“Математика-Экономика” факультеті



бет13/35
Дата17.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#141951
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35

Аннуитет (немесе қаржылық рента) - белгілі бір жылдар бары­сында тізбекті төлемдер арасында үзілісті интервалдары бар біржақты бағытталған төлемдер ағыны.

Аннуитет теориясы каржылык математиканың маңызды бөлігі болып табылады. Ол бағалы қағаздың табыстылығы мәселелері не болмаса инвестициялық талдауда, тағы басқа жағдайларда колданылады. Аннуитеттің кең тараған үлгілері: зейнетақы қорларына қосылатын жарналар, ұзақ мерзімді несиені өтеу, бағалы кағаздар бойынша пайыздарды төлеу, т.б. Аннуитеттер келесі сипат-тарына байланысты өзара ажыратылады:



  • әрбір жеке төлемнің мөлшеріне;

  • тізбекті төлемдердің арасындағы уақыт интервалына (аннуитет мерзімі);

  • аннуитеттің басынан оның соңғы кезеңіне дейінгі мерзімі (шексіз, яғни уақыт бойынша шектелмеген аннуитеттер де болуы мүмкін);

  • телемдерді дисконттау кезінде қолданылатын пайыз мөлшерлемесімен.

Төлемдердің қай кезде жүзеге асатынын ажырату өте маңызды (мерзім соңында, әлде мерзім басында). Сәйкесінше интервалдың басында төлемдер жүргізілетін аннуитет - пренумерандо аннуитеті деп аталады, егерде төлемдер интервалдардың соңында жүзеге асса, онда ол постиумерандо аннуитеті деп аталады.

Аннуитеттің болашақ құны - аннуитетке қосылған әрбір жеке төлем немесе түсімнің әрбіреуінің болашақ қүндарының со-масы.
Мысал:

3 жыл ішінде біз жылдық 10 пайыз мөлшерлемесімен 250 мың теңге инвестициялай аламыз. 250 мындық аннуитеттің болашақ кұны қандай?

Есептеуде болашақ құнның формуласы қолданылады FV=PV x (1+г)" әрбір кезең үшін жеке есептеледі.

Болашақ құн - 250 мың, әрбір жылдың соңында 3 жыл бойы инвестицияланады.

1-жыл: 250000 х (1 + 0,1)2= 250000 х 1,21= 302500;

2-жыл: 250000 х (1 + 0,1) = 250000 х 1,1 = 275000;

3-жыл: 250000 х 1 = 250000.

Барлығы: 827500 теңге.

Есептеуді жеңілдету мақсатында 1 теңгелік аннуитеттің бола-шак құн кестесі қолданылады: 250000 х 3.31 = 827500 теңге.

Аннуитеттің ағымдағы (дисконтталған) кұны - аннуитетке қосылған әрбір жеке төлем мен түсімнің ағымдағы құндарыныңсомасы. Болашақ түсімдер мен төлемдердің ағымдағы құнын анықтау үшін, аннуитеттің ағымдағы құны қолданылады.

Мысал:

3 жылға жылдық 10 пайызбен 250000 теңгелік аннуитеттің ағымдык құны ағымдағы (дисконтталған) құн формуласы көмегімен есептеледі PV = FV х (1 + г)" - әрбір кезең үшін жеке есептеледі:

1-жыл: 250000 х [1 / (1 + 0,1)] = 250000 х [1 / (1,1)] = 250000 х 0,9090 = = 227200;

2-жыл: 250000 х [1 / (1,1)2] =250000 х [1 / (1,21)] = 250000 х 0,8263 = = 206570;

3-жыл: 250000 х [1 / (1,1)3] = 250000 х [1 / (1,33)] =250000 х 0,7518 = = 187950;

Барлығы: 621720 тенге.

Бұл нәтижеге неғұрлым жеңіл жолмен жетуге болады, яғни біз 1 теңге аннуитет құнына арналған ағымдағы (дисконтталған) құнның формуласын қолданамыз: 250000 теңге х 2.4868 = 621720 теңге.

Барлық жағдайда, төлемдердің еркін ағынында сериялар кез-дескен уақытта, бастапқы кезі мен мерзіміне көңіл аудару қаже



20-лекция

Тақырыбы: Несие операцияларының есебі.

(1-сағат)


Жоспар:


  1. Несиелеуді ұйымдастыру

2. Қарыз алушының несие қабілетін талдау

Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бүрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді. Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар кұрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.

Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

1. Кредиторлар бойынша:

- орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес
қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;

2. Қарыз алушылар бойынша:



  • каржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министрлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға несиелер;

  • экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б.

  • жеке кәсіпкерлер (занды тұлға емес қызметті іске асыру);

3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты
мынадай түрлерін ажыратуға болады:

  • қысқа мерзімді;

  • үзақ мерзімді.




  1. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;

  2. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:




  • қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;

  • сақтандырылған;

  • камтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді).




  1. ¥сынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.

  2. Үсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті-рамбурсты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциалды, дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, жеңілдікті, онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, фор­фейтинг. 8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айналым құрал-дарының жетіспеушілігін толықтыру; материалдық корлар-дың жиынтығын; экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-әрекетінің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат, материалдар, кұралдар және басқа да мүліктер, ломбардтың кепілді-несиелік операциялары, театрлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер; күрделі салымдарды каржыландыруға; еңбекақы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу. Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі бір жылдан аспай-тын несиелер. Олар тауарлы-материалды құндылықтарга, төлемдер-дің агымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.

¥зақ мерзімді несиеге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым кұралын, негізгі қорлардың калыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде осы уақытқа дейін қолданылып келген, кәсіпорын-дардың, ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өзі қызметін пайдаланғысы келетін несиелік ұйымды өзі тандайды. Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банктерде ашуға құкылы.

Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарында деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімді-лігіне негіз беретін артықшылыктар маңызды болып табылады. Бүл клиенттердің депозиттері мен несиелеріне және де банкаралық несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы "сауда" акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады.

Қазіргі несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер олардың ресурстарға тәуелділігіне ғана емес, сондай-ак ҚР¥Б белгілеген пруденциялық нормативтерге байланысты. Қазіргі пруденциялық нормативтер тартуға мүмкін қаражаттардың шекті көлемін, ең аз резерв мөлшерін, несие беруінің шекті сомасын, оны ұсыну мерзімін, коммерциялық банк балансының өтімділігіне байланысты несие механизмін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді мойнына алады, шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құқықтарға ие болады. Айта кететін жайт, несие шарттары бұрын да жасалған, бірақ олардың экономикалық мәні әлсіз болды. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде, банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады.

Қалыптасқан несие жүйесінің маңызды белгілері - оның несиелеу объектісінен несиелеу субъектісіне өтуі болып табылады. Бұрын қолданылған несиелеу жүйесі несиелеу объектісіне тиімді болған. Тауарлы-материалдық құндылық қорларының, өндірістік шығындардың болуы клиентке несие алуға мүмкіндік береді; несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбады, клиент үшін ең басты деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар есептелді.. Сонымен бірге тауарлы-материалдық кұндылықтардың қорын жабатын меншікті қаражат деңгейі ескерілмеді.

Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі жалпы және ерекше қағидаларға негізделінеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз етушілігі, несиенің төлем сипаты ескеріледі. Оның бірқатар құрамдары өзге-ріске үшырады. Өзгерістер негізінен несиенің саралану қағидасына енгізілді. Осыдан бірнеше жылдар бүрын несиелеуге саралау режімі қолданылатын жақсы және жаман жүмыс істейтін кәсіпорындар категориясы болғаны бәрімізге мәлім.

Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіште-рінің орындалуы алынған. Қазіргі уакытта калыптасқан жүйеде несиені уақытында қайтармау тәуекелділігін төмендететін клиенттің несиеқабілеттілігі ескеріледі. Ең алғаш рет қарыз алушының төлемқабілетсіздігі анықталған кезде, коммерциялық банк несиелеу-ші банктің қатысуымен белгіленген әкімшілікке жедел басқаруға беруге, оларды қайта қүру және жабу мәселелерін қарастыруға құқықтары пайда болды.

Өзгертулер несиені камтамасыз ету қағидасына да эсер етті. Тәжірибе бұндай материалдық қамтамасыздық несиені уақытында қайтаруға кепілдік етпейтінін көрсетті. Кәсіпорында несиелеу жүйесінің жаңа белгілері ретінде жоғары деңгейде банк несиесін қайтаруды кепілдендіретін форма түріне өту қарастырылады.

Несиені кайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемдік тәжірибеде кепілдеме құқығы (ипотека, бағалы қағаздар кепілдігі, кепілге салу), кепілдік беру және кепілдеме, жалпы алганда сактандыру жүйесі сенімді кепіл құқы болып табылады. Аталған формаларды іске қосатын несие механизмі банкке өзінің тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік бере отырып, несиелік тәуекелді төмендетуге қол жеткізеді. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін үйымдар шаруашылық құрылымдарын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Қаржы-несиелік механизмінің қызмет ету тиімділігі уақытында әр түрлі шаруашылық бірліктерінен ақша алу ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің экономикалық өсу қарқынына эсер етеді. Несие жүйесінің қызмет ету механизмі оның ұйымдық құрылымдарының, несиелік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық формаларда, несиелеу әдісі мен формаларының өзгеру әсеріне байланысты әрқашан ауысып отырады. Пайда алу көзқарасы түрғысынан коммерциялық банктер қызметінің негізгі түрі несие ұсыну болып табылады. Қаражатын әр түрлі несиелік опе-рацияларға орналастыра отырып, банк басшысы бір мезгілде клиенттердің қажеттілігін қанагаттандырады әрі өздері де табыс алу көзі деп санайды. Несиелік шарттың өтімділік деңгейінің маңызы бар: Мысалы, банк кейбір жағдайларда ғана басқа институттар мен жеке түлғаларға несиені қайта бере алады, себебі ақша талаптарының аталған түрінде екінші реттегі нарық жоқ, бұған түрғын үйді кепілдікке салу түріндегі несие ғана жатпайды.

Сонымен қатар банк басшысы «несиелік қоржын» ішінде ақша қаражатын бөлуді қарастыруы керек, демек бөліп-бөліп төлеу, сауда-өнеркәсіп компаниялары, жылжымайтын мүліктер сияқты несие түрлеріне бөлу. Ондай бөлудің негізі ретінде салыстырмалы несие табысы, әр түрлі шектеулері бар несиелерге сүраныс қарастырылды. Банк қаражаттарын әр түрлі активтер түріне орналастыру әр түрлі зандар мен реттеуші актілерге байланысты.

«Қаражаттардың жалпы қоры» әдісіне сәйкес орналастырылуына коммерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі, оның ішінде талап еткенге дейінгі салымдар, жинақтық, мерзімдік салымдар және банктің меншікті капиталы жатады. Бұл әдіс негізіне банктердің ресурстарды біріктіруі алынған. Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын активтер түрінің арасында бөлінеді. Қаражатты орналастыру құрылымын анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв ретінде қарастырылатын үлестерін белгілеу. Көп жағдайда алғашқы резерв рөлінде «басқа банктердің карыздары және қолда бар ақшалары» бабына кіретін активтер қарастырылады. Оған басқа коммерциялық банктің корреспонденттік шотындағы ақша және де инкассолау үрдісіндегі басқа да құжаттар кіреді. Қаражаттарды орналас-тырудағы екінші мәселе, белгілі бір табыс алып келетін «кассалық емес» өтімді активтерді кұру мәселесі. Бұл резервтері жоғары өтімді табысты активтер, олар өз кезегінде жоғалту тәуекелі темен және ең аз пайызды ұстай отырып қолма-кол ақшаға айнала алады.

Қаражаттардың жалпы қоры әдісі бойынша қаражаттарды орналастырудың үшінші кезеңі - несие қоржыны портфелін құру. Банк бірінші және екінші реттегі резервтер мөлшерін белгілегеннен кейін, ол өз клиенттеріне несие ұсына алады. Бұл банктің табыс әкелетін қызметінің ерекше түрі. Несие банктік активтердің ең маңызды бөлігі, ал несиелер бойынша табыс банктік пайданың ең ірі қүрушысы. Несиелік операциялар банктің өте тәуекелді қызметі.

Жалпы банктік несиелік операциялар екі үлкен топка бөлінеді: яктивті - банк қарыз беруші ретінде шыққанда; пассивті -төлемділік, мерзімділік және кайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде шығады. Несиелік опера-цияларды жүзеге асырудың екі негізгі нысаны ажыратылады: несие және депозит. Тиісінше банктің активті және пассивті несиелік операциялары несиелік нысан ретінде де, депозиттік нысан ретінде де жүргізілёді.

Активті несиелік операциялар - біріншіден, клиенттер мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну опера-циясынан; екіншіден - басқа банктерде орналасқан депозиттерден тұрады. Пассивтің несиелік операциялары үшінші тұлғаның және жеке тұлғалардың депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелік операцияларынан түрады. Аталған сипаттамалардан несиелік және қарыз беру операцияларының, несие мен қарыз арасындағы ерекшелікті коруге болады. Несие - банктің қаражатын үйымдастыру көзі және оларды салудың әр түрлі нысандарын ұсынатын, несиелік катынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын қарастыратын кең мағынадағы түсінік. Қарыз болса -нәтижесінде қарыз шотын ашуға болатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны. Сонымен бірге, несиелік қатынастар тек банктік несие шеңберінде ғана ұйымдастырылып қоймайды, сондай-ақ кәсіпорын кредитор және қарыз алушы болатын коммерциялық несиелеу ретінде де ұйымдастырылады. Ал олардың арасындағы несиелік қатынас векселмен рәсімделеді. Бұдан әрі коммерциялык несие, банкке векселді кепілге қоя отырып, банктік несиеге айналуы мүмкін. Тікелей банктік несиелеу, яғни кәсіпорынның несиелік қатынасы басында банкпен арақатынасынан басталады, сонымен бірге жанама банктік несиелеу, яғни алдымен кәсіпорындар арасында несиелік қатынас пайда болады, нәти-жесінде олар банкке жедел түрде вексель бойынша ақша алу әдісін іздестіру үшін жүгінеді.

Банктегі несиелеу механизм і және несиелік жұмысты ұйымдас-тыру әрбір банктің несиелік саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан несиелік шотта әрбір несиелеу объектісі бойынша карыз есебі жүргізіледі. Бөлек баланстық шотта бір клиентке берілген ұзақ мерзімді және кысқа мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың дебеті бойынша берілген қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу көрсетіледі. Несиелік шоттың режімі шартта анықталады: берілген несие қарыз алушының есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін.

Сондай-ақ несиені контекорренттік шот ашу арқылы беруге болады. Бұл шотта бір жағынан түсімдер, екінші жағынан несие және төлемдер және де кредиттік пен дебеттік сальдо көрсетіледі. Контокоррент өз кезегінде клиенттің банктегі несиелік есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын шот. Контокорренттік шот бойынша банк әрбір қарыз алушы үшін контокорренттік несие көлемін шектейтін лимит белгілейді.

Лимиттер әрбір клиент үшін саралап белгіленеді. Контокор-ренттік несие қарыз алушыға контокорренттік шот ашу арқылы клиенттің төлем күжаттарын төлеу негізінде беріледі. Контокор-ренттік шотты ашудың негізі клиентпен контокорренттік несие беру туралы шарт жасасу болып табылады. Несиені беру кезіндегі өте маңызды, бірақ әрқашанда міндетті емес мәселе - банк беретін несиені қамтамасыз ету.

Несиені камтамасыз ету олардың өтелуін кепілдендірмесе де, банктің жоғалту тәуекелі біршама томен болады. Сонымен бірге несиені қамтамасыз ету қарызға алған қаражатты қайтару кепілдігі ғана емес, сондай-ақ банк пайдасы. Аталған байланыста тапсырма-лар мен кепілдемелерді беру, кепілдік міндеттерді рәсімдеу, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздары, жылжитын және жылжымайтын мүліктердің кепілін рәсімдеу тәжірибесі кеңейе түседі. Несиені қамтамасыз етуге алған міндеттеме нотариалды куәландырылуы керек. Ол несие бойынша міндеттемелердің орындалуымен бірге тоқтатылады. Егер тапсырмада міндеттемені орындау мерзімі көрсетілмесе, онда тапсырма шартын жасаған күннен басталып, жыл соңында тоқтатылады. Тапсырманың ерекше нысаны кепілдік беру болып табылады.

Шаруашылық субъектілер берген кепілдіктер кепілді банкте сақталады және несиелеуші банк кепілдікті қабылдау туралы кепіл-ді банктің хабарламасын бірге үсынады. Егер несиені қамтамасыз ету ретінде оны орындау тәуекелін сактандыру кажет болса, онда несиені беру туралы шешім кабылдаған кезде клиент банкке сақтандыру шартын және сақтандыру полисін ұсынады.

Несиелік мәмілені рәсімдеу карыз алушының өтініші бойынша жасалады және оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы қарыз алушының анкетасы қосылады. Несиелік келісімшартта міндетті түрде келесі жағдайлар анықталуы тиіс:



  • несиенің мақсаты;

  • берілетін несиенің жалпы сомасы;

  • несиенің валютасы;

  • несиені өтеу мерзімі;

  • несиені өтеу әдісі;

  • қамтамасыз ету;

  • сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.

Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған құжат мерзімді міндеттемелерден басқа несиелік құжаттамага тігіледі. Күнделікті жауапты орындаушы карточканы карап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді алады. Несиені бөліп өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші жағында сәйкес белгі қойы-лады. Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер жазылады. Банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез келген несиені ұсынуда талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті. Негізгі құжаттар келесілер:

  • қарыз алушы қол қойған, несиені пайдалану максаты көрсетілген және баланстық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш;

  • егер ол заңды тұлга болса, белгіленген тәртіпте куәлан-дырылған қүрылтай құжаттардың көшірмесі;

  • қарыз алушы атынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны растайтын құжат;

  • жасалған несиелік шарттың түпнұсқасы;

  • клиенттің қаржылық жагдайын растайтын аудиторлық ком-панияның қорытындысы;

  • егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы, жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы анықтама;

  • несиенің пайдаланылу мақсатын растайтын құжат (4-қо-сымша);

  • занды тұлғаның бизнес-жоспары;

  • несие беру кезінде бюджеттік және бюджеттік емес қорларға салық және аударымдар бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;

  • басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер.

Егер ұсынылған несие жылжымайтын мүлік түрінде кепілмен қамтамасыз етілсе, онда несиелік құжаттама бойынша қосымша құжаттарға келесілер кіреді:

  • мемлекеттік тіркеуден өткен ипотека және кепіл шартының түп-нұсқасы (5-қосымша);

  • кепілге койылған мүліктің нарықтық құнын бекітетін және дәлелдейтін бағалау құжаты;

  • егер несие осы мүлікті алу үшін берілсе, онда кепіл мүлкінің сатып алу бағасын бекітетін кұжат.

Несиелік құжаттамаға жылжымалы мүлік кепілінің нысанында қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жағ-дайына ұсынылғаннан басқа, кепіл шарты, кепіл заты туралы ақпа-рат және олардың қүнын аныктау әдісі үсынылады.

Егер қарыз алушы несиені құрылыс саласында қолданатын болса, онда қүжаттамаға жоспарланған жұмыс бойынша жобаланған сметалық құжат және тексеру есептері немесе жұмыстың орын-далуын бекітетін қарыз алушының қабылдау-өткізу актісі косылады.

Несие бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етілсе, несиелік құжаттамаға мынадай қосымша күжаттар тігіледі:


  • кепіл және кепілгерлік шарты;

  • кепіл берушінің немесе кепілгердің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық ұйымның қорытындысы;

  • кепіл беруші атынан кепілдік шартқа немесе кепілгер атынан кепілдеме шартына қол қоюға қүзыреті бар түлғалар өкілеттігін дәлелдейтін қүжаттар;

  • несие беру алдындағы соңғы есепті кезеңнің каржылық есебі.

Несиелеу үрдісіндегі маңызды кезең - үсынылған несиеге кет-кен қаражат шығындарына бақылау жасау. Банктің кәсіпорынның қаржылық жағдайына бакылауды күшейтуі белгілі бір күдік туған кезде жүргізіледі.

Несиені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін қарыз сомасы қарыз алушының есеп айырысу шотынан сызылады. Несие ме-мориалды ордер ретінде қолданылатын мерзімді міндеттемелер негізінде өтеледі. Төлеушінің қаражаты болмаған кезде қарыз со­масы мерзімі өткен несие шотына жатқызылады. Кей жағдайларда несиені өтеу фактісі келгенге дейін мерзімі үзартылады.

Занды және жеке түлғаларға несие өндіріс тиімділігін жоға-рылату, жаңа, тиімділігі жоғары өнім түрлерін шығаруды ынт-аландыру, халыққа әр түрлі кызмет көрсету және т.б. мақсаттарда беріледі.

Әрбір банктің ішкі несиелік саясаты туралы ережесі болады. Оның негізгі мақсаты жұмысшылардың банк белгілеген талаптарын және несиелеу тәртібін орындау арқылы несиелік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі тәуекелді төмендету болып табылады.

Несиелер мыналар есебінен беріледі:


  • жеке және заңды тұлғалардың депозиттік және басқа шот-тарында тартылған қаражаттары және меншікті қаражаттары қосылатын банктің меншікті әлуеті;

  • шетелдік несиелік желілерден, банкаралық несиелік нарыкта алынатын несиелік қарыз ресурстары.

Несие мынадай несиеқабілеттіліктің негізгі критерийлеріне сай келетін қарыз алушыларға ұсынылады:

  • жоғары пайда нормасында қаржылығы тұрақты, барлық каражаттың 30% көлемінде меншікті капиталмен қамтамасыз етілген, айналымдағы дебиторлық қарызы қысқа мерзімді;

  • қарыз алушының беделі;

  • шығарылатын өнімінің бағасы, өткізілуіне келіп жататын ұсыныстар, ұсынылатын қызмет сипаты;

  • экономикалық конъюнктурасы (бизнестің даму перспекти-васы, капитал салу көздерінің, бизнес жоспарының болуы).

Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау өткен кезеңдегі статистикалық және бухгалтерлік есебі, несие пайдалану кезіндегі оның қаржылық жағдайына болжам туралы жиналған мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілгендей, қарыз алушы несиені алу үшін банкке негізделген жазбаша арызымен барады, онда мыналар қысқаша жазылып көрсетілген: несиенің мақсаттық бағыты, оның сомасы, пайдалану мерзімі, накты өтеу мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділіктерінің қысқаша сипаттамасы. Арыз үш данада толтырылады: бірінші және екінші данасы өткізбе үшін, ал үшіншісі несиелеуші қызметкеріне қалады. Арызға келесі материалдар тіркеледі:


  • несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары есебінің өнімді өткізуден күтілген түсімдер және айналым активтері қозғалысының техникалық-экономикалық негіздемесі;

  • бухгалтерлік және статистикалық есептер, шығысы және та-бысы туралы декларация және қарыз алушының несие-қабілеттілігі мен қаржылық жагдайын анықтайтын басқа да мәліметтер;

  • банктік тәжірибеде қабылданған несиені уакытында қай-таруды қамтамасыз ету міндеттемесі мерзімді міндеттемені өтеу мерзімі келген кезде клиент шотынан ақшаны сөзсіз аударуға банкке құқық беретін кепілдік, кепілзат және т.б. (8-қосымша).

Қазіргі кезде барлык банктерде арнайы уәкілетті орган кұрыл-ған. Осы уәкілетті орган несиелерге байланысты көп мәселе бойынша шешімдерді қарастырады немесе қабылдайды, тек ерекше жағдайларда ғана басқарманың қарауына ұсынылады. Несиелік комитеттің кұрамына басқарма өкілдері, несиелік және заң, валюта-лык және коммерциялық бөлімдері, сонымен қатар банктің каржылық директоры кіреді. Құжаттар пакеті несиелік бөлімге беріледі. Несиелік бөлім және басқа бөлімшелер банкте бекітілген мерзімде занды тұлғаның жобасына зерттеу жүргізеді. Оның нәтижесінде сараптама қорытынды жасалады. Ол шамамен алты бөлімнен тұрады, оларда қарыз алушы кәсіпорын туралы акпарат жобаға қысқаша мінездеме, жобаның қаржылық бағасы, қаражаттың қайтарылуын қамсыздандыру және тәуекелдерді талдау.

Бірінші бөлімде қарыз алушы кәсіпорын туралы ақпарат қам-тылады. Онда қызмет көрсететін банктің сілтемесі мен ком-панияның туындау және даму тарихы, есеп айырысу, валюталық шартының нөмірі және олар бойынша айналымдар, компания кұрылтайшылары және олардың жарғылық қордағы үлестері, жарғылық қордың төленген мөлшері және оның қалыптасу көздері, карыз алушының ұйымдастырушылық және құқықтық статусы, тіркелу уақыты және орны, компанияның деректемелері және занды мекенжайы, негізгі қызмет түрлері қарастырылады. Компанияны басқарушының білім дәрежесі, қызмет ету тізімі, бұрынғы жұмыс орны, бизнесті жүргізудегі стажы, осы компаниядагы жұмыс тәжірибесі. Сонымен қатар мұнда компанияның барлық қызмет түрлерінің сипаттамасы камтылады, негізгі қордың барлығы, қарыз алушының меншігінің құрылымы, несиелік тарих және қарыз алушының жағдайына қаржылық баға, несие- қабілеттілікті багалауда негізгі мезет - қарыз алушының жағдайына қаржылық баға беру. Оның мақсаты - шаруашылық субъектінің қаржылық және мүліктік жағдайына, оның кызметінің нәтижелеріне толық си-паттама:



  • кәсіпорынның қаржылык тұрақтылығын және өтімділігін анықтау;

  • меншік және тартылган қаржылық ресурстарды пайда-ланудың тиімділігін зерделеу.

Қаржылық-шаруашылық қызметті талдау бағдарламасын екі кезенде қарауға болады:

  • шаруашылық субъектінің каржылық және экономикалық жағдайына алдын ала шолу жасау;

  • қарыз алушы кәсіпорынның экономикалық әлуетіне талдау және баға беру (қаржылық және мүліктік жағдайын бағалау).

Алдын ала шолудың мақсаты - балансты қарапайым есептеу арқылы тексеру және қаржылық есепті талдау мақсаттылығын анықтау үшін тиісті құжаттарды тексеру.

Бірінші кезеңге мыналар жатады:



  • құрылтайшылық құжаттарды және банктік деректемелерді тексеру;

  • бухгалтерлік есепті және кұжаттауды кешендік тексеру;

  • есеп беру формаларының толтырылуын, барлық қажет деректемелерін, жауапты тұлғалардың барлығын тексеру;

  • банк баланс валютасын тексеру, бақылау арақатынастары мен аралық қорытындыларының дұрыстығы, сонымен қатар берілген балансқа баланс қосымшаларының сәйкес келуін тексеру;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайы оңтайлы еместігін көрсе-тетін баланстық есеп берудің дағдарыстық баптарына талдау жасау, сонымен қатар кәсіпорын жұмыстарының жетіспеу-шілігін анықтайды.

  • несиелеу қызметкерлері баланс активіндегі «ақшалай қара-жаттар есебі және басқа да активтер» және «пассивтегі күмәнді қарыздар бойынша резервтер» берілген баптарды салыстырады. Қарыз алушының қарауында қалатын, пайда есебінен қалыптасқан күмәнді қарыздар бойынша резерв көлемі аяғында бұл қарызға түгендеу жүргізіледі, дебитор-лык карыздар сомасына сәйкес келуі керек. Дебиторлық қарыздың сомасынан қарыз алушының ақшалай каража-тының құнын алу керек.

Келесі кезең қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық-шаруашы-лық қызметіне динамикалық талдау жасау және оның экономи-калық әлуетін бағалау. Бұл кезеңнің мақсаты кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне аналитикалық зерттеулер жүр-гізу. Онда базистік аналитикалық коэффициенттер динамикасын есептеу қажет.

Міндеттемелерді қамтамасыз ету жағдайында (қайтарылмаған аккредитив; кепіл, несие бойынша) үйымдардың немесе басқа банк-тердің қарыз алушыларға кепілхаты ұсынылады, кепілдеме банктің қаржылық жағдайының кдншалықты тұрактылығын анықтайды.

Несие алушының каржылык жағдайын талдаумен қатар эле-менттер бойынша талдауды карастырады. Ол несиені мерзімінде қайтару тәуекелі және тәуекелді мүмкіндігінше азайту шаралары, төлем-қабілеттілігін, пайдалылыкты, басқару жұйесінің жетіспе-ушілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Қаржылық шаруашылық қызметті элементтері бойынша талдау-дың принципті сәті - материалдар мен шикізаттың кіріс есебі әдіс-темесін және оларды өндірістен шығару, әсіресе өнімнің өзіндік құнына материалдар мен шикізаттардың шығывдарын дұрыс анықтау.

Қарыз алушының каржылық жағдайын және несиемен қамта-масыз етілуін банктің дұрыс бағаламауы есептік базаның әлсіздігіне немесе болмауына жағдай туғызады. Сөйтіп материалдык өнім-дердің өзіндік құны төмендеуі мен материал қалдыктары құнының жоғарылауына әкеледі немесе керісінше. Негізінен талдауға жата-тындар:


  • материалдық қорлардың қозғалысы;

  • талданатын кезендегі клиенттің валюталық шоты, есеп айы-рысу шотындағы ақша қаражатының қозғалысы;

  • өнімнің өзіндік қүны;

  • пайда;

  • айналмалы және негізгі капиталдардың орналасуы.

Ақша қаражаты қозғалысының негізі қарыз алушының ақша қаражаты қозғалысының жоспары болып табылады. Нақты нәти-желерді есепке ала отырып жоспарлаудың сапасы бағаланады. Осындай жоспарлардың болмауы кіші кәсіпорындардың өтімділігін төмендетудің себебіне айналуы мүмкін.

Өзіндік құн бөлімінде жүкқұжат шығындарын талдау өте ма-ңызды. Жүкқұжат шығындарын өндірістік бөлімшелер мен өнім түрлері арасында бөлудің түрлі тәсілдері, тауарлардың әр түрлі бағалары мен өзіндік құнын шығаруға әкеледі. Шығындардың өзгермелі және түрақты-шартты болып бөлінуі қағидалы мәнге ие. Көрсетілген шығындардың өнімнің өзіндік құнындағы әр түрлі қатынастары қарыз алушының оңтайлы нарықтық стратегиясының өзгешелігін анықтайды. Мысалы, тұрақты-шартты шығындарының үлес салмағы жоғары қарыз алушы салыстырмалы түрде тұрақты-шартты шығындарының үлес салмағы төмен қарыз алушыдан гөрі өзіндік құны өндірістің физикалық көлемінің өзгеруіне неғүрлым сезімтал болып келеді. Ал тұрақты-шартты шығындарының өзіндік қүн үлесі төмен қарыз алушы өнім бағасының өзгеруіне сезімтал.

Несие алушының қаржылық жағдайын анықтауда баланс өтім-ділігі маңызды орын алады. Баланс өтімділігін анықтау үшін кел-тірілген топтар бойынша активтерді пассивтермен салыстыру керек. Егер актив баптарының әрбір тобы онымен салыстырылған пассив бойынша міндеттемелер тобын толықтай немесе толық дерлік жапса, онда баланс өтімді, ал керісінше болса баланс өтімді емес.

Баланстық активтер мен пассивтер бөлімін салыстыру жолымен алынған баланс бағасы алдын ала есеп болып табылады. Сон-дықтан бұндай салыстыру қарыз алушының казіргі қаржылық жағдайын анық көрсете бермейді. Баланстың салыстырмалы әрбір пассивтік тобы мүлде басқа активтік кұндылықтармен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Клиенттің баланс өтімділігін бағалау үшін маңызды ақпаратты баланстың пассивтік бөлімін талдау кезінде алуға болады. Ол үшін құрамында қысқа мерзімді және үзақ мерзімді пассивтері бар қарыздық қаражатты тұрақты пассивтер тобы (жарғылық, резервтік капитал, бөлінбеген табыс және т.б.) түрінде көрсетілген меншікті қаражаттармен сәйкестендіру керек.

Қарыз алушының барлык айналым активтері өтімділік дәрежесіне қарай екі класқа бөлінеді:



  • I класс - тез таратылатын активтер;

  • II класс - өтімді активтер.

Қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалау кезінде мынадай үш негізгі көрсеткіш есепке алынады: өтімділік коэффициент^ жабу коэффициент^ меншікті айналым қаражаттарымен камтамасыз етілу көрсеткіші.

Өтімділік коэффициенті - қарыз алушының ақша қаражатын қарызды өтеу үшін шаруашылық айналымынан жедел босату кабілеті.

Қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалаудың келесі негізгі көрсеткіші - жабу коэффициенті - кәсіпорынның материалдық ай­налым қаражатымен қамтамасыз етілгенін көрсете отырып, осы кәсіпорынның жалпы өтімділігіне баға береді.

Өтімділік пен жабу коэффициенттері арасында тікелей байла-ныс бар. Жабу коэффициенті көбеюі өтімділік коэффициентінің азаюына әкеледі немесе керісінше. Сонымен қатар қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің соңғылары-ның бірі - меншікті айналым қаражаттарымен камтамасыз етілу көрсеткіші. Бүл көрсеткіш абсолютті және оның динамикасынан өсуі жағымды үрдіс ретінде қарастырылады. Осы көрсеткішті есептеу кезінде баланс активтерінің бірінші бөлімін жабу үшін (негізгі қүралдар және айналымнан тыс активтер) қаражат көзі ретінде ұзақ мерзімді міңдеттемелерді қолдану шартты деп есептеледі.

Меншік айналым қаражатын жоғарылатудың негізгі және түрақты көзі - пайда болып табылады. Айналым қаражаты және меншік айналым қаражаты түсінігін бір-бірімен ауыстырмау керек. Бірінші көрсеткіш кәсіпорын активтерін білдіреді, екіншісі -қаражат көзі, негізінен кәсіпорынның меншік капиталының бөлігі, ол ағымдағы активтерді жабу көзі ретінде қарастырылған.

Екінші бөлім - жобаның қысқаша сипаттамасы мынадай бап-тарды камтиды: жобаның мәні және мақсаты, жобаның қүны, қаржыландыру көздері, каражаттарды белгілеу және оның жеткіліктілігі, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті лицензия және рұқсат алу. Сонымен қатар оған өндірілген немесе алынған тауар мен өнімді өткізу нарығы, маркетинг стратегиясын бағалау (ұсынылған өткізу және бөлу жүйесі, өткізу бағасы, жарнамалык іс-шаралар, үсынылған жарнама құралдары, сатып алушыларға қосымша жеңілдіктер, сатылғаннан кейінгі қызмет көрсету, инфрақұрылым-дық объектілермен қамтамасыз етілуі), экологиялық және элеуметтік бағалаулар жатады.

Үшінші бөлімде - жобаның қаржылык бағасына бірлік өнімнің калькуляциясын есептеу, жобаның табыстылық бөлімі (көтерме және бөлшектеп өткізу көлемін есепке ала отырып өткізгеннен түскен түсімді есептеу) және шығыс бөліміне шығындардың барлық баптарын коса алғандағы есептеулер жатады.

Төртінші бөлім - қаражаттьщ қайтарылуын қамтамасыз ету. Кепілге салынған мүліктің орналасқан жерін көрсету қажет, салынған мүлік кімнің меншігінде және несиелеу мерзіміне кепіл кімнің иелігінде болатыны, оның нарықтық және кепілдік құны.

Бесінші бөлімде - тәуекелді талдау келтірілген. Мынадай тәуекел түрлері бағаланады: валюталық, нарықтық, салалық, әкім-шілік, бедел тәуекелі, кепілмен қамтамасыз етілуінің сенімділігі және жеткіліктілігі.

Валюталық тәуекелді бағалау кезінде келесі сұрактарға жауап алу керек:



  • Компанияның шетел валютасында активтері немесе міндет-темелері бар ма?

  • Компанияның шетел валютасында деноминацияланған тауар-ды экспортқа шығару мүмкіндігі бар ма?

  • Компанияда шетелдік шикізат көздері бар ма?

  • Айырбастау бағамының өзгеруі кезінде зардабы қандай болады?

Нарықтық тәуекелді бағалау кезінде талданатындар:

  • Нарықтағы позиция: монополия, нарықтағы жетекші, үлкен ойыншы, ізбасарлар;

  • Дайын өнімді тұтынушылардың төлемқабілетсіздігі;

  • Шикізатпен қамтамасыз етілмеуі.

Салалық тәуекел кдрыз алушы жұмыс істейтін саланың жалпы жағдайын, даму тенденциясын (ретроспектива және болжам) қамтиды.

Әкімшілік тәуекел және бедел тәуекелі клиенттің өз серіктестері мен түтынушылар алдында беделі кандай екенін көрсетеді.

Кепілді қамтамасыз ету сенімділігі және жеткіліктілік тәуекелі былай бейнеленеді:


  • шартсыздық;

  • нарық өтімділігі және сатылу ықтималдылығы бағалау кұны-нан төмен болмауы;

  • бұзылу тәуекелі және кепіл акауы;

  • мүліктің табиғи жойылуы, ұрлану тәуекелі;

  • өндеу тәуекелі (жер меншігін тіркеу, категориялар мен қол үлгілері).

Сонымен, соңғы алтыншы бөлім - түйін, жалпылама ақпарат сипатында:

  • жобаның жалпы мәні мен өзектілігі, оның негізгі артық-шылықтары мен жетістіктері;

  • жоба бойынша толық өнделмеу және негізгі кемшіліктері, жоба бойынша бар тәуекелді азайту шаралары, принципті шешімге келу (келіспеу, қосымша өңдеу).

Сараптама жүргізу қажеттілігі туындағанда штаттан тыс сарап-шыларды тарта алады. Заңды тұлғалардың құжаттарын сараптауға қатысушы банк бөлімшелері өздерінің жоба бойынша кұрылған жалпы қорытындыларын жазбаша түрде несиелік бөлімге береді. Несиелік комитет қарыз алушының күжаттарын және қорытын-дыларды қарастырады, нормативтер мен несиелік ресурстарды ескере отырып несиені беру немесе бермеу жөнінде шешім қабылдайды. Несиелік комитеттің несиені беру туралы шешімі ха-ттамада рәсімделеді, оған барлық жиналыска қатысушылардың колдары қойылады. Бұл комитеттің 50 мың АҚШ долларынан жоғары несие беру туралы шешімі Банк кеңесінде бекітіледі. Бұл үшін онда несиелік шарт, несиелік комитет хаттамасы, қарыз алушының өтініш қағазы, ал занды тұлғалар үшін несиелік шараның техникалық-экономикалық негіздемесі жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет