Мақта өнімін өңдеуші құрылымдарды реттеудің шетелдік тәжірибесі А. Ш.Құралбаева, Тлегенов Канат М.Әуезов атындағы ОҚМУ



жүктеу 94.94 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі94.94 Kb.
Мақта өнімін өңдеуші құрылымдарды реттеудің шетелдік тәжірибесі
А.Ш.Құралбаева, Тлегенов Канат

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Қазақстан үшін дамыған батыс елдерінін арасында Францияның агроөнеркәсіптік кешенді басқару тәжірибесінің мәні ерекше зор. Өйткені, Францияда орталықтандырылған әкімшілік басқару әдістері мен жақсы нарықтық механизмі бар аграрлық нарықты мемлекеттік реттеу жүйесі едәуір оңтайлы ұштастырылған. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі табиғи-климаттық шарттарды ескеретін нақты аймақтық мамандануға негізделген. Фермерлік шаруашылықтар (шаруа қожалықтары) өз өнімдерін дайындаушы және өңдеуші орындарға жеткізу қызметінен босатылған.

Франция ауыл шаруашылығының негізін отбасы қожалықтары кұрайды. 1997-2000 ж.ж. аралығында өндірістік шоғырлану мен мамандану үрдісінің күшеюі нәтижесінде фермерлік шаруашылықтардын саны 40,2 %-ға (1,1 млн- нан 721 мыңға дейін) азайып, ауыл шаруашылық жерлердін ауданы бойынша орташа көлемі 19-дан 39,1 га-ға дейін үлғайған.

Францияның ауыл шаруашылық азық-түлік кешенін басқару міндетін ауыл шаруашылық министрлігі мен оның аймақтық және департаменттік басқармалары, ауыл шаруашылық палаталары, сондай-ақ, бірқатар салалық және салааралық сипаттағы аралас, жартылай мемлекеттік және кәсіптік құрылымдар аткарады.

Фермерлер мен өзге де ауыл шаруашылық өндірушілері мамандырылған және кәсіптік үйымдар арқылы ауыл шаруашылығын басқаруға қатысады. Мұндай ұйымдардың ішінде ауыл шаруашылық палатасының үлес салмағы едәуір үлкен деп есептеледі. Жекелеген ауыл шаруашылық өндірушілер топтарының мүдделерін көрсететін кәсіподақтардың ашық жүйесі аграрлық саясаттың қалыптасуына өзіндік септігін тигізеді.

АҚШ-та аграрлық саясатты жүзеге асыру міндеті Федералдық ауыл шаруашылық министрлігі мен штаттардың осыған пара-пар министрліктеріне жүктелген. Штаттардың ауыл шаруашылық министрліктері Федералдық министрліктен тәуелсіз әрекет етеді. Олардың арасындағы қарым-қатынас штаттарға ішкі мәселелерін шешуге барлық қажетті қүқықтарды беретін федералдық заңдар негізінде жүзеге асырылады.

Әйтсе де, АҚШ ауыл шаруашылық министрлігі федералдық әкімшіліктің Э. Давдас бөлігі ретінде әрбір штаттағы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен тұтынуға қажетті деңгейде ықпал етуге мүмкіндік беретін едәуір күшті механизмге ие болып табылады. Аталмыш министрлік бүған әртүрлі жалпы ұлттык бағдарламаларға федералдық бюджеттен бөлінетін өте қомақты қаржылық құралдарға иелік етуі арқылы қол жеткізеді. Бұл бағдарламаларды кепілдікті бағалар, өңделетін (игерілетін) жер көлемін шектеу, тікелей төлемдер және импорттык квоталар деп төрт топка жіктеуге болады, кепілдікті бағалар бағдарламасы бойынша тауардың ең төменгі сатылу бағасы белгіленеді де, сатылмай қалған тауарлар сол бағамен мемлекет тарапынан сатып алынады.

Өңделетін жер көлемін шектеу бағдарламасы ауыл шаруашылық өндірісінің көлемін азайту есебінен фермерлердің кірісін арттыруға бағытталады. Мұндай жағдайда министрлік ауыл шаруашылық өнімін өсіруге бөлінген жер көлемін қысқартуға келіскен фермерлерге нақты жинаған өнімін ең төменгі бағамен сатьш алуға кепілдік беруі мүмкін.

Тікелей төлемдер, мысалға, белгілі бір тауардың сатылу бағасы кепілдікті баға деңгейінен төмен болған жағдайда федералдық үкімет тарапынан фермерлерге жасалатын ақшалай төлемдерді сипаттайды. Бұл төлемдер өздігінен тікелей фермерлердің есеп-шотына аударылады. Импорттық квоталар бағдарламасы шетелде өндіріліп, ішкі нарыққа әкелінетін тауарлардың (әсіресе қанттың) санын шектейді.

АҚШ-та қабылданатын барлык федералдық бағдарламалар оларды орындауға қажетті материалдық және еңбек ресурстарын тартуға мүмкіндік беретін қаржылық құралдармен қамтамасыз етіледі. Штаттардың министрліктері жалпы ұлттык бағдарламаларды іске асыруға және Федералдық министрлік бюджетінен қосымша қаражат алуға талпыныс білдіреді. Бағдарламаларға қатысу өндірушілер үшін де өте тиімді, себебі олар арқылы фермерлік бағалар мен кірістер еркін нарықтағы деңгейден жоғары деңгейде ұсталып тұрады.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағаларын ұстап тұруға бағытталған үкіметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында Федералдық министрлік құрамынан тауарлы-несиелік корпорация (ТНК) құрылды. Корпорация таза қаржылық мекеме болмағанына қарамастан, фермерлердің капитал көздерінен пайдалану мүмкіншіліктерін кеңейтуге жағдай жасайды. ТНК несиелерінің жалпы көлемі ауыл шаруашылық саласындағы үкіметтік бағдарламаларға және фермерлердің осы бағдарламаларды іске асыруға қатынасу деңгейіне тәуелді болады.

АҚШ-тағы жергілікті баскарудың ұйымдық түрлерінің сан алуандылығы мен жергілікті органдарды әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлу, қальштастыру және жұмыс істету жөніндегі бірыңғай қағидаларының жоқтығы оның ең басты өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Мұны жергілікті басқаруды ұйымдастыру мәселелерін әрбір штаттын өз бетінше шешетіндігімен түсіндіруге болады.

АҚШ-тың жергілікті басқару органдары жергілікті деңгейдегі әртүрлі мәселелерді шешуге толық құқығы мен қызметтері бар жалпы уәкілетті органдарға және аз ғана қызметтерді орындайтын арнайы сипаттағы органдарға бөлінеді. Бірінші топқа - графтықтар, муниципалитеттер және тауншиптер; ал, екінші топка - мектептік және арнаиы округтер жатады.

Қазіргі таңда АҚШ-та 3041 графтык бар. Олар бір-бірінен жер көлеміне 16 шаршы мильден 58 шаршы мильге дейін) және халық санына (100 мыңнан 7 млн, адамға дейін) қарай айтарлықтай дәрежеде ерекшеленеді. Штат басына шықандағы графтық саны да бірыңғай емес, яғни 3 пен 254 бірлік арасында ауытқып отырады.

Жергілікті органдардың әлеуметтік қамсыздандыруға, денсаулық сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық ғимараттарды салуға кететін барлық шығындарының едәуір басым бөлігі осы графтықтардың еншісіне тиеді.

АҚШ-та графтықтарды басқарудың үш негізгі түрі қолданылады. Комиссиондық түрінде графтық кеңес заң шығарушы һәм атқарушы қызметгерді, кейбір штаттарда - тіпті, соттық қызметтерді қатар атқарады. Аталмыш кеңес қүқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты қорғау, саудамен айналысуға рұқсатнама беру және оны реттеу мәселелері бойынша заң шығарушы өкілеттігіне ие болып табылады.

Басқарудың келесі түрі саналатын администраторлар кеңесі (550 графтықта) кеңінен қолданылады. Мұндай басқару түрінде графтық кеңес графтықтың әкімшілік аппаратын басқару үшін бір администраторды тағайындайды. Администратор салық деңгейін белгілеу және бюджетті бекіту секілді аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдап, графтықтағы Департаменттер мен кызметтердің басшыларын бақылайды; бюджеттің дайындалуына басшылық жасап, оны кеңестің қарауына ұсынады және кеңеске графтықты басқару мәселелері жөнінде ұсыныстар береді. Басқарудың бұл түрі орталықтандыру деңгейін көтеріп, графтық әкімшілігінің басшысы қызметіне кәсіби басшыны тағайындауға мүмкіндік туғызады.

Графтықты басқарудың үшінші түрі - сайланбалы (таңдап алынатын) басшы арқылы жүзеге асады (146 графтықта қолданылады). Графтык кеңестің сайланбалы басшы-төрағасының немесе президентінің қызметтері графтықты басқарудың екінші түріндегі бас администратордың қызметтеріне пара-пар келеді.

Муниципалитеттердің едәуір басым бөлігі графтықтардың құрамына кіреді. Оларда АҚШ халқының 2/3 бөлігі тұрады. Муниципалитеттер тек қана штат биліктеріне бағынатын және қағаз жүзінде өзін-өзі басқаратын бірліктер деп есептелгендіктен, олар мен графтықтар арасындағы қарым-қатынас бір-біріне бағынуға негізделмейді. Муниципалитеттер халқының саны 10 мыңнан 7,5 млн.-ға (Нью-Йорк) дейін ауытқып отырады. Дегенмен, 80% муниципалитеттерде 5 мыңға дейін, ал олардың жартысында 1 мыңға дейін адам тұрады.

Муниципалитеттер өздері кіретін графтық пен штат ауқымында өзіндік саяси салмақ пен ықпалға иелік ете отырып, әртүрлі федералдық және штаттық субсидияларды алуға, салықтардын белгілі бір үлесін иемденуге және облигация шығару есебінен қосымша қаражат табуға құқылы болып табылады. Тауншиптер АҚШ-тың жергілікті басқару жүйесінде аз да болса, елеулі рөл атқарады. Тауншиптердің муниципалитеттерден болмашы айырмашылығы олардың шекаралары халықтың шоғырлану көлеміне (тығыздығына) қарай анықталмайды. Жалпы, тауншиптер - графтықтардың шектеулі өзін-өзі басқару құқығына ие аумақтық-әкімшілік бөлімшелері саналады. Олар тек қана 20 штатта кездеседі және басқарудың ескірген түрі деп есептеледі. Тауншип тұрғындарының жыл сайын өткізілетін жаппай жиналысы оның ең басты органын құрайды.

Сондықтан, облыстағы агроөнеркәсіптік өндірістің, оның ішінде мақта өндірісінің дамуы үшін мемлекеттік басқару қажет, шетелдерде бұл ауыл шаруашылығындағы аграрлық және қаржы саясатын жүргізу механизмдерінің бірі болып табылады. Мәселен, 30-жылдардағы реформадан кейін АҚШ пен Батыс Еуропадағы экономиканы мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа жағдай қалыптасып, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер тек өз мәртебелері үшін мемлекеттен қосымша ақша ала бастады (кесте).

АҚШ-тағы ауыл шаруашылық экономикасын басқару тәжірибесі қызығушылық туғызады. Мұнда көпшілік дамыған елдердегідей, фермерлерді қолдау бағдарламасы ауыл шаруашылық министрлігінің каналдары бойынша жүзеге асырылады. Оларды іске асыру ауыл шаруашылық өнімінің өсу бағасы мен фермерлер табысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Қолдау бағдарламалары баға деңгейін, өндіріс көлемін, фермерлерге төленетін тікелей төлемдерді және экспорттық субсидияларды бақылау шараларын қарастырады және елеулі шығындарды қажет етеді.


Кесте - Ресейдегі және шетелдік елдердегі ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шығындарының көрсеткіштері (2002-2004 жж.)


Елдер

ЖІӨ-ге

%-бен


Жан басы шаққанда (АҚШ

долларьг)



Ауыл шаруашылық жерлердің 1 гекта-рына шақканда (АҚШ доллары)

Мемлекеттік қолдау деңгейі (%-бен)

Ресей

0,8

60

9,5

7,1

Исландия

1,6

644

62

68

Канада

1,3

163

36

20

АҚШ

1,5

350

85

24

Чехия

1,6

100

139

25

ЕО

1,7

336

801

49

Жапония

1,7

566

10671

65

Венгрия

1,8

111

95

20

Норвегия

2,0

638

2650

69

Канаданың ауыл шаруашылық жерлері жалпы 68 млн. га ауданды қамтиды. Оның ішінде 34 млн. га - әртүрлі дақылдар өсіруге, 8 млн. га - күздік, жаздық дақылдар үшін дайындалатын ауыспалы егіс танабына, 4 млн. га -егістік алқаптарға, 22 млн. га - табиғи шабындықтар мен жайылымдарға бөлінген. Ауыл шаруашылык жерлерінің 98 пайызы жекешелендірілген. Ал калған бөлігі федералдық жер қорына сакталған немесе фермелерлік несие корпорациясының (фермерлерді несиелендірудің федералдық кұрылымы) қолданысына берілген.

Қазіргі таңдағы Канаданың ауыл шаруашылық саласындағы федералдық саясаты, бір жағынан - негізгі ауыл шаруашылық өнімдерінің (бидай, сүт, қүс өнімдері) сауда-саттығын монополдық мемлекеттік реттеуғе және қалған өнімдердің (ет, картоп, жеміс-жидек, көкөніс, жүн, темекі, т.б.) көтерме саудасына өндірушілер монополиясын орнатуға негізделсе; екінші жағынан капитал мен негізгі өндірістік құралдардың жеке және кооперативтік меншік иелерінің, сондай-ақ, жерге деген жеке меншік иелерінің өндірістік іс-әрекет түрлерін, тәсілдері мен жолдарын еркін таңдауға мүмкіндік берумен ерекшеленеді.

Канаданың аграрлық саясатының сипаты мен оны жүзеге асыру механизмдері ауыл шаруашылығының дамуын басқарудағы ағылшын-американдық тәжірибенің ықпалымен және ауыл шаруашылығы үшін едәуір қолайлы ауа-райы (климаттық) шарттары бар АҚШ тарапынан көрсетілген қатаң бәсекелестік пен нақты да шынайы климаттық ахуал ескеріле отырып, қалыптасқан.

Қазақстан жағдайында басқа салалардың ішінен аграрлық саланың тарихи орны ерекше деп айтуға болады. Жалпы, АӨК-гі басқару жүйесі бір-бірімен өзара байланысты, сандық және сапалық қатынасы бар, біртұтас жинақталған элементтер жиынтығы болып табылады. Олар басқарушы және басқарылушы қосалқы жүйелердің қозғалымдық сипатымен және элементтер арасындағы себептік байланыстармен сипатталады.

Терең аграрлық дағдарысты жеңу мен АӨК-гі интеграциялық үрдістерді қайта қалпына келтіруде, тұрақтандыруда және дамытуда, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік өндірістегі ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін меңгеруде шешуші рөл басқаруды жетілдіруге жүктеледі.


Әдебиеттер

1.Файоль А., Эмерсон Г., Тейлор Ф., Форд Г. Управление - это наука и искусство. М., 1992.



2.Дункан Джек У. Основополагающие идеи в менеджменте. Уроки основоположников менеджмента и управленческой практики. // Пер. с англ. М.: Дело, 1996.

3.Әбділдин С. Агробизнесті ұйымдастыру. А.: Қазұлтагру, 2001.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет