АКТ қолдану
дағдылары
|
|
Бастапқы білім
|
Бірмүшелер және көпмүшелермен амалдар орындай алу.Екі өрнектің қосындысы мен айырмасы квадратының, квадраттарының айырмасының,кубтарының қосындысы мен айырмасының,қосынды мен айырманың кубтарының формулаларын білу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
|
Ұйымдастыру .
Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеп, зейінін жинақтап, сабаққа ынтасын аудару. Үй тапсырмасын дұрыс орындалғандығын анықтап, қате орындаған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау.
Өткен сабақтарда өткен қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру.
Қысқаша көбейту формулалары
2.
4.
5
6.
7.
|
|
Сабақтың ортасы
|
Оқулықпен жұмыс
№34.4 Көбейтіндіні көпмүшеге келтіріңдер.
(а+2)(а2-2а+4)
(k-5)(k2+5k+25)
(1+a3)(1-a3+a6)
(25-5y2+y4)(5+y2)
(1-x2)(1+x2+x4)
(3+m)(9-3m+m2)
(4-n2)(16+4n2+n4)
(64+8z3+z6)(8-z3)
№34.5 Өрнекті ықшамдаңдар.
(х-10)(х2+10х+100)-х3
216-(а+6)(а2-6а+36)
У3+(7-у)(49-7у+у2)
600-(8-z)(z2+8z+64)
№ 34.6 Өрнекті ықшамдаңдар
(а-1)(а2+а+1)-а2(а-8)
(b+2)(b2-2b+4)-b(b2-1)
2a3+7(x2-x+1)(x+1)
Y3-(y-3)(y2+3y+9)
№34.7 Теңдеуді шешіңдер
(2х-3)(4х2+6х+9)-8х3=2.7x
(3+4x)(16x2-12x+9)-64x3=-10x
(5-2x)(4x2+10x+25)=2.5x-8x2
(6-5x)(36+30x+25x2)=108x-125x3
ЖЖ «Сәйкестендір»
Сол жақ бағандағы өрнектерге оң жақтағы бағандағы сәйкес өрнекті сәйкестендіреді.
«Сәйкестендір» стратегиясы.
1
|
|
1
|
|
2
|
|
2
|
|
3
|
|
3
|
|
4
|
|
4
|
|
5
|
|
5
|
|
6
|
|
6
|
|
7
|
|
7
|
|
8
|
|
8
|
|
9
|
|
9
|
|
Жауаптары:
|
Оқулық
Таратпа материалдар
|
Сабақтың соңы
|
Сабақтың соңында әрбір оқушы екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымының формуласын қорытындылайды. Үш оқушы тақтада кезек-кезек формулаларды қорытып жазады.
Екі өрнектің кубтарының қосындысы осы өрнектер қосындысын осы өрнектер айырымының толымсыз квадратна көбейткенге тең
a3+b3=(a+b)(a2-ab+b2)
a2-ab+b2 өрнегі a2-2ab+b2 өрнегіне ұқсағанымен, бұл өрнекте 2 көбейткіші жоқ. Бұл а және b өрнектері айырымының толымсыз квадраты деп аталады.
Екі өрнектің кубтарының айырымы осы өрнектер айырымын осы өрнектер қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең:
а3-b3=(a-b)(a2+ab+b2)
a2-ab+b2 өрнегі a2-2ab+b2 өрнегіне ұқсағанымен, бұл өрнекте 2 көбейткіші жоқ. Бұл а және b өрнектері қосындысының толымсыз квадраты деп аталады.
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетіжоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
.
|
Қабілеті жоғары оқушылар мен жай қабылдайтын оқушыларды жұптап, шефтік көмек ұйымдастырамын.
|
Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында жақсы қатысқан оқушыларды жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп, ауызша бағалауды қолданамын.
|
Әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай жасаймын.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Оқу мақсаты дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы ОМ-на жетті. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді және сабақтың уақыт кезеңдері сақталды
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмыстарына берілетін тапсырмалар
1-тақырып. Математиканы оқыту әдістемесі пәні
Негізгі сұрақтар: 1) математиканы оқыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері; 2) матеметиканы оқытудың мақсаттары; 3) 5-11 сыныптар бойынша математика бағдарламасын талдау.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 18, 19, 22, 25, 29, 32, 42, 45, 54] және орта мектептегі математика бағдарламасы.
1-тапсырма. Математиканы оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Көрсетілген әдебиеттермен танысып, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Қандай басты мәселелер математиканы оқыту әдістемесінде оқытылады? Барлық курс қандай бөлімнен тұрады? Орта мектептегі математиканы оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттеріне, мазмұнына талдау жасаңыздар.
2-тапсырма. Математиканы оқытудың мақсаты жалпы білім беру, тәрбиелік және тәжірибелік болып бөлінеді. Осыларға сипаттама мен тұжырымдама беріңіздер. Сіздің көзқарасыңыз бойынша мектеп бағдарламасына математика курсы бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыруда жалпы білім беру және тәжірибелік мәні қаншалықты кең қарастырылған.
3-тапсырма. Академик А.Н. Колмогоров математиканың даму тарихын 4 кезеңге бөледі:
1) Математиканың пайда болу кезеңі.
2) Элементар математиканың қалыптасуы.
3) Айнымалы шамалар математиканың даму кезеңі.
4) Қазіргі математика кезеңі.
Әр кезеңге сипаттама беріңіздер. Қазіргі математиканың қандай әдіс-тәсілдері мектеп бағдарламасында көрініс тапқан?
4-тапсырма. Орта мектептегі математика бағдарламасына талдау жасап, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Сан ұғымының кеңейуі қалай өтілуде? Мектеп математика курсында қандай геометриялық шамалар оқытылады? Қай сыныпта функция ұғымы енгізіледі? Орта мектепте қандай функциялар оқытылады? Мектеп бағдарламасында қандай теңдеулер, теңсіздіктер мен теңдеулер жүйесінің түрлері қарастырылған? Орта мектепте геометриялық түрлендірулердің қандай түрлері оқытылады?
5-тапсырма. Орта мектепте геометрияны оқыту 3 кезеңде өтіледі: 1) 5-6 сыныптар; 2) 7-9 сыныптар; 3) 10-11 сыныптар. Әр этап бойынша геометриялық материалдың мазмұны мен әдістемелік негіздерінің оқытылуына сипаттама беріңіздер.
6-тапсырма. Қазіргі таңда математика мұғалімі қандай қасиеттерді игеруі тиіс?
7-тапсырма. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды тәрбиелеуде өзекті мәселелерге жататындар дүниеге диалектикалық-материалистік көз-қарасты қалыптастыру, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру. Осыларға сипаттама беріңіздер. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды тәрбиелеуге қандай тәрбиелеу жүйесін елестетесіз?
8-тапсырма. Математикадан факультативтік сабақтар оқушылардың жалпы білім деңгейін кеңейту, математикалық ойлау қабіліттерін дамыту, математикаға қызығушылығын арттыру көзқарасын және жеке бастарының ерекшеліктерін тәрбиелеу болып табылады. Математикадан факультативтік сабақты ұйымдастыру үшін не қажет және нені білу керек? Факультативтік курс бағдарламасының мазмұнына сипаттама беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |