Мазмұндамалар 5-сынып


Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері



бет6/19
Дата05.03.2024
өлшемі74.38 Kb.
#494401
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қыстау, шайқас,өңдеу,қылық.


Жоспар:
1.Біздің қыстау.
2. Алыпқаш бабамыз.
3. «Мешітте» ауылы.
4. Әжесінің баласы - Евней.


Шығарма

Күн жексенбі болатын. Болат ұйқыдан жай оянды. Далаға шықты. Түнде қыстың алғашқы қары түсіпті,айнала аппақ қар.Ол «Сырғанақтөбеге» келгенде, балалар да жиналып қалыпты. Болат та өз достарына барып қосылды. Қараңғылық түсе бастағанда үйіне қарай кетті...


Үйге келгенде оның есіне мұғалімнің тапсырмасы түсті. Ертеңінде қыс туралы шығарма жазып, бестік баға алды.
(Ғ. Мүсіреповтің әңгімесінен үзінді)


Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:лақтырысу,көңілі шат,қараңғылық.


Жоспар:

  1. Қыстың алғашқы қары.

  2. Сырғанақтөбедегі қызықтар.

  3. Болаттың ауылға қайтуы.

  4. Қыс туралы шығарма



7- сынып


Қайыңның көз жасы

Қапан әдемі өсіп тұрған қайыңның бұтағын сындырып алды. Сосын «атына» мінді де ауыл шетіне «шаба» жөнелді. Мұны көрші қария көріп отырды.


Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылағанын байқады. Ол қарияға:

  • Ата, айтыңызшы. Неге су ағып тұр? – деді.

  • Су емес.Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған. Сондықтан жылап тұр.

Ұялған Қапан қызарып кетті.
(«Балдырған» журналынан үзінді)


Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:көз жасы, «атына мінді», тамшылады, табиғат перзенті.
Жоспар:



  1. Қапанның әрекеті.

  2. Қайыңның көз жасы.

  3. Ұялған Қапан.



Бәйге
Біздің тайымыз бар. Оның аты – Тұлпар, ол өте әдемі. Тайға ағам Алдияр және інім Хайдар мінеді. Бір күні мынадай оқиға болды. Ағам мініп шауып келе жатқанда, қалың қардың астынан сояудай темір тайдың тұяғының бір шетін опырып түсіпті. Аяғы қатты қанады. Ағам сырт қиімінің ішіндегі күртешесін шешіп, тайдың аяғына байлайды.
Үйге келген соң мал дәрігері Елемес ағайды шақыртып, терісін тіктіртеді. Күнде ағам тайдың аяғына дәрі жағады, қайта байлайды. Тайымыздың аяғы кішкене жазылайын деді, бірақ әлі де қан ағады. Мейрам жақындады.
Менің ағам тайымызды бәйгеге дайындады...Біз қатты қорықтық, себебі Тұлпардың аяғы ауырды ғой. Мейрам күні ағам жарысқа тайымен қатысты. Жарыста біздің Тұлпар бірінші болып келді,үй – ішімізбен қатты қуандық.

(«Балдырған» журналынан үзінді)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет