Математика – физика апталығының ашылуы



Дата05.04.2024
өлшемі16.6 Kb.
#497755
апталық матфиз


Математика физика апталығының ашылуы
Армысыздар құрметті ұстаздар, әріптестер және мектебіміздің білімді оқушылары. Бүгін міне біздің математика-физика апталығының ашылу салтанаты.
Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында,
Апталықты бастаймыз.
Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты
Алдарыңа тастаймыз.
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
Математика және физика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде. Дей отырып сөздің басын мектебіміздің директоры Досқараев Қанай мырзаға берейік.

Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде таңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды. Дей отырып мектебіміздің үздік, әрі үлгі тұтарлық математигі Нышанбай ағайымызға сөз кезегін берейік.

Математика сандар менен формулалар,


Белгілі бала күннен бізге бұлар,
Пифагор мен Фалестен бастау алып,
Математиканың мәні де, міне осылар.
Алгебра –синус пенен косинус,
Білсең мұны өзіңе үлкен плюс,
Есептер мен ережеден тұратын,
Алгебра-шексіз бір космос.
Біз осы апталығымызда 9-сыныптар аралығында көршілес мектептермен бірге сайыс сабағын өткізуді жоспарладық. Тақырыбы: ББЖМ – білім сапасының көрсеткіші. Атауы айтып тұрғандай онда оқушылармен ББЖМ есептері талданады, одан бөлек логикалық есептер шығарылып, оқушылардың ойлау ұшқырлығын арттырады. Сонымен қатар 2-сәуір күні «Математическая мозаика» тақырыбында Венера Ахатовна квн сабақ өтеді. 3-сәуір Ердешова Хадиша «Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті» тақырыбында ашық сабақ, 4-сәуір Сапар Қазыбек «Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары», Асқарова Нұргүл «Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу», Дабылова Тоқжан «Энергияның сақталуы және айналуы», ал 5-сәуір Талипов Бекзат «Жарық кванттары туралы Планкгипотезасы» тақырыпбарында ашық сабақтар өтіледі.

Оқушылар жарды жару арқылы сұрақ алып, оған жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыларға тәттілер беріледі.


Оқушылармен шашка ойнатылады, ойын қатысушыларына тәттілер беріледі.

Математика-физика апталығында қараша айынан бері жүріп келе жатқан Математика бірлестігінің жобасы аяталады. Апталықтың қорытындысында жеңімпаз анықталады. Бас жүлдеге және қосалқы жеңімпаздарға сыйлықтар беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет