Математиканы о ыту дістемесіні тарихы Фи19-10к1,2,кс
21 Таяу шыгыс жане орта азия елдериндеги математика Математика ғылымының кіндігі де, тұсауыда кесілген жері ертедегі шығыс). Онан кейін, ол Таяу шыгыс жане орта азия елдеринен , Грекияға ауысады. Грекия математиктері математиканы өзінің нәтижелері мен түпкі қағидаларын логикалық қортынды арқылы келтіріп шығаратын дедукциялық ғылымға айналдырды. Гректер әсіресе бастапқы геометрияға жататын мәселелерді түгел зерттеді деуге болады.
Жаңа заманнан ілгері 47 ж. Рим әскерлері Грекияны басып алып Александрия портындағы Мысыр кемелерін өртегенде, өрт кітапхананы да шарпып, натижеде екі жарым ғасыр бойы жинап сақтаған кітаптар мен 500 мың парша қолжазба күйіп түгейді. 4 ғ. Христандар Грекия пұтханаларын өртеген кезде Серапис пұтханасындағы 300 қолжазба күйіп түгейді.
Міне осындай тарихи себептерден, әрі Грек математикасының өзіндегі олқылықтар себебінен, ежелгі Грекия математикасы тоқырайды. Осыған байланысты бүкіл Еуропада ғылым дамымақ түгіл, уақытысында болған ғылымдардың өздері жоғалып, Еуропаны қара түнек басады. Ақыл берген ғасырлардың орынына мың жарым жыл бойы үздіксіз созылған оянбайтын ұйқыға батқан «Ақыл-ой» ғасырлары келді. Адамзат тарихында мұнан үлкен, бұдан ғаламат ауыртпалық болған жоқ.
Шығыс математикасы 5 ғ-дан 15 ғ-ға дейінгі мың жылдан астам уақыт аралығында есептеудің әсіресе астрономияның қажетінен шұғыл дамыды, бұрынғы Грекия математиктерінің көпшілігі философ болса, кейінгі шығыс мәдениетінің көбінің астроном болуы міне осы себептен болса керек.
Матемактика тарихында, Гректердің мұрагерлері Үндістанлықтар делінеді. 200-жылдан 1200 жылға дейін Үндістан математикасы жоғары толқынға көтерілген дәуір есептеледі. Бұл дәуірдің бастапқы мезгілінде, олар Гректерден геометрияны Вавилоннан алгебраны ұйренді. Әрі Қытайдан үлгі алып арифметика мен алгебраны одан ары дамытты.
22 багдат гылыми мектеби
1. Бағдат ғылыми мектебі
Шығыс елдерінің ғалымдары математиканың дамуына орта ғасырларда
үлкен үлес қосты. VII ғасырда дүние жүзін Араб империясының пайда болуы
таң қалдырды. Қазіргі Орта Азия, Иран, Ирак, Сирия, Египет негізінде үлкен
мемлекет халифат құралады. Араб халифаттың орталығы алдымен Мекке
қаласы, соңынан Дамаск, кейін Бағдат болды. Жүз жылдан азырақ уақыт
аралығында арабтар орасан зор аймақты басып алды. Көп жерлерді жаулап алу
жаңа ислам дінін тарату ұранымен өтті. Осы діннің араб тілі мемлекеттік тіл
және ғылыми негізгі тіл болып қалды. Сол себептен біз «араб математикасы»,
«ислам елдерінің математикасы» терминдерін қолданамыз, алайда
математикалық ашылымдар – парсы, араб, тәжік, өзбек, сирия және т.б.
елдердің ғалымдары еңбектерінің қорытындысы болып табылады.
Ислам елдерінің мәдени және ғылыми өркендеуі VІІ– VІІІ ғасырларда
болған. Бұрыннан сақталған аңыз әңгімеден Халиф Омар Александрия қаласын
жаулап алып, оның атақты кітапханасын жойып жіберуге бұйрық берген. Ол:
«Егерде кітаптарда ақиқатқа бару жолдары бар болса, оны Алладан одан да
жақсырақ жолдарын аламыз, ал онда жалған сақталған болса, оның керегі жоқ»,
– деген. Бұл сөздер алғашқы араб басқыншыларының ешкімнің сөзіне құлақ
қоймай, бірбеткейлікке салынғандығын көрсетеді.
Келесі ел басқарушылар ғылымды дамыту мәселесіне көп көңіл бөлді.
Араб Халифатында жер суландыру, құрылыс, көшпелі және теңіз саудасы
өмірлік маңызды мәселелер болды. Оларды шешуге астрономия мен
математиканы дамыту керек болды. Ғылымның қадірін білген
басқарушылардың астрологияға қызығушылығы күшейіп, сол себептен
Шығыста астрономияның дамуына көп көңіл бөлген. Үлкен табыстарға ие
болған басқарушылар обсерваториялар құрды, олар нақты ғылымның
орталығына айналды. Араб Халифатының алғашқы үлкен ғылым ордасы Бағдат
болды. Осында «Даналық үйі» деген академия ашылды. «Даналық ____үйі»
өкілдері
жан–жақты білімпаздығымен (энциклопедиялық біліммен) ерекшеленді.
Ғалымдары әмбебап, шетінен философ және математик, астроном және физик,
сонымен қатар дәрігер, тіпті тарихшы, географ, ақын болған. Бағдат математика
мектебі екі жүз жылдай белсенді жұмыс істеді. Онда ежелгі қолжазбаларды
зерттеп, араб тілінде шығару жоғарғы орын алды. Грек тілінен араб тіліне
Евклид, Архимед, Аполлон, Герон, Птоломей, Диофант т.б. авторлардың негізгі
шығармалары аударылды.
Ислам елдерінің математикасы Үнді, Вавилон, Парсы, Хорезм, кейіннен
Қытай елдерінен алған білімдерді қосты. Ұлы ғалымдардың араб тіліне
аударылған классикалық еңбектері латын тіліне аударылған. Оларды орта
ғасырларда Европа ғалымдары қолданған. Ислам елдерінің математикасы
өздеріне басқа елдердегі ғылымдардан алынған мәліметтерді қоса отырып,
Батыс Европа ғылымының дамуына зор әсер тигізді.
Ислам еліндегі математиканың дамуын бір–біріне өтпелі үш дәуірге
бөлуте болады.
Алғашқы кезде гректің де шығыстың да мәдени мұраларының
артықшылығын меңгерген. Сонымен бірге Таяу және Орта Шығыс
математиктерінің көп уақыт бойы Евклидті, Архимедті, Птоломейді терең оқып
үйренуінде үлкен мән болды, оның қытай және үнді мектептерінің ұстанған
бағытынан өзгешелігі мен өзіндік артықшылығын мойындатты.
Классикалық мұраны меңгеру, ислам елдерінің математиктеріне есептеу
алгоритмдік мәселелерді құру деңгейін, бірталай көтеруге мүмкіндік жасады.
Ислам елдерінің ғалымдары талай маңызды тұтас теориялар құрды. Олар
бұрынғы конустық қима негізінде үшінші дәрежелі теңдеу туралы дамыған
геометриялық ілім құрды.
Орта және Таяу Шығыс математиктері грек мұраларына сүйене отырып,
есептеу математикасын дамытуда едәуір алға шықты. Ислам елдерінің
математиктері тригонометрияны дербес зор ғылым ретінде жарыққа шығарды.
Геометриядағы алгебралық есептерді шығаруға деген зор қызығушылық
теңдеудің сандық шешу тәсілдерін жете зерттеумен қатар, алгебраның жеке пән
29
болып бөлініп шығуына әкеп соқтырды. Жалпы теориялық қатынас пен
иррационал сандар жайлы түсінікті енгізу есептеу математикасының нақты
процедураларының теориялық өңдеу мысалы болып табылады. Ал–Бируни
«Канон Масу'да» еңбегінде жазған: «Шеңбердің ұзындығын оның диаметріне
қатынас құрайды. Бұл қатынас шеңбер санының диаметр санына бөліндісі,
бірақ бұл қатынас иррационалды». Ислам елдерінің математиктері нақты
иррационал сандарды қолданумен шектелмей, оларға теоретикалық мұра
есебінде қарады. Олар өздерінің теориясын дамыта отырып, сан ұғымының
көлемін нақты сандар жиынына дейін кеңейтті. Сонымен, «нақты тарихи
мәліметтерден, ислам елдерінің математикасы Европаның ғылыми дамуына зор
әсер еткенін білеміз.
Шығармаларды араб тілінен латын тіліне аударғанның арқасында
Европадағы орта ғасыр ғалымдары Египет, Вавилон, үнді, грек және ислам
елдерінің ғалымдарының жаңалықтарымен танысты.
Орта ғасырдағы Орта және Таяу Шығыс ғалымдарды өздерінің
ізашарларының мұраларын толық меңгере отырып, мүлдем жаңа жолмен жүрді.
Белгілі тарихшы–математик А.П.Юшкевич «Ең бастысы мынада: Орта Азия
математиктері өздерінің ізашарларының ісін сандық жағынан өсуіне әсер етіп
жай ғана жалғастырып қоймай, математикалық зерттеулерге жаңа идеялық
бағыт берді, сапалы жаңа математиканы жасақтауға кірісті, сонымен біздің
ғылымды бірінші кезекті жаңалықтармен байытты», – деп есептеді [20].
Үндістандағы, Орта және Таяу Шығыстағы математиканың теориялық
деңгейі Қытайға қарағанда жоғары болды.
Ислам елдері математикасының тұңғыш классигі Мұхаммед Ал–Хорезми
Бағдат мектебінің көрнекті қайраткерлері қатарының алдында.
VІІ–ХV ғғ. арифметиканың дамуына ислам елдерінің ғалымдары үлкен
үлес қосты. Олар: ал–Хорезми, Омар Хайям, ал–Караджи, Насиреддин ат–
Тусси, ал–Каши, Абу–Райхан Бируни жәнежәне т.б.
Өз еңбектерімен математиканы құрған атақты ғалымдар аттарының
қатарында Шығыс пен Орта Азияның көптеген өкілдері бар. ІХ–ХV ғасырларда
еңбек еткен Орта Азия математиктерінің жетістіктері ерекше болып келеді.
Қазіргі кезде математика ғылымының іргетасы ретінде қарастырып, әрі
элементарлық математика деген атпен біріктіріп жүрген пәндер дәл осы кезеңде
қалыптасты.
Араб математикасының негізгі жетістіктерінен, арифметика жағында: ондық санау жүйесі, жазбаша есеп, дәрежеге көтеру, біріз қатарлардың қосындысын табу формуласын зерттеген.