2 КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУ
2.1 Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқушыларына сабақ өту мысалдары.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы математика мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі аса күрделі пәндердің қатарына кіреді және оңай ғылым емес. Сондықтан математиканы оқыту мен оқуда түрлі кедергілерге тап болуы заңды құбылыс.
Оқытудағы кедергілер – оқушының пәнді игеру барысындағы материалдың қиындығы, анықтамалар мен терминдердің көптігі және олардың арасындағы байланысты дұрыс түсінбеуі дегендерден бастап оқушының өзіне деген сенімділігі мен мінез-құлық мәселелеріне дейінгі көптеген проблемаларды қамтиды. Оқытудағы кедергілер оқушының жас ерекшеліктеріне сай өзгеріп отырады, мәселен кіші сыныптарда математиканы оқыту кезінде оқушылар физикалық тұрғыдан жылдам болғандықтан мұғалім әрдайым оқушылардың назарын өзіне аударуға тырысады, сәйкесінше сабақты қызықты ету мақсатында түрлі әдіс қолданады, ал жасөспірімдерде жеке қызығушылықтары мен сыртқы орта әсерінен оқуға деген ынтасы төмендеуі мүмкін. Жалпы жас ерекшеліктері бойынша оқушының даму қабілеттерін ескеру оқуда жақсы нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді.
Математиканы оқытуда пайда болатын кедергілердің негізгі себептері:
Мотивацияның жеткіліксіз болуы;
Оқытудың тиімділігінің аздығы;
Практиканың жетіспеуі;
Басқа пәндермен байланыстың аздығы.
Жас – бұл физиологиялық және психикалық өзгерістердің жиынтығымен сипатталатын, индивидтің психикалық дамуының және оның тұлға ретінде дамуының уақытпен шектелген нақты сатысы.
Мектеп жасындағы оқушылар жас ерекшеліктері қарай 3 топқа бөлінді:
Бастауыш мектеп жасы (6-10 жас)
Орта мектеп жасы (11-15 жас)
Ересек мектеп жас (15-18 жас)
Оқушының жас ерекшеліктерін және оқушының дара ерекшеліктерін негізге ала отырып оқытуда аса маңызды. Дегенмен қай жаста болмасын математиканы оқытудың негізгі міндеттерінің бірі - баланың ойлауын дамыту, М. В. Ломоносов айтқандай, «Математиканы ақыл-ойды тәртіпке ретке келтіру үшін оқу керек».
Достарыңызбен бөлісу: |