Математиканы оқыту әдістемесі пәнінен өздік жұмыс тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата21.04.2023
өлшемі195.25 Kb.
#472507
1   2   3
сро 2 матем о0ыту

Әдістемелік нұсқаулар: 
1. Тарихи мағлұматтарды пайдаланудың тәрбиелік маңызы туралы сұрақтарды 
қарастырыңыз. Сабақ барысында пайдаланылатын тарихи тақырыптарға 2-3 
әңгіме келтіріңіз.
2. Тақырыпты оқып үйренуді жоспарлау туралы сұрақты қарастырыңыз. 
Тригонометриялық функциялардың туындыларының формулаларын қорытып 
шығару әдістемесін сипаттаңыз. Осы тақырып бойынша жаттығуларды 
орындауға мысалдар келтіріңіз.
3. Тақырыпты оқып үйрену жоспарын құрыңыз. Негізгі мектеп курсынан 
дәрежелі функция туралы матералдарды қайталаудың маңызын ашып 
көрсетіңіз. Дәрежелі функцияның графиктерін салуды зерделеңіз.
4. Тақырыпты оқып үйрену жоспарын құрыңыз. Қисық сызықты трапецияның 
ауданын қарастыруға байданысты интеграл ұғымын енгізу әдістемесін 
сипаттаңыз. Интегралдарды тікелей есептеуге мысалдар келтіріңіз. 
Интегралдың негізгі қасиеттерін оқып үйрену әдістемесін келтіріңіз.
 
4-нұсқа 
1. 5-6 
сыныптардағы математика курсында жиындар теориясы 
элементтері. 
2. Алгебра мен анализ бастамалары курсында сан тізбектері мен олардың 
шектерін оқып үйрену әдістемесі.
3. Мектепте алгебра курсында функция ұғымын қалыптастыру.
4. Алгебра мен анализ бастамалары курсында комбинаторика элементтерін 
оқып үйрену әдістемесі. 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1. 1-4 сыныптардағы математика курсында жиындар теориясының кейбір 
ұғымдарын, ал 5-6 сыныптардағы математика курсында жиындар теориясы 
атаулары мен белгілерін енгізу жолдарын қарастырыңыз. Теориялық 
материалды баяндауға мысадар келтіріңіз.
2. Тақырыпты оқып үйренуді жоспарлау туралы сұрақты қарастырыңыз. Сан 


тізбегі, ақырсыз сан тізбегі ұғымдарын енгізу әдістемесін баяндаңыз. Сан 
тізбегі шегі ұғымын енгізу әдістемесін сипаттаңыз. Осы тақырып бойынша 
оқулықтан шектерді есептеуге 2-3 мысал келтіріңіз.
3. Мектепте математика курсында функция ұғымының рөлі мен маңызы 
туралы сұрақтарды қарастырыңыз. Функцияның анықтамасын беріңіз. 7-8 
сыныптардағы алгебра курсында кейбір функциялардың қасиеттерін оқып 
ұйрену және графиктерін тұрғызу әдістемесіне назар аударыңыз. 
4.Тақырыпты оқып үйренуді жоспарлау туралы сұрақты қарастырыңыз. 
Комбинаториканың 
негізгі 
ұғымдарын 
енгізу 
әдістемесін, 
негізгі 
формулаларын қорытып шығару әдістемесін, оқушыларды Паскаль 
үшбұрышымен таныстыру әдістемесін сипаттаңыз. Осы тақырып бойынша 
оқулықтан 2-3 мысал келтіріңіз.
5-нұсқа 
1. 1-4 және 5-6 сыныптарда математиканы оқытудағы сабақтастық 
мәселелері.
2. Кезкелген аргументті тригонометриялық функциялар ұғымын енгізу 
әдістемесі. 
3. 8 сыныпта алгебра курсында нақты сандарды оқып үйрену әдістемесі. 
4. Квадрат үшмүшені туынды арқылы зерттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет