Тұтас ортадағы толқындар. Тұрғын толқындар. Қума толқындар. Толқын ұзындығы, таралу жылдамдығы, тербеліс периоды және олардың байланысы
Бір-біріне қарама-қарсы жүгіретін монохроматты толқындар да интерференцияға түседі, бірақ мұнда қорытынды тербелістер кеңістікте жүгірмейді – энергияны тасымайтын бір орындарда тербелетін – тұрғын толқындар қоздырады. Тұрғын толқын - ортаның, амплитудалары заңдылықты кеңістікте үлесуі - түйіндер мен шоктардың болуымен сипатталатын, бір фазада өтетін тербелістері.
Толқындар көлденең және қума толқындар болып бөлінеді. Ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр толқындар - көлденең толқындар, тербеліс болып өткен түзудің бойымен таралатын толқындар- қума толқындар. Қума толқын — желі бойымен жүктемеге қарай энергия тасымалдайтын толқын. Фидердің толқындық кедергісі антеннаның кіріс кедергісімен үйлескен жағдайда радиотаратқыш фидерге беретін энергия қума толқын арқылы антеннаға толығымен беріледі.
Толқын ұзындығы - бірдей фазамен тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы.
Толқын жылдамдығы - белгілі фазасы бар тербеліс нүктесінің орынауыстыру жылдамдығы.
——————————————————————
Лоренц түрлендірулері және оның шектік мәнінде Галилей түрлендірулеріне айналуы
Лоренц түрлендірулері. Инерциялы екі санақ жүйесін қарастырайық та
оларды К және K' деп белгілейік. K' жүйесі К жүйесіне қарасты V жылдамдығымен қозғалсын делік. x және x' остерін V векторы бойымен
бағыттап, y және y', сонымен қоса z және z' остерін бір біріне параллелді деп жорамалдайық. Салыстырмалылық принципінің айтуына сай К және K' жүйелері мүлдем тең құқықты.
Галилей түрлендірулерінен жылдамдықтар қосындысы заңы шығады:
Ux =Ux'+v. (2)
Бұл заң жарық жылдамдығының тұрақтылығы принципімен қарама- қайшылықта болады. Расында да, егер K' жүйесіндегі жарық сигналы V векторы бағытында с жылдамдығымен таралатын болса, онда (2) сәйкес, K жүйесіндегі сигнал жылдамдығы c+v тең болып шығады, яғни с-дан асып түседі. Бұдан шығатыны, Галилей түрлендірулері басқа формулалармен алмастырылулары қажеттігі туындайды. Осы формулаларды келтірейік:
(3) формулаларының жиынтығы Лоренц түрлендірулері атына ие.
Егер (6.3) теңдеуі штрихталған шамаларға қатысты шешілетін болса, K жүйесінен K' жүйесіне өтуге керекті түрлендірулер формулалары пайда болады:
v<——————————————————————
Достарыңызбен бөлісу: |