Математиканы оқытудағы жаңашылдық – заман талабы Жолмуханова Жұмазия Бозайқызы



жүктеу 30.31 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі30.31 Kb.
Математиканы оқытудағы жаңашылдық – заман талабы
Жолмуханова Жұмазия Бозайқызы

Атырау қалалық білім бөлімінің әдіскері, физика, математика пәндерінің мұғалімі

Математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауатылық мәселесінен бастауымыз керек. Ал, сауатылық мәселесі математика пәні мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемасы. Бұл проблемалар:

- Пән мұғалімінің теориялық әдістерінің жан – жақтылығы

- Мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері, (курстар, семинарлар т.б.)

- Пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой – өрісінің жан – жақтылығы. Менің математик ретінде өз алдыма қойған мақсатым: «Оқытудың озық ақапараттық – иновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытп, сапалы білім беру». Оқушыларға білім беруді дамытуда білім сапасын төмендегідей анықтаймын:

- толықтығы

- тереңдігі

- жеделдігі

- икемділгі

- нақтылығы

- жалпыланғандығы

- жүйелілігі

- түсініктілігі

- беріктігі. Жақсы білімді қалыптастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлаусыз жүзеге аспайды, сондықтан ол қазіргі уақытта мектептегі оқытудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Уақыт өте келе білім берудің мақсаттарының көбеюіне, мектептегі дайындауда жаңа шарттардың пайда болуына, білім беру стандартының өзгеруіне байланысты бұл оқу пәнінің мазмұны өзгеруде.

Сонымен қатар, ғылымның үздіксіз дамуы, оның жаңа бөлімдері мен бағыттарының пайда болуы математика пәнінің мазмұнының өзгеруін талап етеді: тәжірибелік құндылығы жоқ бөлімдер қысқартылады, жаңа актуальді және перспективті тақырыптар кірістірілуде. Осы айтылғандардың барлығымен қатар педогогикалық білім де өз орнында тұрған жоқ.

Математиканы оқытуда қолданылатын қазіргі замандағы әдістер: проблемалы (перспективті) әдіс; зертханалық әдіс; бағдарламаланған оқыту әдісі; эвристикалық әдіс; математикалық модельдерді құру әдісі; аксиоматикалық әдіс және т.б.

Оқытудың ақпараттық дамушы әдістері екі класқа жіктеледі:


  1. Ақпаратты дайын түрінде беру (дәріс, түсіндіру, оқуға арналған кинофильмдер мен видеофильмдерді демонстрациялау және т.б.);

  2. білімді өз бетінше табу (оқулықпен өз бетінше жұмыс, оқу бағдарламасымен өз бетінше жұмыс, берілгендердің ақпараттық базасымен жұмыс – ақпараттық технологияларды қолдану).

Проблемалық-іздеуші әдістерге мыналар жатады: Оқу материалын проблемалы талқылау (эвристикалық әңгімелесу), оқу дискуссиясы, зертханалық іздеуші жұмыс, кіші топтармен жұмыс істеген кезде ұжымдық ойлау қабілеттерін (ҰОҚ) ұйымдастыру, зерттеуші жұмыс, ұйымдастырушылық-әрекет етуші ойын.

Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау, мысал бойынша жаттығуларды орындау, инструкция бойынша зертханалық жұмыс.

Мәдени-репродуктивті әдістер: шығарма, вариациялық жаттығулар, өндірістік жағдайларды анализдеу, әртүрлі ойындарды ұйымдастыру және мамандандырылған әрекеттерді имитациялаудың басқа түрлері.

Математиканы оқытуды жақсарту мақсатында стандартты емес есептерді пайдалануға арналған жаңа әдістерді ары қарай шығарған жөн.

Сабақта үнемі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарының қалыптасуына көмектесетін тапсырмаларды пайдалану керек.

Арнайы таңдап алынған жаттығулардың көмегімен оқушыларды берілген тапсырмаларды орындауға үйрету, оларды бақылауға үйрету, аналогияны, индукцияны, салыстыруды қолдану және қорытынды шығару.



Сабақ кезінде жылдам ойлануға арналған тапсырмаларды, математикалық ребустарды, софизмдерді, күлкілі есептерді пайдаланған дұрыс.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика мектептерін көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық және мәселені шешу құзыреттілігін коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлар мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтілік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс. Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы барлық мектеп ұстаздары үшін интернет, интерактивті тақта, компьютерлер, электронды оқулықтар қол жетімді. Сондықтан білімді де, білікті оқушы дайындауға талпынған ұстазға мүмкіндік мол. Талаптанған адамға нұрдың жауары, айының алдынан туары сөзсіз.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет