Тақырып 34
Физиканың өндірістік төңкеріс кезеңіндегі дамуы.
-
Химия мен металлургияның дамуы.
-
Физиканың өндірістік төңкеріс кезеңіндегі дамуы.
Физика тарихындағы екінші кезең ХІХ ғ бірінші он жылдығында басталды. ХІХ ғ физикаға біртұтас ғылыми сипат берген аса маңызды жаңалықтар ашылды, теориялық қорытындылар жасалды. әр түрлі физикалық процестердің бірлігі энергияның сақталу заңында өз өрнегін тауып, айқындалды. Физиканың дамуына химияда елеулі ықпал жасады. XVIII ғ аяғында біраз химиялық элементтер ашылды, массаның сақталу заңы тағайындалды( Ломоносов, кейіннен А.Ловуазье ) Ал ХІХ ғ басында ғылыми атомистика қалыптасты.
Жан – жақты және ұзақ уақыт бойы жүргізілген тәжірибелердің, көмегімен сондай – ақ бұрыннан қалыптасқан ескі түсініктерге қарсы қиян – кескі күрес жағдайында, әр түрлі физикалық процестердің өзара қайтымдылығы және осыған орай сол кездегі белгілі физикалық құбылыстардың бірлігі дәлелденді. Энергия сақталу заңының кез келген физикалық және химиялық процестерде орындалуы Ю.Р. Майердің, Дж. Джоульдің және Г. Гельмгольцтің еңбектерінде нақтылы дәлелденді.
Барлық физикалық құбылыстардық бірлігі жайлы қағида, ХІХ ғ екінші жартысында, физиканы түгелдей қайта құруға әкеліп соқты. Бүкіл физика екі үлкен бөлімге – заттар физикасы мен өрістер физикасы біріктірілді. Бірінші бөлім заттың молекула кинетикалық теориясына, ал екінші бөлім электромагниттік өріс жайлы ілімге негізделді.
Бақылау сұрақтары:
-
Физикаға химияның ықпалы?
-
Физиканың екі үлкен бөлімдері?
Тақырып 36
Жылу алудың қарапайым түрлерінің игерілуі.
-
Жылу құбылыстары
-
Энергияның сақталу заңы
Механикалық қозғалыстардан кейінгі нағыз елеулі құбылыстар - денелер температурасының өзгеруіне қарай олардың қызуына және сууына байланысты құбылыстар. Бұл құбылыстар жылу құбылыстары деп аталады.
Механикалық қозғалыстар денеге, егер сонда бір алапат соқтығысулар болмаса, онша елеулі өзгерістер туғыза қоймайды. Ал денені қызыру немесе суыту оны танымастай етіп өзгертуге қабілетті. Мөп – мөлдір суды қатты қыздырып, оны көрінбейтін буға айналдырамыз. Қатты суығанда су мұзға айналады. Бұл заңдар материя қозғалысының ерекше түрі - макроскопиялық денелердің бәріне тән, олардың кеңістікте қозғалатын, қозғалмайтынына байланыссыз болатын жылулық қозғалыс.
Энергияның сақталу заңы.
Табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды: энергияның мөлшері өзгермейді. Ол тек бір түрден екінші түрге өтеді. Бұл заңды ХІХ ғасырдың ортасында, білімі жағынан дәрігер, неміс ғалымы Р.Майер, ағылшын ғалымы Д.Джоуль ашты және оның толығырақ тұжырымдамасын неміс ғалымы Д. Гельмгольцтың еңбектерінде берілді.
Бақылау сұрақтары:
1. Жылу құбылыстары дегеніміз не?
2. Энергияның сақталу заңы ?
Тақырып 38
Ішкі жану двигательдерінің пайда болуы.
-
Ішкі жану двигательдері.
-
Екі тактілі двигательдер.
Іштен жану двигателі – дизель. Іштен жану двигателінің пайдалы әсер коэффиенті неге байланысты болады? Басқа жылу машиналарындай, бұл двигательде де энергияның көзі- қыздарғыш болады. Жанатын отын энергияның көзі болып табылады және суытқыш бұл жағдайда атмосфера болады. Бұлардың температураларының арасындағы айырма неғұрлым көп болса, двигательдердің ПӘК-і соғұрлым жоғары болады.
Қоспа жанғанда шығатын газдардың температурасы өте жоғары (16000 - 18000) болғандықтан іштен жану двигателінің пәк-і бу машиналарының пәк-і едәуәр жоғары болады. Практикада іштен жану двигателінің пәк-і 20% - 30% шамасы болады.
Тәжірибелермен есептеулер бұл үшін қоспаның сығылу дәрежесін көрсетеді. Алайда корбюраторлы двигвтельдерде жанғыш қоспаны өте қатты сығуға болмайды, өйткені, қоспа қатты қызып, күні бұрын өздігінен тұтанып кетеді.
Карбюраторлы двигательдердің отын мұнда бірден жанбайды, поршень оңға қарай біраз жерге барғанша, біртіндеп беріліп жанады.
Бақылау сұрақтары:
-
Ішкі жану двигательдері дегеніміз не?
-
Іштен жану двигателінің пайдалы әсер коэффиенті неге байланысты болады?
-
Екі тактілі двигательдер дегеніміз не?
Тақырып 40
Жарытуда электр көздерінің пайда болуы.
-
Энергияның сақталу заңы.
-
Алғашқы электр лампасы.
Энергия – материяның (зат пен өрістің) әр түрлі қозғалыстарын мен әсерлесуін ортақ өлшеу болатын скаляр шама. Қозғалыс жылдамдығы (импульсі ) m бөлшекті сипаттайтын скаляр шама кинетикалық энергия деп аталады.
Энергияның сақталу заңы – аралығында тек консревативті күштер ғана әсер ететін тұйық денелер жүйесінің толық механикалық энергиясы еріксіз қалады. E=const.
Бақылау сұрақтары:
-
Энергия дегеніміз не?
-
Энергияның сақталу заңы.
Тақырып 42
ХХғ. басындағы техниканың дамуы: авиация және авиақұрылыс.
-
Аэродинамиканың дамуы
-
Авиация және авиақұрылыс.
Николай Егорович Жуковский (1847 - 1921) орыстың тамаша ғалымы, қазіргі гидро және аэродинамиканың негізін салушы “ орыс авиациясының атасы” оны В. И. Ленин осылай деп атаған. Ол самалеттың көтеру күшін анықтау үшін қолданылатын фоормуланы ашты; самалет жасау ісіндегі есептеу жұмыстарының барлығы да осы формулаға негізделеді.
Жуковский сұйық қозғалысының заңдылықтарына маңызды зерттеулер жүргізілді; бұл зерттеулерпрактикада кең түрде қолданылатын болды.
Самалетті конструкциялау және есептеу жұмыстары аэродинамикалық теория негізінде жүргізіледі. Бұл теорияны жасап шығаруда біздің тамаша ғалымымыз Жуковский және оның шәкірттері үлкен үлес қосты.
Бақылау сұрақтары:
-
Аэродинамиканың дамуы?
-
Авиация туралы және авиақұрылыс дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |