Математика және тіл дамыту


Дипломдыќ ж±мыстыњ зерттеу єдістері



бет2/7
Дата20.04.2024
өлшемі234.5 Kb.
#499364
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Дип.-Бастауыш-сынып-математика-сабақтары

Дипломдыќ ж±мыстыњ зерттеу єдістері мыналар болып табылады:

  1. Психологиялыќ-педагогикалыќ жєне єдістемелік єдебиеттерді талќылау жєне оныњ толыќ жетілуініњ негізгі баѓыттарын аныќтау.

2. Ќазаќ тілі, ана тілі, єн-к‰й, бейнелеу µнері. Ењбек айналамен таныстыру жєне дене шыныќтыру сабаќтарыныњ элементтерін пайдаланѓан математика сабаќтарындаѓы байќаулардыњ нєтижелерін жинаќтап ќорыту.
Диплом жұмысының практикалық құндылығы
Ж±мыс бастауыш сынып м±ѓалімдеріне пєнаралыќ байланысты математика сабаќтарында пайдалануѓа кµмекші ќ±рал ретінде ±сынылады.
Ж±мыстыњ маќсаты мыналардан т±рады:

  1. Пєнаралыќ байланысты математиканыњ бастауыш курсыныњ теориясында жєне практикасында іске асыру мєселесініњ жасалуын анализдеу;

  2. Математика сабаќтарында пєнаралыќ байланыстарды енгізудіњ негізгі баѓыттарын кµрсету;

  • бастауыш сынып м±ѓалімдеріне математика сабаќтарында пєнаралыќ байланысты пайдаланудыњ аса тиімді формасы мен єдістемелерін табуѓа кµмектесу.

  1. Сыныптан тыс шараларды оушылардыњ кµзќарастарын ќалыптастыру, оќуѓа ќызыѓушылыѓын даѓдыландыру, µмірге, ќоѓамдыќ-пайдалы ењбекке дайындау маќсатында пайдаланудыњ тиімділігін кµрсету.

  2. Жалпы білім беру ж‰йелерінде бастауыш сыныптардаѓы математика сабаќтарына пєнаралыќ байланыстарды енгізудіњ тиімділігін арттыру бойынша ±сыныстар жасау.



І тарау БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
1.1 Математика және тіл дамыту
Оқушылардың тілін дамыту – математиканың оқытудың негізгі мәселесінің бірі болып табылады. Осы мәселенің табысты шешілуінен оқушылардың оқу материалды түсіндіру ептіліктерінің қалыптасуымен байланысты, сонымен математикалық қабілеттерінің дамуына әсер етеді, жұмысты бірінші сыныптан бастау керек.
Қазақ тілі және ана тілі сабақтарындағыдай, біз математика сабақтарында ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарын жүргіземіз, сонымен оларға мынадай талаптар қойылады: мазмұндық, куәлілік, анықтылық, дәлдік, логикалық. Осы талаптардың барлығы комплекстік түрде жүзеге асырылады.
Мынандай жаттығуларды ауызша сұрау кезеңінде ұсынылады:

  1. Екпіндерін сақтап, сөздерді оқыңдар: километр, миллиметр, есептеу, қосу, шешу т.б.

  2. Оқыңдар: 29-дан шегеру, 36-ға қосу, 45-ті қосу.

Егер оқушылар септіктерді дұрыс қолданбаған болса, онда мұғалім оларға көмектесіп, өзі оқып, оқушылардың біреуін оқытатын. Осылай сабақтан сабаққа дейін мұғалім оқушыларды математикалық ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс оқытуды үйретеді.

  1. Бір оқушы 43-12 мысалын былай оқыды: «қырық үш алу он екі». Оқушыларға сұрақ қойылды: «дұрыс па». Оқушылар мұғалімнің көмегімен қатені тауып, мысалды дұрыс оқыды.

Математикалық терминдердің мәнін түсінікті етіп айтып беруге, дұрыс жазылуын терең меңгеруге және айтылатын ойдың бас-аяғын дұрыс құрай білуге әкеліп түйіндейді. Осы мақсатпен оқытушы төмендегі есептерді ұсынады:

  1. Математикалық терминдердің маңызын түсіндіру жаттығулары (терминдер класының бағдарламасынан алынады).

  2. Терминдерді дұрыс жазуға арналған жаттығулар

Мысалы: «Қосылғыштардың қосындысы өзгермейді». Барлық жаңа математикалық терминдерді балалар дәптерлеріне немесе «талқылау сөздіктеріне» жазып алатын. Сонымен, оның ана тілі мен қазақ тілі сабақтарының сөздері жазылып, сөздердің түсіндірмелері көрсетілетін.
Үшінші түрдегі жаттығулар ережелерімен анықтамаларды дұрыс және дәл айтуды меңгеруге бағытталған.
Математикалық тіл мәдениетінің қалыптасуы грамматикалық және математикалық қателерді жоюға, тілдің көдейлігі мен нақтылы еместігін артық сөздерді қолданбауға, сөйлеудегі сөздерді дұрыс жүйеде пайдалануға және т.с.с. жоюға әкеледі.
Тіл дамыту жұмысының осы кезеңінде оқушыларға жаттығулардың мынандай түрлері беріледі:

  1. Грамматикалық және математикалық қателерді жоюға арналған жаттығулар: тесттегі математикалық қатені табыңдар

«Берілген мысалдағы белгісіз санды табу үшін
...+47, 7-ге 4-ті қосу керек».
2. Тілдің жетіспеушіліктерін жоюға арналған жаттығулар, негізінде ана тілі сабақтарындағыдай алынады, тек математикалық ұғымдар мен материалдар пайдаланылатын. Оларды математика сабағында пайдаланылғандай қазақ тілі сабағында да пайдалануға болады және ол пәнаралық байланысты күшейтеді.
Көбінесе мынандай жаттығулар пайдалы:
345+15360, мысалын бір оқушы былай оқыды: «үш жүз қырық бес қосу он бес болады үш жүз алпыс», дұрыс оқыды ма
Егер оқушы жауап бере алмаса, онда мен оқушылардың назарын сан есімдердің жалғауларына аударып, мысалды өзің оқып, оқушылардың біреуіне қайталап оқытқызу керек. Осындай жаттығулар түрлері өте күрделі. Бірақ мұғалім осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істесе, онда оқушылар оны игеріп кетеді. Кіші жастағы оқушылармен жұмыс істеу барысында, біздің ойымызша мынандай моменттерге назар аудару қажет:

  1. Тапсырмаларды шешу барысында оларды әр түрлі тәсілдермен шешуге көбірек назар аудару, есептің шарты мен сұрағын өзгерту.

  2. Есептің шешуі мен жауабын жазуында (оқушыларға) артық формальді талаптар қоя бермеу. Ең бастысы – дұрыс шешу мен сауатты жазу.

  3. Есепті қысқаша жазуды тек қана ол оқушыға есепті шешуге көмектесетін болса ғана, пайдалану қажет. Мұндай жұмысты грамматикалық қателерді ескерту негізінде мұғалімнің басшылығымен орындау қажет. Математикалық тілді дамыту жұмысы қиын және тиянақты, өйткені бұл жерде әр оқушымен жеке жұмыс істеу қажет.

Математика сабақтарында өлеңдерді пайдалану – сабақты жандандырады, оны қызықты қылады және балалар өлеңдерді тыңдай отырып білінбей, оқу процесіне қосылып жаңа білімдер алады.
Мысалы: 1. Түйе, бота мен басқан,
Төрт аяғын таң басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
(Он жеті)
2. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бір ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң, бол күлкі.
(Жиырма төрт)
Бастауыш сынып оқушыларымен өтілетін математика сабақтарында өлеңдерді үнемі пайдалана отырып, оларды ауызша есепке жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсінуіне толық мүмкіншіліктер бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Солардың ішінде «Сен тұр, сен шық» - ойынын (бірінші сыныпта жмырма көлемдегі сандарды санап үйрену кезеңінен бастап) бастауыш сынып математика курсын бітіргенге дейін пайдалануға болады.
Бірінші сыныпта математиканы оқып үйренуді бастағанда, (яғни алғашқы ондықты өткенде) оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату орынды. Мұғалім пәнаралық байланыс мақсатында санаумен қатар тіл жаттықтыруға арналған. «Қуыр-қуыр қуырмаш» ойынын естеріне алып, қайталап отыруы жөн. Бұл ойындардың тиімділігі қарапайымдылығы мен санның заттың ұғымына негізделген ерекшеліктерінде. Сондықтан да ол балалардың санасына тез жетіп, есінде ұзақ сақталады.
Пәнаралық мазмұнды сабақ табысты болу үшін, мұғалім бірінші күннен бастап сынып оқушыларын зерттейді. Ата-анасымен бірлесе отырып, олардың мінез - құлқына қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Мысалы, біз бірінші сынып оқушыларын үш топқа бөлдік. Бірінші топқа жақсы үлгеретіндер, екінші топқа орташа үлгеретіндер, үшінші топқа нашар үлгеретін оқушылар енді. Мақсат осы оқушылардың арасындағы айырмашылықтарды жойып, олардың қалыпты үлгерулерін бағдарламалық материалдарды саналықпен игерулерін қамтамассыз ету. Біздің байқауымызша, ойын, өлең сабақта орташа оқитын оқушылар мен нашар үлгеретін оқушылар белсенді қатынасып, жақсы нәтижеге ие болды. Олай болса, бастауыш сыныптарда математика сабағын заттық негізде деректі ұғымдар арқылы оқытудың пайдасы жоғары.
«Санамақ» өлеңі (ойыны) алғашқы ондықты оқып үйрену кезінде математиканың бастапқы негіздерін меңгеруге толық мүмкіншілік береді де, келесі ондыққа өтуді оңайлатады, оны әсіресе, ойына сақтау қабілеті төмен балалар үшін (санның рет қатарынан жазылғанда) қолданған жөн.
Мысалы:
бір дегенім білеу, жеті дегенім желке,
екі дегенім егеу, сегіз дегенім серке,
үш дегенім үкі, тоғыз дегенім торқа,
төрт дегенім төсек он дегенім оймақ
бес дегенім бесік он бір қара жұмбақ
алты дегенім асық,
Бұл өлеңнің әсерлігі, біріншіден, оның қарапайым ұғымға жеңілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды ырғақты, айтылуы үшіншіден, білеу, үкі т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған. Сөз тіркестеріміз санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтанда балалардың ұғымына жақын, түсінікті.
Бастауыш сыныптың математика сабағында алғашқы ондықты өткенде Мұзафар Әлімбаевтың «Бал дәурен, шіркін балалық» кітабынан «Он саусақ», «Санамақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы (ана тілі, математика сабақтарында) оқушылардың тілін ұстартып, логикалық ой-жүйелерін қалыптастыруға болады. Математика сабағында (бірінші сыныптан бастап) өлең элементтерін сабаққа ретті қолдана отырса, балалар математикалық оңай игереді.
Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әр бір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Сол тәсілдердің бірі – «Жеті алма» жұмбақ өлеңі арқылы есеп шығарту.
Табақта бес алма,
Қолында екі алма,
Қосқанда барлығын,
Болады жеті алма.
Бір алма апама,
Бір алма атама,
Екі алманы бөлемін,
Тәтеме – сыбағы.
Нешеуін алады
Нешеуі қалады
Мысалы:
Бір үйде, біз нешеуміз
Кел санайық екеуміз:
Бес бамағым – папам,
Балаң үйрек – атам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Титей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет