«Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ » атты өзге ұлт өкілдері арасындағы облыстық Абай оқулары байқауы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 29 мамырында «Шалқыма» концерттік залында «Мақсұтым – тіл ұстартып



жүктеу 19.07 Kb.
Дата10.06.2016
өлшемі19.07 Kb.

«Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты өзге ұлт өкілдері арасындағы облыстық Абай оқулары байқауы
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 29 мамырында «Шалқыма» концерттік залында «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты өзге ұлт өкілдері арасындағы облыстық Абай


Оқулары байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту, өзге ұлт өкілдеріне Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас-ынтасын жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру, қазақ тілінің көркемділігін, бай қорын Абай шығармалары арқылы насихаттау, Абай шығармалары негізінде қоғамдық ынтымақтастықты арттыру, Абай шығармаларының өзге ұлт тілдеріне аударылған нұсқаларын таныту, Абай шығармаларын оқу арқылы көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау, Абай шығармаларын оқуды тіл үйренудің озық әдістемесі ретінде насихаттау, тарату болды.



Байқауға мемлекеттік тілді жетік білетін 18-30 жас аралығындағы 14 өзге ұлт өкілдерінің жастары қатысты. Байқауға қатысушылардың көркем оқу шеберлігіне баса назар аударылды. Байқаудың шарты бойынша үміткерлер Абай шығармаларын (поэзия, проза) қазақ тілінде жатқа оқуға және Абай шығармаларын (поэзия, проза) өз ана тілінде жатқа оқуға (қазақ тілінде де, өз ана тілінде де саны шектелді) тиісті болды. Онан соң, Абай әндерін орындаудағы әншілік өнер бағаланды. Әр үміткер 1 әннен орындады.

Облыстық байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне, әнді орындау мәнеріне, сахналық мәдениетіне назар аударды. Байқау барысында залдағы көрермендердің Абай шығармаларын қаншалықты меңгергендіктерін анықтау мақсатында Абай өлеңдерін оқуға және әндерін орындауға байқау жарияланды. Ортаға шығып, өз өнерлерін көрсеткен көрермендер сыйлықтармен марапатталды.



Қарағанды экономикалық университетінің ІІІ курс студенті А.Коньков бас жүлдені жеңіп алып, байқау жеңімпазы атанып, республикалық байқауға жолдама алды. ІІ дәрежелі дипломмен Нұра ауданынан келген В.Паскеева, ал ІІІ дәрежелі дипломмен Абай ауданынан келген З.Орлова марапатталды. Ынталандыру сыйлықтарына Қарағанды политехникалық колледжінің студенті М.Ентальцев, Балқаш қаласының Орталық Қазақстан технология және менеджмент институтының студенті Я.Березнева Я және Қарағанды қаласының медициналық колледжінің студенті Д.Путятина ие болды. Қалған қатысушы үміткерлер алғыс хаттармен марапатталды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет