Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2



жүктеу 4.85 Mb.
бет13/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.85 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Намыс» ақпараттық желіні құру мәселелері бойынша дөңгелек столдың жұмысына қатысты (19.01.2007). Отырыста ақпаратқа қол жетімділікті жеңілдету мақсатында мүгедектер үшін ақпараттық желіні құру мәселелері қаралды.

Ақпараттық желіге барлық облыстардағы мүгедектердің ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері енді. Ақпараттық желінің аясында ақпарат тарату және жинау, мемлекеттік органмен сұхбат жүргізу, мүгедектердің құқықтарын түсіндіру, оқу-әдістемелік қашықтағы проблемаларды ұйымдастыру, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар арасында серіктестікке жәрдемдесу жоспарланып отыр.

Ақпараттық желіні құрурдағы мақсат мүгедектердің мұқтаждары, жағдайлары мен қажеттіліктері туралы қоғамды хабардар ету, мүгедектерді олардың құқықтары қатысты мемлекеттік органдардың шешімдері туралы хабардар ету, БАҚ үшін ақпараттық алаң жасау болып табылады. Отырыста Мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында өзара түсіністік пен ақпараттық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

29.03.2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкері қоғамға мүгедектерді кіріктіру мәселелері талқыланған «Қоғам барлығы үшін. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында мүгедектерді оңалтудың және оларды қоғамға кіріктірудің басым бағыттары» тақырыбындағы конференцияға қатысты.

Қоғамның мүгедектерге көзқарасын өзгерту ұзақ та қиын процесс, алайда қазіргі заманғы әлемде мүгедектердің проблемаларын жаңадан түсіне бастағанын айтуға болады. Оның негізінде мүлдем мүгедектіктің жаңа тұжырымы жатыр. Мүгедектер тек еңбек қабілеттігі шектелген немесе жоғалтқан жан ретінде ғана емес, тіршілік әрекетінде белгілі бір шектеулері бар адам ретінде қарастырылады. Осы бағытта 2006 жылғы 13 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны қабылдауы елеулі қадам болды.

Конвенцияның мәтіні мүгедектердің құқықтарын қорғау мен көтермелеуге, оларға қатысты кемсітушілікті жоюға, олардың жұмысқа, денсаулық сақтауға, білім алуға және қоғам өміріне толық қатысу, сот төрелігіне қол жеткізу, жеке өміріне қол сұқпау, пайдалану мен теріс пайдаланудан босату, жүріп-тұру бостандығына, жеке жинақылық құқықтарын қамтамасыз етуге және т.б. бағытталған 50 бап қамтылған. Конвенция жаңа құқықтарды бекітпей, қолданыстағы және жалпыға танылған құқықтарды іске асыру жолдарын көрсететінін атап өту қажет.

2007 жылғы 30 наурыздан бастап осы Конвенция қол қою үшін ашық. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі республикамыздың осы конвенцияға қосылу қажеттігін өзектендіру жұмыстарын бастап кетті. Оның үстіне қоғам қазіргі кезде мүгедектер үшін тең мүмкіндіктер жасау үшін шараларды жеткілікті қабылдамай отыр.

Арнайы көлікті немесе есікті кеңейту жолымен жұмыс істейтін құралдарды, аялдамаларда арнайы плинтустар енгізу, барлық инфрақұрылым объектілерін пандустармен жабдықтау, мүгедектер үшін арнайы құралдармен жұмыс орындарын жасау, олардың денсаулық сақтау, білім алу, тұрғын үй құқықтарын іске асыру қажеттігі өткір тұр.



Әлеуметтік саясат міндеттерінің бірі адам өзін мүгедек ретінде сезінетін жағдайларды алып тастау (мысалы, баспалдақ алдындағы арбада отырған мүгедек, дыбыс дабылы жоқ бағдаршамның алдында тұрған соқыр және басқалар) болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде мүгедектердің құқықтарының ауқымды көлемі мен оларды іске асыру үшін мемлекеттік кепілдіктер жеткілікті белгіленген. Дегенмен, бүгінгі таңда аса өткір проблемалардың бірі осы құқықтарды іске асыру проблемасы және мүгедектерге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету болып табылады.


3.4. Егде адамдардың құқықтарын қорғау және қолдау
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіндегі басым бағыттардың бірі қарт адамдардың құқықтарын қорғау болып табылады. Қарттардың құқықтарын қорғау саласында олардың шағымдары мен өтініштерін қарау Уәкілдің маңызды функциясы болып табылады.

Омбудсмен институты жұмыс істеген барлық кезең ішінде қарт тұрғындардан келіп түскен өтініштердің басым көпшілігі зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, материалдық өтемақы тағайындай тәртібіне қатысты. Елімізде қарт адам үшін зейнетақы жалғыз табыс болып табылады. Сондықтан зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнет жасындағы адамдар үшін маңызды. Зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерінің мөлшерімен келіспейтіндігі туралы өтініштердің басым саны осыған байланысты. Осындай шағымдарды қарау нәтижелері әртүрлі әрі уәкілетті органдарға өтініштердің әртүрі болуы, растайтын құжаттардың болуы, заңнаманың актілерге сілтемелер және сұрақтың негіздемелері сияқты мән-жайларға байланысты болмақ.

Бұдан басқа, өз өтініштерінде зейнеткерлер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманы жетілдіру мәселелерін көтереді, сондай-ақ зейнетақы тағайындау әдістемесін қайта қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамасы ҚР Парламентінің депутаттарына, ҚР Үкіметіне тиесілі және тек Мәжілісте іске асырылады. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. Осыған байланысты өтініштер көрсетілген мемлекеттік органға жіберіледі.

Сондықтан есептік кезеңде ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамтамасыз ету және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады. Заңда зейнетақыны есептеу кезінде ескерілетін табысқа шектеулерді ұлғайту есебінен зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 25 есе айлық есептік көрсеткішке дейін артады.

Егде адамдардың шағымдарының келесі санатын коммуналдық қызметтердің негізсіз көтерілуіне және коммуналдық қызметтердің іс-әрекеттеріне шағымдар, тұрғын үй бөлу немесе жағдайларын жақсарту туралы өтініш-хаттар құрайды. Құрылыс индустриясын дамыту қарқынының жоғарылығына орай зейнет жасындағы адамдардың Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өтініштерінде жер мәселелері жөніндегі шағымдар қамтылған. Бұлар Алматы мен Астана қалаларында өзекті бола бастаған жер учаскелеріндегі тұрғын үйлерді ысырып тастау туралы істер деп аталады. Жер учаскелерін алып қою кезінде тек учаскелердің өзі ғана емес, сонымен бірге ондағы құрылыстар, әсіресе тұрғын үйлерді бағалау мәселесі өзекті. Үй иелері мен салушы – құрылыс компаниялары арасында делдал болған әкімдік азаматтарды қанағаттандырмайтын жерді сатып алу шартын ұсынады. Мәселен өтемақы ретінде шаршы метрдің төмендетілген құнынан есептелген сома ұсынылады. Ал тұрғын үй заңнамасында жерді нарық құны бойынша сатып алу көзделген. Астанада қалыптасқан жылжымайтын мүлік нарығының жағдайында олардың бұрынғысына тең бағамен тұрғын үй сатып алуға әрқашан мүмкіндігі бола бермейді.

Зейнеткерлердің шағымдарын талдау осы санаттағы азаматтардың халықтың әлеуметтік жағынан өте осал тобының бірі екенін көрсетеді. Жасының егделігінен және денсаулығының нашарлауынан өз құқықтарын қорғау және талап ету қабілеті деңгейінің төмендігі өзге де объективті және субъективті факторлардан (азық-түлік кәрзеңкесінің, коммуналдық қызметтің, дәрі-дәрмектердің қымбаттығы, мемлекеттік шенеуніктердің, жастардың тарапынан еленбеу, жасы үлкен балалары мен немерелеріне тәуелді болу) ушыға түседі. Зейнеткерлерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың жауаптары қарттардың сауалдарына шартты көзқарастарын растайды. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы негізгі стандарттарға – адамзаттық қадір-қасиет пен адамның құқықтарын құрметтеумен сыйыспайды.

Егде жастағы адамдардың шағымдарындағы тақырыптардың ауқымдылығы мемлекеттік реттеудегі белгілі бір кемшіліктердің барын айғақтайды. Оларды жою үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 21-тармағына сәйкес 2006 жылы желтоқсанда дайындалған «Қазақстан Республикасында егде адамдардың құқықтарын сақтау туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы баяндамасында қамтылған ұсынымдар бағытталған.


«Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-де арнайы баяндаманың тұсаукесері
Баяндаманы дайындаудағы мақсат жұртшылықтың назарын егде жастағы адамдардың проблемаларына аудару; қоғамның демографиялық қартаю проблемасы, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына үлесі, қарт адамдарға көзқарасты өзгерту қажеттігі туралы жұртшылықтың хабардар болу дәрежесін арттыру; қарт адамдарға тәуелсіздікті, қоғамның қоғамдық, экономикалық, мәдени және рухани өміріне қатысуын, қажетті күтімді, ішкі әлеуетін іске асыру және олардың қадір-қасиеттерін қолдап отыру үшін жағдаймен қамтамасыз ету болып табылды.

Тұсаукесерде қарт адамдардың құқықтарын қорғау мен көтермелеу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ еліміздегі жақындап келе жатқан демографиялық процестің – халықтың жаһандық қартаюының теріс көріністерін еңсеру бойынша алдын алу шараларын қабылдау қажеттігі мәселелері талқыланды.

Тұсаукесерге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, дипломатиялық миссиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкерлері қатысты. Тұсаукесер электрондық және баспа БАҚ-та кеңінен жарияланды.

Мемлекет Басшысы Үкіметке «Қазақстан Республикасындағы қарт адамдардың құқықтарын сақтау туралы» арнайы баяндамада жазылған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдарын қарауға және қажетті шаралар қабылдауға тапсырма берді.

Дегенмен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы баяндамасында көрсетілген көптеген проблемалар шешілген жоқ.

3.5. Алдын ала қамау орындары мен түзеу мекемелеріндегі адамдардың құқықтарын қорғау және қолдау
Есептік кезеңнің ішінде алдын ала ұстау орындары мен түзеу мекемелеріндегі адамдардың құқықтарын қорғау және қолдау сияқты Уәкіл мекемесінің қызметіндегі осындай басым бағыттар бойынша жұмыс жалғаса түсті.

Алдын ала ұстау орындары мен түзеу мекемелеріндегі адамдардың құқықтарын қорғау және көтермелеу бойынша қызметте аса маңызыдысы пенитенциарлық мекемелердегі адамдардың құқықтарын сақтау мониторингі болып табылады.

Осыған байланысты 2007 жылғы 12 маусымда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен аппарат қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚР Әділетмині ҚАЖК) Ақмола облысы бойынша басқармасының ЕЦ-166/23 тергеу изоляторын аралады.

Сотталғандар ұсталатын тұрғын үй-жайларды тексеру қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекеме әкімшілігінің сотталғандарды ұстау үшін қолайлы жағдай жасағанын атап өтті.

Дегенмен, ҚАЖК Ақмола облысы бойынша басқармасының ЕЦ-166/23 мекемесін аралау нәтижесі бойынша ҚР Әділетмині ҚАЖК атына күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды ұстау жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар ұсынымдар дайындады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдарын іске асыру мақсатында ЕЦ-166/23 мекемесі 2007 жылдың шілдесінде төсек бұйымдарын (матрацтар, жамылғылар, жастыққаптар және т.б.) сатып алды. Қазіргі кезде ескірген жұмсақ мүккәмалдар жаңасына ауыстырылды. Бұдан басқа, осы мекемеде жатқан адамдарды қосымша қамтамасыз ету үшін төсек бұйымдары артығымен алынды.

ҚАЖ мекемелеріндегі адамдардың материалдық-тұрмыстық ұстау жағдайын және тамақтандырылуын жақсарту үшін ҚР Әділетмині ҚАЖК Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Осы жобамен төсек бұйымдарын пайдалану мерзімін азайту ұйғарылып отыр.

ҚР Әділетмині ҚАЖК Ақмола облысы бойынша ҚАЖК басқармасына қалған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы нұсқау берді.

Қарашаның 26-сы мен 27-сі аралығындағы кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның аппараты қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, Алматы облысын аралау бағдарламасының шеңберінде ҚАЖК Алдматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқарманың ЛА-155/62 мекемесін мен ТМ-ны және Талдықорған қаласы Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторын (УҰИ) аралады. Уақытша ұстау изоляторында ұстау санының лимиті 45 адамды құрайды, ал нақтығында 4 адам бар.

Қамаудағылар мен тергеудегі–қамалған адамдарды тергеу изоляторында ұстау жағдайының мониторингі нәтижесінде сотталғандардың денсаулық сақтау құқықтары бұзылғандығы анықталды.

«Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» ҚР заңының 23-тармағына сәйкес қамауда ұстау орнының әкімшілігі белгіленген санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын, күдіктілер мен айыпталушылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 тамыздағы № 245 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тергеу изоляторларындағғы ішкі тәртіп ережесінің 141-тармағына сәйкес амбулаторлық көмек күдіктілер мен айыпталушыларға камераларда, өзге де үй-жайларда, сондай-ақ тергеу изоляторларының медициналық бөлімдерінің мамандандырылған кабинеттерінде көрсетіледі.

Дегенмен аралаған тергеу изоляторында стационарлық емді қажет ететін адамдар үшін немесе олар мамандандырылған медициналық көмектің келуін күте алатындай жабдықталған арнайы үй-жай жоқ. Науқас күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша орналастыруға арналған камера біз көргенде өте қолайсыз санитарлық-гигиеналық күйде, науқастарды ұстаудың қарапайым жағдайы да жоқ.

Талдықорған қаласы Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторын аралау барысында Уәкіл 4 адамнан жататын камерада ауаның жетіспейтінін атап өтті.

Бұдан басқа, осы камераның көше жақ бетіндегі терезелерінде табиғи жарықтың түсуіне кедергі келтіретін металл жалюздер бар, ал табиғи жарық көзі камераға жарықтың түсуін шектейтін металлмен жабылған.

Анықталған фактілер ҚР Премьер-Министрдің атына жолданған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысының мекемелерін аралау қорытындысы жөніндегі ақпаратында көрсетілген.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін аралау барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Әркімнің қорғалуға құқығы бар» деген 400 плакат пен ұлттық құқық қорғау мекемесіне жүгіну мүмкіндігі туралы ақпараты бар «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қалай шағым береді» деген жадынама таратылды.

Назар аударатын жекелеген кемшіліктердің болуына қарамастан қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін аралау нәтижелері бойынша мынадай қорытынды түюге болады. Түзеге мекемелерінде отырғандарды ұстау жағдайлары біртіндеп халықаралық стандартқа жақындап келеді.

Дегенмен, түзеу мекемелерінен келіп түскен хаттар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және туысқандарының сотталғандардың мүддесі үшін жазған өтініштері қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі адамдар адамның іргелі құқықтарын сақтау мәселелерінде осал болып қала береді айтуға негіз береді.

Биылғы жылы Уәкілге мәжбүрлеп ұстау орындарындағы азаматтардан материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық қамтамасыз ету саласында олардың құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ осы санаттағы адамдарға күш пен ықпал ету шараларын қолданумен ұштасқан түзеу мекемелері әкімшіліктерінің іс-әрекеттеріне шағымданған 60-тан астам өтініш келіп түсті.

Азаматтардың өтініштерінің ерекше санатын ҚР Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері жол беретін адамның құқықтарын көптеген бұзушылықтар туралы айғақтайтын Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жазылған хаттар құрайды.

Сотталғандардың жазасын өздері тұрған немесе сотталған облыстың аумағындағы түзеу мекемесінде өтеу қажеттігі бөлігінде сотталғандардың отбасымен қарым-қатынас жасау және байланысу құқығын (Қамауда отырғандармен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандарттық ережелерінің 37, 79 және 92-тармақтары) көздейтін халықаралық стандартқа сәйкес келетін қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының нормаларын (ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 68-бабы) бұзу орын алған. Өтініштерлі талдау ҚР Әділетмині ҚАЖК осы құқықтарды жиі бұзады деген қорытынды жасауға болады. Қарағанды облысынан сотталғандар Қостанайға, Алматы облысындағы Қызылорда облысына жіберіледі. Сотталғандардың үйінен бірнеше мың қашықтықта жазасын өтеуі көбінесе оның туысқандарымен кездесу мүмкіндігінен айырады, бұл оның құқықтарын өрескел бұзады.

Негізінен мұндай шағымдар Уәкіл аппаратына ҚР Әділетмині ҚАЖК-ға жүгінген кезде оң шешімін ала алмағаннан кейін түсетінін атап өткен жөн. Дегенмен, ҚР ҚАК-нің 68-бабындағы тәртіппен ауыстыруды өтінген өтініш негізді болып табылады. Тіпті Уәкілдің араласуынан кейін де ҚР Әділетмині ҚАЖК осы санаттағы азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге тиісті шаралар қабылдамайды.

Бұл ретте ҚР Әділетмині ҚАЖК мен оның жер-жерлердегі бөлімшелері қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін не оны дұрыс түсіндірмеуге байланысты белгісіз бір негіздерді көрсетеді.

Жоғарыда жазылғандарды назарға ала отырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Әділет министрінің атына ҚР әділетмині ҚАЖК мекемелерінің жүйесінде көрсетілген бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бойынша қажетті шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруды ұсынған өтініш жолдады.

Осылайша, есептік жылы түскен азаматтардың, құқық қорғау ұйымдарының өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасы мәжбүрлеп ұстау орындарында адамның құқықтарын бұзу әлі де көбінесе жүйелі сипатта екенін айғақтайды.

Еліміздің қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасы жалпы Қамауда отырғандармен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандарттық ережелерінің және басқа жа халықаралық пактілердің нормаларына сәйкес келетіндігіне қарамастан, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі аса күрделілердің бірі болып қалуда.

Осыған байланысты, осы басымдық бойынша жұмыстың шеңберінде есептік кезең ішінде халықаралық құқық қорғау ұйымдарының, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, орталық мемлекеттік органдардың және ҮЕҰ өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

2007 жылғы 1 ақпанда омбудсмен офисінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Азаптауды болдырмау қауымдастығының өкілі (АБҚ) Мэтью Принглмен кездесу ұйымдастырылды. АБҚ 2006 жылы маусымда күшіне енген Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы БҰҰ конвенциясының Факультативтік Хаттамасын әзірлеуге және іске асыруға қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанның осы факультативтік хаттамаға қосылу мәселесін жылжытудың өзекті проблемалары, азамаптауды және қатыгездікпен қарауды бодырмау жұмыстарының жай-күйі, іске асыру тетіктері, сондай-ақ осы саладағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

2007 жылғы 9 ақпан мен 16 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Италия Елшісі Бруно Пасквуиномен, Қасиетті Эджидио Общинасының өкілі Эмберти Джиаллореттимен кездесу барысында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына ұсынылған Италия Республикасының өлім жазасына жалпыға бірдей мораторий енгізу туралы бастамасы, Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қосылу перспективалары талқыланды.

2007 жылғы 22 мамырда Уәкіл аппаратының қызметкері Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен «Қазақстанның адвокаттар одағы» АҚ ұйымдастырған «Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі жүйесін жетілдіру. Институционалдық және қылмыстық іс жүргізу қырлары» тақырыбында халықаралық дөңгелек столдың жұмысына қатысты. Дөңгелек столдың жұмысы барысында ҚР Әділет министрлігі әзірлеген азаматтарға заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіру тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

2007 жылғы 8 қарашада ҚР ІІМ-де Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының ішкі істер вице-министрімен және ҚР ІІМ азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында полиция қызметінің мониторингі және оны бақылау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобының мүшелерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптардың сот төрелігіне қол жетімділікті барынша қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және сақтауға ортақ ұмтылысының негізінде, сондай-ақ азаматтық қоғамды одан әрі қалыпастыруға жәрдемдесу мақсатында Адам құқықтары жөніндегі ұттық орталық пен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Адам құқықтарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Меморандум шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың бірі Астана ІІД-нің арнайы мекемелерін: күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторын, белгілі бір тұратын жері мен құжаты жоқ адамдарға арналған қабылдау-таратқыштарды, әкімшілік сотталғандарды арнайы қабылдайтын жерлер мен кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын (КТУОБО) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы мен ішкі істер вице-министрінің бірлесіп аралауы болды. Аралау барысында ұстау жағдайларына, тұрмыстық жәге медициналық қамтамасыз етілу деңгейіне, сондай-ақ олардың халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келуіне мониторинг жүргізілді.

Алдын ала ұстау орындары мен түзеу мекемелеріндегі адамдардың құқықтарын қорғау мен көтермелеу саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 2007 жылғы 9 қазанда Қазақстандағы «Фридом Хаус» халықаралық ұйымының өкілі И Добичинамен Уәкілдің кездесуі болды.

Кездесудің мақсаты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің жанынан азаптауларды қолдану фактілері туралы шағымдарды тексеру жөніндегі жұмыс тобын құру мәселелері талқылау болды. Осы жұмыс тобы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы БҰҰ конвенциясының Факультативтік Хаттамасын мүдделік етуге және тезірек ратификациялауға бағытталған қызметпен айналысуға тиіс.

Осы жұмыс тобының қызметіндегі негізгі бағыт азаптауды қолдану фактілісі бойынша нақты іс әділ нәтиже алғанға дейін істің барысын және жүргізілуін тек қоғамдық және құқық қорғау органдары ғана емес, сонымен бірге мүдделі мемлекеттік ведомстволардың бақылауын қамтудан тұрады.

Осы жұмыс басымдылығы бойынша маңыздысы Уәкілдің ағартушылық қызметі, азаматтарды адам құқықтары саласынағы халықаралық стандарттармен таныстыру және оларды мемлекеттік органдарда өзектендіру болып табылады. Бұған ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек столдарға қатысу ықпал етеді.

Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлері қоғамдық ұйымдар ұйымдастырған бірқатар іс-шараларға:



  • Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Хельсинки Федерациясы мен Алматы қаласындағы Қылмыстық реформа және адам құқықтары монитрингісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған «Өлім жазасын жою, дүниежүзілік мораторий және Халықаралық қылмыстық сотқа кіру: ҚР жоғары халықаралық стандарттары қабылдау бағыты бойынша» тақырыбындағы дөңгелек столға қатысты. Дөңгелек столдың барысында Қазақстанның Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутына қосылу мәселесі қарастырылды (12.03.2007).

  • Азаптау құрбандарын қолдаудың халықаралық күнінен арналған және «Адамның құқықтары үшін Хартия» Қоғамдық қоры, «Адамның құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы», Орталық Азиядағы PRI Өкілдігі (Халықаралық түрме реформасы), Қазақстан Республикасындағы «Фридом Хаус» және Ашық Қоғам Институты ұйымдастырған «Азаптауларды түп тамырымен жою және Қазақстан Республикасының осы салада өзінің халықаралық міндеттемелерін орындау перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек столға қатысты (26.06.07).

2007 жылғы 11 маусымда Уәкіл мекемесі және Адамның құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Астана қаласындағы филиалы «Жазаны өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босату: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек стол өткізді. Дөңгелек столдың жұмысына ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының, прокуратура органдарының, ҚР Әділетмині ҚАЖК, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Астана қаласы мен Қарағанды облысының түзеу мекемесі мен соттарында жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша Адамның құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының астана қаласындағы филиалы дайындаған «Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамдардың шартты-мерзімінен бұрын босату және әділ сот талқылауына құқығы» баяндамасы ұсынылды.

ҚР Әділетмині ҚАЖК-мен ынтымақтастық Уәкіл мекемесі де, ҚР Әділетмині ҚАЖК де ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға қатысу нысанында жүзеге асырылады.

2007 жылғы 23 ақпанда ҚР Әділетмині ҚАЖК-де Астана қаласында ҚАЖ мекемелеріндегі адамдарды құқықтық қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Осы іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері қатысты. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, пенитенциарлық мекемеле әкімшілігінің тергеудегі және сотталғандардың құқықтарын сақтау мониторингін жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларымен өзара іс-қимылы, қызметкерлер мен сотталғандар үшін өздерінің өзара құқықтары мен міндеттері туралы оқу семинарларын өткізу қажеттігі талқыланды.

Ағартушылық жұмыста бұқаралық ақпарат құралдары маңызды роль атқарады. Оның көмегімен адамның құқықтарын бұзу проблемалары жөнінде азаматтарды хабардар ету жүзеге асырылады, адамның құқықтарын сақтау және қорғау мәселелеріне мемлекеттік билік органдарының, жұртшылықтың назарын аудартады, мұның барлығы адамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылық жасаудың алдын алуға ықпал етеді.

2007 жылғы 14 наурызда азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімінің бас сарапшысы «Қазақстанда түрме реформасына жәрдемдесу» ҚҚ ұйымдастырған «Бостандық – қорқынышты сөз» тақырыбында «Что делать?» теледидар бағдарламасына қатысты. ҚР Әділетмині ҚАЖК түзеу мекемелерінен босап шыққан адамдарды қайта әлеуметтендіру мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және жан-жақты қорғау тетігін жетілдіру ісінде айтулы оқиға Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясына қатысу шеңберінде 2007 жылы 25 қыркүйекте Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактіге және Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттамаларға қол қоюы болды.

Осы қадам біздің еліміздің құқық қорғау саласында жалпыға танылған стандарттарды енгізуде және әлемнің дамыған мемлекеттердің өкілдеріне ұсынылатын демократия, ізгілік және қауіпсіздік деңгейінің жоғары талаптарына сәйкес келуге ұмтылуында нық шешімін растайды. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге факультативтік хаттамаға қол қою Пактінің мақсаттарын одан әрі іске асыру үшін жағдай жасау қажеттігінен туындады. Бүгінде Қазақстан азаматтарының қолда бар ішкі құқықтық қорғау құралдары сарқылғанға шейін құжатта санамаланған қандай да бір құқықтарының бұзылуы туралы жеке шағымдармен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінуге мүмкіндігі бар. Президенттің Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттамаға қол қоюы елде жоғарыда көрсетілген адам құқықтарын бұзу түрлерінің алдын алу үшін пәрменді жағдай жасайды.

Құқық қорғау тұрғысында осы оқиға көрсетілген салада тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді және халықаралық аренада еліміздің беделін одан әрі арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін талдау мынадай қорытынды түюге мүмкіндік береді.

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет