MathCad математикалық жүйесіндегі есептеулер


Фактор командасы  Фактор командасы жақшалардан шығару операциясын, көпмүшеге  жіктеуді ортақ бөлімге келтіруді орындайды.  Подобные



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата08.04.2023
өлшемі0.92 Mb.
#471912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс ТҚ 2

Фактор командасы 
Фактор командасы жақшалардан шығару операциясын, көпмүшеге 
жіктеуді ортақ бөлімге келтіруді орындайды. 
Подобные командасы 
Подобные командасы символдық оперцияларды жүргізеді және 
нәтижесін айнымалыларға қатысты полиномиальды түрде ұсынады. Және де 
аналитикалық өрнек функция немесе өрнек болуы мүмкін. Айнымалыны 
қолданушы өзі таңдайды.
Коэффициенты полинома командасы 
Команда полином коэффициенттерін вектор түрінде ұсынады. Бұл 
команда өрнек күрделі болып және оның полином коэффициенттерін 
анықтау кезінде көптеген жанама операцияларды орындау керек болған 
жағдайда қолайлы. 
Бір х айнымалысы бар алгебралық теңдеуді қарастырайық.
f(x) = 0.  (1)
Мұндай теңдеулерді шешу үшін Mathcad-та root функциясы 
қоллданылады.
root(f(x), x); root(f(x), x, a, b);
о f (х) — теңдеуді анықтайтын скаляр функция (1);
о х — скаляр айнымалы;
о a, b — түбірлерді іздеу жүргізілетін интервал шегі.
root функциясының бірінші типі х айнымалысының бастапқы 
MamH(guess value) талап етеді. Ол үшін х-ке алдын ала бір санды меншіктеу 
керек. Түбірді іздеу осы санның маңайында жүргізіледі. 
Mathcad теңдеулер жүйесін шешуге мүмкіндік береді. Теңдеулер мен 
айнымалылардың максимальды саны 50 тең. Жүйе шешімінің нәтижесі 
сандық мән болады. 
Теңдеулер жүйесін шешу үшін келесі қадамдарды орындау керек: 

Жүйенің құрамына енетін барлық айнымалыларға бастапқы жуық 
мәнді тағайындау керек. Mathcad жүйені итерациялық әдістің көмегімен 
шешеді. 

Given кілттік сөзін жазу керек. Ол Mathcad программасында 
теңдеулер жүйесін көрсетеді. 

Теңдеулерді және теңсіздіктерді кез-келген ретте енгізу. Тең белгісін 
жазу үшін Ctrl+= қолдану керек. 

Find функциясынан тұратын кез-келген өрнекті енгізіңіз.


Find(z1, z2, …) теңдеулер жүйесінің нақты мәнін береді. Аргументтер 
саны белгісіздер санына тең болу керек. 
 Given кілттік сөзі және одан кейін жазылатын теңдеулер мен 
теңсіздіктер және Find функциясы бар блок теңдеулерді шешу блогы деп 
аталады. 
 
№6 дәріс. 
Тақырыбы: Математикалық талдау элементтері. 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Шекті есептеу. Интегралдау: 
интегралдау операторы, интегралдау алгоритмдері туралы, еселі интегралдар. 
Дифференциалдау: бірінші ретті туынды, жоғары ретті туындылар, дербес 
туындылар. 
Функция шегін табу үшін MATHCad жүйесінде математикалық анализ 
тақтасында арнайы операторлар бар: 
Өрнектің шегін есептеу 
Өрнектің оң жақ шегін табу 
Өрнектің сол жақ шегін табу
Mathcad-та, басқа да математикалық амалдар сияқты «қалай жазылса 
солай енгізіледі» принципі бойынша жасалған. Қандай да бір интегралды 
есептеу үшін құжатта оның кәдімгі математикалық формасын жазу керек. 
Бұл Calculus (Есептеулер) панелінің көмегімен интеграл суреті бар 
батырманы басу арқылы немесе пернетақтадан +<7> пернелер 
комбинациясын басу арқылы жүзеге асырылады. Интегралдаудың жоғарғы 
және төменгі интервалдарын, интеграл астындағы функцияны және 
интегралдау айнымалысын енгізуге аналған орын толтырғышттары бар 
интеграл символы пайда болады. Бір немесе бірнеше ақырсыз шектері бар 
интегралдарды есептеуге болады. Бұл үшін сәйкес шек орнына Calculus 
(Есептеулер) панелі арқылы шексіздік символын енгізініз. Минус 
шексіздікті енгізу үшін шексіздікке кәдімгі санға сияқты минус таңбасын 
қосыңыз. 
Интегралдаудың нәтижесін алу үшін теңдік немесе символдык теңдік
белгілерін енгізу керек.Бірінші жағдайда интегралдау сандық әдіспен 
орындалады, екіншіде – сәтті жағдайда, Mathcad символдық процессоры 
арқылы интегралдың дәл мәні есептеледі. 


Mathcad арқылы 0-шіден бастап 5-ге дейінгі ретті кез келген 
аргументтер санының скалярлы функциялардың туындыларын есептеуге 
болады. Функциялар да, аргументтер де нақты немесе комплекс сан бола 
алады. Функцияларды тек олардың сингулярлық нүктелерінің маңайында 
дифференциалдау мүмкін емес. Mathcad есептеу процессоры сандық
дифференциалдаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.
Mathcad 11 –де сандық дифференциалдауды жылдамдату және 
дәлдігін арттыру үшін аналитикалық түрде берілген функциялар үшін 
автоматты түрде символдық процессор қосылады. 
f (х) функциясын кейбір нүктеде дифференциалдау үшін:

Туынды есептелетін х нүктесін таңдап алыңыз, мысалы х:=1.

Calculus (Есептеулер) панеліндегі Derivative (Туынды) батырмасын басу 
арқылы немесе пернетақтадан сұрақ белгісін енгізу арқылы
дифференциалдау операторын енгізіңіз. 

Шыққан орынтолтырғыштарда х аргументіне тәуелді функцияны, яғни 
f(х)-ті және х аргументінің атын енгізіңіз. 

Жауапты алу үшін сандық <=> немесе < -> > символдық шығару
операторын енгізіңіз. 
 
№7 дәріс. 
Тақырыбы: Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдістемесі. 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Интерактивті тақта түсінігі 
және оның құрылымдары. Интерактивті тақта және оның түрлері. 
Интерактивтік тақтаның «активті қалам» құрылғысы мен тышқан 
арасындағы байланыстылық. Жұмыс үстелінің құрылымы. Флипчарт. 
 
Ағылшынның Promethean LTD фирмасы Activboard арқылы оқу 
процесінде тыңдаушылардың (оқушылар) назарын сапалы, қызықты
презентациялар (конференциялар) өткізу үшін электронды интерактивті 
тақта ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет