Мазмұны 2 кіріспе 3 І бөлім мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері 8


ІІ БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА МЕКТЕПТІҢ АТА-АНАЛАРМЕН БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ



бет4/6
Дата05.07.2016
өлшемі311 Kb.
#180187
1   2   3   4   5   6

ІІ БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА МЕКТЕПТІҢ АТА-АНАЛАРМЕН БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ




2.1 Мектеп пен жанұяның оқушыларды жан-жақты дамытуда бірлесе атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері


В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. [12]

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым – қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім – оқушы – ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым - қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік-басқару жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.

Бүгінгі мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.

Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. [31]

Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.

Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі - мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін үдеріс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді. [32]

Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшісінің қызметін сынып мұғалімі атқарады. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер – педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:



    • Жалпы адамзаттық мәдениеті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

    • Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

    • Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;

    • Оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде – көмекші, кеңесші;

    • Сыныпта қолайлы, жайлы моральдік – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;

Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші. [28]

Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады. Әр айда баланың білім деңгейінің өзгерісі бақыланып, сарапталады. Ол үшін, пән мұғалімдері сынып жетекшісіне ай сайын жекелеме жұмыстың нәтижесі, баланың үлгерімі жайлы есеп береді. Яғни, сынып жетекшісі ата – ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым – қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.

Сынып жетекшісі әр оқушының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, потенциалды қабілетін ашып, интеллектісінің дұрыс дамып жетілуіне жағдай жасайды. Ол сыныптың оқу – тәрбие жұмысын іске асыратын, оқушының ұжымдағы өміріне басшылық жасап, ата-анамен мектептің ынтымақтастық тенденциясы қамтамасыз ететін басты тұлға.

Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект – тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет. Себебі, ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.

Ұжымды ұйымдастыру және дамыту – сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті. Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен:



Бірінші топ міндеттері. Оларды әлеуметтік міндеттер деуге болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен және басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жасау үшін байланыс орнату.

Екінші топ міндеттері. Диогностикалық-әдептік-этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.

Үшінші топ міндеттері. Адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарды оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік береді.

Төртінші топ міндеттері. Жеке-дара практикалық сипаттағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдары таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлекцияны жатқызуға болады. [33]

Ата-аналар жиналысында әңгіме өткізуге мұғалім мұқият дайындалуға тиіс. Бұл дайындық әңгіменің тақырыбын анықтаудан басталады. Тақырып таңдау мына жағдайларға: ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге дайындығына, олардың педагогикалық мәдениетіне, мұғалім алдында тұрған нақты тәрбиелік міндеттерге, балалардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Әңгіме педагогикалық насихаттың жүйелілігі сыныптағы оқиғалардың, ата-аналар жұмысында туатын қиындықтардың жетегінде кетпей, ата-аналарды білім жүйесімен қаруландыратындай дәрежеде болуы керек. Бірақ бірінші әңгіменің тақырыбы барлық сыныптарда бірдей. Мұғалім жаңа оқу жылын бастай отырып, ата-аналарды, балаларды осы сыныпта тәрбиелеудің әдістерімен және мазмұнымен таныстырады. Ол ата-аналарды тәрбиеші ретінде алға қойып отырған міндеттермен таныстырады, тәрбие жұмыстарында қандай нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етіп отыратындығы туралы, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қандай әдістер мен жолдарды пайдаланатынын айтады. Осы алған әңгіме ата-аналар үшін аса маңызды, әрі олардың түсінуіне қиын да. Мұғалім ата-анаға өзінің кәсіптік ойларын түсіндіреді, ал оны тыңдаушылардың арнайы педагогикалық мамандығы жоқ және тәрбие берудегі практикалық тәжірибелері де біркелкі емес. Сол себепті де негізгі нұсқаулар мен тәрбие перспективаларын ата-аналарға түсінікті етіп айту керек, сонда олардың әрқайсысы педагогтың идеясына шыңдап қосыла алады, оның мәнін дұрыстығын түсінеді, мектепте жүргізілетін жұмысқа орай жанұядағы тәрбиені қалай құру керек екенін біледі. Бұл тәрізді қиын міндетті шешу әңгіменің жоспарын, материалдық түсіндіру түрлерін, ата-аналардың алдына қойылатын проблемалардың тұжырымдарын ойластырып алуды керек етеді. Осы айтылған тақырыптардың қай-қайсысы бойынша өткізілетін әңгіменің тиімділігі мұғалімнің әр жанұядағы бала тәрбиесіндегі жағдайларын, оқушылардың тәрбиелік дәрежесін өз тәрбиеленушілерінің жеке басын қалыптастырудағы жетістіктер мен қиындықтарды жақсы білуіне байланысты болады. Мұғалім әңгімеге дайындық үстінде, әңгімедегі негізгі педагогикалық қағидаларды растайтын айқын және нанымды деректерді іріктеп алады. Көптеген ата-аналар мектептегі мен жанұядағы тәрбие практикасынан алынған мысалдармен дәлелденген педагогикалық идеяларды жақсы қабылдайды. Жекеленген жағдайларда ата-аналарды сабаққа қатыстырып, мұғалімнің жұмыс тәсілдерімен таныстырудың пайдасы зор. Мәселен, мұғалім ата-аналармен балалардың өзіндік дербестігін және өзін-өзі бақылауын тәрбиелеу туралы әңгіме өткізетін болса, ата-аналарға педагогтың осы қасиеттерді балалардың бойында қалай баулитынын математика және орыс тілі сабағында көрсетуге болады. Бұл сабақтарда ата-аналар мұғалімнің бала қиналған бетте көмекке келмейтінін, қайта дұрыс жауап іздестірудің, шығарылатын есеп пен оның орындалатын жаттығудың дұрыстығын тексерудің жолдарын ғана көрсетуге тырысатынын байқайды. Мұғалімнің ата-аналармен жиналыстағы әңгімесіне ата-аналардың өздерінің шағын сөздерін қосуға болады. Ата-аналарды мұндай сөздерге дайындау (сөз мазмұнын анықтау, тәрбие практикасынан тиісті деректер іріктеуіне көмектесу) керек. [34]

Әңгімеге дайындық үстінде мұғалім әңгіме тақырыбына байланысты жанұя тәрбиесін қалай құру, оқушылардың бойында түрлі іскерліктерді, әр түрлі қасиеттерді қалай қалыптастыру керектігі туралы нақты кеңестер мен ұсыныстарды тұжырымдап алады. Ата-аналар жиналысындағы әңгіме ұзақ болмауға, әдетте жиырма-жиырма бес минутқа ғана созылуы тиіс. Әңгіме бір жағынан ата-аналарға педагогикалық білімдер жүйесін хабарлайтындай, екінші жағынан ата-аналарды өз тәжірибиесі жайында ойлануға, оны талдап, жақсы жақтарын қоса мүмкін болатын кемшіліктерін де көре білуге мәжбүр ететіндей болып құрылады. Мұғалімнің әңгіме үстінде пайдаланылатын деректері аз болады. Олар типтік жағдайларды бейнелейді, ата-аналар оларды талдау арқылы нақты ережелерді түсінеді, жанұя тәрбиесінің жемісті болуына қажетті ақыл-кеңестерді естиді. Әсіресе теріс қылықтарды талдаған кезде оқушылар мен олардың ата-аналарын атауға сақ болу керек. Баланың дамуындағы алшақтықтар, оның кемшіліктері мен теріс қылықтары жөнінде ата-аналармен жеке сөйлескен дұрыс.

Әңгімеде тек ғана даусыз қағидалар хабарланбай, сұрақ, пікір тудыратын мәселелерді де қозғау тиімді болады. Бір сөзбен әңгіме ата-аналардың «жанды жеріне» тиюі керек, олар үшін көкейкесті проблемалар қозғалуы тиіс. Әңгіме процесінде балалардың жұмысын, дәптерлерін, қол өнерлерін, солар шығарған қабырға газеттерді, монтаждарды көрсеткен дұрыс.

Балалардың жұмысымен танысу арқылы ата-аналардың өз балалары орындаған жұмысты басқалардікімен салыстыруға, баласының нені жақсы атқаратынын, ал қандай істерде көмек пен қолдауға мұқтаж екенін көруіне жағдай жасалады.

Әңгіме барысында мұғалімнің әдістемелік қағидалар мен нақты мысалдар келтіруде де балалардың мінез-құлқы мен жанұя тәрбиесін ұйымдастырудағы дұрыстық пен бұрыстықты хабарлап талдау да асыра сілтеуден сақ болуы тиіс.

Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық насихаттың негізін қорытындылап оның қағидаларын әдістемелік нұсқау ретінде оларға ұсынуға болар еді демекпіз. [35]

Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?


  • баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында;

  • баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

  • баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

  • баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

  • балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;

  • баланы әр түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;

  • балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әр түрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;

- сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.

Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті. [36]


Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері



  1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасыны, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін, отбасының жеке басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

  2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

  3. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау. [33]

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі



Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

  1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-аналарды таныстырады.

  2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен күнге артуда.

Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

  1. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсаруды көздейді.

Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданылады:

  • сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.);

  • жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);

  • балалардың сабақтарына , олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.;

  • мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

  • өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

  • балалардың аула клубтарын құруға;

  • мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына,

  • мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға,

  • мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.

  1. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

Ата-аналар белсенділермен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады. [28]

Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.

Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).

Қорыта айтқанда, ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді. [37]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет