Мауланова Умида Шамуратовна ОҚО,Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы



Дата16.06.2016
өлшемі68.17 Kb.
Мауланова Умида Шамуратовна

ОҚО,Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы

№94 жалпы орта мектебінің Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер


Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: халықтың рухани қазынасы, ғасырлар шежіресі, халық тарихы мен тіршілігі, ақыл - өнегесінен көрініс тапқан мақал - мәтелдер туралы оқушылардың білім - білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен талдау машықтарын қалыптастыру;
ә) дамытушылығы: ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістері мен сөйлеу мәдениетін және өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау белсенділіктерін дамыту;
б) тәрбиелілігі: атадан қалған асыл мұрамызды орынды пайдалана білуге, ұшқыр да, ойлы сөйлеуге, ұлтжандылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: іздендіру, түсіндіру, сұрақ - жауап, СТО элементтері
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын, өзін - өзі тану, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, үлестірмелі парақшалар, «Өзбек халық мақал-мәтелдер» кітабы
Техникалық құралдар: интерактивті тақта
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру:
1. Психологиялық дайындық
«Әрқашан күн сөнбесін!»
(Баяу әуен ойналып тұрады, күн нұры туралы мәтін оқылады да, күн парақшасы оқушыларға табыс етіледі)
- Менің сендерге тілерім – жарқыраған күн сендердің жандарыңды жылытсын және сендер күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды болыңдар. Сендердің шашқан шуақтарың қонақтардың жанын жылытсын!

2. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру;

3. Оқушыларды топтарға бөлу-№1, №2;

4. Әр топ өз көсбасшысын сайлайды.Көшбасшылар сабақ барысында топ оқушыларын бағалап отырады.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1) 92 – жаттығу. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу. Нүктелер орнын толтыру;
2) Зымыран сұрақтар:

  1. Тұрақты тіркес деген не?

  2. Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша  не деп атаймыз?

  3. Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі бола ала ма?

  4. Тұрақты тіркестердің қандай баламасы болады?

  5. Тұрақты тіркестер мән-мағынасы жағынан бір-біріне антоним болуы мүмкін бе?

  6. Тұрақты тіркестердің мағыналары оның құрамындағы сөздердің мағыналарымен байланысты бола ма?

  7. Ана тілімізде тұрақты тіркестердің маңызы қандай?

3) Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау;
Мұғалімнің бөлімді қорыту сөзі:
- Бәрекелді, балалар! Үй тапсырмасын толығымен орындап келдіңдер.
ІІІ. «Математик жұмбақ»

- Ал, енді балалар, көбейту амалын шешу арқылы бұл жұмбақта берілген қандай сөйлем екенін табайық.






1

2

3

6

3

А

Ы

Р

С

4

Й

Б

Д




5

Л

Т

М




3.4.5.3.5.6 8.3.10.6.9 3.5.12.6.9.15.3.18

Айлалы батыр алдырмас


- Жауабы: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы».
- Балалар, осы мақалды сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
IV. Жаңа сабақ. «Мақал - мәтелдер»
1. Ой қозғау.
- Балалар, мақал – мәтел ұғымы сендерге бастауыш сыныптардан өзбек тілі сабағынан жақсы таныс. Олай болса, ой қоржындарыңызды ашып, өздеріңе таныс «Еркін жазу» стратегиясы бойынша мақал - мәтелдер туралы ойларыңа не келеді, топтастырып көріңдер. (2-топтың да оқушылары постермен жұмыс жасайды.)

Топ оқушылары білгендерін айтады:


- Халық даналығы;
- Асыл сөз;
- Ата - баба өсиеті;
- Тақырыбы әртүрлі болады;
- Ауыз әдебиетінің бір түрі;
- Көп нәрсені ұғындырады;
- Жарайсыңдар, балалар, бастауыш сыныптарда өзбек тілі сабағынан бұл тақырыпты жақсы меңгергендерің көрініп тұр. Дұрыс айтасыңдар, мақал - мәтелдер халық даналығының айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Мақал - мәтелді әр адам өзінің айтайын деген ойымен орайластырып пайдаланса, сөзі көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады.

Топтастыру стратегиясы

«Мақал - сөз атасы» деп халқымыз тегін айтпаған.
- Балалар, жұмыс жасап, еңбек еткен адам ғана өз арманына қол жеткізеді. Біздерде бүгін бір үлкен белесті бағындыруымыз керек, ол үшін көп жұмыстанамыз. Олай болса, іске кірісейік!
«Ізденген жетер мұратқа»
Мақал – мәтелдер. Сұрақтар. Болжамдар.

2. Жаңа білімді меңгерту.


- Сонымен, балалар, кестемен жұмыс жасай отырып, мақал - мәтелдердің негізгі белгілерін анықтадыңдар деп ойлаймын. Қане, айтып көріңдер!
Мақал - мәтелдердің негізгі белгілері:
- Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.
- Белгілі бір тұжырым, түйінді береді.
- Өсиет - өнеге айтылып, адамгершілікке үндейді.
- Аз сөзбен көп мағына береді.
Қорыта отырып, ерекшеліктеріне көшу: Балалар, енді тақтаға назар аударайық.
Мақал -мәтел
Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ. Аузы күйген үріп ішер.
Құрылысы жағынан екі - үш бөлімді. Көбіне бір бөлімді болып келеді.
Бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.
Ой неғұрлым ашық, анық айтылады.Ой - пікір ишара, тұспал түрінде беріледі.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
Ақыл - өсиет түрінде келеді. Көбіне эмоциялық реңк басым.
1. Құрылысы жағынан талдап көріңдер.
2. Айтылар ой қалай беріледі?
3. Мазмұны жағынан қалай берілген?
V. Оқулықпен жұмыс
«Талдай білген ұтады»
93 – жаттығу.
(1-топ оқушылары мақалдарды бір бөлек жазса, 2-топ оқушылары мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазады)

Сергіту сәті. «Төбе, еден, бұрын» әдісі


VI. «Кімнің ойы ұшқыр?» ойыны
Оқушылар түрлі түсті парақты таңдап алады. Сол парақта суреттер беріледі. Сол суреттерге байланысты жұмбақ құрастырады. Бір - біріне жасырып, шешуін табады. Жауабын үш тілде айтуы тиіс. Сонымен қатар, сол жауапқа мақал - мәтел ойластыруы қажет.(Әр бір оқушының жауабын топ басшылары бағалау парағы арқылы белгілеп отырады.)
VІІ. «Таба қойшы, білгішім» ойыны
Оқушылар жұптасады.
Тапсырма:
1. 3 мақал - мәтел жазыңыз, оның біреуі жалған болып табылады.
2. Жазған жұмыстарыңызды көршілеріңе бересіздер.
3. Бір - бірінің тапсырмаларын оқып, үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.
VІІІ. «Сәйкестендіру» әдісі.Сүреттерге мазмуны тура келетын мақалдарды табу.

ІХ. «Ойнайық та, ойлайық»


Сұрақ - жауап
1. Өз елің –қандай (алтын) бесік.
2. Ел қариясы – кімнің (елдің) қазынасы.
3. Ер қанаты –не? (ат)

4. Қанша тал кессең, қанша тал егуің керек? (бір, он)


5. Адамның несі қорқақ, несі батыр? (көз, қол)
6. Ашу не? Ақыл не? (дұшпан, дос)
7. Нені ексең, тегін ішесің? (егін)
8. Кім сыртыңнан мақтайды, кім көзіңе мақтайды? (дос, дұшпан)
9. Өнерлі мен өлеңшінің несі алтын? (қолы, сөзі)
10. Асықпаған не істейді? (арбамен қоянға жетеді)
Х. Семантикалық карта
«Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі»
- Балалар, бүгінгі сабақ барысында алған білімдерімізді қорытындылау үшін алдарыңа семантикалық карта беремін сол картамен жұмыс жүргіземіз.
1-топқа:

Мысалдар

Тұрақты тіркес

Мақал

Мәтел

Тайға таңба басқандай










Қалауын тапса, қар жанады










Қыздың жиған жүгіндей










Әзіл айтсаң да, әділ айт










2 -топқа:

Мысалдар

Тұрақты тіркес

Мақал

Мәтел

Олақтан салақ жаман










Баяғы жартас – бір жартас










Айы оңынан туды










Көппен көрген ұлы той










ХІ. Бекіту.
- Міне, балалар, мақал - мәтелдердің тағылым берер тәрбиелік мәні ұшан - теңіз екеніне, сендердің өнер - білімде өрде болып, тұрасы келгенде тілмен түйіндер тапқыр болуларыңа мақал - мәтелдердің мәні зор екеніне көздерің жеткен болар. Олай болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, оқып білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алатынын баса айтқым келеді. Шынайы білімді адам ғана орнымен сөйлейді, ізеттілігі артады. Сондықтан бәрінен білім артық. Ел болашағы білімде. Қазақстанның болашағы өздеріңсіңдер. Сондықтан да сіздерге білім қоржынынан бір сый жасағым келіп тұр. Ол үшін сендер, бүгінгі сабақ бойынша кері байланыстарды мына жүрекшеге жазып, білім қоржынына салсаңдар, білім қоржыны өз сыйын сіздерге тарту етеді. (Мақал - мәтелдер жинағын жазатын кітапша сыйлау)
ХІІІ. Бағалау.

Бағалау парағына қарай отырып мұғалім оқушылардың бағаларын қорытындылайды.



ХІІ. Үйге тапсырма:
94 – жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп, мазмұнын түсіндіру
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қайталау Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: "The leader of ХХI century" Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Дауыл» өлеңі. Мұғалім Наралиева Райхан Пәні
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Ұнатам күзді мен»
sabaktar -> Курманбеков Айдархан Кенесбаевич, Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
sabaktar -> Сабақ тақырыбы: Адам ата Сабақ мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Кестелеу өнері. Сабақтың мақсаты: Көркемдік тігіс түрлеріне түсінік беру
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет