Әдістемелік нұсқаулар:
1. 5 сыныптың бағдарламасының жекелеген сұрақтарын оқып үйрену
барысында 1-4 сыныптар бағдарламасы бойынша
оқушылардың білімдері
қалай пайдаланылатынын көрсетіңіз. Келесі сұрақтар болуы мүмкін: а)
бөлшектерді оқып үйрену; ә) геометриялық материал; б)
теориялық-жиындық
ұғымдарды енгізу (студенттің таңдауы бойынша).
2. Бұрыштың радиандық өлшемі, бірлік шеңберде
сандардың геометриялық
кескіні ұғымдарын енгізу әдістемесін сипаттаңыз. Негізгі тригонометриялық
функциялардың анықтамасын беріңіз. y=cosx функциясының қасиеттерін
үйрету және графигін тұрғызу әдістемесін көрсетіңіз.
3.Иррационал сан ұғымын енгізу әдістемесін келтіріңіз.
Нақты сандардың
геометриялық түсініктемесін беріңіз.
4. Тақырыпты оқып үйренуді жоспарлау туралы сұрақты қарастырыңыз.
Туындыны пайдалану арқылы квадрат функцияның бірсарындылық
аралықтары мен экстремумдары туралы материалды
баяндау әдістемесін
қараңыз. Квадрат үшмүшені туынды арқылы зерттеуге қолданысына
практикалық мазмұнды есептерді шешуге мысалдар келтіріңіз.
6-нұсқа
1. Алгебра мен анализ бастамалары курсында индукция мен дедукция.
2. 5 сыныптағы математика курсында бөлшек ұғымын енгізу әдістемесі.
3. Гармониялық тербелістерді оқып үйрену әдістемесі.
4. Интегралды пайдалану арқылы айналу
денелерінің беттері мен
көлемдерін оқып үйрену әдістемесі.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Индукция мен дедукцияның ғылыми таным әдістері ретіндегі мәнін ашып
көрсетіңіз. Индукцияның түрлерін қарастырыңыз. Теориялық мтериалды
баяндаудың 2-3 үлгісін беріңіз және жаттығуларды
орындауға мысалдар
келтіріңіз.
2. 5 сыныптағы математика курсында жай және ондық бөлшек ұғымдарын
енгізу әдістемесін сипаттаңыз.Ондық бөлшектердің жай бөлшектердің бұрын
оқытылуының артықшылықтарын негіздеңіз.
3. Тақырыпты оқып үйренуді жоспарын құрыңыз.
Техникада гармониялық
тербелістердің қолданысын сипаттаңыз. у=Asin(x+p) функциясының графигін
салуға тоқтаңыз. Осы функцияның парметрлерінің
физикалық мәнін ашып
көрсетіңіз.
4. Тақырыпты оқып үйренуді жоспарын құрыңыз. Интегралды пайдалану
арқылы айналу денелерінің беттері мен көлемдерін оқып үйрену әдістемесін
сипаттаңыз.