Материалдық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Айналма қозғалыстың сызықтық және бұрыштық шамаларының арасындағы байланыс Табиғатта дененің қозғалыс траекториясы қисықсызықты болатын жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, Жердің Күнді айнала қозғалысы, велосипед және автомобиль доңғалақтарындағы нүктелердің қозғалысы қисықсызықты болады. Мұндай қозғалыстар айнымалы болады, себебі қозғалысты сипаттайтын шамалар өзгеріп отырады. Қозғалыс кезінде жылдамдық тұрақты болса бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс деп атаймыз.
Қисықсызықты қозғалыс – траекториясы қисық сызық және шеңбердің доғасы болып келетін қозғалыс.
Сызықтық жылдамдық – бірлік уақыт ішінде дененің жүрілген жолын көрсететін физикалық шама. (м/с) – шеңбердің жанамасы бойымен бағытталады, яғни шеңбердің әр нүктесінде бағыт өзгеріп отырады.
Бұрыштық жылдамдық – бірлік уақыт ішіндегі бұрыштық ығысуды көрсететін скаляр шама. ω (рад/с); φ (рад) – бұрыштық ығысу (бұрылу бұрышы). Радиан – доғасының ұзындығы радиусқа тең болатын центрлік бұрыш
ω = φ – бұрыштық ығысу, t – уақыт [T] = c
R – шеңбер радиусы [R] = м.
T – период [T] = c. Период секундпен өлшенеді. = 3,14.
Период – дененің шеңбер бойымен толық бір айналым жасауына кеткен уақыт:
– жиілік.
Жиілік– бірлік уақыт ішіндегі тербелістің саны:
Гц (Герц) жиілік Герцпен өлшенеді.
, N – уақыт(t) ішіндегі айналымдар саны
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус бойымен оның центріне қарай бағытталатын үдеу центрге тартқыш үдеу деп аталады.
Сақталу заңдары — кез келген процесте немесе олардың белгілі класында кейбір физикалық шамалардың сан мәндерінің уақытқа байланысты өзгермейтіндігін тұжырымдайтын физикалық заңдылықтар.
Импульс (қозғалыс мөлшері) (лат. іmpulsus – соққы, түрткі)– дененің механикалық қозғалысының өлшемі болып табылатын векторлық физикалық шама.
Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының
көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы дене импульсі деп
аталады.
Өлшем бірлігі [кг·м/с] m p
Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі
деп аталады. ⃗𝑝⃗⃗ = 𝐹⃗𝛥𝑡 Өлшем бірлігі [Н·с]
Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.
Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге
енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені
айтады.