Математика есептерін шығару әдістері(мәтіндік есептер) Алдасугуров Еркебулан Мфпко 201



бет7/7
Дата03.01.2022
өлшемі98.94 Kb.
#451104
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Моә 29.03.21ж тапсырма

12+72+432+2592+15552+93312=111972

Есептің нәтижесін тексеру:

2·6=12 432·6=2592

12·6=72 2592·6=15552

72·6=432 15552·6=93312

Есепті зерттеу: Әр керегеде мысықтар саны өсіп 6 есеге көбейіп отырады.

Есептің жауабы: алты қанат киіз үйден барлығы 111972 мысық өсіп шығады.

Теңдеу  құру арқылы  шығарылатын  есептер алғырлыққа, салыстыруға,  белгісіз шамаларды  анықтауға, есептің нәтижесін тексере білуге  тәрбиелейді. Теңдеу құруға берілген есептерді шығару үшін төмендегі шарттарды орындау керек. 

Есептің мәтінін анықтау.

Белгісіз шамаларды анықтау.

Теңдеу құру.

Теңдеуді шешу.

Теңдеудің шешімдерін зерттеу.

Есепті тексеру.

Есептің толық жауабын жазу.

 Мысалы  төмендегідей есептерді  теңдеу  құру арқылы шығарып көрейік.

 7 есеп. Еркін әкесі 36-ға келген кезде туылған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?

 Шешуі:


Х  жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе кіші болады деп тұжырымдаймыз да, оның сандық мәнін іздейміз.

Ол үшін тапсырма шартына сәйкес теңдеу құрамыз.

5*(0+Х)=36+Х 5*Х=36+Х

5*Х-Х=36 4*Х=36

Х=36:4 Х =9

5*(0+9)=36+9 45=45

Баласы 9 жаста болса, онда әкесінің жасын табу үшін:

36+9=45


 Жауабы: Әкесі қазір 45 жаста.

8 есеп. Қыңыр есепке құмар кісіден біреу оның жасын сұрапты, онда ол былай деп жауап беріпті: Менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселеңіз, ақыры алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасың . Ол кісі неше жаста ?



Шешуі: Х – жаста дейік. Сонда 3 жылдан кейінгі жасы (х+3) және 3 жыл бұрынғы жасы (х – 3 ) болады

3 (х+3) - 3(х – 3 ) = х

3х+9 – 3х+9 – х =0

х - 18 =0



х =18

Қазақстан Республикасы жалпыға білім беру мемлекеттік стандартында: "Оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мэдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала" - деп қарау міндеті анықталған. Бұл міндеттің негізгі мақсаты - балаларға білім беру екендігі қазіргі кезде бір жақты, жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі, мектеп білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Демек есеп шығарудың әр алуан әдістерін үйрену маңызды да жауапты міндеттердің бірі.

Есеп шығару барысында, әдіс-тәсілдерді қолдануды одан әрі байытып, өрістету, оған қатысты дербес жағдайларды тұжырымдау, сөйтіп танымдық қабілеттерін қалыптастыруда, математикалық ойлау дербстігіп дамытуда айрықша роль атқарады.

Есеп шығару математиканы оқытудың ажырамас бөлігі, себебі есеп шығару математикалық ұғымдарды қалыптастырып байытуға, математикалық ойлауын өрістетуге, білімдерін практикада қолдануга, табандылық, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашады.

 

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет