Тақырып 26
Көпканалды байланыс желілерінен пайдалану фототелеграфтан пайдаланудың басталуы.
-
Электромагниттік толқындар
-
Фототелеграфтар
Электромагнит толқындардың ортада таралу жылдамдығы Максвелл теңдеуімен анықталады.
мұндағы с- вакуумдағы жарық жылдамдығы. Электромагниттік толқындар көлденең толқындар болып есептелінеді. және векторлары бір –біріне перпендикуляр және олардың жатқан жазықтығы толқынның таралу жылдамдығының векторына перпендикуляр болып келеді. Олардың модульдерінің арасында мынадай тәуелділік бар:
немесе
Егер және векторлары толқын жиілігі деп аталатын тұрақты жиілікте гормоникалық тербеліс жасайтын болса, онда электромагниттік тербелістер деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
-
Электромагниттік толқын дегеніміз не?
-
Электромагниттік толқынның қасиеттері?
Тақырып 27
Жаңа энергетиканың пайда болуы, атомдық энергияны пайдаланудың басталуы.
-
Атом энергитикасы
-
Термоядролық реакциялар
Атом ядросылық күштер тартылыс күштер болғандықтан осындай зор тартылыс күшімен әсерлескен бөлшектердің потенциалдық энергиясы өте үлкен болады. Ал энергиямен массаның өзара байланыста болатыны Эйнштейннің мына формуласынан белгілі. Яғни, энергияның сақталуы және түрлену заңдарына байланысты массаның өзгерісіне сәйкес энергияда өзгеріп отырады. Атом ядросының түрленуі кезінде белгілі бір энергия бөлініп шығады. Олай, болса, атом ядросы түзілгенде немесе ыдырағанда қажетті энергияның бөлінуін ядроның байланыс энергиясы деп атайды.
Термоядролық реакциялар бұл жеңіл ядролардың өте жоғарғы температураларда бірігу реакциясы. Ядролардың бірігуі үшін олардың 10-5м аралыққа жақындауы немесе ядролық күш әсерінің аймағына түсуі қажет. Термоядролық реакцияларда бөлініп шығатын бір нуклонға есептелген энергия, ядролардың тізбекті реакциясы кезінде бөлініп шығатын меншікті энергиядан артып кетеді.
Бақылау сұрақтары:
-
Атом энергетикасы дегеніміз не?
-
Байланыс энергия дегеніміз не?
Тақырып № 28
Физиканың ғылым ретінде қалыптасуы.
-
Ерте дүние ғалымдары ( Ежелгі Вавилон, Египет).
-
Демокрит, Арестотель, Архимед.
Практикалық теориядан туған ежелгі Вавилон, Мысыр ғылымының теориялық негізгі халық арасына таралады. Ғылым түгелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын “ табиғаттан тысқары күштің ” әсерінсіз ақ ғылыми негізінде түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары ( героклит,Анаксимандр,Анаксимен, Фаме т.б ) табиғат негізінен төрт элементтен ( от, топырақ, ауа, су ) тұрады десе. Демокрит (б.з.б. 5ғ ) Эпикур (б.з.б. 341-270 ). Лукреций(б.з.б. 1ғ ) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі бөлінбейтін бөлшек – атом деп санады.
Демокрит, Аристотель, Архимед тәрізді ерте дүниедегі ұлы ғалымдардың ғылымға қосқан теңдесі жоқ мол үлес халықтың ғасырлалр бойына жинақтаған тәжірибесінен ұштаса келіп, физиканың ірге тасы болып классикалық механиканыңтууына қолайлы жағдай жасады.
Бақылау сұрақтары:
-
Ежелгі грек ғалымдары?
-
Табиғат қандай элементтерден тұрады?
Тақырып 30
Ежелгі ғалымдардың философиялық және физикалық көзқарастарының ғылымының кейінгі кезеңдердегі дамуына қосқан үлесі.
1. Ежелгі ғалымдардың философиялық көзқарастары
2. Ежелгі ғалымдардың физикалық көзқарастарының ғылымының кейінгі
Ежелгі дүниенің құбылысын түсіну және зеттеу ежелгі гректермен құлдық кезеңде басталған.
Грек ғылымының пайда болуы Милеша және Эфеса қалаларымен байланысады. Грецияда бірінші ұстаздаржәне профессионалдық ғалымдар пайда болды. Олардың ақысын мемелекет төледі. Бірінші ғылыми мекемелер: Платон академиясы, Аристотель лицейі, Александр мұражайы.
Ежелгі греция алғаш ретәлемдік модельді жасаған Аристрах Самолскийдің моделі ең дұрыс болған. Ол сфералық жер және жеті сфера – Меркурий, Венера, Марс, Юпитер, Сатурн, Ай, Жұлдыздар Күннің айналасында айналады. Бұл алғашқы геоцентрлік система еді. Греция логикалық және динамикалық методтың отаны болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
-
Грек ғылымының пайда болуы қай қалалармен байланысты?
-
Бірінші ғылыми мекемелер?
Тақырып 32
Жылулық және электрлік құбылыстардың алғашқы теорияларының қалыптасуы
-
Жылулық құбылыстардың алғашқы теорияларының қалыптасуы
-
Электрлік құбылыстардың алғашқы теорияларының қалыптасуы
Жылу беру процесінде дененің алған немесе берген энергиясының өлшеуіші ретінде жылу мөлшері деп аталатын айрықша шама алынады.
Жылу мөлшерін алғаш өлшей бастаған кезде ( XVIII ғасырдың екінші жартысында ) жұмыс және энергия ұғымдары ғылымда әлі қолданылмайтынды. (олар ХІХ ғасырда енгізілді).
Жылу мөлшерін өлшеу үшін айрықша бірлік енгізілген.
Жылу мөлшерінің бірлігіне бір грамм суды 10 С – қа қыздыру үшін керек болған жылудың мөлшері алынады.
Рихман Георг (1711 - 1753)- орыстың тамаша ғалымы. Ломоносовпен бір жылда, 1711 жылы туған. Петербург Ғылымдар академисында оқыған. 1741 жылы академияның профессоры болыптағайындалған. Ол көбінесе жылу мен электрді зерттеді. Жылу саласында ол калориметрияға негіз салды. Ломоносовпен бірге Россияда электр құбылыстарын зерттеу жұмысын бірінші рет бастады. Рихман. Ең алғаш денедегі электрзариятарын зерттеу үшін электроскопты қолдады. Жылуды бұл бірлігі калория деп аталады. (қыс: кал деп белгіленеді). Бұдан мың есе үлкен бірлік кило – калория (ккал) да қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
-
Жылулық және электрлік құбылыстардың алғашқы теорияларының қалыптасуы?
-
Калория деп?
-
Жылу мөлшері дегеніміз?
Достарыңызбен бөлісу: |