Математиканы оқытудағы кедергілер және жас ерекшеліктеріне сай оқыту мәселелері


Курстық жұмыстың практикалық маңызы



бет2/6
Дата22.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#487619
1   2   3   4   5   6
М-20-3 Мұратбекқызы Дана

Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Жоғарғы сыныптарда математиканы оқытудағы кедергілер мен жас ерекшелік мәселелерін анықтау және оқытуда қолданылатын әдістерді білу оқушының оқуда жетістікке жетуіне мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен: теориялық және практикалық, қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде математиканы оқытуда туындайтын кедергілер мен олардың түрлері және оларды жоюдың әдіс-тәсілдері, оқушылардың жас ерекшелік мәселелері қарастырылады. Екінші бөлімде жоғарғы сыныптарда математиканы оқытуда туындайтын кедергілер мен жас ерекшелік мәселелерін ескере отырып, сабақ өту мысалдары мен әдіс-тәсілдер қамтылады.


1 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЙ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


1.1 Математиканы оқытудағы туындайтын кедергілер және оның түрлері.

Математика – орта мектептегі негізгі пәндердің бірі болып табылады. Ол басқа пәндерді оқып үйренуге, оқушылардың логикалық ой-өрісінің дамуына септігін тигізеді. А.Н. Колмогоров: «Математиканы білмей, осы күнгі техниканың негіздерін де, ғалымдардың, табиғи және әлеуметтік құбылыстарды зерттейтіндігін де түсінуге болмайды» деген болатын. Сондықтан математиканы оқушылардың түсініп қана қоймай, оны болашақта ғылым мен техниканың сәт сайын дамып жатқан кезенінде өз қажетіне жарататындай терең білім алуы аса маңызды.


Алайда, көптеген білім алушылар математиканы игеруде оқытуда пайда болатын кедергілерге тап болады. Мәселен, оқушылардың кейбіріне математикалық ұғымдарды түсіну қиындық тудырса, ал басқалары үшін үйренген білімдерін практикалық есептерде қолдану қиындықтар тудырады. Оқушылардың математикалық білімін қалыптастыруда қандай мүмкін кедергілер бар және олармен қалай күресуге болады?
Математиканы оқытуда пайда болатын тағы бір кедергі математиканы оқуға деген оқушының ынтасы мен қызығушылығының болмауы болуы. Математикалық білімнің практикалық маңызы мен пайдасын көрмейтін оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытпауы мүмкін.
Сонымен қатар, оқушылар арасында математика күрделі және қызықсыз пән деген стеоритип бар, бұл тікелей білім алушылардың оқудағы мотивациясы мен үлгеріміне теріс әсер етеді.
Математиканы оқытуда пайда болатын кедергілердің негізгі себептері:

  1. Мотивацияның жеткіліксіз болуы. Математика кейбір оқушылар үшін күрделі және абстрактілі болып көрінеді, салдарынан, пәнді оқуға деген ынтасы азаяды. Оқуға деген ынтасының болмауы оқушының математикалық білім мен дағдыларды игеруіне, пәннің үлгерімі мен қызығушылығына, сондай-ақ бұл пәнді одан әрі оқуына теріс әсер етеді.

  2. Оқытудың тиімділігінің төмендігі. Көбіне математикалық ұғымдар мен әдістер стандартталған түрде оқытылады, бұл барлық оқушыларға сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан оқушылардың кейбіреулері үшін материалды түсіну қиын, бұл математикалық білім мен дағдыларды тиімді меңгеру үшін жеке оқытуды немесе визуалды әдістер мен басқа оқу үлгілерін пайдалануды қажет етеді.

  3. Практиканың жетіспеуі. Практикалық мысалдардың жетіспеушілігі математикалық ұғымдарды түсінудегі қиындықтарға, сондай-ақ үйренген нәрсені іс жүзінде қолдана алмауға әкелуі мүмкін. Математикалық білімнің жоғары деңгейіне жету үшін оқушылар үйренген ұғымдар мен әдістерді нақты өмірде қолдану мүмкіндіктерін табуы керек.

  4. Басқа пәндермен байланыстың аздығы. Математикалық ұғымдар басқа ғылымдар мен салаларда кездеседі, бірақ олар әрқашан математикалық оқытудың толық түсіндірмесі бола бермейді. Басқа ғылымдармен байланыстыратын оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу математикалық білім сапасын жақсартады және оқушыларға зерттелетін материалды толық және тереңірек түсінуге көмектеседі.

Мектеп оқушыларының мектепте білім беру мен тәрбиелеудің бірдей бағдарламалары мен жағдайларына қарамастан, әрқайсысының нәтижелік көрсеткіштері мен оқу-тәрбие міндеттеріне көзқарастары әртүрлі және іс жүзінде барлығының білім деңгейлері тең емес екені белгілі. Мемлекет пен қоғам тарапынан мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу бойынша білім беру органдарының алдына қойылған міндеттерді орындауда жалпы орта білім беруді жүзеге асыру, мектептегі үлгермеушіліктерді дер кезінде еңсеру үлкен маңызға ие.
Қазіргі уақытта оқытудағы кедергі түсінігі олардың талдауы мен тәсіліне қарай әртүрлі көзқарастар арқылы қарастырылуда, коммуникативтік-ақпараттықтық, әлеуметтік-психологиялық, когнитивтік-психологиялық салалар арқылы зерттеуді қажет етуде.
Оқытудағы кедергі ұғымы мен оның туындау себептері, оқудағы оның маңыздылығы мәселелерін Н.В.Кузмина, В.А. Калик, А.А.Леонтьев, А.К.Маркова, Е.В.Цуканова, В.В.Рыжов, Л.А.Поварницына секілді орыс ғалымдары терең зерттеген.
Сонымен, оқытудағы кедергі дегеніміз білім алуда туындайтын және оны қиындататын, ықпал ететін жағдайлар жиынтығы. Басқаша айтқанда, бұл іс-әрекеттің одан әрі қозғалысына кедергі келтіретін, белгілі бір эмоционалды тәжірибені тудыратын және оны жеңу үшін психикалық белсенділіктің пайда болуын ынталандыратын «сыни нүкте». Кедергі негізінен оқудағы белсенділікті арттыратын немесе керісінше оқушының оқуға деген қызығушылығын әлсірететін негізгі фактор болып табылады, бұл кедергінің себебін анықтап, онымен қалай жұмыс жасалғанына тікелей байланысты. Р.Х.Шакуров айтқандай, «кедергі табиғатына қарамастан, кез-келген әрекет пен қозғалыс болған жердің барлығында болады», яғни кедергінің мәні оның қалай әсер етуінде жатыр, бұл дегеніміз оқытудағы кедергімен дұрыс жұмыс жасау – оқутудағы негізгі қозғаушы күш болып табылады.
Оқудың нәтижелі болуы негізінен мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты. В. А. Кан-Калик пайымдауынша мұғалімнің эмоционалды жағдайы, оқушылардың тақырыпты түсінуі мен сабақтың дұрыс өтуіне әсер етеді. Мектепте жұмыс жасайтын мұғалімдер арасында «оқушылармен жұмыс жасау қиын» деген сөз жиі айтылады. Уақыт өткен сайын жас ұрпақтың заман талабына сай өзгеруі заңды құбылыс, осыған орай оқушылармен жұмыс жасауда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсіл мен сабақ өту стилі де сәйкесінше өзгеруде.
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынаста туындайтын кедергілерді В. А. Кан-Калик былайша анықтаған:
1. Мұғалім оқушымен байланыс орната алмау.
2. Оқушының ішкі психологиялық жағдайын түсінбеу.
3. Сабақтағы қарым-қатынасты басқарудағы қиындықтар.
4. Педагогикалық міндеттерге байланысты қарым-қатынас құра алмау және оларды қайта құру.
5. Сөйлеу қарым-қатынасындағы қиындықтар және материалға өзінің эмоционалды қатынасын жеткізу.
6. Өзінің психикалық жағдайын басқарудағы қарым-қатынасындағы кедергілер.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас барысында туындайтын мынандай кедергілер бар:
1.Логикалық кедергі. Әр білім алушы айтылған мағлұматты тәжірибиесіне, біліміне, жеке қажеттіліктеріне сай және мотивациясына байланысты өз көзқарасы бойынша қабылдайды. Ойды дауыстап айтпас бұрын, адам ақпаратты кодтайды – вербализациялайды (ішкі сөйлеуді сөзге айналдырады). Хабарламаны алушы сәйкесінше сөздерді өзінің білім деңгейіне, ақпаратты қабылдау тәсіліне және дүниетанымына сәйкес қабылдайды. Айтты-естіді-декодталады-түсінді этаптары арқылы жүретін бұл кезеңде ақпараттың 70% жоғалады немесе бұрмаланады.
Кедергіні жою жолдары:

  1. Ақпаратты үнемі талдау, анализ жасау.

  2. Білім алушылардың қаншалықты түсінгеніне назар аудару.

  3. Оқушылармен кері байланыс орнату.

  4. Ақпаратты мұғалім сауатты, қысқа және тыңдаушыға барынша түсінікті тілде жеткізу.

2. Стилистикалық кедергі. Ақпаратты ұсыну стилі мазмұнға сәйкес келуі керек. Ақпаратты білім алушылар дұрыс қабылдау үшін мұғалім ең қажетті дәлелдерді, негізгі аргументтерді таңдап, ақпаратты нақты және құрылымдалған түрде ұсыну қажет.
Стилистикалық кедергі байланыс формасы оның мазмұнына сәйкес келмеген кезде де пайда болады. Мысалы, білім алушы әңгімеге шақырылды, бірақ диалогтың орнына бір жақты монолог болды. Оқушылардың теріс және жағымсыз эмоциялары да стилистикалық кедергінің себебі болып табылады, өйткені басқалардың ақпаратты мұқият тыңдауға және түсінуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, стилистикалық кедергі ақпарат функционалды кітап тілімен берілгенде пайда болады.
Кедергіні жою жолдары:

  1. Мұғалім берілетін айтылатын ақпаратты дұрыс құрылымдауы қажет.

  2. Мұғалім оқушыларға ақпаратты түсіндіру барысында қолайлы қарқынмен (темппен) және нақты түрде барынша қысқа да нұсқа сөйлеу.

3. «Билік (бедел)» кедергісі. Бұл кедергі алдыңдағы сөйлеп тұрған адамды беделді немесе беделді емес деп бөлу және сол арқылы тек біріншісіне сенім артудан сәйкесінше басқаларға сенуден бас тартудан пайда болады. Яғни, білім алушы айтылған ақпараттың ерекшеліктеріне емес, кім сөйлейтініне байланысты ақпаратты қабылдауға тырысады.
«Бедел» мыналарға байланысты болуы мүмкін:

  • Әлеуметтік жағдайы;

  • Адамның сыртқы тартымды болмысы;

  • Сауатты ұйымдастырылған комуникативті байланыс;

  • Құзыреттілік;

  • Шынайылық.

Кедергіні жою жолдары:

  1. Мұғалім білім алушылармен сенім тудыратын байланыс, қарым-қатынас орнатуы қажет.

  2. Мұғалім әр сабаққа мұқият дайындалғаны жөн.

  3. Білім алушыларға қажет болған жағдайда мейірімділік таныту керек.

4. Семантикалық кедергі. Семантикалық кедергілер - әңгімелесушінің әңгімесінің мәнін түсінбегендіктен пайда болады. Мысалы, бір сөз тек бір емес бірнеше мағына білдіруі мүмкін. Әркімнің сөздік қоры және оны қабылдауы да әртүрлі.
Пайда болу себептері:

  1. Бір сөздің көптеген лексикалық мағыналары бар болуынан.

  2. Қарым-қатынас барысындағы мұғалімнің немесе оқушының шектеулі лексикасы.

  3. Жаргон сөздерді қолдануынан.

  4. Әлеуметтік-мәдени, кәсіби, психологиялық және басқа да айырмашылықтар болуы салдарынан.

Кедергіні жою жолдары:

  1. Оқушылармен түсінікті барлығына ортақ тілде сөйлесу керек.

  2. Мүмкіндігінше қарапайым сөздерді пайдаллану керек.

  3. Кілт сөздерді алдын-ала түсіндірген дұрыс.

  4. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің анықтамаларын және оларды қалай түсінетіндірмесін алдын ала түсіндірген абзал.

5. Фонетикалық кедергі. Бұл сөйлеушінің сөйлеу ерекшеліктерінен туындайтын кедергі. Мысалы, фонетикалық кедергі адамдар бір-бірімен жоғары тон арқылы сөйлескенде пайда болады, бұл кезде ақпаратты толық түсінуге мүмкіндік болмайды. Себебі, адам жоғары тонмен сөйлеген кезде тыңдаушының назары айтылып жатқан ақпаратқа емес, сөйлеушінің өзіне деген көзқарасында болады, нәтижесінде тек қорғаныс реакциясы ретінде назар аударылады. Ол мидың анализаторлық белсенділігін бұғаттайды және егер мұғалім жоғары тонмен оқушыларға сабақ түсіндіретін болса, онда білім алушылар осы туындаған кедергі есебінен тақырыпты толық түсінбейді.
Кедергінің пайда болу себептері:

  1. Шет тілінен енген сөздерді көп қолдану немесе шет тілінде сөйлеу.

  2. Көптеген арнайы терминологиялық сөздерді қолдану.

  3. Мұғалім немесе оқушы тез, жәй, түсініксіз немесе тым қатты сөйлеуі салдарынан туындайды.

Кедергіні жою жолдары:

  1. Нақты, анық, түсінікті сөйлеу.

  2. Сыныптың және оқушының жеке ерекшелігін ескеру, оқушы талқылау тақырыбын неғұрлым нашар білсе я болмаса нашар түсінсе, соғұрлым баяу сөйлеу керек.

  3. Кері байланыстың болуы. Мысалы, «тақырып түсінікті ме?», «осы тақырып бойынша тағы қандай сұрақтарын бар» және т.с.с.

  4. Маңызды сөз тіркестеріне немесе сөздерге логикалық екпін жасалу, бұл оқушыға ақпараттың мағынасын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

6. Психологиялық кедергі. Бұл кедергі әрбір оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерінен арадағы қарым-қатынастағы түсініспеушілік салдарынан туындайды. Кез-келген ақпарат адамның мінез-құлқына, пікіріне оның ішінара немесе толық өзгеруіне әсер етеді. Әр адам бұл өзгерістерді қабылдай бермейді, сәйкесінше олар ақпарат көзінен де, хабарламаның өзінен де қорғанып, ақпаратты қажетсіз деп санайды.
Кедергіні жою жолдары

  1. Қарым-қатынас процесінде ынтымақтастыққа ұмтылу.

  2. Біреудің пікірін құрметтеу.

  3. Қарым-қатынас процесінде адалдық пен ашықтық.

  4. Қарым-қатынас барысында эмпатия көрсету.

  5. Мінез-құлықтың айқын эмоционалдылығы (мейірімді мимика, мәнерлі дауыс, белсенді жест-ишара, күлімсіреу, визуалды байланыс).

  6. Әңгімелесушіге бейімделу.

Орыс ғалымдары В. А. Кан-Калик пен А. К. Маркова оқыту іс-әрекетіндегі қиындықтар мұғалімнің сабақ өту тәсіліне тікелей қатысты екенін атап өтті, яғни мұғалім тарапынан осы әрекеттер жасалса оқытуда кедергілер туындауы мүмкін, біріншіден, егер мұғалім қолданылатын бір әдіс басқалармен ешқандай байланысы жоқ болса; екіншіден, мұғалім бір-бірімен байланысты емес бірнеше тәсілдерді қолданса; үшіншіден, қолданылатын оқыту әдісі мүмкіндіктерге сәйкес келмесе; төртіншіден, ол мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келмесе (мысалы, егер белсенді, импульсивті, контактілі экстраверт мұғалім алгоритмделген, кезең-кезеңмен бақылау әдісін қолданса немесе интроверт іскерлік ойынды блиц шешімі түрінде өткізсе).
Оқудағы кедергінің сәйкесінше позитивті және негативті әсерлері бар, бұл тұрғысынан А.К. Маркова оқудағы кедергінің мұғалім үшін позитивті қызметін мынандай екі топқа бөліп қарастырады:
а) индикаторлық (мұғалімнің назарын аудару, мұқият мұғалімге оның қиындықтарын оқушыларының қателіктері көрсетеді);
б) ынталандырушы, жұмылдырушы (қиындықтарды талдау және жеңу кезінде мұғалімнің белсенділігін арттыру, тәжірибе жинақтау).
Ал қиындықтың негативті қызметін А.К. Маркова мынандай екі топқа бөледі:
а) тежеу (кедергілерді жеңу үшін қолайлы жағдай болмағанда немесе өзін-өзі бағалаудың төмендігі сияқты мұғалімнің қанағаттанбаушылық сезімі)
б) деструктивті (кедергілер қызметтің бұзылуына, мектептен немесе кәсіптен кетуге деген ұмтылысқа әкеледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет