“Математика және экономика” факультеті



бет2/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#125393
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырып № 15



Тұрақты электр тогында жұмыс істейтін машиналардың қалыптасуы.


  1. Жылу құбылыстарының заңдылықтарының ашылуы.

  2. Толқындық оптика позициясы ролінің асуы.

Жылу құбылыстарын түсіндіргенде біз заттың молекулалық құбылысы туралы оқып білгендерімізді пайдаландық. Ал электрлену құбылысын қалай түсіндіруге болады? Неліктен денелер электрленеді? Неліктен жанасатын екі денеге тек қарама – карсы таңбалы зарядтар ғана пайда болады? Осы өйткені кәдімгі күйінде молекулалармен атомдарда электр заряды жоқ, сондықтан денелердің электрленуін молекулалармен атомдардың орын ауыстыруымен электроскоп стерженіне бекітілген металл шарды зарядтайды.

Толқын оптикасы.

V1=V2 Δφ=φ12=const

Егер оптикалық айырма бүтін санда толқын ұзындығына тең болса, онда мах және мін шартты атқарылады, яғни

Бұл кездегі қосылған дене интерципті мах болып болвп толқынның амплитудасы бір – біріне қосылып жарық интенциптігі арттырады. Сол үшін ол жерде жарықтану энергиясымен тығыз






Бақылау сұрақтары:

  1. Электрлену құбылысын қалай түсіндіруге болады?

  2. Неліктен денелер электрленеді?

  3. Неліктен жанасатын екі денеге тек қарама – карсы таңбалы зарядтар ғана пайда болады?



Тақырып 17



Электромагниттік индукция


  1. Электромагниттік индукция заңдары.

  2. Физиканың жаңа саласы электротехниканың ашылуы

Электромагниттік индукция құбылысын өте тиянақты түрде 1831 ж. Ағылшын физигі Фардей ( 1791-1867) ашқан болатын. Бұл құбылыстың мазмұны манадай: кез келген тұйық өткізгіш контурда осы контурмен шектелген ауданнан өтетін магнит индукциясының ағынан өзгертсек, онда электр тогы пайда болады. Осы токты индукциялық ток деп атайды.

Контурдағы индукция электр қозғаушы күші (εі,в) кері таңбамен алынған магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тура пропорционал:

εі=-dФ/dt осы қатынас фарадей заңы деп аталады. Ленц ережесі бойынша тұйықталған контурда пайда болған индукция тогы Ііі/R контурмен шектелген.



Бақылау сұрақтары:

  1. Ленц ережесі деп?

  2. Электромагниттік өріс деп?


Тақырып 19




Электрониканың пайда болуы





  1. Вакуумдық электроника

  2. Электрондық микроскоп

1918 – 1945 ж аралығы ғылыми техниканың революцияның бірінші фазасы кезеңіне тура келеді. Ядролық реакцияның ашылуы, физикалық эксперимент және радиотехникаға, вакуумдық, электрондық теорияның кеңінен енуі кванттық теориядағы қарама қарсылықтар кванттық механиканы құрудың аяқталуына алып келді. ( 1924 – 1929 ж ) Нейтронның ашылуы, жасанды радиоактивтік бірінші үдеткіштердің құрылуы, уранның ыдырауы және тағы да атом энергиясының ашылуымен кезеңнің екінші этапында үлкен оқиғалар болды. Бұл маңызды жаңалықтардың ХІХ ғ аяғында ашылуы ғажайып болғанымен әлем жаңа ғылыми революция табалдырығында тұрғанын сезген жоқ еді. Оның көлемі және салалары ХVI – XVII ғ бірінші ғылыми революция көлемінен айырмашылығы үлкен болатын. Атамистикалық пікір осы күйі қалама, не басқа жаңа идеялар үстердікке ие болама деген ойлар, екі бағыт энергетикалық және механикалық тұрғыдағы пікірлер ХХ ғасырда қандай боладыдеген сұрақтар қояды. ХІХ ғ физикасы оптикалық және электр өлшеуіш техниканы, ұзындық және техникалық өлшеулердің техникасын жаратты.


Бақылау сұрақтары:

  1. ХІХ ғ физикасы нелерді жаратты?

  2. 1918 – 1945 ж аралығы қай кезеңге тура келеді?



Тақырып 20




Кеңістік және уақытқа көзкарастың өзгеруі. Салыстырмалық теориясы





  1. Кеңістік және уақытқа көзқарастың өзгеруі.

  2. Салыстырмалылық теориясы

Ньютон материяға байланысты болмаған материалдық заттарға тәуелсіз, және салыстырмалы емес біртекті және изотропты абсолют кеңістік қозғалмас деп есептелінеді. Дененің қозғалысы бұл кеңістікке қатысты абсолют кеңістік қозғалмас деп есептелінеді. Бұл кеңістік эвклидтік және еркін материалдық нүкте ал жерде бірқалыпты және түзу сызық бойымен қозғалады.

Электрондар динамикасына және электрондық сәулелер өрісімен әсерлесуіне байланысты қазіргі физиканың ең жалпылау теориясы – салыстырмалы теориясы пайда болады. Жаңа теория материя қозғалысына және сол қозғалысқа қатысты физиканың негізгі ұғымдары – кеңістік пен уақыт жөніндегі жаңа белеске көтеріліп, олардың қасиеттері жөніндегі ғасырлар бойы қалыптасқан көзқарасты өзгертті. 1916 ж Эйнштейн ашқан жалпы салыстырмалық теориясы әлемнің алыс түпкіріндегі материяның қозғалысымен орнықтылығын теориялық жолмен зерттеудегі бірден – бір аса маңызды мәселе болды. Бұл теория тартылыс жайлы ескі ілімді қайта құрып жаңа сатыға көтерді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Кеңістік пен уақыт дегенде нені түсінесіңдер?

  2. Эйнштейннің салыстырмалы теориясы нешінші жылы ашылды?



Тақырып 22



Теориялық физиканың жетістіктері: әлемнің механикалық негіздегі көрінісі.


  1. Әлемнің механикалық негіздегі көрінісі.

  2. Теориялық физиканың жетістіктері

Қазіргі заман физикалық пікірлеудің негізгі ерекшелігі кванттау идеясы болып табылады. Алғаш Планк жұмыстарында қара сәулелену бойынша басталып ол өзінің жалғасын Энштейннің фотоэффект және жылуөткізгіштік бойынша жұмыстарында табылады. Эйнштейннің E=hν энергияға ие болған жарық кванттары туралы идеясын Допплер эффектіне қолданды.

Мұнан бір жылдан соң америкалық физик Артур Комптон рентген сәулелерінің жойылу эффектісін ашады.

1922ж 11 декабрдағы Н. Бор өзінің Нобелдік сыйлығын алғанда атомның динамикалықжүйесінің Күн жүйесі типіндегі классикалық динамикалық жүйесінен негізгі айырмашылығын көрсетіп береді.


Бақылау сұрақтары:

1. Әлемнің механикалық негіздегі көрінісі.

2.Теориялық физиканың жетістіктері


Тақырып 24



ХХ ғасырға физиканың әлемді механикалық тұрғыда түсінудің кризиске ұшырауымен кіріп келуі.

  1. Заттың микроқұрылымын зерттеу.

  2. Молекула мен атомның реалдығы жөніндегі қорытынды.

Біздің жыл санауымызға дейінгі V ғасырда Ежелгі Грекияда Демокрит барлық денелер тұтас емес, олар бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектерден - атомдардан тұрады, олар өлшемінің өте аз болуынан көзге көрінбейді деген гипотеза ұсынды. Заттардың түрліші болатындығынан емес, олардың қосылыстарының әр түрлі болуынан деді. Атомдар бір- бірінен массалары, өлшемдері және пішіндерімен ерекшеленеді.

Атомдар жайлы Демокрит былай деген.

Атомдар мен бос кеңістіктен басқа ештеңе жоқ: басқалары ой ғана атомдар сан жағынан шексіз және пішіндері де шексіз. Барлық заттар арасындағы айырмашылық олардың атомдарының сандарындағы, пішіндеріндегі орналасуындағы айырмашылықтарында ғана, атомдар арасында сапалық айырмашылық жоқ. Демокриттік ілімін Ипикур қолдады., оның философиялық көзқарасын б. з. д. І ғасырдың басында Рим ақыны Лукреций өзінің атақты “заттардың тегі жайлы” деген поэмасында баяндады. Демокриттің болжамы гипотеза түрінде қала берді, себебі ол атомдар шын мәнінде болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеп бере алмады.

1026ж Францияда Жоғарға сот атомистикалық ілімге тиым салды. Бұл әрине дененің құрылысын да, жылулық құбылысында зерттеуді мешеулетті.

XVIII ғасырларда Франсуз физигі Гассенди атомистиканы жаңғыртты. 1734-1748жж М. В. Ломоносовтың еңбектерінде жарық көрді. Бұл еңбегінде ол тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып, зат құрылысының молекулалық кинетикалық теориясын (МКТ) жасады. Ломоносов – заттың атомистикалық құрылысын және молекулалық қозғалысының негізін калаушы. Сонымен қатар ол массаның және қозғалыстың сақталу заңына сүйене отырып, денелердегі бөлшектердің үздіксіз қозғалыста болатынын, жылулық құбылыс денедегі молекулалар қозғалысының нәтижесінде болатындығын көрсетті. Ломоносов идеялары тек 100ж өткен соң ғана мойындалды. Оның заттың молекулалық құрылымы теориясын Джоуль, Клаузиус, Максвелл, Больцмандар қолдады. Осы заманға зат құрылымы теориясының Ломоносов теориясынан еш айырмашылығы жоқ деуге болады.

Көріп отырғанымыздай молекуланың физикада жылу құбылыстарын зерттеуде екі әдіс айқын қолданылады:

Термодинамикалық және молекулалық- кенетикалық.

Термодинамика дегеніміз- заттың ішкі құрылымын ескермей, энергитикалық түрлендірулердің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физикалық бөлімі.

МКТ- осы жылулық құбылыстарды қозғалыстары Ньютон заңдарына бағынатын молекулалар мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде қарастырылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Атомдар жайлы Демокрит не деген?

2. Демокриттің ілімін кімдер қолдады?

3. XVIII ғасырда атомистиканы кім жаңғыртты?

4. Молекуланың физикада жылу құбылыстарын зерттеуде қандай әдістерді қолданылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет