Математиканы оқыту әдістемесі ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Спиральді білім беру бағдарламасы



бет34/54
Дата19.05.2022
өлшемі7.15 Mb.
#457530
түріСеминар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
umk mom 2021-22

Спиральді білім беру бағдарламасы
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» абзал (Ж. Аймауытұлы, 1929).
Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
- белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
- бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
- таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған.
Джером Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады:
- оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
- спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
- оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, пысықталып отыратын спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Мысалы, Спиральді білім беру бағдарламасы «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттарының жүйесінен анық көрінеді. Мысалы, «Математикалық модельдеу және талдау» бөлімінің «Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару» атты 5.2бөлімшесі бойынша спиральді білім беру бағдарламасындағы алға ілгерілеу айқын көрінеді (2-кесте).


2-кесте: Сыныптан сыныпқа көшудегі оқытудың спиральділігі.

5-сынып

5.5.2.1 натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтін есептерді шығару

6- сынып

6.5.2.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді танып білу және шығару

7-сынып

7.5.2.1 өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығару

8-сынып

8.5.2.1 мәтін есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу

9-сынып

9.5.2.1 мәтін есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

10-сынып

10.5.3.1 туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару

11-сынып

11.5.3.1 физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану

Сыныптан сыныпқа өткен сайын алға ілгерілеу арқылы оқушылар өздерінің дүниетанымын кеңейтуге көмектесетін дереккөздерді қалай және не үшін пайдаланатыны тұрғысынан түсініп әрі бағамдай отырып, өздері сүйенетін дереккөздер ауқымын кеңейтуге көмектесетін білім қорын толықтыра алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет