caught the bear (с.с.ауд.: атпай тұрып аюдың терісін сату) // қашпаған қара
қашардың уызына қарау; тумаған сиырдың уызынан дәмету. Бұл тіркестердің
құрамы әртүрлі болғанымен де, мағына тұтастығымен ерекшеленеді. Тіркес
«қолдан келмеген іске дәмелену, бос сөзге сену» деген мағынаны білдіреді.
Бұл жөніндегі ойын зерттеуші ғалым В.П.Жуков: «Фразеологияның
сыңарлары неғұрлым өзінің жеке сөздік қасиеттерін жойған болса, соншалық
фразеологияның мағынасы да тұтас бола түседі және керісінше» [76, 14б.], -
дей отырып, « ... біртұтас уәждендірілмеген мағыналы «бить баклуши, съел
собаку» түрлеріндегі фразеологизмдер біртұтас уәждендірілген мағыналы
«гнуть спину, закидывать удочки» түрлеріндегі фразеологизмдерге қарағанда
өте тұрақты болып келеді» [76, 9б.], - деп нақтылай түседі. Демек
фразеологизмдердің тұтастығы жеке сөзбен бірдей емес. Оларға тән басты
белгі – туынды мағынада жұмсалып, бейнелі мән тудыруы.
14
Фразеологиялық бірліктер (ФБ) субъектіге қатысты, яғни олар дүниені
суреттеп қана қоймай, оған қатыстылығын бағалайды, түсіндіреді.
Сондықтан да, олар атауыштық бірліктерге қарағанда өзгеше. Көптеген
фразеологизмдердің ішкі формасында айқын ұлттық-мәдени бейненің іздері
жатқанымен, олар мәдениетті әр түрлі бейнелейді. Фразеологизмдердің
мәдени аспектісін ұғынып, түсінуде денотативті аспектінің орны ерекше.
Фразеологизмдердегі
мәдени
ақпаратты
жеткізуші
не,
олар
фразеологизмдерде қалай туындайды? деген мәселелерге келсек,
фразеологизмдер о баста күнделікті тіршілік жағдайында, еркін тіркестер
негізінде қалыптасып, прототипті жағдайдан мағыналық дамуға түсіп, ішкі
формада өзінің алғашқы мағыналық бейнесін қалдырады. Мәдени ақпарат
көздері (аңыздар, архетиптер, әдет-ғұрыптар, тарихи оқиғалар іздері,
материалдық мәдениет көрінісі) т.б. ішкі формада сақталынады.
Фразеологиялық мағынаның өзіндік ерекшелігі оның ішкі формасының
сипатымен байланысты. Ішкі форма туралы В.Гумбольдт, Г.Штейнталь,
А.А.Потебня тұжырымдары ең алдымен сөзден басталып, әрі қарай
лексикологияда, синтаксис пен фразеологияда даму алды. Сөздің ішкі
формасы туралы (В.А.Звегинцева, П.В.Чесноков), сөйлемдердің ішкі
формасы (В.Н.Мигирин), фразеологизмдердің ішкі формасы (В.П.Жуков,
Л.И. Ройзензон, А.И.Федоров, А.М.Мелерович т.б.) ғалымдар еңбектерінде
қарастырылды.
Сөздің ішкі формасына терең және жан-жақты талдау жасаған
А.А.Потебня зерттеулері кеңес тіл білімінде теорияның одан әрі дамуына
жол ашты. Қазіргі кезде тіл білімі зерттеушілер еңбектерінде сөздің ішкі
формасы оның ең жақын этимологиялық мағынасы (К.А.Левковская), сөздің
дыбыстық жамылғышы мен алғашқы мағынасы арасындағы байланыс
сипаты (Р.А.Будагов), сөз мағынасының ішкі семантикалық негіздемесі
(П.В.Чесноков), сөздер ретінде берілген аталым (номинация) белгісі
(В.Г.Варина)
ретінде қаралды
. А.А.Потебня сөздің ішкі формасын
тудырушы мағына ретінде қарастыра отырып, « ... әрқашан өзінде бір белгіні
15
қамтиды». Бұл белгі «мағына белгісі» ретінде, бұрыннан танылған мен қайта
танылған арасындағы жалпы белгі, қайта танылғанды сөзде беретін белгі.
Осы белгі арқылы алдындағы мағынаның келесі мағынаға қатынасы білінеді.
«Белгі (ішкі форма) – алдыңғы сөз мағынасына қатысты тек қана сілтеме,
қатынас, жәй оның қабылдануы емес [77, 17- 18б.], - деп өз ойын білдіреді
.
Тілдік белгінің ішкі формасында мағыналық ұғымның ізі жатады. ФБ-дің
ішкі формасын зерттеу ФБ-дің әртүрлі құрылымдық-семантикалық типтеріне
сәйкес белгілі бір типтерін анықтауға мүмкіндік береді. ФБ ішкі формасының
әр түрлі типтерін анықтау фразеологиялық абстракция ерекшеліктеріне
негізделеді. Абстракцияның негізгі типтері ФБ семантикасына тән заттар мен
құбылыстар белгілерін жалпылау болып табылады. Фразеологизмнің ішкі
формасы фразеологиялық мағынамен тікелей байланысты. Фразеологизмнің
тура мағынасындағы мән, мазмұн тіркесті қайта-қайта ой сүзгісінен өткізу
нәтижесінде ауыспалы мағынада қолданыла бастайды. Сөйтіп тіркестің о
бастағы біріншілік мағыналары образда өз «ізін» қалдырып, ішкі форманы
түзеді.
Фразеологизмдердегі
мәдени
ақпаратты
жеткізуші
жалпы,
фразеологизмдердің қалыптасуындағы басты нәрсе не? дейтін сұрақты
қоятын болсақ, бұл оның прототипті жағдайы мен тура мағынасынан
туындайды. Мысалы, қазақ тілінде тақияға тар келу; табанын тайдыру,
ағылшын тілінде slіp from one’s hands (с.с.ауд.: қолдан таю). Мұнда
прототипті жағдайдағы алғашқы мағына негізінде фразеологиялық бірліктің
бейнесі қалыптасады. Алғашқы мағына бейнеде өз ізін қалдырады. Осыдан
келіп, мәдениетпен байланысты, ақпаратты танытушы ішкі форма (ІФ) пайда
болады. Мәдениет «іздері» болып табылатын аңыздар, архетиптер, әдет-
ғұрып, салт-дәстүрлер, тарихи оқиғалар мен материалдық мәдениет
элементтері ішкі формада жақсы сақталады. Дегенмен, фразеологизмдердің
барлығы мәдени ақпараттарды жеткізушілер болып табылмайды. Қазақ
тіліндегі: аузын ашпау, қас қаққанша, ағылшын тіліндегі: from head to foot
(бастан-аяқ), cock one’s nose (hold up one’s nose) //мұрнын көкке көтеру т.б.
16
бейнелі-метафоралы мағынаға негізделген. Бірақ та олар дүниенің тілдік
бейнесін жасауда үлкен мәнге ие.
Жалпы әрбір тіл – ұлттық дүниетамын айқындап, өзіндік дүниелік
бейнесін қалыптастыратын тілдік жүйе. Тіл мен мәдениет екеуі жеке дара
құбылыс болғанымен, тілдік белгінің мағынасы арқылы байланысып, тіл мен
мәдениеттің тұтас бірлігін қамтамассыз етеді.
Қай халықтың болмасын фразеологизмдерінің ұлттық ерекшеліктері әр
түрлі факторлардан: халықтың тұрмыс-тіршілігінен, оның тарихынан,
географиялық жағдайынан, мәдениеті мен әдет-ғұрпынан т.б. анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |