17.
Төменде берілген фигураның ауданын табуға арналған өрнекті көрсетіңіз:
A) ac + 0,5 ab B) ab + 0,5ac C) c + 0,5ab D) 2(a+b) + 0,5(a+c) E) ac + ab
18.
Қорапта қызыл, ақ және көк шарлар бар. Көк шарлар саны ақ шарлар санынан кем емес
және қызыл шарлардың
1
3
-нен артық емес. Ақ және көк шарлардың жалпы саны 55-тен кем
емес. Қызыл шарлардың ең аз мүмкін санын табыңыз.
A) 74 B) 84 C) 72 D) 64 E) 60
19. Суретте екі велосипедшінің қозғалыс графиктері салынған. Графиктегі мәліметтерді
пайдаланып бірінші велоспедшінің жылдамдығы екінші велосипедшінің жылдамдығынан
қаншалықты артық екенін табыңыз.
A) 4 км/сағ B) 2 есе C) 3 км/сағ D) 3 есе E) 6 км/сағ
20.
Үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындығы 5 және 2, үшінші қабырғасының ұзындығы –
тақ сан. Үшбұрыштың үшінші қабырғасына тең бола
алатын санды табыңыз
А) 6 B) 3 C) 5 D) 7 E) 1
21. Дұрыс алтыбұрыш пен дөңгелек берілген.
А және В бағандарын салыстырыңыз.
А бағаны
В бағаны
Дұрыс алтыбұрыштың ауданы
Дөңгелек ауданы
А) BA E) A=2B
22. Жүз карточканың әрқайсысында 1-ден 100-ге дейін қоса алғандағы сан жазылған.
Кездейсоқ алынған кез келген карточкада 5-ке еселі болатын сан шығуының ықтималдығын
табыңыз.
A) 0,1 B) 0,16 C) 0,5 D) 0,03 E) 0,2
23.
Цифрлары әртүрлі 5-ке және 10-ға еселік болатын ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сандар
айырмасының модулін табыңыз.
А) 960 B) 895 C) 860 D) 1100 E) 880
24.
Тізбеде көк, сары және қызыл түсті шарлар бар. Ондағы көк түсті шарлар барлық
шарлардың
3
4
- інен 9 шарға кем. Тізбедегі қалған шарлардың
1
2
- і және 3 шар сары түсті. Одан
қалған 5 шар қызыл түсті. Тізбедегі барлық шардың санын табыңыз.
А) 28 B) 36 C) 40 D) 48 E) 32
25. 10 себеттегі алманы 6 жәшікке тең бөліп салуға болады.
Әр себеттегі алма саны әр
жәшіктегі алма санынан 14-ке кем. Бір себетте қанша алма болғанын анықтаңыз
А) 20 B) 25 C) 23 D) 21 E) 22
26. Егер A, B, C әртүрлі цифрлары A < B < C шартын қанағаттандырса, онда А цифры 3 рет, В
цифры 2 рет және С цифры 1 рет қолданып жазылған ең кіші санды табыңыз.
A)
𝐶𝐴𝐴𝐴𝐵𝐵 B) 𝐴𝐴𝐴𝐶𝐵𝐵
C)
𝐴𝐴𝐴𝐵𝐵𝐶 D) 𝐵𝐵𝐴𝐴𝐴𝐶 E) 𝐴𝐴𝐴𝐵𝐶𝐵
27.
Егер
8𝑥 − 5 = 8𝑦 болса,
−
1,25
𝑦−𝑥
өрнегінің мәнін табыңыз.
A) 1,75 B) –1 C) 2 D) –2 E) 0,375
28.
Жанұяда төрт бала бар. Олардың үшеуі сәйкесінше ең үлкенінен 8; 6; 2 жасқа кіші және әр
баланың жасы жай санмен өрнектеледі. Төмендегі жауаптардың ішінен ең кішісінің жасын
табыңыз.
А) 5 B) 7 C) 3 D) 2 E) 1
29. Қорапта 5 көк, 4 ақ және 6 сары түсті шар бар.
Оларды араластырып, қарамай алынған
шардың әр түрінен міндетті түрде бір-бірден болу үшін, кем дегенде неше шар алу керек.
А) 3 B) 9 C) 15 D) 6 E) 12
30. Бөшкенің
2
3
бөлігіне 150 литр су құйылған. Егер бөшкенің биіктігі 0,3
метр болса, онда
бөшкенің табанының ауданын табыңыз.
А) 45 дм
2
B) 75 дм
2
C) 55 дм
2
D) 25 дм
2
E) 35 дм
2
31.
Тест тапсырмаларын әзірлеуге мұғалімдер шақырылды. 6 мұғалім 10 күнде 250 тапсырма
жасайды. Осы тапсырманы 6 күнде бітіру үшін көмекке тағы неше мұғалім шақыру керек
екенін анықтаңыз.
А) 10 мұғалім В) 5 мұғалім C) 4 мұғалім D) 2 мұғалім E) 3
мұғалім
32.
3 құрылысшы тоғанға бөгеуді 12 күнде салды. Көктемгі тасқын кезінде бөгеуді су шайып
кетті. Құрылысшылар көмекке адамдар шақырып, 4 күннің ішінде бөгеуді қалпына келтірді.
Көмекке қанша адам келгенін анықтаңыз. (Еңбек өнімділігі бірдей).
А) 7 адам B) 4 адам C) 8 адам D) 5 адам E) 6 адам
33. А және В бағандарын салыстырыңыз
Достарыңызбен бөлісу: