өтеуге міндетті.

10.17. Клиент (Заемшы) Кредитті қайтармаған және/немесе қайтару мерзімін кешіктірген жағдайда, сонымен қатар Клиенттің (Заемшының) төлеу қабілеттілігіне қауіп туындаған жағдайларда, Банк онымен жасалған Кредит беру шарттарына/кез келген өтініштерге Қосымша келісімдерге қол қоймастан мерзімінен бұрын және бір жақты тәртіпте, Клиенттің (Заемшының) берешекті өтеуге ақшасы болмаған немесе олардың түсу келешегі болмаған жағдайда; Клиент (Заемшы) сот процесіне тартылғанда; Клиенттің (Заемшының) мүлкі тәркіленгенде немес өндіріп алу айналысына жіберілілгенде (немесе оған нақты қауіп туындағанда); Клиенттің (Заемшының) өтініштері және кепілдіктері жармсыз болғанда; Қамтамасыз етуді ұсынадын бас тартқанда; Қамтамасыз ету (егер болса) бүлінген/жойылған/жоғалған немесе осыған нақты қауіп туындаған жағдайда; Клиентпен (Заемшымен) Шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті түрде орындалмаған жағдайда; Кредитті мақсатсыз пайдаланған жағдайда:



  • Клиенттің (Заемшының) берешек сомасын (ішінара/толық көлемде) өндіріп алуға ұсынуға;

  • Қамтамасыз етуді (болған жағдайда) өндіріп алу айналысына жіберуге;

  • Қол жетімді Кредиттік лимит сомасын шектеуге, азайтуға және/немесе жоюға;

  • Осы Шарттың 10.23 т. сәйкес Кредиттік лимит бойынша сыйақының мөлшерін өзгертуге;

  • Мерзімдерін және Кредиттік лимит бойынша өзге маңызды шарттарды қайта қарауға.

  • кез келген банктердегі және Қазақстан Республикасының банктік емес ұйымдардағы Клиенттің кез келген банктік шоттарынан, Клиенттің (Заемшының) қосымша келісімінсіз Клиентпен (Заемшымен) Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаумен байланысты берешек сомасын акцептсіз тәртіпте алуға;

  • Клиентпен (Заемшымен) осы Шарттың талаптарын орындамаған жағдайда, кепілгерге (болған жағдайда) тиісті талаптар ұсынуға.

10.18. Клиенттің (Заемшының) Банктік шоттарынан Кредиттік лимит валютасынан ерекшеленетін валютада ақшаны алған жағдайда, Банк Банктің ресми тарифтеріне сәйкес белгіленген комиссияларды алумен, ақшаны алу мерзімінде белгіленген банкішілік бағам бойынша алынатын ақшаны айырбастайды.

10.19. Клиенттің (Заемшының) банктік шоттарында ақша жеткіліксіз болған жағдайда, Кредитті қайтару, оны пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу және төленген комиссияларды, айыппұлдарды төлеу үшін Клиенттің (Заемшының) қайда жүргеніне және қалай бағаланғанына қарамастан оның өзге мүлкін өндіріп алуға құқылы.

10.20. Банк бір жақты тәртіпте Клиентке (Заемшыға) алдын ала хабарлаумен Кредит бойынша сыйақы ставкасын ұлғайту жағына өзгертуге құқылы:


  • Осы Шартқа 2008 жылғы 24 қазанға дейін қосылған жағдайда – 2011 жылғы 24 қарашадан кейін;

  • Осы Шартқа 2008 жылғы 24 қазаннан кейін қосылған жағдайда – егер өзгесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылмаса, осы Шартқа қосылған сәттен бастап 3 (үш) жылдың ішінде.

10.21. Клиентке (Заемшыға) кредиттеу шарттарына өзгерістер енгізу туралы алдын ала хабарлау, соның ішінде Кредит бойынша сыйақы ставкасын өзгерту кезінде карточканы қайта шығару үшін Клиенттің (Заемшының) келуі Банкке бойынша жүзеге асырылады.

10.22. Клиент (Заемшы) кредиттік бюродағы Деректер базасына ұсынуға өзінің келісімін берді: заемшы ретінде өзі туралы мәліметтер; заемшы туралы кредиттік есеп беруге; жасалатын мәміле; заемшымен шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындаумен байланысты ақпараттарды; ұсынылуы кредиттік бюро және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы заңнамада қарастырылған өзге мәліметтерді.

10.23. Банктің талабы бойынша, Клиент (Заемшы) Кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.

10.24. Банкпен кредиттеу шарттары бір жақты тәртіпте өзгертілген жағдайда, Клиент (Заемшы) жаңа шарттарды қабылдауға құқылы немесе жазбаша нысанда енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға, бұрын жасалған Шарт ережелері бойынша кредитті нақты пайдаланғаны үшін сыйақыны төлеумен (мүдде) кредитті мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

10.25. Банк Клиенттің мекенжайына кез келген хабарламалардың қажеттілігін және оларды жіберу тәсілдерін дербес анықтайды. Осы арқылы Клиент (Заемшы) хабарламада көрсетілген және/немесе телефон бойынша берілген ақпарат (соның ішінде банктік құпияны сақтайтын мәлімет) жіберу тәсіліне қарамастан кез келген үшінші тұлғамен белгілі болуына келісімін береді. Осыған байланысты Клиент (Заемшы) хабарламада көрсетілген ақпарат үшінші тұлғаға қол жетімді және белгілі болған жағдайда, банкке қандай да бір наразылықтар қоймайды.
11. Овердрафт

11.1. Банк Клиентке/Карточка ұстаушысына Овердрафт ұсынуға және Клиенттің Шотындағы ақша қалдығының сомасынан жоғары Шот бойынша шығыс операцияларына жол беруге құқылы.

11.2. Овердрафт айырбастау операцияларын орындау кезінде бағамдық айырмашылықтар есебінен; Classic жоғары және басқа карточкалар бойынша авторлаусыз Шот бойынша транзакциялар белгіленген жағдайда туындауы мүмкін.

11.3. Ұсынылған Овердрафт үшін, Банк Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Овердрафтты пайдалану үшін сыйақыны төлеуді талап етуге құқылы.

11.4. Клиент/Карточка ұстаушысы овердрафт туындаған күннен бастап оны 10 (он) күннің ішінде Шотқа ақшаны енгізу арқылы толығымен өтеуге міндеттенеді.

11.5. Овердрафтты Клиент/Карточка ұстаушысы қайтармаған жағдайда, овердрафт туындаған күннен бастап 10 күннің ішінде Банк Карточка ұстаушысына қатысты берешекті өтеу бойынша келесі шараларды қабылдайды:



  • Осы Шарттың 5.6 тармағымен қарастырылған тәртіпте Клиенттің Шотынан және/немесе Банктегі Клиенттің кез келген банктік шоттарынан акцептсіз тәртіпте, сонымен қатар ҚР аумағындағы, сондай-ақ, одан тыс жерлерде әрекет ететін басқа банктерде ашылған Клиенттің банктік шоттарынан төлемдік талаптарын ұсыну арқылы Овердрафт бойынша берешек сомасын алуға, ал банктік шоттарда ақша жеткіліксіз немесе болмаған жағдайда – Банк банктік шоттарға түскен ақшадан Овердрафт бойынша берешек сомасын акцептсіз тәртіпте алуға;

  • жіберіп алған Овердрафтты және есептелген өсімпұл сомасын өтеу туралы сотқа шағымдануға.


12. Банкпен көрсетілетін қосымша қызметтер

12.1. Банк Банкпен белгіленген шарттар Клиентпен/Карточка ұстаушысымен сақталған жағдайда, осы Шарт бойынша Клиентке/Карточка ұстаушысына келесі қосымша қызметтер тізімін ұсынуға құқылы:

12.1.1. «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін;

12.1.2. Карточка ұстаушысының жазбаша тиісті Өтініші негізінде «SMS-банкинг» жүйесінің қызметтерін;

12.1.3. Банкоматтар және Банктің төлемдік терминалдар арқылы Банкпен ұсынылатын өзге қызметтер.

Жоғарыда аталған қызметтер тізімі осымен шектелмейді және Банкпен жаңа қосымша банктік қызметтерді толықтыру кезінде Банкпен бір жақты тәртіпте толықтырылуы мүмкін.


12.2. « SMS-банкинг» жүйесінің қызметтері

12.2.1. Клиент/ Карточка ұстаушысы Банкке тиісті Өтінішті (осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын) ұсыну арқылы оның Карточкасы/лары бойынша операциялар жүргізу туралы хабарлайтын SMS-мәліметтерді өзінің ұялы телефонына алу үшін, сонымен қатар SMS-сұраулар жіберу үшін «SMS-банкинг» банктік қызметіне қосылуға құқылы. Қол жетімді SMS-сұраулар тізімін Банктің ресми сайтынан: www.bta.kz, www.btanetwork.kz дистанционды банктік қызмет көрсету сайтынан, сонымен қатар Банктің бөлімшелерінен алуға болады.

12.2.2. Банк Клиенттің Шотынан ақшаны акцептсіз алу арқылы Банкпен белгіленген Тарифтерге сәйкес «SMS-банкинг» қызметін пайдаланғаны үшін ай сайын төлемақы алады.

12.2.3. Карточка ұстаушысы Карточканың қолданылу мерзімі аяқталғанға 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Карточканың қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы ескертетін SMS-мәлімет алады.



      1. Таңдап алынған қызмет түрлері Карточка ұстаушысының Өтінішінде көрсетіледі.

12.2.5. «SMS-банкинг» қызметіне жалғанған кезде Карточка ұстаушысы Шотқа ашылған барлық Карточкалар бойынша СМС-мәліметтер алады. Қосымша карточка ұстаушысының қызметіне қосылу Клиенттің Банкке өзінің келуі кезінде ұсынылған жазбаша рұқсаты негізінде мүмкін болады.

12.2.6. Шығыс операциялары бойынша мәтіндік мәліметте жүргізілген операциялардың ұсақ-түйектері көрсетіледі:



  • Операция сомасы және валютасы;

  • Операцияның мекенжайы, уақыты мен күні;

  • Карточка нөмірінің соңғы төрт саны;

  • Операция мәртебесі.

12.2.7. Кіріс операциялары бойынша мәтіндік мәліметте жүргізілген операциялар толығымен көрсетіледі:

  • Операция сомасы және валютасы;

  • Операция күні және уақыты;

  • Клиенттің Шот нөмірінің соңғы 4 саны.

12.2.8. Клиент/Карточка ұстаушысы, Банкке «SMS-банкинг» жүйесіне қосылу үшін Өтініш бере отырып, Банкке өзі келіп, Карточка ұстаушысының оның карточкасы/лары бойынша операциялар туралы ұялы телефонына СМС-мәліметтерді Банкпен жіберуге, Карточка ұстаушысының банктік операциялары, Шоттағы ақша қозғалысы туралы банктік құпия үшінші тұлғаларға, телекоммуникациялық байланыс қызметкерлеріне және басқа тұлаларға белгілі болуына ресми жазбаша келісімін береді.

12.2.9. Алынған СМС-мәліметтер бойынша үзінділер Клиенттің/Карточка ұстаушысының талабы бойынша Банкпен ұсынылуы мүмкін.

12.2.10. Карточка ұстаушысының тұрғылықты мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, Шот нөмірі өзгерген жағдайда, Карточка ұстаушысы Банкке осы туралы жазбаша нысанда хабарлауы тиіс.

12.2.11. Банк Карточка ұстаушылары арасында жарнамалық-ақпараттық СМС-мәліметтерді жаппай жіберуге құқылы. Карточка ұстаушысынан осындай мәліметтерді ұсыну үшін төлем алынбайды.

12.2.12. Карточка ұстаушысы «SMS-банкингті» пайдаланудан бас тартқан жағдайда, Карточка ұстаушысын бас тартудың болжамды күніне дейін 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей жазбаша ескертуге міндетті.

12.2.13. Клиент/Карточка ұстаушысы ұялы телефонын жоғалтқан/ұрлатқан жағдайда, «SMS-банкинг» қызметтерін шектеу үшін Банктің көмегіне жедел түрде жүгінуге міндетті. Банк ұялы телефон ұрланған/жоғалған жағдайда, Клиенттің Банктің Байланыс орталығына қоңырау шалуы бойынша қызметтерді шектегенге дейін алаяқтық және басқа әрекеттер салдарынан банктік құпияны құрайтын мәліметтердің үшінші тұлғаларға таралуы үшін жауап бермейді.

12.2.14. Карточка ұстаушысында ерекше жағдайлар туындаған кезде, Клиент/Карточка ұстаушысы аталмыш қызметке жазылған барлық телефон нөмірлері бойынша, бірақ 30 (отыз) күнтізбелік күннен артық емес және 12 (он екі) айдың ішінде бір реттен жиі емес «SMS-банкинг» қызметтерін уақытша шектеуге құқылы. Шектеудің уақытша мерзімі аяқталғаннан кейін Карточка ұстаушысына алдын ала хабарламастан «SMS-банкинг» қызметтерін ұсынуды қалпына келтіруге құқылы.
12.3. «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтері

12.3.1. «Интернет-банкинг» жүйесі – Интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдаланумен Клиенттерге өзіне-өзі дистанционды банктік қызмет көрсету жүйесі. «Интернет-банкинг» жүйесі http://my.bta.kz мекенжайы бойынша Клиенттер/Карточка ұстаушылары үшін қол жетімді және қашықтан кіру және өзінің банктік шоттарын басқару мүмкіндігін ұсынады.

12.3.2. «Интернет-банкинг» жүйесі Клиентке мүмкіндік береді:


  • Барлық өзінің банктік шоттарының (ағымдағы, жинақтау) күйін бақылау;

  • Ұялы байланыс операторларының, кабельдік телевизия, телефония қызметтерін төлеу;

  • Карточкалық аударымдар жасау (банкішілік);

  • Ипотекалық кредиттеу бойынша төлемдер жүргізу;

  • Интернетке кіру, қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін төлеу үшін алдын ала төлем жүргізу Карточкаларымен сауда жасау;

  • Коммуналдық төлемлерді төлеу (Алматы қ. бойынша);

  • Таңдап алынған банктік шоттың күйі және ол бойынша қозғалыстар туралы үзіндіні өзінің электрондық мекенжайына жіберу;

  • «Интернет-банкинг» жүйесінің Қолдау қызметі менеджерінің білікті көмегін алу.

12.3.3. Банк кез келген уақытта жоғарыда ұсынылған қызметтер тізімін толықтыруға құқылы. Банк Карточка ұстаушысының электрондық мекенжайына тиісті мәліметтер жіберу арқылы жаңа сервистер жіберу туралы хабарламаны жібереді, сонымен қатар Карточка ұстаушысына осы Шартпен бекітілген өзге тәсілдермен хабарлайды.

12.3.4. «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтері http://my.bta.kz мекенжайы бойынша тіркеуден өткеннен кейін Клиентке пайдалану үшін қол жетімді болады: оны банктік жүйеде сәйкестендіру және жүйеде авторлау Параметрлері (Пайдаланушының аты, Паролі және Жады сөзі) көрсетілетін электрондық тіркеу нысандарын толтыру. «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін ұсыну тәртібі және ережелері Клиент пен Банк арасында жасалатын Пайдаланушы келісімімен реттеледі.

12.3.6. Банк Карточкалық операцияларды жүргізген кезде Клиенттің шотынан ақшаны акцептсіз алу арқылы Банкпен бекітілген тарифтерге сәйкес «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы аударымдарды және төлемдерді жүргізу және өзге қызметтер көрсету үшін төлем алады.

12.3.7. Авторлау параметрлерін (Пайдаланушының атын, Парольді және Жады сөзін) дұрыс терумен куәландырылған Карточкалық операциялар Карточка деректемелерін қолданумен жүзеге асырылған Карточкалық операциялар болып табылады.

12.3.8. Карточка ұстаушысы Авторлау параметрлерін (Пайдаланушының атын, Парольді және Жады сөзін) дұрыс терумен куәландырылған Карточкалық операциялар орындалғанға дейін Банкке жүйеге кіруді шектеу туралы өтініш жіберілмеген жағдайда, Карточкалық операциялар бойынша шартсыз есептесуге міндеттенеді.

12.3.9. Банкпен «Интернет-банкинг» жүйесінде жүйе пайдаланушысы болып табылатын Клиент үшін оның бірнеше Карточкалардың иесі екендігіне қарамастан, ақшаны жұмсаудың айлық лимиті белгіленеді. «Интернет-банкинг» жүйесін қолданумен Карточкалық операцияларды жүргізуді шектеу айына 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды.

12.3.10. Банк «Интернет-банкинг» жүйесінің пайдаланушысы болып табылатын Клиенттің электрондық мекенжайына жарнамалық-ақпараттық мәліметтерді жаппай жіберуге құқылы.

12.3.11. Клиент «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін пайдаланудан бас тартқан жағдайда, Клиент Банктің ресми сайтында жарияланған телефондар бойынша «Интернет-банкинг» жүйесін қолдау қызметіне қоңырау шалуға немесе Банкке тиісті жазбаша өтініш беруге міндетті.


12.4. Банкоматтар дәне Банктің төлемдік терминалдары арқылы ұсынылатын қызметтер
12.4.1. Карточка ұстаушысы Банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаны, ақша қалдығы туралы ақпарат алуға, сонымен қатар Банкоматтар және Банктің төлемдік терминалдары арқылы төлемдер және аударымдарды жүзеге асыруға құқылы. Банкоматтар және төлемдік терминалдар арқылы жүргізілетін операциялар тізбесі Банкпен дербес анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет