4.7 Кенді емес қазбаларды жолай шығару
Тау-байыту комбинаттарының бірінде ғылыми-зерттеу институттарының қатарымен бірлесіп байыту фабрикаларында пегматитті сирекметалды кеңдерді өңдеуден құйынды қалдықтардан слюданы шығару технологиясы өңделген және енгізілген. Ұсақталған слюда – мусковит – орасан шаруашылық мағынаға ие. Мусковитті пісіру электродтарын өңдеуде, электроңашалау қоспаларында, түсқағаздар, лактар, бояулар өнірісінде, сонымен қатар резеңкетехникалық және өнеркәсіптің басқа салаларында кеңінен қолданады. Технологиялық сұлба гравитациялық байыту қалдықтарын ұсақтату операцияларын, оларды шламдаусыздандыру, мусковиттің ұжымдық флотациясын, содалық ортадағы АНП – 14 катионды жинақтаушысының биотитін қосады.
Слюдалық концентратта темірдің құрамын төмендету мақсатымен сұлба операциямен толықтырылған – натрий олеатымен ұжымдық концентраттан биотитті флотациялау. Осы операцияны меңгеруімен қатар, темір және фосфор құрамы бойынша пісіру электродтар өндірісінің талаптарына жауапты, слюдты концентратты алуға мүмкіндік пайда болды. Мусковитті концентратты шламдау конустарында қоюландыруға, таспалы вукуум-сүзгіштерінде сүзгілеуге және барабанды электр кептіргіштерінде кептіруге дұшарлайды. Слюданы жолай шығару технологиясын Огневск байыту фабрикасында меңгеру пісіру электродтар өндірісін зарарлы материалдармен қамтамассыз етуді тұрақтауға мүмкіндік берді.
4.8 Өндірістік ерітінділерден және ағын сулардан құнды компоненттерді шығару
Түсті металдар шикізатты толық және кешенді пайдалануы өндірістік кәсіпорындардың өндірістік ерітінділерінен ағын суларынан түсті және сирек кездесетін металдарды шығарудың нәтижелі тәсілдерсіз мағынасыз. Осы тәсілдерге иондық флотация, электролиттік флотация (электрфлотация) және адгезиондық сепарация жатады. Көрсетілген үрдістерді қолданып, сұйықтықтардың үлкен көлемінен ерітілген және жұқадиспергитацияланған аз мөлшерін алуға болады. Өндірістік ерітінділерден және ағын сулардан металлдарды шығару үрдістерін меңгеру тек қана шикізатты кешенді пайдалану мәселесін ғана емес, сонымен бірге су басейндерді қорғау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Кальций молибдатын өндіру кезінде алынатын, құрамында 0,1-1 мг/л металлы бар кедей ерітінділерден молибденнің ионды флотация үрдісі Балқаш тау-металлургиялық комбинатында өндірістік шарттарда меңгерілген. Жаңа технологияны енгізу осы металды жоғарысапалы өнімге шығаруға және қалдық ерітінділермен шығындарды қысқартуға мүмкіндік берді. Молибденнің ауыспалы шығаруы 85,6 % құрастырады.
Зырановск байыту фабрикасында алғашқы рет түсті металлургияда түсті және асыл металдарды жаратуымен фабриканың циандық ағарларыың ионалмасу тазалануы енгізілген. Тәжірибелі-өндірістік ионалмасу қондырғысы Таганрог қазандар жасап шығаратын зауытымен шығарылған, биіктігі 5,5 м және диаметрі 3 м төрт сорбциялық сүзгіштерден; электролизды шомылдырықтардан; төрт түзеткіш агрегаттардан ВАКГ-12/6-300 және көмекші құрал-жабдықтардан (бактар, сораптар, желдеткіштер) тұрады.қондырғыға келесі құрамды, 400-600 м3/тәул мөлшерінде мыс концентратының қоюлатқыштың уытты құйылысын бағыттайды: 500-700 жалпы цианиттер; 400-500 – кешенді мыс; 40-50 Zn; 0,7 дейін Аu; 4,5 дейін Аg; 100-200 өлшемелер.
Қоюлатқыш құйылысы тізбекті үстінен төменге қарай органикалық заттардан тазалау және алтынды, күмісті алу үшін екі бұрышты сүзгіштен өтеді. Бірінші бұрышты сүзгіш біруақытта өлшенген бөлшектерден құйылыстарды тазалап, құмды сүзгіш қызметін атқарады. Сорбент ретінде қабат биіктігі 2,5-3 м әрбір сүзгішке 5 т жүктелетін, КАД-иодты дәнді белсендірілген көмірді пайдаланады. Көмір сорбенті 5-1 мм класты 97 % дәндерден, 1+0,5 мм – 2 % және 0,5 – 1 % тұрады. Осы сорбент алтынға жоғары селекциялыққа ие болады. толық ағында сүзгіштердің өнімділігі 20-25 м3/сағ меншікті жүктеме кезінде 2 м3/м2 дейін сағатына көмірді құрастырады. Бұрышты сүзгіштердің әрбіреуі 1 м3 көмірге құйылыстың 400-750 м3 жүктемесімен орташа бір ай үздіксіз жұмыс істейді. Алтынды шығару 99 % жуық құрастырады.
Қондырғыны пайдаланудың қалыпты режімі кезінде тазалаудан кейін сауағарлардағы алтын құрамы іздерден 0,04 мг/л дейін қалдырады? Күміс құрамы – іздерден 1,6 мг/л дейін қалдырады. Егер сорбентті толық қаныққа дейін келтірмесе, онда тазалау дәрежесін одан әрі көбейтуге болады. өңделген белсендірілген көмірдің құрамында 1-2 кг/т Аи және 1-3,5 кг/т Аg бар және Өскемен қорғаныс-мырыштық комбинатқа қайта өңделуге жіберіледі.
Алтын мен күмістен басқа, сауағарларда мыс пен мырыш бар болады, олар үшінші және төртінші ионитті сүзгіштерде, ауыстырмалы жұмыс істейтін, шығарылады. Олардағы сорбент қызметін АВ-17 маркалы аниондық шайыр атқарады. Бір сүзгішті шайырмен толтыру қабат биіктігі 1м кезінде 3,5 т құрастырады. Сүзгіштер токқа кері ұстанымы бойынша жұмыс істейді.бұрышты сүзгіштерден фильтрат ионды сүзгіштердің біреуіне үстінен жоғары беріледі (басқасы осы уақытта ионит регенерациясында және шайылуда жатады). Толық ағындағы сүзгілеу жылдамдығы сағатына 3-4 м3/м3 ионит шегінде қолданады. Мыс пен мырыштың циандық қоспаларының сорбция ұзақтығы 8-16 сағ құрастырады.
Сүзгіштердің жұмыс сыйымдылығын толық пайдалану кезінде 95-99% жетеді. Түсіру ерітінділерінде 2-10 мг/л Сu және 0,6-2 мг/л Zn жоғалады. Элюиттен мыс пен мырышты шығару және соңғысын регенерациялауды ерітілмеген графитті анодымен және мыс катодты электролизерде жүзеге асырады. Электролизді ток тығыздығы 500-600 А/м2, электролит температурасы 45-50°С және 5-5,5 В тең, шомылдырықтағы кернеулік кезінде өткізеді.
Электролиз барысында ас тұзы ыдыраған кезде бөлінетін, хлор әсерімен болатын мыс пен мырыштың циандық қоспалары бұзылады. Катодты қалдықты өсіру бір ай ішінде өткізіледі, осыдан кейін массасы 60-70 кг катодты жаңа мысты негізбен ауыстырады. Катодты қалдықтың құрамы сауағарлардағы металдардың қатынасынан тәуелді болады. Әдетте қалдықта бар болады: 45-80 % Сu; 50-15 % Zn; 100-150 г/т Аu; 1000-1700 г/т Аg және 10 г/т дейін Сd.
Байыту фабрикасының сауағарларын тазалауға тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыларын үшжылдық пайдалануы өзін толық растады. Мыс пен мырышты шығару кезінде АВ-17 иониттің қанағаттандырлық физикалық-химиялық қасиеттері дәлелденді. Зыряповск қорғасын комбинатының оң тәжірибесі көптеген саланың байыту кәсіпорындары үшін пайдалы болуы мүмкін.
4.9 Концентраттар сапасын жоғарлату
Металлургиялық өндірістің экономикалық нәтижелілігі маңызды шамада бастапқы шикізаттың сапасынан тәуелді болады – түсті металдардың концентраттарынан. Келесі қоспалардың қайта балқыту үшін зарарлы мөлшері және негізгі металлдың құрамы ерекше мағынаға ие.
Солай, мысты, никельді, қорғасын және басқа металдарды пирометаллургиялық өндіру кезінде балқытуға флюстердің қажетті мөлшерін қосуымен концентраттың барлық массасын дұшар етуге тура келеді. 1 т металға флюстердің, отынның, электрэнергиясының шығындары, еңбек шығындары неғұрлым жоғары болса, соғұрлым концентраттағы негізгі металдың құрамы төмен болады. концентраттағы зарарлы қоспалары немесе жыныс жасайтын минералдардың құрамы жоғары болған кезде, балқыту үрдісінде қождалуды талап ететін, флюстердің шығыны күрт ұлғайады, келесі қайта балқытуға шығындар өседі.
Металлургиялық қайта балқыту экономикасына металдарды шығару маңызды әсерін тигізеді. Концентраттарда металл құрамы жоғары болса, онда олардың қожбен, кектермен және басқа қалдықтармен шығындары қысқарады, ал тауар өніміне шығару өседі. Сондықтан байыту фабрикаларындағы концентраттардың сапасын жақсарту металдарды толық шығарылуының және шикізатты пайдаланудың кешендігінің маңызды факторларының бірі болып келеді.
Флотациялық концентраттардың сапасын жоғарлатудың бірнеше тәсілдері бар. Әдеттегі тәсіл қайта тазалау санын асырудан тұрады. Бірақ ол флотация үрдісінде циркуляциялық жүктемелерді 500 % дейін және одан жоғары өсуіне әкеледі және үнемі жоғары сапалы концентраттарды алуға қамтамассыз етпейді, өйткені тазалау операцияларының нәтижелілігі олардың мөлшері өскен сайын төмендейді.
С.И. Митрофанов және М.Я. Рыскин санайды, тазалау саны өскен сайын металдардың шығыны жұқа бөлшектер – шламдар арқасында өседі, олар жұқаұсақталған кендерде кейбір кезде үлкен мөлшерде болады. Минералдардың әртүрлі қаттылығы кезінде жұқа кластар әдетте ірілерден қарағанда металлға бай болғандықтан, осы зерттеушілер концентрат сапасын флотациялық тазалау санын өсіру арқасында емес, ал шламдарды тауар концентратына шығаруымен шламдар мен құмдарға жіктеу жолымен және ұсақтау және флотация жиілігінде құмдарды келесі өңдеумен жақсарту керек деп ұсынады.
Ұсынылған әдіс Уруп байыту фабрикасында сыналған. Шлам талдауы, 20 немесе 30 мкм класы бойынша мыс концентратын жіктеген кезде мыс құрамы орташадан 2-4 % жоғары және 50 % жоғары Сu оған шығару кезінде құмдардан 1,5-2 есе бай шлам концентратын алуға болатынын көрсетті. Флотациялық қалдықтарды талдаудан шығады, 70 % жоғары Сu және асыл металдар жұқа кластарда шоғырланады.
Кесте 1 – Төменде мыс концентратының шлам талдауының нәтижелері келтірілген
Класс, мкм
|
Шығуы, %
|
Сu құрамы, %
|
Сu үлестіру,%
|
+74
|
0,6
|
7,0
|
0,3
|
-74+40
|
7,0
|
9,3
|
4,2
|
-40+30
|
13,3
|
12,7
|
10,9
|
-30+20
|
32,8
|
12,8
|
27,2
|
-20+10
|
17,1
|
17,0
|
18,7
|
-10
|
29,2
|
20,6
|
38,7
|
Барлығы
|
100
|
15,5
|
100
|
Фабриканың флотациялық бөлімінде өндірістік сараптамаларды өткізу үшін диаметрі 350 мм екі гидроциклондар бекітілген. Қайталама тазалау концентратын осы гидроциклондардың бірінде жіктеген. Шламдарды дайын мыс концентратына, құмдарды – үшінші қайта тазалауға қосқан. Жіктеме нәтижелері 2 кестеде келтірілген.
Кесте 2 – Мыс концентратын жіктеу нәтижелері
Өнім
|
Құрамы, %
|
қаттының
|
Фракцияның -0,044 мкм
|
мыстың
|
Қоректену
Сауағар
Құмдар
|
18,0
6,0
34,0
|
84,0
100
44,4
|
13,05
15,0
7,70
|
Гидроциклон қорегіндегі мыс құрамының 15-16 % жоғарлауы кезінде сауағардағы оның концентрациясы 20-21 % дейін көтерілді.
Өндірістік сараптамалар гидроциклондағы жіктемелер циклон қорегіндегі пульпа тығыздығын 17-20 % қаттыға дейін төмендеткен кезінде табысты өтетінін және ол концентраттың қайта тазалануын толық ауыстыратынын көрсетті. Құмдарды қайта тазалау нәтижесінде құрамында 18-20 % Сu көбікті өнім және 6-8 % Сu қалдықтарды алды. Жалпы мыс куонцентратының құрамында 16-18 % Сu бар.
Ескі және жаңа сұлба бойынша сараптамалардың салыстырмалы нәтижелері төменде көрсетілген, %
Ескі сұлба Жаңа сұлба
Мыс концентраты .... 15,8/84,0 17,5/85,1
Қалдықтар .... 0,3/16,0 0,28/14,9
Ескерту. Алымында – мыс құрамы, бөлімінде – мысты шығару.
Сөйтіп, сараптамалар барысында алынған нәтижелер концентраттардың сапасын концентратты соңғы тазалау алдындағы және жіктеме құмдарынажеткізу алдында шламдарды дайын өнімге бөлу жолымен металды шығаруды төмендетусіз жоғарлатуға болатынын көрсетеді. Осы кезде концентраттағы мыс құрамы 1,5-2% жоғарлауы қамтамассыз етіледі және кенді өңдеудің өзіндік бағасы мыс концентраттың ұсақталу операциясын жою арқасында төмендейді.
5 Металлургиялық өндірісте шикізатты кешенді пайдалану мәселесі
Түсті металлургияның металлургиялық өндірісі Д.И. Менделеевтің Периодтық жүйесінің 85 элементтерінің жартылай өнімдерін және дайын өнімге шығару үшін қажетті, қолданылатын технологиялық үрдістердің және шикізаттың үлкен алуантүрлілігімен сипатталады. Металлургиялық өнімнің басым түрлері үшін шикізат бағасы өндіріске жұмсалатын шығындардың негізгі бапын құрастырады. Осының барлығы қалай экономикалық мақсаттылығын, солай түсті, сирек және асыл тастар өндірісіндегі шикізатты толық және кешенді пайдаланудың техникалық күрделілігін анықтайды.
Соңғы 15-20 жыл ішінде түсті металлургияда шикізатты пайдалану кешендігін жоғарлатуға және өндірістің технико-экономикалық көрсеткіштерін жоғарлатуға мүмкіндік берген, ірі техникалық шаралар қатары жүзеге асырылған. Солай, мысалы қорғасын-мырыштық және мыстық өнеркәсіпте мырыштық күйдіру және қорғасын концентратының агломерациясы кезінде, бейнелену және шахталық пештерінде мыс және қорғасын шикізатын балқыту кезінде және факелдік балқыту кезінде оттекті енгізу нәтижесінде өтуші газдардың мөлшері қысқарды, металдардың жоғалуы қысқарды, олардың шығарылуы жоғарлады. Сонымен қатар агрегаттардың өнімділігі өсті, отын шығыны қысқарды.
Шахталық қорғасын балқымасында оттекті пайдалану жоғарымырыштық қождармен жұмыс істеуге ауысуға мүмкіндік берді, не қождардың келесі өңделуі үшін жағымды жағдайлар жасады, өйткені олардың шығуы қысқарды және олар мырыш, кадмий және сирек металдар құрамы бойынша бай болды. Мырыш өндірісінде КС ағындар газдар мөлшерінің қысқаруы және оларда күкіртті ангидрид концентрациясының жоғарлауы аралық күкіртқышқылды өндірістің жұмысында оң айтылды.
Маңызды техникалық-экономикалық нәтиже қорғаныс, мысты тазалау және мыс, никель және мырыш өндірісінің ерітінділер қоспаларынан тазалау технологиясын жетілдіру нәтижесінде алынған. Тозаң ұстау және газ тазалау озық жүйелерін енгізу қорғасын, мырыш, кадмий, селен және басқа құнды компоненттердің қайтымсыз шығындарын күрт қысқартуға және пирометаллургиялық цехтарда еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде негізгі металдарды шығару дәрежесі бойынша және шикізатты пайдалану кешенінің қорғасын, мырышты, алюминий, мыс, титан-магнийлік, сынап-сурьмяндық және қолайы өнеркәсіптің металлургиялық кәсіпорындар қатары ең жақсы шетел зауыттарының көрсеткіштер деңгейінде болады. сонымен қатар металургиялық қайта балқытуда әлі де қолданылмаған қорлар көп кездеседі, оларды жүзеге асыру тек қана шикізатты ұтымды қолдануға ғана емес, сонымен бірге металлургиялық өндірістің техникалық деңгейінің жоғарлауына және экономиканың жақсаруына ынталандырады.
Әлі де пайдаланбаған қорлар қатарына мысбалқыту зауыттарының қатарында күкірт қышқылын өндірісінде конверторлық газдардың жеткіліксіз жаратуы және бейнелеу пештері артындағы тозаң ұстау құрылғыларының жоқ болуын келтіруге болады. Үлкен қор қорғасын және мыс шахталық балқымасының мырышқұрамды қождарды кешенді өңдеуін ұйымдастыру, кектерді, шламдарды, тозаң және басқа жартылай өнімдерді және металлургиялық өндіріс қалдықтарын кешенді өңдеу технологиясын меңгеру болып келеді.
Шикізатты пайдалану кешендігін жоғарлатудың ең нәтижелі бағыты болып оттекті және табиғи газды пайдалануымен технологиялық үрдістердің болашақ енгізуі, электротермияның дамуы, сорбция және экстракцияны пайдалануымен гидрометаллургиялық үрдістерді өңдеу, үздіксіз өндірістік операцияларға ауысуы, жартылай өнімдерді толық өңдеумен тұйық технологиялық сұлбаларды жасау, сонымен қатар өңделетін шикізат сипатынан тәуелді әртүрлі өндірістерді коопреациялау және құрамдастыру қызмет атқара алады.
Түсті металлургияның кәсіпорындарымен және ғылыми-зерттеулік институттарымен жиналған шикізатты кешенді пайдалану тәжірибесі ең жақсы нәтижелерге жету мақсатымен осы жұмыс келесі негізгі бағыттар бойынша ұйымдастырылуы керек екенін көрсетеді:
1) Құнды компоненттерді шикізаттан тауар өніміне тура шығаруын жоғарлату.
2) Металлургиялық өндірістің шала өнімдерін кешенді өңдеу.
3) Тозаңды өңдеумен және газдарды тазалаумен тозаң ұстауды және газ тазалауды жетілдіру.
4) Қалдық өнімдерден металдарды шығару.
5) Суайналымды ұйымдастыру және өнеркәсіптік суағарларды тазалау.
Пирометаллургиялық өндірісте металдардың негізгі шығындары құйынды қождармен және тозаңгаз залалды заттармен жіберіледі. Гидрометаллургиялық үрдістер кезінде ең үлкен шығындар қатты қалдықтармен және өнеркәсіптік сауағарлармен болады. Құнды компоненттерді толығырақ шығаруын сол кәсіпорындар ие болады, қайда қалдықтар, газтәрізді залалы заттар және ағын сулар аздау болады. Ең жоғары көрсеткіштерге қалдықсыз технологияға жақын қолданылатын, кәсіпорындар ие.
Металлургиялық өндірістегі қалдықсыз технологияны жасау түсті металлургиясының ғылыми-зерттеулік және жобалық институттарының маңызды міндеті болып келеді, ал құрамдас өндірісті ұйымдастыру – осы мәселені шешудің бас жолының бірі болып келеді. Ұқсас өндірістің типті мысалы қорғасын-мырышты және мыс-викелды кәсіпорындар болып келеді. оларда пайда болатын жартылай өнімдерді олардың құрамына тәуелді өзара өңдеуге сәйкесінше технологиялық тармаққа береді.
Өндіріске кедейлеу және қиын байытылатын кендерді енгізуімен, олардың минерологиялық құрамын қиындатуымен, шикізаттан халық шаруашылығы үшін жаңа құнды компоненттерді шығару қажеттілігімен байланысты металургиялық қайта балқытудағы шикізатты кешенді пайдалану міндеті одан әрі қиын болады. Оның шешу үшін көптеген ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындардың мамандарының ірі күштері жұмыс істейді.
5. 1 Ұжымдық байыту өнімдерін өңдеу
Түсті металдардың технологиялық түрде байытудың даму жолының басты бағыты болып монометталды концентратты алу арқылы селекторлы флотация болып табылады. Бұл бағыт қазбалардың кешенді байыту жолы арқылы қолданудан басқа металлургиялық өндірісте де кең қолданылады.
Құралдардың тұрақты жетілуі мен қазба құрамы кезінде кешенді қолданылуы, жаңа флотациялы реагенттерді тиімді қолдану, көпсатылы технологиялық схемаларды енгізу, флотация жолдарын дамыту минералдардың толық селекциясына жете алады. Осы туралы Оралдағы мыс-цинк қазбаларынан цинкті бөліп алуы, Жезқазғандағы пайдалы қазбалар кендерінде кешенді қазбалардың ішінен қола селекциясының деңгейін арттыру негізгі себеп болады.
Осымен қатар өсіп келе жатқан масштабты өндіріспен бірге күрделі қазбаларды табу өсіп келе жатыр, олардың ішінен жоғары көрсеткішті монометаллды концентраттарды алу жолы қиын жолдардың бірі болып табылады. Сондықтан жоғары сапалы концентраттарды шығару байыту өнімдерін аралық флотациялық процессі жолы арқылы ғана алынады, оның құрамында әртүрлі минералдық құрамдар бар, сонымен қатар қалдықтар селекция жолына қиын бағынады. Кейбір қазбаларда сульфидтердің өзара өсуі деңгейі жоғарлаған кезде оларды механикалық түрде бөлу мүмкін емес екендігін көруге болады. Осындай жағдайларда бос жынысты бөлу кезінде тек ұжымдық концентратты алуға болатындығын көреміз. Осы өнімдердің құрамы әртүрлі және толық түрде қазба түріне байланысты, ол байыту технологиясы арқылы қолданылады.
Қазіргі уақытта кондициялық концентратты алу мақсатында байытудың аралық өнімдерін қолдану кезінде бірнеше тазартуларға және бір монометаллды концентратты қосуына әкеліп соғады, оларды бірнеше концентраттарға бөліп тастайды. Осымен қатар, металлдардың бір бөлігі артқы жақтарымен қосып береді. Бұл басқа жол болмағандықтан жасалады, өйткені металлургиялық өңдеу әдістері ұжымдық өнім кезінде қолданысқа ие болған жоқ.
Аралық өнімдердің флотациялық циклден шығуы және металлургиялық кәсіпорындарында жоғары сапалық негізде жеке өңдеуді ұйымдастыру шикізатты кешенді пайдаланудағы және металды айыру кезіндегі басты резервтің бірі болып табылады.
Әдебиетте көрсетілгендей пирометаллургиялық, гидрометаллургиялық әдістерін өңдеу жолдары жиі көрсетілген, оларды қолдану метталдағы қазбалардың құнды компоненттердің арттыруына мүмкіншілік береді.
5.2 Мысты-қорғасынды-мырышты өнеркәсіп өнімдерін өңдеу
Түсті және сирек металлдардың Бухарест институтында құрамында %: 4-7 Сu; 6-6,5 РЬ; 15-21,3 Zn; 23-26 Fe және 33-36 S бар мыс-қорғасын-мырыш концентраты сәйкесінше дайындықтан кейін Байя-Маре зауытында осы тәсілді келесі енгізу үшін өлшенген балқыманың тәжірибелі пешінде қайта өндеген. Құрамында 35-40% Сu бар штейнге балқыманы апарды. Қорғасын және мырыш айдатылды және құрамында 16-20 % РЬ и 43-45 % Zn болатын, тозаң түрінде ұсталынатын. Нәтижесінде балқыту өнімі бойынша металдардың келесі үлестірілуін алды, %:
Штейн Қож Тозаң
Мыс 82-85 6-7,5 8,5-10,5
Қорғасын 2,2 2,1 95,7
Мырыш 2,8 11,0 86,2
Мырышты айдаудың жоғары дәрежесін реакциялық шахтадағы жоғары температураны қолдануымен және тотықтырғыш атмосфераны қолдануымен алған, ол арнайы конструкцияның шихталық-ауалық оттығын пайдалануымен қамтамассыз етілген. Үдеріс пештің жоғары өнімділігі кезінде отынның (табиғи газдың) кішігірім шығынымен өткен [5 т/(м3-тәул)].
Мыс-қорғасын-мырыш өнеркәсіпті өнімдерін өңдеудің басқа мүмкін әдістерінен вельцевтеу тәсілін атау керек. Егер ұжымдық материалдарда қорғасынның үлкен мөлшері болмаса, онда оларды алдын ала КС пештерінде күйдіруге болады, ал шырақ тұқылын мырыш, қорғасын және кадмийді айдаумене құбырлы пештерінде қалыптастыруға дұшар ету керек. Құрамында мыс бар клинкерді шахталық пештерінде қайта өңдейді. Вельцевтеу үшін лайықты материал болып құрамында кішігірім мөлшерде қорғасын болатын, мысты-мырышты өнеркәсіпті өнімдері келеді.
Мыс-қорғасын-мырыш өнеркәсіпті өнімдерін сульфатизация тәсілімен гидрометаллургиялық өңдеудің мүмкіндігін БҒИИтүстімет зерттеген. Құрамында %: 24,8 Zn; 3,89 Сu; 6,86 РЬ; 15,8 Fe және 28,2 S бар өнеркәсіпті өнімдерін сульфтизация алдында алдын ала күйдіруге дұшар еткен және сосын әлсіз күкірт қышқылымен сілтіден айырған. Сілтіден қалған қалдықтарды күкірт қышқылымен араластырылған және 4 сағат ішінде 650° С кезінде суфта пешінде шынықтырған.сульфатты өнімді күкірт қышқылымен тотықтырылған, сумен сілтілеген.
Тәжірибелер нәтижесі көрсетеді, ерітіндіге металлдарды шығару құрастыратынын, %: 96,3 Zn; 95,5 Сu: 95,4 Cd. Темір, қорғасын және асыл металдар мүлде бүтіндей қорғасын+темір кегінде шоғырланады. Мысты ерітіндіден ток тығыздығы 5000 А/м2 кезінде губка түрінде электролизбен бөліп шығарған. Қоспалардан тазалаған соң мырыш ерітіндісін электролизге жіберуге болады.
Сөйтіп, зерттеулік және тәжірибелік жұмыстар қалай пирометаллургиялық, солай гидрометаллургиялық әдістермен мыс-қорғасын-мырыш байытудың өнімдерін жеке металлургиялық өңдеудің принципиалды мүмкіндігі туралы куәландырады. Осы әдістерді тәжірибелік пайдалануы және соңғы өңдеу қажеттілігі өндірістің нақты шарттары үшін техникалық-экономикалық есептерімен анықталуы керек.
6 Металлургиялық өндірістің жартылай өнімдерін кешенді өңдеу
6.1 Қождар мен айдауларды өңдеу
Металлургиялық зауыттарда күйдіру, агломерация, сульфидті және тотықтырғыш шикізатты балқыту, штейндерді конверсиялау үдерісінде құрамы бойынша әртүрлі құрғақ тозаңның маңызды мөлшері алынады. Тозаңдардың негізгі бөлігін ұшқыш металлдары құрастырады – қорғасын және мырыш. Олардан басқа, тозаңдарда кадмий, индий, селен, теллур сияқты құнды компоненттер шоғырланады. Сонымен бірге тозаңда олардың келесі қайта өңделуін маңызды қиындататын, элементтер де ауысады. Оларға мышьяк, хлор және фтор жатады.
Ең жұқа тозаңдар және конденсацияланбаған металлдар газдардан құрғақ тозаң ұстағыш аппараттарында – тозаң камераларында, циклондар және құрғақ электрсүзгіштерінде сезілмейді – және атмосфераға шығарылады (қазіргі кезде бұл жарамайтын болып келеді) немесе газдардың ылғал тазалау үшін қондырғыларда ұсталады – скрубберлерде, құнды аппараттарда және пульпа түріндегі ылғал электрсүзгіштерінде. Пульпа ығыстырылған соң шламдарды алады, олардың құрамында құнды компоненттер қатары бар. Осындай текті жартылай өнімдерінің типті өкілі күкірт қышқылды цехтардың жуу бөлімінің шламдары болып келеді, оларда селен, сынап, мышьяк және басқа ұшқыш элементтер ығыстырылады.шикізатты пайдаланудың кешендігін жоғарлату мақсатында және металлдарды шығаруды жоғарлату мақсатында металлургтер балқыту және күйдіру агрегаттарында кетуші газдардың температурасын және жылдамдығын төмендету жолымен тозаңның шығуын төмендету үшін жаңа үрдістерді өңдеуге және қолданылатын технологиялық үрдістерді жетілдіруге тырысады.
Тозаңдармен қатар қорғасын-мырыш және қолайы өндірісте қождар мен кектерді өңдеу нәтижесінде айдаулардың басым мөлшерін жасайды, қайда мырыш пен қорғасынмент біруақытта құнды компоненттер және залалы қоспалар шоғарланады.
Өз құрамының ерекшелік күшіне тозаңдар мен айдаулар, ереже ретінде, бөлек циклде және берілген материал үшін арнайы өңделген технология бойынша өңделуі керек. Осы жағдайда құнды компоненттердің көбін пайдалану дәрежесіне және ең үлкен толықтығына жетеді. Өкінішке орай, әртүрлі себептер бойынша бұл барлық жағдайларда істелінбейді және жие тозаңдар үдеріс басына оралады, не металлдардың жоғалуын маңызды ұлғайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |